Лексикология. Оның салалары мен түрлері



бет2/3
Дата07.11.2022
өлшемі17,57 Kb.
#48210
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
№5 дәріс ТБК

2. Этимология - гректің etymon – шындық деген сөзінен алынған термин. Этимология – морфемалардың, жеке сөздердің шығу тегін, бастапқы мағынасын, ол мағынаның өзгеру, даму жайын зерттейтін ілім. Этимология халықтық және ғылыми болып екіге бөлінеді. Этимологияның тіл тарихын жете білу үшін маңызы зор. Өйткені тіл тарихы сол тілді қолданушы халық тарихымен тығыз байланысты. Тіл тарихнан сол халықтың өткен жолын аңғаруға болады. М: қалдырықтай қатып қалыпты, - дейді. Қалдырық – бидайдың қабығы. Кәрі-жілік – қар көне түркіде, монғолда қанат. Қызыл шақа – шақа әзірбайжанша – сәби бала.
3. Фразеология - гректің phrasis - «сөйлемнен қалыптасқан сөз» дегеннен алынған термин. Фразеология – тілдегі тұрақты тіркестерді, единицаларды зерттейтін ілім. Тілдегі тұрақты сөз тіркестері бүтін бір тұтастық, лексикалық бір ғана единица ретінде қолданылады. Ондай тіркестер екі немесе бірнеше сөзден де, бүтіндей бірер сөйлемдерден құралу мүмкін. М: аттың жалы, екі көзі төрт болды.
Фразеологиялық единицалар бір тілден екінші тілге сөзбе-сөз аударылмайды, тек сол екінші тілде бар баламасы арқылы ғана беріледі.
4. Ономасиология – зат немесе құбылыс ұғымының нақты бір сөзбен аталу себебін зерттейтін, яғни заттардың атауы мен белгіленуі туралы ілім. Ономс – грекше ат, есім, атау деген сөз. Ономосиология диалектологиямен әсіресе лингвистикалық географиямен қатысты болып келеді. Ономосиологияның үлкен бір саласы – ономастика. Мұны ономатология деп те атайды. Ономастика тұтасымен алғанда ат, есім атаулардың шығу, қалыптасу жайын зерттейді. Ономасиология өзі бірнеше тармаққа бөлінеді: топонимика, антропонимика, этнонимика, астронимика, зоонимика және т.б.
а. Топонимика тұтасынан алғанда жер, су, қала, ауыл, елді мекен аттарын зерттейді. Топонимиканың өз ішінде бірнеше тармақшасы бар:
- гидронимика - өзен, су, көл аттарын қарастырады. М: Қараанды облысы, Нұра өзені.
- оронимия – тау, төбе, шың. Құз аттарын;
- ойконимия – елді мекен аттарын зертейді. М: Қотыркөл – қатар көлден.
ә. антропонимика – кісінің фамилиясы, әкесінің аты, кісінің шын аты мен лақап аты (прозвище), бүркеншек ат (псевдоним) қарастыратын сала.
б. этнонимика – ру, ел, халық аттарын зерттейді.
в. астронимика – (гр. Astron – жұлдыз) жұлдыз, планета аттарын зерттейді.
г. зоонимика - грекше – soon – жануар, жануар аттарын зерттейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет