консулдық мекеменің қандай классын қай қалада ашу қажеттілігі пысықталады. Бұл әрине
екі елдің мүддесіне жауап беретін жағдайда жүзеге асады. Мысалға,
егер Қазақстан
Түркияда Бас консулдық ашу керек болатын болса, онда бас консулдыққа лайық тұлғаға
экзекватура сұратылады. Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша президент бас
консулды тағайындайды, ал қалған консул кластарын СІМ-гі тағайындайды. Ал консулдық
ашылатын болса, консулды тағайындамас бұрын бұған лайық кандидатураға экзекватура
сұратылады. Консулды тағайындау процесі елшіні тағайындау процесіне ұқсас. Бірақ
дипломатиялық өкіл, өзін жіберген елдің құқығын мен мүддесін қабылдаушы елдің барлық
аймағында қорғаса, консул арнайы компетенциясына байланысты
тек өзінің консулдық
округі шегінде жүргізеді.
Консулдық округ - консулдық мекеменің қабылдаушы мемлекетте консулдық
қызметті жүргізетін аймақ. Консулдық округ бір қаламен шектелуі немесе соған жапсарлас,
жақын аймақтарды да қамтуы мүмкін. Консулдық округтың
көлемі және консулдықтың
санын жіберуші және қабылдаушы мемлекеттердің өзара келісімімен анықталады.
Консулдық округтың шекарасы консулдық патентте және экзекватурада көрсетіледі.
Қабылдаушы ел билігі консулдың консулдық округ тысында консулдық
функцияларын
атқармауға рұқсат бермеуі мүмкін. Консулдық округ шеңберінде
жұмыс істейтін консул
жергілікті әкімшілікпен тығыз қарым-қатынаста болады. Консулдық мекеменiң тұрған жерi
және оның сыныбын аккредитациялаушы мемлекет қабылдаушы мемлекеттiң рұксаты
бойынша бекітеді. Жаңадан тағайындалған консул алғашқы зияратын консулдық округтегі
қаланың жоғарғы өкімет өкіліне жасайды.
Консулдық округ шеңберінде мынадай консулдық міндеттер атқарылады:
қабылдаушы мемлекетте аккредитациялаушы мемлекеттің мүддесін қорғау,
сауда-
экономикалық, мәдени-ғылыми байланыстарды дамытуға ықпал жасау,
өз елінің
азаматтарына паспорт пен іс-сапарға қажетті құжаттарды беру,
консулдық легализация
(қабылдаушы елдің заңына сай құжаттардағы мөр мен қолтабалардың түпнұсқа екендігін
консулдың анықтап, растауы), азаматтар арасындағы сауда мүліктік қатынастарды
реттейді, аккредитациялаушы мемлекеттің азаматтарына көмек және қолдау көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: