Лекцияның мақсаты:: Консулдық мекеменің құрылымы және ұйымдастыру барысы туралы мағлұмат беру



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата06.03.2023
өлшемі292,51 Kb.
#71824
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Тақырып 6

 
Консулдық экзекватура (латынша exsequor - орындаймын) қабылдаушы 
мемлекеттің СІМ не оның өкілі арқылы консулдық қызметті белгіленген округта орындауы 
үшін консулға берілген рұқсаты. Яғни қабылдаушы мемлекеттің консулды қабылдағанын 
куәландыратын ресми құжат. Қабылдаушы мемлекет консулдық экзекватураны бермеуі де 
мүмкін және оны қалаған уақытында себебін түсіндірместен кері қайтарып ала алады. 
Экзекватура қайтып алынған жағдайда консулдық мекеме қызметкерінің функциясы 
тоқтайды. Консулдық экзекватураға ресми баспасөз бетінде консулдық мекеме 
басшысының өз қызметіне бастағаны туралы таратқан хабар да жатады.
Консулдық патент консулдың өкілеттігін және оның тағайындалғандығын 
куәландыратын құжат. Аккредитациялаушы мемлекет тарапынан дипломатиялық каналдар 
арқылы қабылдаушы елдің СІМ-не жібереді. Консулдық патентте консулдың аты-жөні, 
дәрежесі, консулдық округы және консулдық мекеменің орналасатын жері көрсетіледі.
Елшілік пен консулдықтың айырмашылығы
1. Елшілік 
дипломатиялық өкілдік болса, консулдық өзге мемлекеттің 
территориясында азаматтық мәселелерді шешуге бағытталған мекеме, яғни 
консулдыққа функцияналдық міндеттер жүктелген. 
2. Елшілік екі елдің саяси қарым-қатынасына қатысты мемлекеттік деңгейдегі 
мәселелерді қараса, консулдық болса физикалық және құқықи тұлғаларға көмек 
көрсетіп, олардың әртүрлі құжаттарға байланысты туындаған мәселелерді 
шешеді.
3. Бір мемлекеттің басқа бір мемлекетте бір ғана елшілігі болуы мүмкін болса, 
консулдық мекемелер, әрбір ірі қалаларда, бірнеше болуы мүмкін. 


4. Елшіліктің басшысы елшіні мемлекет басшысы тағайындаса, консулды Сыртқы 
Істер Министрлігі немесе оған баламалы орган тағайындауы мүмкін. 
5. Елшілік өзге елдің территориясында дипломатиялық келісімнің нәтижесінде 
ашылуы мүмкін болса, консулдық үшін бұндай келісім шарт емес.(мемлекеттер 
бір-бірінің тәуелсіздігін мойындап, екі жақты қарым-қатынасты дамытуға дайын 
болса болды). 
6. Елшілік тікелей СІМ-не бағынса, консулдық мекеме іс жүзінде елшілікке 
бағынады. 
7. Консул басқа бір мемлекеттің белгілі бір аумағында өз елінің азаматтары мен ел 
мүддесін қорғау мақсатында тағайындалған лауазымды тұлға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет