Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Лекция барысында суфилік философиясының ерекшеліктерін, сипаттамаларын таныту



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата06.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#16079
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Суфизмнің  әдісі. Кез келген ілім саласы үшін басты ерекшелік  – әдіс-

тәсілдерін  тиімді  жолмен  ұсыну.  Басқаша  айтар  болсақ,  белгілі  саланы 

түсінудің  және  игерудің  жалғыз  жолы  әдіс-тәсілдерін  дұрыс  қолдануға 

байланысты.  Әрбір  ілім  саласы  өзіне  тән  мазмұны  мен  ерекшелігіне  қарай 

алуан  түрлі  методологияға  ие.  Яғни  әдістер  мен  әдістемелерді  әрбір  ілім 

саласы өзі белгілейді.  

Суфизм  өзінің  білім  бұлағы  ретінде  уахиден  бастап,  ақылды,  кашфты 

(жүрек  көзінің  ашылуы),  сезімді  және  илхамды  (шабыт)  негізге  алғандығы 

белгілі.  Әсіресе,  суфизм  өзге  де  теологиялық  салалардың  ішінде  кашф  пен 

илхам арқылы үндеседі. Бірақ, кашф пен илхам уахи арқылы бекітіле түседі.  

Кашф  пен  илхамның  эпистемологиялық  маңызы  болғанымен  суфилер 

оларды  негіз  ретінде  алмайды.  Олар  суфидің  жеке  мәселесі  бойынша  бір 

мәнге ие болады және оған жол сілтейді. Кашф пен илхам жалпы суфилерге 

негізгі қағида бола алмайды. Сопылық әдебиеттерде кашф пен илхам тікелей 

білім 

қайнары 


ретінде 

қарастырылады. 

Ислам 

теологиясында 



пайғамбарлардың уахиінің өзіне де шайтанның араласқысы келгендігі (Хадж: 

52)  баяндалады.  Сондықтан,  шайтан  суфидің  кашфына  да  ықпал  етуге 

қабілетті.  Суфилер  орын  алған  кашфтық,  илхамдық  мәліметті  уахидің 

бақылауымен  негіздейді.  Одан  тысқары  жағдайда  ол  шынайы  білім  негізі 

бола алмайды. Демек, суфилер кашф, илхам жолымен қол жеткізген мәлімет 

пен сезімдерді Құран мен Сүннет қалыбымен қуаттай алады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет