°леуметтік шағын топтардың әлеуметтік-психологиялық ұйымдастырылуы
°леуметтік шағын топтардың әлеуметтік-психологиялық ұйымдастырылуы
Шағын топ – іс-әрекет мақсаттары ортақ, құрамындағы адамдар саны шектеулі және тікелей тұлғалық байланыста бірлескен, соның негізінде топтық тұтастығы туындаған адамдар тобы.
Шартты топ – бұл топтар жалпы белгілеріне, жасына, жынысына, ұлтына, білім деңгейіне, әлеуметтік тұрмысына, лауазымына, т.б. қарай біріккен адамдар тобы.
Нақты топтардағы адамдардың күнделікті өмірі мен іс-әрекеттері үнемі бірге өтеді. Олар табиғи және лабораториялық топтарға бөлінеді. Лабораториялық топтардың ғылыми қызығушылықтары қарастырылған.
Ресми топтарға құрылымы сырттан, ресми түрде берілген топтар жатады. Ресми топтар алдын ала қоғамның белгіленген мақсаттарымен, ережелерімен, нұсқауларымен, жарлығымен сәйкес қызмет етеді.
Бейресми топтар тұлғаның қызығушылығы мен таңдаулары негізінде қалыптасады. Бейресми топ мүшелері тұлғалық симпатия немесе антипатия негізінде қалыптасады.
°лсіз дамыған топтар – топ тіршілігінің алғашқы әлсіз ұйымдасқан кезеңі.
Дамуы жоғары топтар – жалпы мақсаттары мен қызығушылықтары бұрыннан қалыптасқан, қарым-қатынастары жоғары даму жүйесінде ұйымшылдығымен ерекшеленетін топ.
Диффузиялық топтар – (лат. dіffusіo – сейілу, төгіліп-жойылу) тек қана жалпы эмоциялармен, қайғырулармен біріккен кездейсоқ адамдар тобы.
ұжым – бірлескен іс-әрекетке қолайлы, сәтті жағдай жасайтын адамдардың биік формадағы бірлестігі. ұжымға тән негізгі белгілер:
а) барлық адамдардың бір обúектіге бағыттылығымен, яғни жұмыс уақыты мен орнының, жалпы өндіріс құралдарының, ғимараттарының болуымен ерекшеленеді;
ә) ұйымдасқан адамдардың бірлігі, нақты бекітілген құрылымы, жалпы ерік-жігерінің мықтылығы, сондай-ақ ұжым мүшелерінің ерік-жігерінің иегері ұжымның сенімді өкілдері болып табылады;
б) жалпы ойлар мен пікірлер, этикалық және ар-ождандық нормалардың бірлігі, өзара жақын қарым-қатынас.
Референттік топтардың қызығушылықтарын, тұлғалық құндылықтарын және бағалауларын адам бағдарға алады.
Референттік емес топтарға адамдар оның мүшесі болып шынайы түрде кіреді.