қоғамның рухани мәдениетінің психологиялық сипаттамасы
қоғамның рухани мәдениетінің психологиялық сипаттамасы
Рухани мәдениет адамның рухани іс-әрекеті нәтижесінде қалыптасады: ғылыми жетістіктер, әдебиет пен өнер, сұлулық жайлы түсініктер, өмірдің мәні; мақсаты, құндылық бағдары және мұраттары; тұлғалық-қоғамдық қызығушылықтары мен қажеттіліктері; түрлі қоғамдық нормалар мен жазбалары.
Рухани мәдениет адамды әлемге бейімдейді және қоғамдағы әлеуметтік қатынасты реттейді, әлеуметтік бағдар, идеялар, құндылықтарды жүйе ретінде көрсетеді.
Мәдениеттің түрлері: адамгершілік, эстетикалық (әдебиет, өнер), діни, құқықтық, саяси, кәсіби, білім, тұрмыс (рухани аспектіде), бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.
Рухани мәдениетті құрайтын негізгі төрт элемент бар:
тіл көмегімен көрінетін адамның тәжірибесін ұйымдастыратын тәсілдер мен түсініктер;
адамдардың түрлі рухани тәжірибесі (нақты және рухани), олардың қатынастарын, ұғымдардың байланысын жүзеге асыратын әдістер;
адамдардың мінез-құлқын реттейтін мәдениет құндылықтарына сәйкес ережелер немесе нормалар.
Рухани мәдениет барлық әлеуметтік қоғамдық сфераларды, топтар мен жеке тұлғаларды қамтиды: құқық, философия, әдеп, эстетика, ғылым, өнер, әдебиет, дін, білім, мінез-құлық, оқыту, тәрбие, аңыз.
Рухани мәдениетке тән негізгі белгілер:
саналы меңгерілген мағыналылық - рухани мәдениет табиғи жолмен туындайтын адамның өзіндік санасының жоғары түрі.
әлеуметтік бағыттылығы – адамдардың әлеуметтенуі және қалыптасуы мен даму бағыттылығы;
әмбебаптық - рухани шығармашылық, сонымен қатар қоғамды игеру мен бөлу;
°леуметтік-психологиялық таптар
°леуметтік-психологиялық таптар
°леуметтік психологияда таптарды, әдетте, адамдардың үлкен ұйымдастырылған топтары ретінде түсіндіреді. Олар қоғамдық-өндірістік жүйедегі тарихи анықталған орны бойынша ерекшеленеді: құқықтық меншік ретінде бекітілген өндірістік құралдардың қатысы бойынша, қоғамдық еңбекті ұйымдастыру рөлі бойынша, сондай-ақ алынатын байлықтардың бөлшегі мен мөлшерінің әдістеріне байланысты (салынған капиталдың пайызы түрінде, жалақы немесе басқа кірістер) болады.
´ндірістік күштің белгілі даму деңгейінде кластар пайда болады, артық өнім түскен жағдайда оны иемденуге болады. Бұл таптардың өндірістік күштер нәтижесінде туындайтынын көрсетеді. Олардың өмір сүруі өндірістің тарихи белгіленген әдістерімен байланысты.
қоғамдағы таптардың ерекшеліктері өндірісте жеке меншік құралдарының пайда болуы және қоғамдық еңбекті бөлу негізінде туындайды, сондықтан бұл адамдар арасындағы негізгі айырмашылықтар болып табылады. Тапқа қатысты адамдардың әлеуметтік қызметтері, түрлі әрекеттері күшейеді, бұл таптардың негізгі құрылымы мен тапаралық дамуына, ал топтар құрылымының күрделенуі ғылыми-техникалық революцияның дамуына, мемлекеттік-монополистік капитализмге алып келеді.
Тап қоғамдық психологияның негізгі субúектісі болып табылады және осы қауымдастықтардың тікелей әсерімен негізгі әлеуметтік-психологиялық құбылыстар (қоғамдық қатынастар, әлеуметтік арақатынас және қарым-қатынас, адамдардың көңіл-күйі) қалыптасады, яғни кәсіби іс-әрекетті ескеру керек.
қоғамдық таптар мен тапаралық қабаттардың әлеуметтік-психологиялық сипатын ғылыми негізде түсіндіру үшін олардың былай бөлінетінін білу керек:
таптық психологияның себептері (детерминанттары);
оның пайда болу негізі.
Егер детерминанттардың рөлінде формацияның негізгі құраушысы - таптардың психологиядағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлары, қоғамдық жүйедегі орны, өндірістік құралдардың қатысы, тарихи рөлі, оның даму деңгейі, әлеуметтік-экономикалық қатынастары басым болса, онда таптар психологиясының пайда болу негізі оның өмір жағдайы, іс-әрекеттерінің қоғамдық-тәжірибелік сипаты, басқа таптармен және тапаралық топтармен қарым-қатынасы, әлеуметтік тәжірибе, қалыпты өмір сүру жағдайы және т.б. көптеген обúективтік, субúективтік өмір сүру әрекеттерінің сипаттамасы болып табылады.