Жүйе құрастыратын қабат қоғам психологиясының сапалық ерекшеліктерін білдіреді және оның тұтастығының негізгі ерекшелігін анықтайды. Бұл қабат консервативтіліктің және өзгерістердің қиындығына, ұзақ тарихи тәжірибелер мен тұжырымдарға қатты берілген. Оларға қоғамның қызығушылығы, қажеттілігі, сенімі, мұраттары, есі, нанымдары, дәстүрі, салттары, қоғам пікірлерінің ауысуы, көңіл-күйі, шешімдері, т.б. жатады.
қоғамдық сана - әлеуметтік болмыс пен тұрмысқа, қоршаған әлемге индивидтің сапалы түрдегі түсінігі мен қатынасы. Олар техника және ғылым жетістіктерінде, идеологияда, қоғамдық пікірлерде, мойынсұнатын мінез-құлық нормаларында, қоғамдық мұраттарда, сенім-нанымдарда, құнды ақыл-ойларда (мақал-мәтелдерде), түсіну көрсеткіштері мен оқиғаларды бағалауда, жалпы негізгі түсініктер жүйесінде көрінеді.
қоғамдық өзіндік сана – халықтың қоғам ретінде психологиялық өзін-өзі теңестіруі, бұл басқа мемлекет халықтарына қарағанда өзінің тұтастығымен, ерекшелігімен сипатталады. Тағдыры мен өз өмірінің ұқсастығы, өзінің күшті және әлсіз жақтарына, қоғамдық қажеттіліктері мен қызығушылықтарына өзіндік баға беруі.
Психологиялық-рухани мәдениет халықтың мүмкіншіліктері мен рухани күштерінің тарихи даму деңгейімен, құндылық мәдениеті, қатынастары, мінез-құлық нормалары, ойлары, адамгершілігі, тәрбиелілігі, тілі, ұлттық белгілері (туы, әнұраны, елтаңбасы, жалауы, дәстүрі, салты, рәміздері), өнер мәдениеті, әлеуметтік, саяси, құқықтық, т.б. компоненттерімен анықталады.
Халық ділі (менталитет) – тарихи қалыптасқан психологиялық ойлау тәсілі, ойлау бейнесі, бағалары, рухани бағыттары, әдеттегі әлеуметтік қызығушылықтары мен талғамдары.
14. ²î¹àì ïñèõîëîãèÿñûíû» º½ðûëûìû [5, 174]
қоғамдағы әлеуметтік психологиялық хал-ахуал – халықтың өміріне және іс-әрекетіне, оның топтарына, азаматтарына қолайлы немесе қолайсыз қоғамдық психологияның көріністері.
қоғамдық белсенділік - әлеуметтік тұрғыдан бағаланатын және топтың немесе тұлғаның қызығушылықтарын, бағыттылығын қамтамасыз ететін халықтың мінез-құлқының шынайы тәжірибесі.