Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет128/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   200
Бір қараңғы түкпірге әкеп, туғыздым, 
Ал, нұрландыр, ал, қызықтыр, кербезім!» 
Академик І.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаев «Көрнекті ғалым» деген 
мақаласында аталмыш туынды туралы былай деп атап көрсеткен: 
«Құдайберген бұл өлеңінде халықты нұрландыруға, көпшіліктің көңілін 
айдай ашып, жаңа дүниенің іргесін қалауға шақырған... Мұндағы айтып 
отырған «қараңғы түкпір» өзі қызмет істеп жүрген Ақтөбенің бір уезі ғана 


249 
емес, қазақтың кең сахарасы еді... Осыған «айды әкеп туғыздым» деген 
жолдарда қандай кесек жігер, күш-қуат жатыр. Бұл қазақ халқының жалынды 
ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың: 
 
Қараңғы қазақ көгіне, 
Өрмелеп шығып күн болам. 
Қараңғылықтың көгіне, 
Күн болмағанда кім болам?! – деген жолдарымен үндеседі» (23). 
Сұлулықтың, көріктіліктің символындай көрінетін «Ай» сөзінің 
журнал атына бекерге таңдалмағаны белгілі. Өлең жолдары да осыны 
түсіндіруге арналған. Ғалым-публицист айдың туып-бататын тылсым 
тірлігінен үлкен мән-мағына оқығандай. Өзгелерді де осы жөнінде толғануға 
шақырады. Көп заманнан бері көкте жылысып жүзген айдың енді жарық 
қылғанын қалайды. «Қараңғы түкпірге әкеп туғыздым», – деп мақтаныш 
етеді. Темір уезін нұрландыратын, қызықтыратын кербез «Айды» 
жұртшылық жылы қабылдады. Оқырмандар қызыға оқитын басылымға 
айналды. 
Қ.Жұбановтың жетекшілігімен шыққан «Ай» журналында негізінен 
мәдени-ағарту тақырыбына жазылған материалдар жарияланды. Публицистің 
інісі, қазақтың белгілі композиторы, өнертанушы Ахмет Жұбановтың 
айтуына 
қарағанда, 
аталмыш 
журналда 
М.Горькийдің,
В.Короленконың, М.Лермонтовтың туындылары қазақ тіліне аударылып
жұртшылыққа ұсынылған. М.Горькийдің «Сұңқар туралы жыр», «Дауылпаз 
туралы 
жыр», 
«Хан 
мен 
ұлы» 
атты 
белгілі 
шығармалары,
В.Короленконың шындықпен суарылған әңгімелері, М.Лермонтовтың 
өлеңдері қазақ даласына «Ай» журналы арқылы тарады. Әсіресе, бұқараның 
сауатын ашуға, мәдениетін көтеруге бағышталған жарияланымдар 
жұртшылық тарапынан қолдау тапты. Бұл кезең – орталықтан шалғай жатқан 
ауылдарда «саужой» мектептерін жаппай ашып, қалың көпшіліктің 
сауатсыздығын жою үшін мұғалім кадрларын іріктеп, пайдалануға ерекше 
көңіл бөліне бастаған. Мұның екіжақты пайдасы болды. Халық ағарту ісіне 
белсенді араласуы болашақ ғалым-публицистің өз білімін жетілдіруіне, 
рухани ой-өрісінің өсуіне мейлінше қолайлы жағдай жасады. Әлеуметтік 
мәні зор мәселелер «Ай» журналының бетінде тұрақты орын алды. Аса өткір 
жазылған мақалаларына осы кезден бастап «Қараша бала», «Шекті» деген 
бүркеншік есімдерді пайдаланды. 
Қолжазба журнал дәстүрін ұстанып, қаламының қарымдылығын 
көрсетіп машықтанбаса, онда «Кедей», «Еңбекші қазақ» газеттеріндегі бірден 
жұрттың назарын аударған жарияланымдары жарық көруі екіталай еді.
І.Кеңесбаев «Ай» журналы туралы: «...көздегені – халықтың көзін ашып, 
көңілін ояту сияқты асыл іс»,– деп тұжырым жасайды (17, 8-33). 
«Тез» және «Ай» қолжазба журналдарын шығарған қазақ шәкірттерінің 
өздерінің алдына қойған мақсаттарының ірілігі, арман-тілегінің асқақтығы 
қайран қалдырады. Әсіресе, Қ.Жұбановтың ұйымдастыру ісіне айрықша ынта 


250 
қойғанын айтпасқа болмайды. Демек, әлеумет ісіне осыншама жан-тәнімен 
беріліп, қиюын таба білу – оның бойындағы қайрат-жігерді ғана емес, ел 
үшін соққан үлкен жүректі, алғыр сананы көрсеткендей. Жұртшылық ісі үшін 
барын салып жүрген адамдардың алдына қойған мақсатқа жетуден басқа 
мұңы, басқа арманы жоқтай тынымсыз қимылдайтыны тағы бар. Сондай 
жандардың ынта-жігерімен осындай игі дүние-мүлік кейінгіге мұра болып 
қалған және қала да бермек. Оған нақты дәлел – қолжазба журналдар. 
Қолжазба журналы дәстүрін жаңғыртушылардың ұстанған бағыты 
ағартушы-демократтық көзқарас екенін атаған жөн. Бұл енді оларды 
шығарушылардың әлеумет ісіне әбден берілгендігіне байланысты. Шамасы, 
олардың мақсаты қайтсек елді өнерлі елдің қатарына қосамыз, халыққа қалай 
қызмет көрсетеміз деген үлкен арман-тілектен туындаған болса керек. Әрине, 
журналдардың кезекті нөмірін шығару, оларды қажетті материалдармен 
қамтамасыз ету, қолға іліккенді сол күйі жариялай салмай, неғұрлым 
ғибраттысын, маңыздысын жұртқа ұсыну, іріктеу, авторларын шамдандырып 
алмай ынталандыру сергектікті қажет етті. 
Сондай-ақ 
Қ.Жұбановтың 
1924 
жылы 
Ж.Тілепбергеновтің 
ұйымдастыруымен Темірдегі драма үйірмесінің мүшелері «Қызғалдақ» 
қолжазба журналын шығарғандығы К.Кенжебаев пен Ә.Оралбай келтірген 
деректерден белгілі болып отыр (5). 
Қ.Жұбанов шығарған қолжазба журналдар, біріншіден, бұрын газетке 
сөз жаза алмай, жазса да сөздері басылмай, тауы шағылып жүрген 
шәкірттердің қолын қаламға машықтандырды. Екіншіден, бүткіл қазақтың, 
өзі тұрған өңірдегі адамдардың айыптарын көрсетіп, міндерін бетіне басып, 
жамандықтардан бездіріп, жақсылықты көрсетіп қызықтырды. Үшіншіден, 
ауызда жүрген халықтың көркем сөзін жинау жүзеге асты. Төртіншіден, 
әлем әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыруға мүмкіндік туды. Осының 
көрінісіндей орыс әдебиетінің классиктері қолжазба журналдар беттерінен 
тұрақты орын алды. Бесіншіден, ауылдардағы әлеуметтік өзгерістер хақында 
бұған үмітпен қарағандар қалам тербеді. 
Сол кездегі мыңдаған зерделі жасты нағыз ұлттық мүдде туының 
астына жинай білген «Қазақ» атты басылымға Қ.Жұбанов та белсенді автор 
ретінде қатысқаны белгілі. Иә, «Қазақ» газеті қаққан тәуелсіздік 
қоңырауының сарыны ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, азаттықты аңсаған 
азаматтар рухын шыңдаумен болды.
«Қазақ» газетіне де автор ретінде атсалысқан Қ.Жұбановтың «Қараша 
бала», «Шекті», «Қ.Ж», «Құдайберген» деген бүркеншік есімдермен 
(мұрағаттанушы Б.Байғалиевтің 1988 жылғы 22 наурыздағы анықтамасы 
бойынша) жазған жарияланымдары аталған басылымның ғана емес, «Алаш» 
газетінің де оқырмандарын елең еткізді.
Халық ағарту майданында еңбек еткен публицистің «еңбекші 
қазақтағы» білім берудің өзекті проблемаларын көтерген жарияланымдары 
да қоғамдық пікірге елеулі ықпалын тигізді. Публицистің 20-30 жылдардағы 
жарияланымдары сол кездің өткір проблемалары саналатын әйел теңдігі, 


251 
ұлттық театрды қалыптастыру, ел кедейлерінің жаңа өмірге бейімделуі, қазақ 
емлесінің қандай болуы керектігі жайлы мәселелерді көтерді.
Ғалымның публицистикалық шығармашылығын кезеңдерге бөліп 
қарастыру публицист қолтаңбасының өзіндік ерекшеліктерін терең түйсінуге 
мүмкіндік береді. Публицистің шығармашылық деңгейінің қалыптасу кезеңі 
1915-1928 жылдарды қамтиды. Сол кезеңдегі туындыларынан ұлт қамын 
өзек еткені, елдің болашағына алаңдаған терең ойларының ұшқындары 
айқын аңғарылады. Екінші кезең 1929-1933 жылдар аралығын қамтиды, онда 
әлеуметтік маңызы ерекше мәселелерден бастап, ғылыми публицистикаға бет 
бұрғаны байқалады. Соңғы 1934-1937 жылдар аралығын қамтитын кезең 
публицистің шығармашылық әлеуетінің едәуір өскендігін байқатады.
Қ.Жұбанов публицист ретінде ХХ ғасырдың басындағы қазақ 
зиялыларының алдында тұрған шешімін таппаған мәселелерді батыл 
көтеруге атсалысты. Көшелі ой-танымдарды зерделейтін ғылыми 
публицистикаға зәрулік сезілген тұста «Буын жігін қалай табуға болады?»
атты еңбегін жариялады. Қазақ тілі грамматикасы мәселелерін ғылыми-
көпшілік тұрғыдан түсіндіруге зор үлес қосты. Танымдық тағылымы мол, 
терең талдау сипатында жазылған «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» атты 
еңбегі ұлттық публицистикадағы соны үрдістің бастауы ретінде бағалауға 
лайық. Түркі әдебиеті тілінің танымы жөніндегі публицистикалық
ой-толғамдары да жаңаша серпінмен жазылуымен ерекшеленеді. 
Қ.Жұбанов публицистикасының стильдік ерекшеліктерінің бірі – 
полимикалық үрдісті терең меңгергендігі. Полимика – тарихи үдерістің 
маңызды шарттарының бірі. Сондықтан да болар біз уақыт өткен сайын 
пікірталас мәдениетін меңгеру өзекті мәселеге айналып келеді. Ұзақ сонарға 
салып ақылгөйсіну – полимикалық үрдіске жат. Ұзақ сөйлемдер 
оқырмандарды жалықтырады және де ой санасына әсер етпейді. 
Публицистикада бұл бірден көзге шалынады, кері әсерін тигізеді. Демек, 
полимикалық үрдісті ұстанатын публицист түсінікті әрі барынша нақты, 
ықшам әрі батыл жазып, істің мәнісін жалпылама сөздерден арылуға 
тырысады.
Қ.Жұбанов та өзіндік пайымдауларымен әділ, білікті сарапшы ретінде 
көрінеді. Оның көзқарас ерекшелігі, бір қарағанда қарапайым көрінетін ой-
тұжырымдарының өзгешелігі байқалып тұрады. Публицистің полимикалық 
үрдісті аса мәдениеттілігімен, мәселеге терең талдау жасаумен, өткірлігімен, 
нақтылығымен, көзқарас өзгешелігімен танылады.
Публицистің 
полемикалық 
үрдіс 
үлгісін 
жоғары 
деңгейде 
меңгергенінің айқын көрінісі – «Еңбекші қазақта» жарық көрген «Қазақстан 
ағарту жұмыскерлерінің кәсіп ұйымы мүшелерінің бірінші тобына» атты 
ұсыныс сипатында жазылған материалы. «Қ.Ж.» деген бүркеншік атпен 
жазған үн қосу материалында публицист ағарту қызметкерлері кәсіп 
ұйымының қоғам өміріндегі рөлін білгірлікпен айқындай алған. Ұйымның 
жұмысын жүргізу барысында Қазақстанның ерекшелігін ескергенді жөн 
санайды: «...ұйым жұмысын негізгі елдің тұрмысына сәйкестіріп, 


252 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет