Суфи сөзінің этимологиясы. «Суфи» сөзінің тегі туралы ұсынылған
көзқарастар мынандай:
1. Суфи сөзінің грек тілінде «Sophia» сөзінен туындағанын
қуаттайтындар бар. Бұл – негізінен батыстық суфизм зерттеушілерінің
көзқарасы. Аталған сөздің ислам әлемінде көрініс табуы хижреттің ІІІ
ғасырдың соңғы жартысына тура келеді. Суфи сөзінің терминдік
мағынасымен алғаш қолдана бастаған кезең хижреттің ІІ ғасырдың орта тұсы
ретінде байқалғанына қарағанда суфи сөзінің «даналық» мағынасын
білдіретін «софостан» туындағаны шындыққа жанаса бермейді. Келесі
жағынан шет тілінен араб тіліне енген «s» дыбысы «س» әрпімен жазылады.
Ала «суф» сөзіндегі «с» сөзі «ص» әрпімен жазылады.
2. Суфизм сөзінің «Асхаб Суффадан» шыққандығын қуаттағандар да
баршылық. Алайда, аталған мәні мен мазмұны жағынан шындыққа жақын
сияқты көрінгенімен грамматикалық тұрғыда онымен үндесе бермейді.
Себебі, аталған сөздің түбірі «суффи» болып табылады.
3. Джаһилия дәуірінде өзін Аллаға арнаған және үнемі Қағбадағы
қызметпен шұғылданған Ғаус бин Мурр атты адамның лақаб аты болып
табылды. Кейбірінің пікірі бойынша суфилердің әрекеті аталған адамға қатты
ұқсағандықтан оларға да суфи, кәсібіне «тасаууф» деп атаған.
4. Суфи сөзінің «тазалық» мағынасына сай келетін «сафадан»
шыққандығын алға тартушылар да бар. Осы көзқарасқа қарағанда суи
дүниелік кірлерден жүрегін тазалап пәктенгендіктен, осы атауға ие болған.
5. Суфи сөзінің «суфтан» шыққандығы дұрыс деп танылған көзқарасқа
жатады. Себебі, суф (жүн немесе жүннен киім кию) пайғамбарлар тарихында
аскеттік (зуһд), тақуа және бағыну символы болғандығы, сондай-ақ,
Мұхаммед пайғамбар мен сахабалар дәуірінде қолданылғандығы және одан
кейінгі кезеңдерде аталған түсінік болғандығы белгілі. Жібек матадан киіну
дәулеттіліктің белгісі және жүннен киім кию сол дәуірде ең икемді киім
болғандықтан осы атау қолаысқа енді деп айтуға болады. Қорытындылай
Ф-ӘД-001/046
келе, ұзақ уақытқа созылған тартыстан соң тасаууф және суфи ұғымының
этимологиясы «суф» екендігі мойындалып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |