Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Лекция барысында суфилік философиясының ерекшеліктерін, сипаттамаларын таныту



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата06.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#16079
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәріс 13

Суфизмнің сипаттамасы. Суфизмнің сипаттамасына келер болсақ, ол 

–  исламдық  және  діни  мистицизм.  Оны  былай  деп  те  түсіндіруге  болады: 

суфизм өзінің бүкіл болмыс-бітімімен исламның негізгі қайнарлары – Құран 

мен  Сүннетке  негізделеді.  Яғни  осы  екі  қайнарға  қайшы  идеялар  сопылық 




Ф-ӘД-001/046 

 

 



сипатқа тән бола алмайды. Келесі жағынан суфизм практикалық сипатқа ие. 

Яғни тек идеялар мен концепциялар жиындығы суфизм бола алмайды. Келесі 

бір  жағынан  суфизм  толықтай  әрекеттер  жиындығын  құрайды.  Аталған 

практикалық  әрекеттің  кемелденген  өрнегі  –  Мұхаммед  пайғамбар. 

Құранның да мән берген мәселе – иманмен қатар ниетті және алдына мақсат 

қойған  әрекет.  Суфилер  исламдық  принциптерді  негізге  ала  отырып, 

практикалық  салада  құдайға  алып  баратын  жолдың  кезеңдерін  өткеруге 

талпынады.  Суфизмнің  негізгі  құрылымына  қарағанда  өмір  ішінде  белсенді 

және  жарқын  өмір  ұсынылған.  Басқаша  айтар  болсақ,  суфи  өз  қалауымен 

құдайға бет бұрған, өзін-өзі жетідіруге қабылетті адам типіне жатады. Демек, 

суфи  –  түпкі  шыққан  ұясына  оралған,  жаттану  сырқатынан  айыққан, 

жаратушысымен  өзімен  және  басқа  да  жаратылыстармен  тұтастанған  адам. 

Олардың  пікірі  бойынша  жамандық  пен  зұлымдық  деген  нәрсе  жоқ. 

Жаратушы  негізінен  барлық  нәрсені  көркем  және  кемел  етіп  жаратқан. 

Жамандықтар  мен  зұлымдықтар  салыстырмалы  түрде  ғана  және  олар 

адамның  шығарған  құбылысы.  Бұл  суфизм  терминологиясында  «сайру 

сулук» деп аталады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет