Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


Мұфтиғали). Бұл түбірлестігін көргеннен емес, лексика жағының түбірін  жақындату емес, ұйқастығын жақындату жолымен ғана жасалған (Опа



Pdf көрінісі
бет93/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

Мұфтиғали). Бұл түбірлестігін көргеннен емес, лексика жағының түбірін 
жақындату емес, ұйқастығын жақындату жолымен ғана жасалған (Опа – 
берік, Сапақызық). Сондықтан жоғарыдағыларды ұқсас ету үшін 
аллитерация, ассонанстар шыққан».
Көпбалалы қазақ отбасыларына балаларына ұйқас ат беру қазіргі 
ұлттық ономастикалық кеңістікте кең тараған үрдіс. Бұлай дейтініміз, ұл 
балалары 
мен 
қыз 
балаларының 
есімдері 
ұйқас 
болып 
келуі 
антропонимиямыздың ұлттық ерекшелігі, мысалы: Айжамал, Ақжамал, 
Гүлжамал, Нұржамал немесе Қызжібек, Гүлжібек, Талжібек және т.б. 
Ұлдардың есімдерінде бірінші немесе екінші компоненті ұйқас болып келуі: 
Ермахан, Нұрмахан, Құлмахан, Әбиболла, Ғарифолла, Нұрлан, Нұржан, 
Нұрәділ, Нұрахмет, Нұрәлі, Әлинұр, Әлижан және т.б. 
Жалпы, проф. Қ.Жұбанов қазақ ономастиканың ішінде негізінен адам 
аттарын 
(антропонимдерді), 
сондай-ақ 
географиялық 
атауларды 
(топонимдерді және т.б.), мифонимдерді этномәдени, этнопсихологиялық 
тұрғыдан қарастырып, терең талдаулар жасаған, қажет деп тапқан тұстарда 
басқа тілдердің деректерімен салыстыра-салғастыра отырып егжей-тегжейлі 
түсіндіріп берген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
СОНЫ СҮРЛЕУ 


191 
(Тіл біліміндегі жаңа бағыттардың
Қ.Жұбанов еңбектеріндегі көрінісі) 
1. Қ.Жұбанов еңбектеріндегі функционалды грамматика нышандары 
Қазіргі күрделі технологиялар мен коммуникация заманында әлемдік 
ғылым, оның ішінде әлемдік лингвистика жаңа білім-жаңалықтармен 
толығып, дами түсуде. Қазақ лингвистикасы да көптеген зерттеулер мен 
заманауи әдіс-тәсілдермен, соны бағыттармен толыға түсіп үлкен арналы 
дария іспеттес ұлттық тіл біліміне құйылып жатқан бұлақтардан құралады. 
Өз кезегінде әлемдік лингвистика деген ұлы теңізге қосылып жатқан ұлттық 
лингвистикалардың өзіндік үлесі мен орны бар. Метафора тілімен айтсақ
қазіргі «дарияға айналған» қазақ тіл білімінің алғаш «қорегі» болған, әлі 
күнге сарқылмаған бастау – Қ.Жұбанов. 
Профессор Қ.Жұбанов еңбектеріне ғылыми талдау жасай отырып, 
қазақ тіл білімінде осы күнгі жаңа ғылыми бағыттардың (функционалды 
грамматика, психолингистика, этнолингвистика, әлеуеттік лингвистика, 
гендерлік зерттеу және т.б.) соны сүрлеу іздерін аңғарамыз. Бұл турасында 
академик Р.Сыздық былайша сөз өрбітеді: «Қ.Жұбанов – қазақ тілін 
зерттеуші тұңғыш маман, теоретик ғалым деген тұжырымды саралап, 
нақтылай түсуді мен келесі тағы бір үлкен маңызды проблема дер едім. Бұл 
жерде айтпағым – қазіргі күнде көбірек назар аударылып жүрген «валенттілік 
теориясы», 
«деривация 
құбылысы», 
«функционалды 
грамматика» 
дегендердің алғашқы көрінісі Қ.Жұбановтан табыла ма дегенді барынша 
айқындау, меніңше, осы терминдердің өздері аталмаса да, Қ.Жұбанов 
ізденістерінен бұл теориялық мәселелердің алғашқы нышандарын көреміз». 
(86, 3). 
Проф. Қ.Жұбановтың ғылыми мұрасын тереңдей тексере келе, қазақ 
грамматикасына 
қатысты 
ғылыми 
теорияларды 
қалыптастыруда 
құрылымдық тіл білімінің кәнігі әдіс-тәсілдерімен ғана шектелмегендігіне 
көз жеткіземіз. Осы күнгі грамматиканың жаңа бағыттары ретінде танылып 
жүрген ғылыми парадигмаларының қай-қайсысында болсын ғалым із 
қалдырмаған сала жоқ дерлік.
Осы орайда профессор Қ.Жұбановтың ұлы Есет Құдайбергенұлының: 
«Бір ғажабы – ғалым меңзеген теориялық көземелдердің күні бүгін 
ескірмегені, ғылыми мәнін жоймағаны былай тұрсын, қайта уақыт озған 
сайын жаңа қыры мен сыры ашыла түсіп, ізбасар тілтанушыларды іліми ой-
толғамның сонылығымен, көтерілген тақырыптың күн тәртібінен түспейтін 
зәрулігімен қайран қалдыратындығы десек, артық айтақандық болмайды. 
Бұның мысалын біз тіл білімінің фонетика, лексика, грамматика тәрізді 
дәстүрлі салалары ғана емес, бертінде қолданылып жүрген лингвистикалық 
статистика, актуальді немесе мағынашыл грамматика, морфонология, 
автоматты аударма теориясы сияқты тың пәндерден де табамыз», – деген ойы 
осы тараудағы тақырыптарды ашуға түрткі болды (6, 202) 


192 
Қ.Жұбановтың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет