сөздерді орыс тіліндегі орфографиясымен қоса қабылдауды ұсынды, бұл
ұсыныс қолдау тауып, қазірде біз екі түрлі алфавит, екі түрлі орфография
пайдаланамыз: қазақ тілінің төл сөздерін таңбалайтын және шеттілдік
сөздерді жазу орфографиясы. Жазылған сөз ішінде ц, щ, ъ, ь, ч таңбалары
кірме сөз екеніне маркер болып тұрады. Директор деп жазып, [директр]
деп оқысақ, ол орыс орфоэпиялық нормасында қабылдап отырмыз» дегенді
білдіреді. «Перспектива развития казахского языка, тенденция обогащения
его терминами и словами, обозначающими технику и действия современной
культуры, из иностранных языков не дадут возможности так просто их
игнорировать … следует ввести f, h, x. Federatsija → Federatsijalav,
klassifikatsija → klassifikatsijalav», – деп жазады автор. Оның үстіне, ћ, х, ф-п
дыбыстары бір фонеманың варианттары екенін айтады. Осы орайда
терминдерді қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына бағындырып жазғаннан
гөрі, түбірін цитаталық, қосымшасын фонетикалық принциппен жазғанды
ұсыну Қ.Жұбанов тарапынан шыққанын айта кеткеніміз жөн. Бұл кірме
сөздер қазақ тіліне сай орфограммалаудың қиындығынан, жазудағы ала-
құлалыққа тосқауыл қоюды ойластырған ниетінен шықты дейміз.
Профессор Құдайберген Жұбановтың жазу, орфография жөніндегі
теориялық зерттеулерін бағдарға ала отырып, әлі де басы ашылмаған
мәселелерді сөз етуге болады. Солардың бірі – қазақ орфографиясының
принципі. Бұл жөнінде де Қ.Жұбановтың зерттеулері, айтқан ойлары,
сөйлеген сөздері мен ұсыныс пікірлері қазіргі жазу нормаларының жай-күйін
бағдарлауға, емле принциптерінің кейбір уәждерін қайта қарауға ой-түрткі
болады. Кезінде профессор Қ.Жұбанов «емле негізіне қожа сол тілдің
жаратылыс заңы болуға керек. Тіліміздің жаратылысына қарасақ, емле
дыбыс негізді(фонетикалық принцип негізді – Н.Уәлиев)болуға керек», –
деген болатын. Ал соңғы онжылдықтардағы оқулықтар мен зерттеулергс
назар аударсақ, қазіргі кездің өзінде қазақ орфографиясындағы жетекші
принцип жөнді айкындалмаған деуге болады. Мысалы, кей оқулықтарда:
«Қазақ орфографиясының негізгі принципі – морфологиялық принцип күллі
түркі тілдері үшін қолайлы принцип болып саналады. Бұлай дейтініміз түркі
тілдерінің табиғаты, атап айтқанда, ондағы сөздердің морфологиялық
құрылысы және олардың түбір тұлғасының сақталу ерекшелігі – осылардың
бәрі жазуда морфологиялық принципті басты принцип етіп алуды қалайды.
Түркі тілдері, соның ішінде қазақ тілі үшін морфологиялық принцип ең
жанасымды, ең қолайлы деуіміз де осыдан»десе, кейбір зерттеулерде қазақ
орфографиясы фонетика-морфологиялық принципке негізделген деп
тұжырымдалады.
Міне, осы аталған үш бағытты қазіргі жазу нормасы тұрғысынан
қысқаша салыстыра қарауға тура келеді. Алдымен морфологиялық принцип
жайында. «...Сөздерге сөз тудырушы аффикстер мен сөз түрлендіруші
178
аффикстер жалғанғанда, екі сөз бірігіп немесе өзара тіркесіп айтылғанда,
сөздер мен сөз тіркестерінің айтылуы өзгеріп, әр түрлі дыбыстық
өзгерістерге ұшырайды. Морфологиялық принцип дыбысталудағы бұл
ерекшеліктерді ескермей, сөз құрамындағы сыңарлардың жеке тұрғандағы
қалпын сақтап жазуды басшылыққа алады. Мысалы: басшы (башшы емес),
ұшсын (ұшшын емес), сәнқой (сәңқой емес), көрінбеді (көрімбеді емес),
Қазанқап (Қазаңғап емес), әркім (әргім смес), көзқарас (көзғарас емес),
Сарыарқа (Сарарқа емес)».
Демек, морфологиялық принцип бойынша сөздің морфемдік
құрылымы сақталып жазылуға тиіс. Бірақ қазіргі жазу тәжірибеміздің
орныққан нормалары осы талапқа толық жауап бере ала ма? Мына топтағы
сөздердің жазылуына назар аударсақ, бұлардың морфемдік құрамы өзгеріссіз
жазылған деуге болмайды: ақ – ағар (ақар емес), көк – көгер (көкер емес),
жақ – жағын (жақын емес), тақ – тағын (тақын емес), бақ – бағыл (бақыл
емес), ойын – ойна (ойына емес), орын – орна (орына емес), сарын – сарна
(сарына емес), сары – сарғай (сарығай емес), қозы – қоздау (қозылау емес),
халық – халқы (халығы емес), мүлік – мүлкі (мүлігі емес), әріп – әрпі (әрібі
емес), қап – қабы (қапы емес), сап – сабы (сапы емес), көп – көбі (көпі емес).
Сондай-ақ морфологиялық принцип бойынша қосымшалардың бір ғана
варианты, мысалы: -лар алынуы керек те, қалғандары (-дар, -дер, -тар, -тер)
оның жай ғана дыбыстық өзгерістері ретінде жазуда еленбеуге тиіс.
Міне, бұл тәрізді сөздердің жазылуын морфологиялық принцип
бойынша түсіндіруге болмайды және қазақ орфографиясындағы жетекші
принцип морфологиялық деген тұжырымға шүбәмен қарауға тура келеді.
Морфемдік құрамы дыбыстық өзгеріске түскен күйде, яғни фонетикалық
принциппен жазылатын сөздердің саны түбірі сақталып жазылатын
сөздерден аз емес. Осыңдай себепке байланысты болу керек, соңғы кездегі
зерттеулерде қазақ орфографиясы фонетика-морфологиялық принципке
негізделген деген пікір орын ала бастады.
Профессор Қ.Жұбанов қазақ жазуы фонетикалық принципті ұстануы
керек деген үзілді-кесілді пікірде болды. Ғалымның сондағы сүйенген негізі
мен ғылыми дәлелдері қандай? Ғалым мұрасын оқи отырып, осы сұрауға
жауап іздесек, экстралингвистикалық және таза лингвистикалық екі түрлі
жайтты аңғарамыз. Біріншісі – Қ.Жұбанов – тіл практикасында
демократияшыл көзқарасты дәйекті ұстанушы әрі орнықтырушы ғалым.
Ғалымның
бұқарашыл
платформасы
жазу,
терминология,
емле,
орфографиялық принциптер туралы ойлары мен зерттеулерінен айқын
танылады.
«Тілдің әліппесінен бастап, жоғарғы сатысына жеткенше төңкеріс
(революция – Н.Уәлиев) практикасының, ілім техниканың не бір игілігін
сөзбен айтып, ашып бере аларлық дәрежеге жеткізудің өзі де – емле мен
терминологиядан аулақ болмақ емес. Мәдениетті таңдап, жасап шығарушы
тап та, оны керек қылушы тап та – еңбекші тап болған соң, емле мен
терминологияның қызметі – сол қалың еңбекшінің қолын мәдениетке
179
жеткізу болады да, ондай кезде емле мен терминология мәні әсіресе зор
болады (...) Сонымен, емлені қайта тексергенде, ең алдымен оны қалың елге,
еңбекші бұқараға түсінікті, жеңіл қылып шығару жағын ескерукерек», – дей
келіп: « Қазір біз туыс жүйелі (морфологиялық) емлені қабылдасақ, бізде де
ағылшындардікі және басқа елдердікі сияқты дәстүрлі жазу болады», – деп
қорытады. Шындығында, морфологиялық принцип бойынша көп вариантты
қосымшалардың бір ғана нұсқасы таңбалануы керек те, қалғандары
еленбеуге тиіс. Бұл бағыт, әрине, жазба тілдегі шарттылықты көбейтеді.
« Көптік жалғауының қазақша төрт түрі бар. Біз оның бәрін тастап,
жалғыз «-лер»-ді ұстап қала алмаймыз. Мұнан оқыту жұмысы қиындайды.
Сауаттану жұмысы тезірек жүру үшін жазу да сөз естілуіне жақын болу
керек». Оппоненттерімен пікір таласында ғалымның мұндай қарапайым
мысалға жүгінуінің себебі жоқ емес. Морфологиялық принцип бойынша
қосымшалардың қалыптасқан варианттарын бөле-жарып, бірер нұсқасына
артықшылық беру тілдің ғасырлар бойына қалыптасқан шын қалпынан қол
үзу болар еді.
Емле
ережелері
мен
принциптерін
белгілеуде
ғалым
тек
экстралингвистикалық, әлеуметтік факторларға сүйеніп қоймай, таза
лингвистикалық дәлелдерге иек артып отырды. « Жалғауды туыс жүйесімен
жазу үшін оның тарихын, бұрын қалай жазылып жүргенін, қысқасы,
алғашқы нұсқасын білу керек. Жалғаудың қай түрі тұңғыш, қай түрі кенже
екенін бұл күнгі тіл білімі танып біле алмайды. Мәселен, -дар көнерек пе, я -
Достарыңызбен бөлісу: |