консулдық функцияларды белгіленген консулдық округта атқарады. Осыдан консулдың
ерекшелігі туындайды.
Консулдар мен Консулдық мекемелердiң мәртебесiнің сипаты міндетті. Осыған
байланысты олардың класстары анықталады. Әлемдік тәжірбиеде қабылданғандай дербес
консулдық мекемелердің класстары төмендегідей:
1. Бас консулдық.
2. Консулдық
3.
Вице-консулдық
4. Консулдық агенттік
Оларды ретімен бас консул, консул, вице-консул, консулдық агенттер басқарады.
Консул деп аталған мекемелердің басшысын, немесе дипломатиялық өкілеттіктің
консулдық бөлімін басқаратын адамды атайды. Басқарушысының мәртебесіне байланысты
консулдық мекемелер бас консулдық, консулдық,
вице-консулдық, консулдық агенттік
болып бөлінеді.
1. Бас консул(Бас консулдықты басқарады. Бас консулдық саяси-экономикалық
маңызы бар, жанында бірнеше қалалары бар ірі қалада орналасады. Мысалға,
Ресей Федерациясының Бас консулдығы Түркияның Стамбул қаласында
орналасқан. Бас консулдық орналасқан округтің құрамына Стамбулмен қатар,
Измит, Эдірне секілді қалалар кіреді);
2. Консул(консулдықты басқарады);
3. Вице-консул(вице-консулдықты басқарады. Консулдық мекемеде консулдан
кейін вице-консул ретінде де жұмыс атқарады)
4. Консулдық агент(консулдық агенттікті басқарады)
Консулдық мекеменің жалпы сипатына сай оның құрылымы да соған сай
қалыптасады. Консулдық мекеменің құрамында паспорт-виза жұмыстары, экономикалық
және мәдени байланыстар және т.б. жұмыстармен айналысатын қызметкерлер болады.
Консулдық лауазымды тұлға ретінде «консулдық міндеттер жүктелген консулдық мекеме
басшысы, яғни бас консул, консул, вице-консул, консулдық агент әрі консулдық мекемеге
стаждан өту мақсатымен жіберілген болашақ консул болатын стажер да есептеледі.
Халықаралық құқықтық доктринада көбіне консул термині жиі қолданылады.
Консул ретінде жіберуші мемлекеттің тиісті мекемелердің
құзыретімен тағайындалған
және қабылдаушы мемлекет тарапынан мойындалған тұлға саналады. Жалпы «консул»
термині атымен аты аталған кез-келген мекеме басшыларының жинақы аты айтылады.
сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктің консулдық бөлімшесін басқаратын тұлғаларға да
айтылады. Консулдық мекеме өзінің басшыларының рангісіне қарай бас консул, консул,
вице-консул, консулдық агент болып бөлінеді.
Консулдар штаттағы және штаттан тыс (құрметті) болып бөлінеді.
Штаттағы консул (consules missi) өзін тағайындаған мемлекетінің мемлекеттік
қызметшісі болып, сол елдің азаматы болып, консулдық функциясын атқарғаны үшін
тағайындалған жалақы алады, барлық консулдық артықшылықтарды пайдаланады.
Штаттан тыс консул (consules elesti) штаттағы консулдан айырмашылығы
мемлекеттік қызметші болып табылмайды. Ол қызметке өз елінің де өзге елдің де
азаматтары қабылдануы мүмкін. Штаттан тыс консул болып егер
тараптар қарсы болмаған
жағдайда, үшінші елдің азаматы, бипатриант адам немесе жергілікті азамат бола алады.
Жалпы штаттан тыс консул болып сол аймақта тұрақты тұрып келе жатқан көпестер,
саудагерлер, адвокаттар және өзге де маман иелері де бола алады. Штаттан тыс консул өзін
тағайындаған мемлекетінің мемлекеттік қызметшісі болмайды, жалақы алмайды. Оларға
коммерциялық іспен айналысуға рұқсат беріледі, және өзі жинаған консулдық төлемдерді
түгелдей немесе белгілі бөлігін өзіне қалдыра алады; олар теңізде жүзуге көмек, консул
болып отырған елінің азаматтарына көмек беру сияқты
тек қарапайым консулдық
қызметтер көрсетеді. Ол жеке басына консулдық артықшылықтарды пайдаланбайды.
1998 жылдың 13 қазан күні Қазақстан Республикасының құрметті консулы туралы
Ереже бекітілді. Қазақстан Респуликасының Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі
№217 Жарғысымен бекітілген ҚР Консулдық жарғысының 87, 88, 89 бабына сай құрметті
консулдың мәртебесі айқындалды. (27.1Х.1999 №217) ҚР Консулдық жарғысының 87-
бабына сай құрметті консул болып Қазақстан Республикасының азаматтарымен қатар шет
елдік азаматтар бола алады деп айқындалған. Қазақстанның 70-ке жуық мемлекетте(10
қазан 2016 күнгі мәлімет бойынша) құрметті консулдық жұмыс істеп тұр.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының консулдық қызметін жүзеге асыратын
негізгі құжаттар:
2002 ж. 7 наурыздағы «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет
туралы» заңы,
1999 ж. 27 қыркүйектегі №217 «ҚР консулдық қызмет туралы жарлығы»,
1993 ж. 5 наурыздағы «ҚР СІМ нің консулдық басқаруы туралы» ережесі
1997 ж. 29 қаңтардағы «ҚР құрметті(штаттан тыс) консулдар туралы» ережесі,
тағы да басқа сол сияқты нормативтік құқықты актілер мен халықаралық шарттар.
Қазақстан Республикасы Консулдық қатынастар туралы 1963 жылғы Вена конвенциясына
1993 жылдың 31 наурызында қосылды.
Консулдық иммунитет пен артықшылықтар жалпы алғанда дипломатиялық
иммунитет және артықшылықтармен ұқсас келеді. Яғни Консулдық мекеме және
консулдық лауазымды тұлға(қызметкер) иммунитеті мен артықшылықтары деп екіге бөліп
қарастыруға болады. Консулдық иммунитет пен артықшылықтар жеке тұлғалардың
пайдасы үшін емес, олардың мемлекетініңің атынан консулдық мекеме міндеттерін тиімді
атқару үшін беріледі. Бұнда басты айқындаушы
консулдың өкілдік сипаты емес,
фунционалдық міндеті болып табылады. 1963 жылғы Вена конвенциясының алғысөзінде:
«Барлығы жеке адамның пайдасы үшін емес, мемлекет атынан консулдық мекеменің тиімді
іс-қимылдарын жасауы үшін» деген қағида бар. Қабылдаушы ел консулдық мекеме мен
оның қызметкерлеріне тиісті құрмет көрсетіп, олардың қалыпты жұмыс жасауына жағдай
жасауға міндеттенеді. Сонымен қатар, олардың иммунитеті мен артықшылықтарының
сақталуына консулдық қызметкерлердің жеке басына, бостандығына ар-ожданына нұқсан
келмеуін қамтамасыз етуі керек. Консулдық персоналдың саны персонал саны туралы
нақты келісім болмаған жағдайда ақылға қонымды және әдеттегі шектен шықпау керек.
Достарыңызбен бөлісу: