Лекцияның мақсаты:: Консулдық мекеменің құрылымы және ұйымдастыру барысы туралы мағлұмат беру



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата06.03.2023
өлшемі292,51 Kb.
#71824
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Тақырып 6

Консулдық мекеменің міндеттері:
 
Қазақстан Республикасының дипломатиялық 
өкілдері өздерін жіберген елдермен ҚР арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға 
ұсыныстар беруге, өзінің консулдық округінің аймағында ҚР ішкі және сыртқы саясаты 
туралы оның әлеуметтік экономикалық, мәдени және рухани өмірі туралы ақпараттар 
таратуға; консулдық округтің аумағында шешуші органдармен қоғамдық ұйымдар мен 
іскерлік, ғылыми мәдени ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары байланысуға; ҚР 
заңнамалары аясында төлқұжаттық-визалық қатынастарды реттеуде ҚР азаматтары мен 
қазақстандық заңды тұлғаларға көмек беруге; өзі өкілеттілік еткен мемлекеттің 
азаматтарына төл құжат, елге қайту рұқсатнамасын, басқа да заңды құжаттарды беру, өзінің 
іс қимылы арасында нотариалды істер жүргізуге; мемлекеттік азаматтық хал актілерін 
тіркеуге; азаматтық алу мәселелерін шешуге, балаларды асырап алу мен қорғаншылыққа 
алу мәселелерін шешуге, мұрагерліктің құжаттарын жариялауға; Халықаралық құқық 
шеңберінде өз мемлекетінің мүддесін қорғау, егер де қандай да бір себеппен өзін қорғай 
алмайтын ҚР азаматының ісі соттық немесе басқа да мекемеде қаралатын болса олардың 
құқықтары мен мүдделерін қорғау; консулдық округ аймағына келген ҚР мемлекеттік туы 
астында келген өзен және теңіз кемелері мен әскери корабльдердің, мүдделерін қорғау; 
әскери көмектесу кемелерінің әуе кемелерінің, және олардың экипаж мүшелерінің 
мүддесін қорғау, олардың мүдделерін азаматтық - жанұялық, қылмыстық істерінде 
құқықтық көмек беру. Консулдық мекемелер өзінің міндетін атқарған кезде халықаралық 
құқық пен өз елінің құқығын сонымен қатар келген елінің заңнамаларын сақтауға тиіс. Екі 
жақты келісімде айтылған келген елінің заңнамаларына қайшы келмейтін басқа да істерді 
өз елінің тапсыруымен консул атқара алады. Консулдық жұмыс көп салалы, консулдың бір 


өзі Сыртқы істер министрлігінің, Әділет, Білім және ғылым министрліктерінің кейбір 
бөлімдерінің қызметтерін, тіпті атқарушы өкіметте әкімнің және т.б. қызметтерін атқарады. 
Дипломатиялық өкілеттілік болмаған жағдайда қабылдаушы елдің келісімімен 
дипломатиялық функциялар консулдық мекемеге тапсырылуы мүмкін. Алайда 
дипломатиялық актіні орындау консулдық лауазымды тұлғаға дипломатиялық 
артықшылықтар мен иммунитеттерге ие болу құқығын бермейді.
Халықаралық құқық консулдың үшінші елдің атынан іс қимыл жүргізуіне мүмкіндік 
береді. Консулдық мекеме шифр немесе кодтарды пайдалана отырып күнделікті байланыс 
құралдарын (телеграф, телефон), дипломатиялық және консулдық курьерлерді және вализ 
сияқты арнайы байланыс құралдарын пайдалана алады. Радиотаратқышты консулдық 
мекеме қабылдаушы елдің арнайы рұқсатымен ғана пайдалана алады. 
Консулдық мекеменің қызметкерлері қабылдаушы елдің ережелеріне қарсы келмесе 
еркін жүре алады, тек қана мемлекеттік қауіпсіздік талаптары тиым салатын жерлерге 
баруға болмайды. Консулдық мекемелер өз жұмысының барысында қабылдаушы елдің ішкі 
істеріне араласпай, сол елдің заңнамалары мен ережелерін сақтауға міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет