Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Лекция барысында суфилік философиясының ерекшеліктерін, сипаттамаларын таныту



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата06.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#16079
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәріс 13

Суфизмнің  тақырыбы.  Суфизм  –  құдайдың  ризалығын  алу  және 

шексіз бақытқа кенелу мақсатында нәпсіні тәрбиелеу, өнегелі мінез-құлыққа 

дағдылану,  адамдық  қалып  пен  өмір-салтты  ретке  келтіруды  басшылыққа 

алатын  ілім. Сондықтан, суфизмнің тақырыбында адам және адамның рухы, 

оның  моральдық,  психологиялық  құрылымы  қамтылады.  Сопылық  жалпы 

алғанда  сезіммен  айқындалатын  және  транстық  ілім  болғандықтан,  ислам 

дінінің  ішкі  жағын  құрайтын  «иман»,  «ихсан»  және  «мағрифатуллаһ»  оның 

тақырыбына  кіреді.  Сонымен  қатар,  сопылық  ілімге  тән  арнайы  ұғымдар  да 

оның  тақырыбы  арасында  орын  алады:  «нәпсісін  білу»,  «жүрегін  тазалау», 

«мукашафа»,  «мушахада»,  «мақамдар»,  «халдер»,  «фана-бақа»,  «ишарат», 

«илхам»,  «кашф»  т.б..  Сондай-ақ,  суфизм  тарихы  ішінде  сопылыққа  еніп, 

кейбір  суфилер  тарапынан  дамытылған,  тіпті,  тариқаттар  арасында  кең 

таралған  «уахдат  вуджуд»,  «уахдат  шухуд»  сияқты  концепциялар  суфизм 

тақырыбы ішіне кіреді. Суфизм тарихында ХІІІ ғасырдан соң дүниеге келген 

және  өз  алдына  қауымдастықты  құраған  сопылық  ағымдар  (тариқаттар), 

олардың  құрушылары  мен  философиясы  суфизмнің  тақырыбы  екендігі 

табиғи.  

Бүгінгі күннің талабы бойынша айтар болсақ, заманымыздағы сопылық 

ағымдар  модернизм  адамының  рухани  қажеттіліктерін  қамтамасыз  ете 

отырып,  олардың  суфизмдегі  орны  бүгінгі  адамның,  әсіресе,  мистикалық 

қыры сопылықтың тақырыбы қатарына жатқызуға болады.   



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет