Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет75/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

сөз 
мүшелерін(Қ.Жұбанов «сөз таптары» терминінің орнына қолданған – 
С.Құлманов) сөйлемге мүше бола алатын сөз таптарымен теңестіруге 
болмайтындығын ғалым көрсете келе, олардыүстеуден шығарып теориялық 
жағынан да, практикалық жағынан да дұрыс шешім қабылдаған. Сонымен 
қатар бұрынғы бірде демеу, бірде жалғаулық, бірде үстеу қатарына қосылып 
жүрген бірқатар сөздер жаңадан жалғауыш, үстеуіш деп аталған. Алайда 
әрбір сөзді өз атауымен орналастырды дегенмен, кейбір сөздердің екі 
терминмен аталғандығыбайқалады (78, 190-198). Мәселен, үшін, сайын 


164 
сөздерін «да», «мен» сөздерімен қосып жалғауыш деп атаса, қосалқы 
сөздерді түсіндіргенде аяқ қосалқы терминін телиді.
«Жаңа грамматикадағы» «түп мүше», мен «жамау мүше» деген 
терминдер қазіргі түбір сөз және қосымшалар мен үстеулердің баламасы 
(жамау мүше) болып табылады. Сөз құрамындағы морфемалардың орналасу 
тәртібін ғалым былай көрсетеді: 
1. Үстеулі сөз – жеңіл-дік 
2. Жалғаулы сөз – жеңіл-ге 
3. Жалғауыш қосалқы сөз – жеңіл-де 
4. Аяқ үстеуішті сөз – жеңіл ғой 
5. Дәйек үстеуішті сөз – тым жеңіл. 
Сөзде жамау мүше біреу болмай, бірнешеу болғанда, мынадай 
тәртіппен орналасады: 
Ең баста – дәйек үстеуіш (тым)
Екінші орында – түбір (жеңіл)
Үшінші орында – үстеулер (-дік)
Төртінші орында – жалғау (-ке)
Бесінші орында – жалғауыш (шейін)
Алтыншы орында – аяқ үстеуіш (-ақ). 
Жаңа грамматиканың бірқатар басқаша келетін жері – қосар сөздерді 
баяндауы мен олардың терминінде. Бұрынғы «қос сөз» термині «қосар 
сөздер» терминімен өзгертілген. Автор бұлай өгерту себебін «қос» деген 
сөздің түпкі мағынасына сай түсіндіреді: «Қазақ тілінде қос деп қосылып 
бітіп қалған нәрсені айтады. Қосарлы жазылмайтын болып, жаңадан 
қосылмайтын, әуелден туа бітісінен қосақталып біткен нәрсені ғана қос 
деуге болады. Сондай қосарлы жазылмайтын, бір бөлек те сөздер болады. 
Соларды қос сөз деуге болар еді. Біздің қосар деп отырғанымыз, ондай 
қосары жазылмайтын сөздер емес. Қолдан қосақталып, қолдан 
ажыратылатын жанды құбылыс», – деп тілдік құбылыстың нәзік 
қабаттарын түсіндіруге тырысқан ғалым қос, қосар түбірлес сөздердің 
термин болуға қайсысы ұтымды екенін дәлелдейді. «Жаңа грамматикада» 
сөзді қосарлап айту қосымшада жалғанған сияқты сөз тудырудың бір түрлі 
амалы деп түсіндіріледі. Сөздердің қосымшалануы бірде болып, бірде 
болмайтын өзгермелі құбылыс болғаны сияқты, қосарлануы да – бірде пайда 
болып, бірде ажырап кететін нәрсе. 
Сондықтан «сөздің қосарлануын қосақталып біткен нормалардан 
айыру үшін қос сөз деп атағаннан гөрі қосар сөз деп атауды дұрыс көрдік»
деп жазды ғалым. Сонымен бұрынғы грамматикалардағыдай қосар сөздердің
жіктелуі мен оларға берілген терминдер өзгеше болып келген. Бұрын қосар 
сөзді жалпыланғыш қос сөздер (аяқ-табақ, төсек-орын), жалқылағыш қос
сөздер (белбеу, бет орамал) деп жіктеген. 
Қ.Жұбанов морфология мен синтаксис қарайтын мәселелердің басын 
ашып көрсете отырып, мұндағы белбеу, қолғап сөздерін біріккен сөздер 
қатарына енгізген. Бет орамал сөзін, теміркүрек, ағаш қасық сөз тіркестері 


165 
сияқтыларды синтаксистің қарамағына береді. Кіріккен сөздер – заңсыз қосар 
сөздер, заңды қосынды дей келіп, қосар сөздерді түрліше терминдермен 
төмендегідей жіктейді: 
1. Теңдес қосар (аяқ-табақ, бала-шаға
2. Сөздес қосар (биік-биік, жылы-жылы
3. Матаулы қосар (бетпе-бет, кезбе-кез
4. Тіркеулі қосар (жігіт-мігіт, шай-пай
5. Қосақты қосар (қып-қызыл, сап-сары). 
Ал қазіргі тілімізде қосар сөздер қос сөз терминімен қайта аталып
жасалу тәсіліне қарай қайталама (биік-биік) және қосарлама қос сөздер 
(қысы-жазы, күні-түні) болып жіктеген. Автор қосар сөздердің әрбір түріне, 
беретін мағынасына сәйкес айырым айдар тағып, жеке-жеке терминдермен 
атаған. Түрлі ғылыми түсініктермен толық дәлелденіп, нақтылыққа ие болған 
осы тәріздес терминдерді саралай отырып, кейінгі грамматикаларда бұл 
терминдерді басқаша атау қажет деген мақсаттардан туғандығын айта 
кеткеніміз абзал.
Ғалымның кіріккен сөздерге (қазіргі қазақ тілінде біріккен) берген 
терминдерді және ол сөздердің ерекшелігін толық талдап беруі көкейге 
қонымды. Еңбекқұн, белбеу, қолғап, ашудас сияқты кіріккен сөздердің жасалу 
тарихын, кірігу ерекшелігін жан-жақты көрсете келіп, оларға жалғасулы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет