Ұлы дала ақын-жырауларының тағылымдық МҰралары



Pdf көрінісі
бет27/30
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26192
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


103 
 
Тест тапсырмалары 
 
Нұсқау: төмендегі жауаптардың дұрысын дөңгелектеп көрсетіңіз. 
1. Ақтамберді қай рудың көсемі: 
А) Қаракесек 
В) Адай 
С) Жалайыр 
D) Қаңлы 
Е) Дулат 
 
2. Ақтамберді жырау өзінің алғашқы жырларын шығарғандағы жас шамасы: 
А) 10-11 
В) 11-12 
С) 15-16 
D) 17-18 
Е) 19-20 
 
3.  Ақтамберді  жырауды  қамшы  астына  алып,  найза  ұшына  ілмек  болған 
ағайыны: 
А) Жангөбек Ботағара 
В) Бөгембай батыр 
С) Өз әкесі 
D) Әкесінің ағасының баласы 
Е) Атасының немере інісі 
 
4. «...Қатын бала қамы үшін 
    Әркім өзі талпынбақ
    Басына бітер бағы үшін» – жыр жолдарының авторы: 
А) Ақтамберді жырау 
В) Бөгембай батыр 
С) Қожаберген жырау 
D) Тәтіқара ақын 
Е) Есет би 
 
5. Ақтамберді жыраудың ақындық даңқымен қатар шыққан басқа атақтары: 
А) Балуандық, батырлық 
В) Әншілік, сазгерлік 
С) Зергер, ұста 
D) Мерген, саятшы 
Е) Ақын, күйші 
 
6. Ақтамберді жыраудың тамағына пышақ қадалып, өлім аузында тұрған соңғы 
сәтте құтылып кеткен сәті баяндалған жыр: 
А) «Бізді әкетті Марыға» 


104 
 
В) «Мен, мен едім, мен едім» 
С) «Күлдір, күлдір кісінетіп» 
D) «Еңсегей бойлы Ер Есім» 
Е) «Белгілі биік көк сеңгір» 
 
7. «Атадан тудым жалқы боп, 
    Жақыннан көрдім талды көп 
    Жалғыздық сені қайтейін» – деген өлең жолдарының авторы: 
А) Ақтамберді жырау 
В) Доспамбет жырау 
С) Асан Қайғы жырау 
D) Үмбетей жырау 
Е) Марғасқа жырау 
 
8. Ақтамберді жыраудың әкесінің есімі: 
А) Сары 
В) Жангөбек 
С) Жағалбай 
D) Сәбит 
Е) Тілеу 
 
9. «...атадан жалғыз туғанның жүрегінің басы сары жалқын су боларын – сары 
уайым басып, жалтақтап өсерін» өз жырында толғаған жырау: 
А) Ақтамберді жырау 
В) Үмбетей жырау 
С) Шал ақын 
D) Қожаберген жырау 
Е) Бұқар жырау 
 
10. Ақтамберді жыраудың соғысқа қатыса бастаған шағы: 
А) 17 
В) 16 
С) 19 
D) 14 
Е) 18 
 
11. Ақтамберді жыраудың өміріне сәйкес келетін тарихи оқиға: 
А) «Ұлы апат жылдары» 
В) «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» 
С) «Ұлы нәубет жылдары» 
D) «Ұлы Отан соғысы» 
Е) «Қалмақ қырылған» 
 
 


105 
 
12. Ақтамберді жыраудың қарамағындағы руларды үйретуге тырысуы:  
А) Отырықшылыққа 
В) Көшпелі өмірге 
С) Орыс тіліне 
D) Ынтымақ-бірлікке 
Е) Достыққа 
 
13. «Кәрі ақсайды ақылдан, 
      Ер ақсайды жақыннан
      …Бұлаңдап жүрген жігіттің, 
      Жомарт қолын жоқ кесер», – деген жыр жолдарының авторы: 
А) Ақтамберді жырау 
В) Шал ақын 
С) Қазтуған жырау 
D) Доспамбет жырау 
Е) Марғасқа жырау 
 
14. Ақтамберді жырау толғауларының көркемдік ерекшелігі: 
А) Өзіне дейінгі дәстүрлі жыр үлгісінде сөйлейді 
В) Жаңа мақам енгізді 
С) Жырларына ән қосты 
D) Сюжетке құрылды 
Е) Қара өлең ұйқасында жазылды 
 
15. Ақтамберді жырау шығармашылығынан мәлімет беретін жинақ және оның 
шыққан жылы: 
А) С.Мұқанов (1942 ж.) 
В) Қ.Сейтәлиев (1996 ж.) 
С) М.Жұмабаев (1935 ж.) 
D) М.Әуезов (1927 ж.) 
Е) С.Сейфуллин (1932 ж.) 
 
16. Ақтамберді жыраудың анасының есімі: 
А) Сырбике 
В) Айғаным 
С) Бопай 
D) Зере 
Е) Ұлжан 
 
17. Тәтіқара ақынның дүниеге келген өңірі: 
А) Қостанай өңірі 
В) Арыс өңірі 
С) Баянауыл өңірі 
D) Көкшетау өңірі 


106 
 
Е) Абралы өңірі 
 
18. Тәтіқара ақын өмір сүрген тұстағы хан есімі: 
А) Абылай хан 
В) Қасым хан 
С) Жәңгір хан 
D) Тәуке хан 
Е) Хақназар хан 
 
19. Тәтіқара ақынның: «…сенің соңында өзіңді хан көтерген үш жүздің баласы 
тұр. Оны бір балаңдай көрмедің бе?» – деп айтқан тоқтам сөзінің иесі: 
А) Абылай хан 
В) Кенесары хан 
С) Есім хан 
D) Жәңгір хан 
Е) Әбілхайыр хан 
 
20. Тәтіқара ақынмен көбірек бірге жүрген ханның есімі: 
А) Абылай хан 
В) Әбілқайыр хан 
С) Кенесары хан 
D)Жәңгір хан 
Е) Тәуке хан 
 
21. «Ақ сұңқар құстай түледі, 
      Аузын тасқа біледі» – өлең жолдарының авторы: 
А) Тәтіқара ақын 
В) Шал ақын 
С) Қазтуған жырау 
D) Марғасқа жырау 
Е) Ақтамберді жырау 
 
22. Тәтіқара ақынның өлеңі: 
А) «Ассаламағалейкум, жақсылар мен қасқалар!» 
В) «Еңсегей бойлы ер Есім» 
С) «Жағама қолдың тигенін» 
D) «Өлеңге тоқтамайды Шал ақының» 
Е) «Өрлігіңді сұрасаң» 
 
23. Тәтіқара ақын өмір сүрген дәуір: 
А) XVIII 
В) XV  
С) XVI 
D) XVIІ 


107 
 
Е) XІХ 
 
24.  «Ақтабан  шұбырынды,  алқакөл  сұлама»  оқиғасын  жырына  арқау  еткен 
жырау: 
А) Үмбетей жырау  
В) Тәтіқара ақын 
С) Қазтуған жырау 
D) Марғасқа жырау 
Е) Доспамбет жырау 
 
25. Үмбетей жырау шыққан жүз: 
А) Орта жүз 
В) Ұлы жүз 
С) Кіші жүз 
D) Барлығы дұрыс 
Е) Дұрыс жауабы жоқ 
 
26. Үмбетей жырауды «феодалдық ақсүйектерден шыққан» деп жазған ғалым: 
А) Смирнов Н. 
В) Майлин Б. 
С) Левшин А. 
D) Радлов В. 
Е) Мелиоранский П. 
 
27. «Жасыңнан сырлас болған, 
      Үлкенде болса құрдас болған 
      Батырың өлді – Бөгенбай!» – деген өлеңнің авторы: 
А) Үмбетей жырау  
В) Доспамбет жырау 
С) Қазтуған жырау 
D) Ақтамберді жырау 
Е) Бұқар жырау 
 
28. Үмбетей жыраудың эпикалық күші бар өлеңі: 
А) «Бекболат биге» 
В) «Бөгенбай өлімі» 
С) «Бәкеге» 
D) «Қалданменен ұрысып» 
Е) «Айналасын жер тұтқан» 
 
29. Үмбетей жыраудың әкесінің есімі: 
А) Тілеу 
В) Айқожа 
С) Абылай 


108 
 
D) Сары 
Е) Сәбит 
 
30. Үмбетей жыраудың барымташы ұрылар кейпін жеткізетін шығармасы: 
А) «Көксіздір»  
В) «Бұқарға» 
С) «Бәкеге» 
D) «Бесті берсең, семіз бер» 
Е) «Көкте бұлт сөгілсе» 
 
31. Үмбетей жыраудың Бөгенбай батыр өлімін жеткізуі: 
А) Абылай ханға 
В) Кенесары ханға 
С) Әбілхайыр ханға 
D) Қасым ханға 
Е) Есім ханға 
 
32. Үмбетей жыраудың дүниеден өткен кездегі жас шамасы:  
А) 110 
В) 98 
С) 70 
D) 88 
Е) 93 
 
33. Үмбетей жыраудың өмір жолын зерттеген ғалым: 
А) Мұқанов С. 
В) М.Мағауин М. 
С) Қалиев С. 
D) Сүйіншәлиев Х. 
Е) Өмірәлиев Қ. 
 
34. «Бәкеге» арналған шығармасы жазылып алынған жыл: 
А) 1968 
В) 1917 
С) 1867 
D) 1965 
Е) 1924 
 
35. Тарихта болған батырлардың ерлігін жырлаған жырау: 
А) Үмбетей жырау 
В) Бұқар жырау 
С) Ақтамберді жырау 
D) Қожаберген жырау 
Е) Шал ақын 


109 
 
36. Үмбетей жырау дүниеге келген өңір: 
А) Ақмола өңірі 
В) Шу өңірі 
С) Талас өңірі 
D) Арыс өңірі 
Е) Көкшетау өңірі 
 
37. Үмбетей жыраудың жақын досы болған жырау: 
А) Бұқар жырау 
В) Қазтуған жырау 
С) Доспамбет жырау 
D) Марғасқа жырау 
Е) Қожаберген жырау 
 
38. Үмбетей жырау мән берген толғау: 
А) философиялық-дидактикалық 
В) философиялық-ағартушылық 
С) философиялық-танымдық 
D) Философиялық-әдеби 
Е) Философиялық-тарихи 
 
39. Үмбетей жыраудың әкесінің ел ішіндегі аты: 
А) Абыз 
В) Молда 
С) Бақсы 
D) Емші 
Е) Палуан 
 
40. Үмбетей жырау өмір сүрген дәуір: 
А) ХVІІІ 
В) ХVІІ  
С) ХV  
D) ХІХ 
Е) ХVІ 
 
41. «Бай болмаған бай болса, – 
       Жайламаған сай қоймас, 
       Би болмаған, би болса, – 
       Айтылмаған сөз қалмас» – жыр жолдарының авторы: 
А) Үмбетей жырау 
В) Қожаберген жырау 
С) Марғасқа жырау 
D) Жиембет жырау 
Е) Тәтіқара ақын 


110 
 
42. Қожаберген жыраудың руы: 
А) Керей 
В) Қаракесек 
С) Адай 
D) Дулат 
Е) Қоңырат 
 
43. Қожаберген жыраудың ғұмыр кешкен жылдары: 
А) 1663-1773 
В) 1661-1765 
С) 1662-1767 
D) 1665-1781 
Е) 1668-1770 
 
44. Қожаберген жыраудың қосымша меңгерген тілдері: 
А) Араб, парсы 
В) Орыс, татар 
С) Өзбек, башқұрт 
D) Қытай, ағылшын 
Е) Түрік, неміс 
 
45. Қожаберген жыраудың әкесінің есімі: 
А) Толыбай 
В) Күлеке 
С) Тіленші 
D) Бортоғаш 
Е) Тілеу 
 
46. Қожаберген жырауға тән жүз: 
А) Орта жүз 
В) Ұлы жүз 
С) Кіші жүз 
D) Дұрыс жауабы жоқ 
Е) Барлығы дұрыс 
 
47.  Қожаберген  жыраудың  қалмақ  әскерлерінің  басқыншылық  жорықтары 
жайлы оқиғаны жырлаған дастаны: 
А) «Қоғалы көлдер, құм, сулар» 
В) «Елім-ай» 
С) «Жауқашарға» 
D) «Бәкеге» 
Е) «Қалданменен ұрысып» 
 


111 
 
48. «...Жыраудың мақсаты, міндеті  – не болса сол көңіл ашар, әлде не дерлік 
сөзді айту емес...» деп бағалаған тұлға: 
А) Әуезов М. 
В) Өмірәлиев Қ. 
С) Жұмабаев М. 
D) Сүйіншәлиев Х. 
Е) Мағауин М. 
 
49. «Елім-ай» дастанында баяндалған оқиға: 
А) Мемлекеттік мәселелер 
В) Қалмақ басқыншылығы 
С) Ру-тайпалар тірлігі 
D) Әмеңгерлік мәселелер 
Е) Бостандық мәселелері 
 
50. Жыраулық дәстүрдің негізін қалаған жыраулар: 
А) Аталық пен Сыпыра жырау 
В) Бұқар жырау және Шал ақын 
С) Ақтамберді жырау және Тәтіқара ақын 
D) Марғасқа жырау және Үмбетей жырау 
Е) Қазтуған жырау және Доспамбет жырау 
 
51. Бұқар жыраудың: 
       «Күнінде мендей жырлайтын 
       Тоқсан үште қария 
       Енді де саған табылмас» – деген толғауының иесі: 
А) Абылай хан 
В) Тәуке хан 
С) Қабанбай батыр 
D) Бөгенбай батыр 
Е) Жәңгір хан 
 
52. Бұқар жырау бойынша жаратылыс заңдарының себебі мен салдары: таудан 
аққан тас бұлақ, тасыса құяр теңізге, ... 
А) Жақсыдан жаман, жаманнан жақсы туса да тартпай қоймас негізге 
В) Жаманнан жақсы туса да тарта берер негізге 
С) Жақсыдан жақсы туған да тартпай қоймас негізге  
D) Жаманнан жаман туса егер, тарта білер негізге 
Е) Жақсыдан жаман туған да тартып қояр негізге 
 
53. Бұқар жыраудың ел бірлігінің бәсең тартып, ынтымақтықтың берекесінің 
кеткендігінің атауы: 
А) Қас тұрпайылық 
В) Желкілдеген тұрпайылық 


112 
 
С) Жамандықты тұтқан жұрт 
D) Алауыздық 
Е) Қаскөйлік 
 
54. Бұқар жыраудың:  
       «Желкілдеген ту келіп, 
       Жер қайысқан қол келіп, 
       Сонан сасып қалмасқа» – деген жыр жолдары қай толғауға тиесілі:  
А) «Тілек» 
В) «Қилы заман» 
С) «Абылайға арналған өлеңдері» 
D) «Айналасын жер тұтқан» 
Е) «Асқар таудың өлгені» 
 
55. Бұқар жыраудың: «Болдым-толдым деп шалқая берме, жас күніңде қандай 
күй кешкеніңді ұмытпа», – дегені кімге тиесілі: 
А) Абылай ханға  
В) Тәуке ханға 
С) Шал ақынға 
D) Бәйдібек бабаға 
Е) Әнет бабаға 
 
56. Бұқар жыраумен айтысқан башқұрт шешені: 
А) Байық 
В) Бабыр 
С) Балақ 
D) Сапақ 
Е) Бахадүр 
 
57. Бұқар жыраудың Абылай ханға өлімін естірткен батыр есімі: 
А) Бөгенбай батыр  
В) Қабанбай батыр 
С) Наурызбай батыр 
D) Жәнібек батыр 
Е) Ағыбай батыр 
 
58. Бұқар жырау бойынша тіршілік шарты: ер жігіттің қадірін ағайын білмес, 
жат білер, ... 
А) Қалың малы арзан деп, қарадан әйел алмаңыз 
В) Қалың малы қымбат деп, бай қызынан қашпаңыз 
С) Қалың малы арзан деп, кедей қызынан қашпаңыз 
D) Қалың малы тым қымбат, байдың қызын алмаңыз 
Е) Қалың малы тым арзан, кедей қызын алмаңыз 
 


113 
 
59.  Бұқар  жыраудың  Абылай  ханның  өтінішімен,  тілегімен  түсінде  көрген 
істерін болжап айтуы:  
А) Сәуегей  
В) Тәуіп 
С) Көмекші әулие  
D) Емші 
Е) Әулие 
 
60. «Жар басына қонбаңыз, 
      Дауыл соқса, үй кетер, 
      Жатқа тізгін бермеңіз 
      Жаламенен бас кетер» – деген жыр жолдарының авторы: 
А) Бұқар жырау 
В) Ақтамберді жырау 
С) Әнет баба  
D) Майқы би 
Е) Жиембет жырау 
 
61. Бұқар жыраудың «Ал, айтамын, айтамын» толғауының иесі: 
А) Жәңгір хан 
В) Тәуке хан 
С) Абылай хан 
D) Бөгенбай батыр 
Е) Тәтіқара ақын 
 
62.  Бұқар  жыраудың  «Бұл,  бұл  үйрек, бұл үйрек», «Әлемді түгел көрсе де» 
жырларының негізгі өзегі: 
А) Табиғат пен адам өмірі 
В) Абылайға арналған өлеңдер 
С) Батырларға арналған өлеңдер 
D) Ақыл-парасатқа арналған өлеңдер 
Е) Имандылыққа арналған өлеңдер 
 
63. Бұқар жыраудың: 
  «Күн батыстан бір дұшпан, 
  Ақырында шығар сол тұстан. 
  Өзі сары, көзі көк, 
  Діндарының аты боп, 
  Күн шығысқа қарайды» – деген жыр жолдары қай толғауға тиесілі:  
А) «Қилы заман» 
В) «Тілек» 
С) «Абылайға арналған өлеңдері» 
D) «Бөгенбай тілімен естірту» 
Е) «Көкте бұлт сөгілсе» 


114 
 
64. «Бұқар жыраудың сөзін түгел жазамын деушіге Нұқтың өмірі, Айыптың  
сабыры, Аплатонның ақылы керек» деген сөздердің авторы: 
А) Сейфуллин С. 
В) Әуезов М. 
С) Көпеев М.Ж. 
D) Мағауин М. 
Е) Өмірәлиев Қ. 
 
65. Бұқар жыраудың тілі мен стилін қарастырып, зерттеген тұлға: 
А) Сыздықова Р.  
В) Әуезов М. 
С) Мағауин М. 
D) Сүйіншәлиев Х. 
Е) Кәкішев Т. 
 
66.  Бұқар  жырау  түйіндеуіндегі  тіршілік  үйлесімі:  биік  тауға  ығынан  түскен 
панасы, терең сайға тобылғалы саласы, ... 
А) Келіншекке емшектегі баласы жарасар 
В) Ер адамға жанындағы әйелі жарасар 
С) Келіншекке бауырындағы баласы жарасар 
D) Келіншекке қасындағы ер адамы жарасар 
Е) Қыз балаға бойындағы инабаты жарасар 
 
67. Бұқар жырауға бата беріп, атын қойған данышпан: 
А) Әнет баба 
В) Сыпыра жырау 
С) Қорқыт ата 
D) Бәйдібек баба 
Е) Сүйінбай Аронұлы 
 
68. Бұқар жыраудың: 
       «Ғаділдігін Наушаруан ғаділге жеткерген, 
       Жомарттығын  хатымтай  жомарттан  өткерген...»  –  деген  мадақ өлеңінің 
иесі:  
А) Абылай ханға 
В) Тәуке ханға 
С) Жәңгір ханға 
D) Хақназар ханға 
Е) Керей ханға 
 
69.  «Бұқар  жырау  өз  тұсындағы  қазақ  халқының  күй-жайын,  мұң-тілегін, 
болашақ тағдырын... бірлігін көкседі», – деп бағалаған тұлға:  
А) Кенжебаев Б. 
В) Әуезов М. 


115 
 
С) Жұмалиев Қ. 
D) Қабдолов З. 
Е) Сыдықов Қ. 
 
70.  Бұқар  жырау  шығармаларын  үлкен  үш  арнаға тоғыстырып қараған жөн:            
1) Абылайға арналған жыр-толғаулар 
2) Отаршылыққа қарсы жыр-толғаулар 
3) ... 
А) Жыраудың дүние-жаратылыс жайын қорғаған толғаулары 
В) Жыраудың адамгершілік асыл қасиеттерге арналған жыр-толғаулары 
С) Жыраудың имандылыққа арналған жыр-толғаулары 
D) Жыраудың тіршілік, өмір жайын қозғаған жыр-толғаулары 
Е) Жыраудың бұқара халыққа арналған жыр-толғаулары 
  
71. «Бақ көшсе ақылына қарамайды, 
      Жақсыны жаман адам табалайды 
      «Адам басы алланың добы» деген, 
      Қайда айдаса сол жаққа домалайды» – деген жыр жолдарының авторы: 
А) Шал ақын 
В) Марғасқа жырау 
С) Жиембет жырау 
D) Қожаберген жырау 
Е) Бұқар жырау 
 
72. Шал ақынның шын есімі: 
А) Тілеуке Құлекеұлы 
В) Тіленді Құлыкеұлы 
С) Құлыке Тілеукеұлы 
D) Тіленіш Құлеукеұлы 
Е) Күлеке Тіленшіұлы 
 
73. Шал ақын көбіне нені жырлаған: 
А) Бұқара халықты, өмір қайшылықтарын 
В) Байларды 
С) Балаларды 
D) Халық мұңын, зорлық-зомбылықты 
Е) Ұрлық-қарлықты 
 
74. Шал ақын туралы алғашқы хабар кімнің еңбегінен мәлім: 
А) Уәлиханов Ш. 
В) Құнанбаев А. 
С) Аймауытов Ж. 
D) Сүйіншәлиев Х. 
Е) Әуезов М. 


116 
 
75. Шал ақынның басылған өлеңі (журнал атауы, жылы және оның саны): 
А) //Жаңа әдебиет, 1929 ж. №5 (1 өлеңі) 
В) //Жаңа әдебиет, 1930 ж. №8 (6 өлеңі) 
С) //Жаңа әдебиет, 1928 ж. №1 (2 өлеңі) 
D) //Жаңа әдебиет, 1925 ж. №3 (4 өлеңі) 
Е) //Жаңа әдебиет, 1921 ж. №7 (3 өлеңі) 
 
76. Шал ақынның өз өмірі туралы жазылған 9 жолдық өлеңінің басталуы: 
А) Он бес деген жасымай 
В) Қайран өмірім 
С) Өткен жылдар елесі 
D) Балдәурен шіркін, балалық 
Е) Қилы өмір 
 
77. Профессор Н.С.Смирновтың ойынша «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің» 
өлеңінің иесі: 
А) Абылай ханға 
В) Шал ақынға 
С) Үмбетей жырауға 
D) Әнет бабаға 
Е) Бұқар жырауға 
 
78. Шал ақынның өмірбаянын жазған тұлға: 
А) Малдыбаев Ғ. 
В) Уәлиханов Ш. 
С) Жұмабаев М. 
D) Исабеков Д. 
Е) Ахметов З. 
 
79. Т.Құлекеұлын «шал» деп атау себебі: 
А) Жастайынан үлкендерше сөйлеп, төрде отырып, төрелік айтқаны үшін 
В) Шалдар арасында өскендіктен 
С) Аты қиын болғандықтан 
D) Ақыл-парасаттылығының молдығынан 
Е) Жеңгелерінің қалжындауынан 
 
80.  Шал  ақын  басқада  замандастары  сияқты  ақыл  айта  отырып,  толғайтын 
поэзиясы: 
А) Дидактикалық поэзия  
В) Әдеби поэзия  
С) Гуманистік поэзия 
D) Философиялық поэзия 
Е) Педагогикалық поэзия 
 


117 
 
81. «Ерімнің бір тұрманы үзеңгісі, 
      Қыз 15-ке келеді түзелгісі, 
      «Аяғын көр, асын іш» деген сөз бар, 
      «Шешесін көр, қызын ал» сол белгісі» – деген жыр жолдарының авторы: 
А) Шал ақын  
В) Қазтуған жырау 
С) Марғасқа жырау 
D) Жиембет жырау 
Е) Ақтамберді жырау 
 
82. Шал ақынның ойынша тіршіліктің мәні: 
А) Адамгершілік 
В) Байлық 
С) Мал, дүние 
D) Денсаулық 
Е) Қанағат 
 
83. Ғ.Малдыбаевтың Шал ақынның көптеген өлеңдерін жариялаған газет аты:  
А) «Қазақ әдебиеті» 
В) «Орыс әдебиеті» 
С) «Жаңа әдебиет» 
D) «Қазақ» 
Е) «Еңбекші қазақ» 
 
84. Шал ақын өлеңдері басылған әдебиеттер: 
А) «Ертедегі әдебиет нұсқалары» 
В) «Алдаспан» 
С) «Бес ғасыр жырлайды» 
D) «Қазақтың қысқаша тарихы» 
Е) «Шежірелер жинағы» 
 
85. Шал ақынның сүйегі жерленген жер: 
А) Есіл өзені бойындағы Қаратал деген жерде 
В) Семей облысының, Абай ауданындағы Жүрекадыр деген жерде 
С) Целиноград облысының Ерейментау ауданында 
D) Қазіргі Сергеевка селосының жанындағы Аютас деген төбенің түбіне 
Е) Гурьев облысы, Махамбет ауданында Қарт деген жерде 
 
86. Көне жыраулар мұрасының білгірі, Мұрат ақынның алғашқы ұстазы: 
А) Есет би  
В) Асан Қайғы жырау  
С) Жиембет жырау 
D) Доспамбет жырау 
Е) Марғасқа жырау 


118 
 
87. «Ноғайлының 40 батыры» жырын сақтап, келер ұрпаққа жеткізушілердің 
бірі: 
А) Абыл ақын 
В) Шал ақын  
С) Жиембет жырау 
D) Әнет баба 
Е) Тәтіқара ақын 
 
88. «Соқыр қылды көзімді көрмесін деп, жамандықтың соңына ермесін деп» 
қарсыластарына орынды тойтарыс бере білген қазақтың атақты ақыны: 
А) Шөже  
В) Жиембет жырау  
С) Марғасқа жырау 
D) Әнет баба 
Е) Бұқар жырау 
 
89. М.Қашқаридың сөздігінде аты аталған жырау: 
А) Шөже  
В) Майқы би  
С) Әнет баба 
D) Шал ақын  
Е) Бұқар жырау 
 
90. ХІ ғасырда көшпелі түріктерден шығып, көп жыр білген жыршы: 
А) Шөже  
В) Асан Қайғы жырау 
С) Қожаберген жырау 
D) Үмбетей жырау 
Е) Шал ақын  
 
91. М.Әуезов: «ХІХ ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деп атаған 
айтыстың асқан шебері: 
А) Сүйінбай Аронұлы 
В) Марғасқа жырау  
С) Доспамбет жырау 
D) Майқы би 
Е) Есет би 
 
92. «Жетім-жесір баланың 
      Маңдайынан сипай кет! 
      Ердің өзі өлді деп
      Әруаққа болма шет! 
      Құдай салды, біз көндік, 
 


119 
 
      Айықпайтын таптым дерт» – деген жыр жолдарының авторы: 
А) Бұдабай Қабылов 
В) Сүйінбай Аронұлы  
С) Есет би 
D) Ақмолла Мұхамедиярұлы 
Е) Марғасқа жырау  
 
93. Жыраулардың нақыл сөздерінің қазіргі түрі: 
А) Мақал-мәтел 
В) Тақпақ 
С) Бата 
D) Өсиет 
Е) Рубаи 
 
94. «Асылды сөккенменен аты кетпес, 
       Көңілден жаман сөздің таты кетпес» – деген жыр жолдарының авторы: 
А) Ақмолла Мұхамедиярұлы 
В) Сүйінбай Аронұлы  
С) Жиембет жырау 
D) Марғасқа жырау 
Е) Ақтамберді жырау 
 
95. Жыраулардың жоғары бағалаған жануары: 
А) Жылқы 
В) Қой 
С) Бүркіт 
D) Түйе 
Е) Ешкі 
 
96.  «Қазақ  ақын-жыраулары  ХV-ХVІІІ  ғасырлар  шегінде  бүкіл  әлемдік  мәні 
бар… мұра жасады», – деп тұжырым жасаған ғалым: 
А) Қалиев С. 
В) Мағауин М. 
С) Жарықбаев Қ. 
D) Сүйіншәлиев Х. 
Е) Негимов С. 
 
97. «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері» монографиясында қазақ жыраулар 
поэзиясын әдебиетіміздің жеке мұрасы ретінде ғылыми-деректік жақтан алғаш 
рет жүйелеп берген ғалым: 
А) Сүйіншәлиев Х.  
В) Әуезов М.  
С) Мағауин М. 
D) Қалиев С. 


120 
 
Е) Негимов С. 
 
98.  Халық  тағдырын,  қоғамдық  мәселені шешуде  XV-XVIII ғасырларда өмір 
сүрген ақын-жыраулармен бірге үлкен рөл атқарғандар: 
А) Хандар 
В) Билер 
С) Шешендер 
D) Сұлтандар 
Е) Бектер 
 
99. Жыраулар поэзиясы ... 
А) Халқымыздың тіл байлығы 
В) Халқымыздың ғажап өнері 
С) Халқымыздың ой-санасы 
D) Халқымыздың тарихы 
Е) Халқымыздың мәдениеті 
 
100. 
Ғалым 
Н.Келімбетов: 
«XV-XVIII 
ғасырларда 
өмір 
сүрген                         
қазақ-жыраулары поэзиясындағы әлеуметтік және дидактикалық сарындардың 
түп-төркіні ежелгі түркі әдебиетінде жатқанын аңғару қиын емес», – деп түйін 
жасаған зерттеу еңбегі: 
А) «Ежелгі түркі поэзиясы мен қазақ жыраулары» 
В) «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері» 
С) «Ақындар» 
D) «XV-ХІХ ғғ. ақын-жыраулар поэзиясындағы педагогикалық ойлар» 
Е) «Қазақ хандығы тұсындағы тәлімдік ойлардың дамуы (XV-XVIII ғғ.)» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет