Жұмысшы таптың негізгі психологиялық сипаттамасы (өндіріс және ауылшаруашылық жұмысшылары, орта және төмен қызметкерлер): еңбексүйгіштік, өз еңбегіне әлеуметтік және материалдық жағдайымен қанағаттанарлығы шамалы (басқа таптармен және әлеуметтік топтармен салыстырғанда); әлсіз әлеуметтік конформизм; күшті дүниетанымдық бағдарлануы; өзінің материалдық және әлеуметтік көңіл күйі мен эмоцияларын жиі қайсарлықпен жария етуге ұмтылуы; көбінесе үлкен идеологиялық (ақпараттық, мәдени, ұлттық және ұлтшылдық) үгіт-насихат әсерінің ықпалында болуы; басқа таптар және әлеуметтік топтар өкілдерімен жақын қарым-қатынаста алшақтығы; ішкі таптар арасында ұйымдастырушылығы мен ұйымшылдығының биік деңгейде көрінуі.
Бір еске алатын жайт, қала жұмысшылары мен ауылшаруашылық жұмысшыларының психологиялық айырмашылықтары өте күрделі болып келеді, бұл қала мен ауылдың өмір жағдайы тең еместігіне негізделеді. Ауылшаруашылығының жұмысшылары көбінесе шыдамды, салмақты, көңіл күйі мен эмоциясы тұрақты.
Буржуазия таптарының (жоғары және орта меншік иелері, жоғары жалдамалы басқарушылар, билік басындағы өкілдер, ірі қаржыгерлер) психологиялық ерекшеліктері: іскерлік, этика және ойлаудың рационалды түрі, өндірістік әрекетке берілуі және өзін-өзі шектеу; индивидуализм және өзін-өзі сүю; бәсеке күресіне төтеп беруді қажетсіну; максималды қаржы және өндірістік кірістер алуға ұмтылу; өз ісіне беріктігі және сол істі үздіксіз кеңейтуді мақсат ету; өндірісті дамыту үшін үсті-үстіне ақша “құюға”, өнімнің өтуінің жаңа нарықтарын жеңуге, оларды нығайтып, кеңейтуге және жетілдіруге ұмтылу; жоғары іскерлік (жиі тұлғааралық) өздерінің ақсүйек табы құрамында болуын сақтауға ұмтылу, т.б.
Орта топтағы өкілдерге (шағын буржуазиялық, шағын сауда-саттық меншік иелері, зиялы қауым, әкімшілік қызметіндегілер), әдетте, келесі психологиялық ерекшеліктер тән: еңбексүйгіштік; өзінің кәсібі мен ісіне беріктік; парыз сезімі және жоғары деңгейдегі жауапкершілік; жоғары іскерлік пен индивидуализм; ұйымдастырушылық қабілет пен біліктілік; болашақты болжау іскерлігі; басқа адамдардың және өзінің іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру іскерлігі; өз еңбегінің және еңбекке қосқан үлесінің тұрақсыздығын жиі сезінуі; кей уақытта қорқыныш сезімінің болуы, күшсіздік, өтіп жатқан оқиғаларға ықпалының қабілетсіздігін сезінуі.
Маргиналды тап (жұмыссыздар, қайыршылар, тұрғылықты орындары жоқтар, т.б.) өкілдеріне өз күшіне сенімсіздік, моральдық және рухани тоқырау, әлеуметтік қорқыныш, т.б. тән.