Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет107/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   200
қоятын аттары да түрлі-түрлі. Тіл ұзақ заман жасалады, бірден 
өзгермейді, оның өзгерісі тұрмысқа байланысты» деген пікірі ұлт 
мәдениетінің ұрпақ жалғастығын сипаттайды. Ал, мәдениет жай өмірдің 
туындысы емес, белгілі бір қоғамда өмір сүрген рухани әрі материалдық 
қоры бар іргелі елдің өмір тіршілігінің туындысы деп қарауын: «Мәдениет – 
қазанның күйесінше жұғатын нәрсе емес, мәдениеттің белгілі сатысын 
көксегендей жағдай тумаған болса, ... жоғары мәдениеттің өзі келіп ауызға 
түспейді», – (8, 325) деген пікірінен көреміз.
Қазақ тілінің даму барысын палеонтологиялық тәсілмен зерттеуде 
Қ.Жұбанов салыстырмалы грамматиканың жетістіктерін пайдалана отырып, 
материалдық, заттық мәдениетті рухани мәдениет деректерімен қаз-қатар 
алып салыстыруға ұмтылған. Осы орайда қазақ тілінде мол сақталған 
көнерген сөздер мен сөз тіркестерінің семантикалық табиғатын түсінудің 
уәждік (мотивациялық) және танымдық төркінін ежелгі заман түсінігінен, 
көп жағдайда мифтік таным, тотем т.б. түпнегіздерден іздеген жөн. Оның 
нақты мысалдарын Қ.Жұбановтың күн көру, күнелту, безгегім ұстады т.б. 
қолданыстарға қатысты тарихи-этимологиялық, тілдік-палеонтологиялық 
зерттеулерінен табамыз. Бұл тұста И.Бахофен, Ж.Морган, П.Лафарг сияқты 
зерттеушілердің негізгі позицияларына тоқтала келіп, Қ.Жұбанов олардың 
жазба ескерткішті зерттеушілердің ешбірінің «тұмсығы батпайтын» өте ерте 
дәуірлердегі қоғамдық қатынастарды анықтау жолындағы әрекеттері 
нәтижесінде өз замандары үшін айтулы жетістіктерге қол жеткізгендігін сөз 
етеді. 
Профессор Қ.Жұбановтың тілді зерттеудегі танымдық зердесінен бастау 
алған осы үрдіс, яғни тіл мен мәдениеттің байланысы тіл білімінің қазіргі 
лингвомәдениеттану саласында ерекше мәнге ие болып отырғаны белгілі. 
Бұл екі фактордың тоғысуы нәтижесінде пайда болған тілдік деректер ұлт 
мәдениетін немесе ұлт тарихын, халықтың қоғамдық өмірін бейнелеп қана 
қоймай, ана тілінің сөздік қоры байлығының көрсеткіші ретінде танылуын 
қазіргі тіл білімінде ғылыми жалғастық деп санауға негіз жеткілікті. Мысалы, 
тіл мен мәдениеттің атауына ұйытқы болған этнографизмдер – ана тілі 
байлығының бір бөлшегі. Бұл атаулар – тілдік қазынаның сүбелі саласының 


216 
бірі және бүгінде жалпыхалықтық қолданыста жоқ кейбір байырғы сөздер 
мен сөз тіркестерінің мағына-мәнін танытатын мәдени әрі тарихи ақпараттар 
көзі. Олай болса, тәуелсіз еліміздің рухани-мәдени өміріндегі елеулі табыс 
деп бағаланған онбестомдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» тілдік 
деректердің уақыт пен кеңістікке сай қолданыстың мәдени-танымдық 
коннотациясында «тасаланған» мән-мағыналардың архетиптік мазмұн межесі 
мен ұлттық біртұтасымдылық сипаты ашылуын профессор Қ.Жұбанов 
зерттеулерінен бастау алған ғылыми жалғастық деп қарауға болады. 
Себебі этностың көне дәуіріндегі тарихынан, мәдени өмірінен хабардар 
ететін тілімізде мағынасы ұмыт болған немесе күңгірттенген сөздер мен сөз 
тіркестері (этнографизмдер) бүгінгі ұрпаққа олардың сырын ашуды, 
танытуды қажет етеді. Осы орайда қазақтың қара сөзін бағзы мәдениеттің
жетегінде тіл арқылы анықтап, келер ұрпақтың санасына зор мақтанышпен 
жеткізу – ана тіліміздің бай ырысын танытудың бір жолы. Міне, қазақ 
лексикасындағы лингвокультуремалар ретіндегі этнографизмдер осында 
ырысты байлықтың бір көзін құрайды. Қазірде бұл этноатаулар қоғамдық 
қарым-қатынас кезінде белсенді қолданылмаса да, бұл сөздердің дені 
диалектілік лексикада, тұрақты сөзтіркестері мен мақал-мәтелдердің 
құрамында, көркем шығарма тілінде, ауыз әдебиеті, фольклор мен эпос 
тілінде жиі кездеседі. Осы атаулардың ауыз әдебиетіндегі орны туралы проф. 
Қ.Жұбанов былай дейді: «Халық әдебиеті – халықпен құрдас, бірге жасасып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет