Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет127/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   200
бұрын оқығандықтан екі-үш бөлім қылып, жеткенінше қазақша, 
жетпегеніне ноғайша кітаптарды қолданып жатыр. Баста жадид деп 
жақтырмаған адамдар осы күні дұрыстығына түсіне бастапты». Өз 
кезінде олар ауыл мектебінің ұстазы Әбділлә Беркіновтің жұрт алдындағы 
беделін де көрсетуді ұмытпаған: «Бұл мұғалім... ескіше оқыса да пікірі түзу, 
зерек көрінеді». Шынында да, ол кезде ауылдағы сауат ашу ең әуелі 
жекелеген Ә.Беркінов сияқты ұстаздардың ерік-жігеріне тәуелді еді. 
Алғашқы жарияланымның өзінде әжептәуір мәні бар әлеуметтік мәселені 
қаузаған қос автордың кейін қазақ баспасөзінде тұғырлы тұлғаларға айналуы 
заңдылық екендігі сөзсіз (5). 
Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың шығармашылық жолының 
басталуы қазақ даласындағы ірі тарихи оқиғалармен тұспа-тұс келді. ХХ 
ғасырдың басында қазақ жерінде ерекше қоғамдық саяси ахуал қалыптасты. 
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, 1917 жылғы Ақпан және Қазан 
төңкерістері, Алаш қозғалысы мен азамат соғысы айтарлықтай ықпалын 
тигізді. Ол осындай қат-қабат кезеңдерде алдыңғы қатарға публицистика 
шығады.
Қ.Жұбановтың публицистикалық шығармашылығы орыс мектебінде 
оқыған шағында шығарған қолжазба газеттерден бастау алады. Жалпы 
қолжазба журнал шығару дәстүрі Қазан төңкерісінен сәл бұрын басталады. 
Газет-журнал сияқты баспасөз құралдары онша кеңінен таралмаған, кітап 
бастыру ісі өркендемеген қазақ даласында жастар өздерінің рухани үнін 
сыртқа, көпшілікке тарату қажеттілігін сезінеді. Сөйтіп бұл ойды іске 
асыратын шараның бірі ретінде қолжазба журналдар шығаруды қолға алады. 


248 
Осындай журналдар Орынбор, Орал, Уфа т.б. қалалардағы медреседе оқып 
жүрген жастардың органы болады. Сондай журналдың қатарына 1916 жылы 
шығарыла бастаған «Көсем», 1920-жылдарда белгілі жазушы Жиенғали 
Тілепбергеновпен (1895-1933) бірге шығарып тұрған «Садақ» атты қолжазба, 
Күйік (Елек) қаласында Құдайберген оқып жүрген кезде жазылып тұрған 
«Тез» деген символикалық аты бар «журнал» жатады.
Журналдың атын «Тез» деп қойғандағы мақсаты – бұрыннан, ескіден 
келе жатқан ескіліктің қалдықтарын тезге сап түзету, надандықтан арылып
ағартушылық бағыт ұстану, мәдениетті жұрттардың өнегесіне қанығу. 
Аталмыш журналда Қ.Жұбановтың «Ит әулие» деген шығармасы 
жарияланған. Бұл жарияланымда ауылда жүрген кезде-ақ ескінің 
қалдықтарын, «дүмше молдаларды» мазақ етіп, қысқа өлеңдер жазатын ол 
Күйікқалада өзінің қаламының ұшталғандығын байқатты. Қолжазба 
журналға өзі редакторлық жасап, онда сол кезеңнің әлеуметтік маңызды 
мәселелері қамтылуына елден ерекше атсалысты. 
1920 жылы Темір қаласында уездік Халық ағарту бөлімінде қызмет 
істеп жүргенде Қ.Жұбанов «Ай» деген атпен қолжазба журнал шығарады. 
Уездік халық ағарту бөліміндегі жұмысы рухани талғамына сай келетін 
болған соң ол өзінің білім дәрежесін көтерумен ғана шектелмей, 
шығармашылық ізденіске де ден қойды. Темір қаласы жастарының басын 
қосып, көркемөнерпаздар үйірмесін құрды. Ескі мен жаңаның күресін 
бейнелейтін скетчтер мен шағын пьесаларды өзі бас болып жазып, оларды 
сахналайды. «Ай» уездік халық ағарту бөлімінің жанынан шығып тұрды. 
Журналдың беташары ретінде «Ай» деген өлең жазды. Мұнда 
публицистикалық сарын басым: 
«Көп заманнан көкте жүздің жылысып, 
Тудың-баттың, жүрдің ақырын ығысып. 
Ақ кіреуке – әсем көрік, дөңгелек, 
Келбетіңе қызығып дүние тым ыстық... 
Сұлуларды мақтаса жұрт «айдай» дер, 
-Болар ма еді, нағыз айдай, бай-бай дер, 
-Арыстан да айға ұмтылып, мерт болған, 
Оған жету қайда бізге, ойбай, дер. 
Жарық қылдың, сиқырладың жер жүзін, 
Сен сұлудан айырмады ел көзін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет