141
Қ.Жұбановтың «сөзге» берген анықтамасын «Алайда»
сөзін қосып ілестіре
берсе, өте орынды болар еді.
Қазіргі жалпы тіл білімі оқулықтары мен бағдарламаларында
тіл
қызметі, сөз қызметі, сөйлем қызметі деген мәселелер арнайы қозғала
бермейді. Ал профессор Қ.Жұбанов бұл
жайларды әдейі әлеуметтік-
лингвистикалық тұрғыдан сөз еткен. Ол: «
Тіл адамдар арасында, ол –
адамның өз ойын жеткізу, сөйлесу құралы», – дейді. Ғалым тілдің атқаратын
қызметін бұдан басқаша да баян еткен. Қ.Жұбанов арнайы сөз еткен (өзі
қойған) тақырып –
«Сөз өзгешілігі мен сөз қызметі». Ғалымның
тұжырымы: «
Тіл элементі атау қызметін өтесе, сөз болғаны; егер хабар
беру қызметін өтесе, сөйлем болғаны. Бұл келтірілген екі түрлі өзгеше
қасиет барлық сөздерге де тән, өйткені олар әрі номинативтік, әрі
коммуникациялық қызмет атқарады. Сөздің бір басында екі функция
(қызмет) болады: бірінші – хабар беру қызметі, коммуникация функциясы;
екінші – таңбалау қызметі, норматив функция не сигнификация» (71, 99).
«
Сөз хабарласу үшін керек, егер осы керекке жарамаса, ол – сөз емес»,
– дейді.
Сөйлеу хабарласқанда, әр нәрсенің аттарын (номинативтерді)
құрап, хабар беріледі. Осылайша номинативтерден құралмай жасалған
хабар жоқ. Ат болмаса сөз де болмайды» (71, 99)
Профессор Қ.Жұбановша: «
Әр сөз – өз алдына жеке ұғым
(представление)». Ол «...
сөз дегеніміз – заттың (құбылыстың) аты +
байланысу құралы. Сөз заттың атын ғана емес, басқа нәрсе мен
құбылыстарға қандай қатынасы барлығын қоса білдіретін сілтеулер; сөз
жалаң ұғым емес, күрделі ұғым. Сілтеу амалы мен сөздің басқаларға қарым-
қатынастары тіл-тілде түрліше болуы мүмкін» (71, 107), – дейді. Сонымен
қатар ғалым сөз бен ойдың сәйкес келмейтін реттерін (ақылсыз адамды «осы
кісі ақылды!» деу), үндемей сөйлеу тәсілі де болатынын (сталиндік
конституция жөнінде шет мемлекеттерінің үндемей қалуы –
сынаудың бір
түрі) байқатқан.
Ғалым
сөз қызметіне байланысты былай дейді: «
Тілдің өзіндік
өзгешелігі – затқа ат қою, ол аттарды бір-бірінен айыру. Мысалы: жылқы
– түйе емес, қой – сиыр емес, сиыр – жылқы емес. Атаулардың мағынасын
осылайша айыруды – сигнификация дейміз. Әр нәрсенің өзін жеке көрсету,
даралап айту қасиетіне ие болған сөз зат, сипат, құбылыс аттары болып
қалыптасқан. Бұл аталғандар – тілдің негізгі өзгешеліктері. Тілдегі осы
айтылған ат қою мүмкіншілігін номинация дейміз. Тілдің бұдан басқа тағы
бір негізгі қызметі – хабар беру. Оның бұл өзгешелігін коммуникация
дейміз» (71, 99).
Проф. Қ.Жұбанов «
Атты неге қоямыз?» деген сұрақ береді де, өз
сұрағына өзі «
Оны заттардың өздері жоқ жерде сөз қылу үшін қоямыз», –
деп жауап қатады және әрі қарай «
нәрсенің, сипаттың бәрі түгел қасымызда
болса, онда сөзді шығын қылмай-ақ ымдап өте шығар едік, сонымен де
бірталай хабар берер едік», – деп сөзін аяқтайды. Бұдан әрі «...
тілде заттың
ұғымы бар, мәні (сущность) жоқ» (71, 100) деген тұжырым жасайды.