Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Лекция барысында суфилік философиясының ерекшеліктерін, сипаттамаларын таныту



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата06.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#16079
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәріс 13

Суфизмнің  мақсаты.  Әрбір  ілімнің  және  саланың  өз  мақсаты  бар 

болғаны  сияқты  суфизмнің  мақсаты  жаратушысына  жасаған  құлшылықтары 

мен  міндеттерінде  адамның  ішкі  жағына  дем  береді.  Діннің  сыртқы 

құралдары деп аталатын ғибадаттардың кейбір шарттары болумен қатар, осы 

ғибадаттардың негізгі өзегін құрайтын және Құранның да ұсынған оның ішкі 

рухы  бар  екендігі  даусыз.  Осыған  ұқсас  басқа  да  ұғымдарды  кездестіруге 

болады: «татаххур», «тазкия», «ихсан», «тазакки», «зікір», «сабыр», «шүкір», 

т.б.. Міне осылар арқылы дін дінге сенушілердің ішкі жағын, рухани ләззатқа 

бөлейтін діни тәжірибелерге бағыттайды. Сонымен, суфизм адамның рухани 

әлемінде  осыларға  орын  бере  отырып,  рухани  ләззаттардың  қалыптасуына 

себепкер болып табылады. 



Ф-ӘД-001/046 

 

 



Суфизм осы мақсатты жүзеге асырған кезде, Мұхаммед пайғамбардың 

өмір-салтын  мақсат  тұтқан  «инсан  камил»  (кемел  адам)  идеалын  ұсынады. 

Бұл  адамның  Пайғамбардың  физикалық  қалыбынан  басқа,  рухани  дүниесін, 

уахиден  алған  құндылықтарды  жүзеге  асыруға  бағытталады.  Құранның 

қуаттағаны сияқты адам биологиялық жағымен қатар, «құдайдың өз рухынан 

үрлеген  болмысы  (Хижр:  29).  Осы  тұрғыдан  құдайлық  жақты  да  қамтитын 

адам  мына  көптіктер  әлемінде  шынайы  бақытты  таба  алмайды  және  үнемі 

ізденіс  ішінде  болып,  келген  ұясына  қайтуда  адасу  қасіретін  тартады.  Міне, 

суфизм  өз  ұясына  оралу  талпынысында  қажетті  нұсқаулар  мен  жолдарды 

адамға ұсынады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет