Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет129/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   200
жұртшылық ұйымдарының мақсаттарымен байланыстырып құруға тура 
келеді». 
Қ. Жұбанов публицистикасының өзектілігі іргелі де ғылыми танымның 
көпшілікке 
ұғынықты 
тілмен 
жеткізілуінен 
көрінеді. 
Қ.Жұбанов 
публицистикасының тағы бір өзіндік ерекшелігі ретінде шығармаларының 
ғылыми-көпшілік, танымдық талдау сипатында екенін, қазақ тілінің 
фонетикасы, грамматикасы, жалпы тіл білімінің мәселелері, қазақ жазуы, 
емлесі мен терминологиясы, қазақтың ұлттық әдеби тілінің дамуы мен 
тарихы пайымдалатынын, өнертану мәселесі де терең қамтылатынын, 
филолог-шығыстанушы тұрғысынан танылатынын, жаңа оқиғалар мен 
құбылыстарды дөп басып барлайтынын, ойын дәлдеп, оқырманын иландыра 
білетінін, өмір шындығын рухани-практикалық пішінде игере алғанын, алғыр 
ойшылдығын, талдауға деген тереңдігін, образды-айшықтаушылық қарымын, 
өзінің ойы мен сезінгендерін өткір етіп жеткізу шеберлігін атауға болады. 
Қандай мәселені көтерсе де Қ.Жұбанов өзінің терең энциклопедиялық білім 
деңгейін 
таныта 
отырып, 
әлеуметтік-экономикалық 
және 
рухани 
проблемаларды жан-жақты талдауға ден қойды. Сонымен қатар екі тілде – 
қазақ және орыс тілдерінде де төгілте жазғанын атап өту қажет. Ғалым-
публицистің 
аса 
бай 
шығармашылық 
мұрасын 
зерттеу 
ұлттық 
публицистикамыздың өрісін кеңейтетіні даусыз. 
Ғалым-публицистің 
ұлттың 
қамын 
күйттеген, 
қазақ 
елінің 
бостандығына алаңдаған терең ойларының ұшқындары өткен ғасырдың 20-
жылдары қазақ басылымдарының беттерінде жарияланған мақалаларынан 
айқын аңғарылады. Сол кездегі қазақ зиялыларын толғандырған басты 
мәселелер – отаршылдық бұғаудан құтылу, тәуелсіз мемлекет құру, 
халықтың санасын ояту болды. Қазақтың шұрайлы жерлерін Ресей өз меншігі 
етіп жариялап, орыс переселендерін күшпен қоныстандыра бастаған уақытта 
қазақтарға кәдімгідей қатер төнді. Патшалық Ресейдің озбыр саясатын қалай 
әшкерелеуге де негіз болғандай еді. Елге, жерге жаны ашыған зиялылар өз 
ойын іркіп қалмады. «Қазақ» газетінде «Тілшілерден» деген айдармен 
берілген «Темір уезінен» атты мақаланың авторы өзін «Шекті» деп 
көрсеткен (109, 314). 
«Темір уезінен» мақаласының арқауы – жер мәселесі. Сол кездегі ең 
күйіп тұрған, өзекті мәселелердің бірі. «1909-1910 жылдарда біздің Темір 
уезінің Темір-Орқаш болысының 8 ауылына 2 участка мұжық орнады, – деп 
жазады аталмыш жарияланымында, –Жер кескенде екі ауылнайдың 
ортасында болған Қаракөл деген үлкен көл қазақ жерінде қалады». Қазақтар 
мен орыстардың арасындағы дау осы жерден басталады. Орыс жерінің шегі 
Қаракөлдің шет жағасымен жүргеніне қарамастан, мұжықтар қонысын көлдің 
жағасына салып, келесі жылы-ақ шөмелелеп қойған қазақтардың шөбін 
тасып ала бастайды. Мұны автор былайша баяндайды: «Бермеймін дейтін 
қазақта әл жоқ. Ақыр аяғында қызығып, «қазан түбінде шеміршек қалды» 
деп, қазаққа қимай арыз беріп өзіне қаратады». Қазақтармен айырбасқа 
келіседі: орыстар Қаракөлдің бір десятинасына басқа жерден төрт десятина 


253 
жер бермек болып, маңайынан бірқатар жер қосып, 877 десятина жерді 
кестіріп алады. Орыстардың қазақтарды алдап соққаны жайында автор 
ашына жазады: «1912 жылы күздікүні производитель работы келіп жерді 
белгілеп, бір жетіден соң землемер 877 десятина жерді қазаққа өлшеп 
береді. Қаракөлдей төрт есе беремін дегені қайда десе, білмеймін дейді». 
Осыдан келіп, қазақ өз жерінде өзі өгей күй кешті демеске шараң жоқ. 
Шаруаға қолайлы, шалғынды жерінен айрылған қазақтың теперішін көз 
алдыңа келтіреді. Мұның өзі қазақтың көрген құқайының соңы емес екен. 
Бұдан кейін жағдай тіпті мүшкілдене түседі.
Автор қазақтың басынан кешірген ауыр жағдайын жеріне жеткізе 
көрсетеді: «Сорлы қазақ көкіректе сайрап тұр, тілді құдай байлап тұр 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет