Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


Қ.Жұбановтың гендерлік лингвистикаға қатысты ой-



Pdf көрінісі
бет96/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   200
2. Қ.Жұбановтың гендерлік лингвистикаға қатысты ой-
тұжырымдары 
Әлемдік тіл білімінде 1970-жылдары ғана зерттеуге көңіл бөліне 
бастаған гендерлік лингвистика мәселелеріне профессор Құдайберген 
Жұбанов 30-жылдары-ақ тоқталған болатын. Профессор Қ.Жұбановтың осы 
салаға қатысты тұжырымдарын айқындай түсу үшін ғалым еңбегінен сілтеме 
келтірейік: «Сөйтіп үнемі өзгеріс үстінде болатын тіл жүйесі кенжелеп 
қалып отырады, оның мағынасынан гөрі де формасы өте баяу өзгереді, 
бұғанәйел жынысты, еркек жыныстысөздер (қою жазумен берген біз – 
С.Құлманов) дәлел бола алады». Бұл сілтемеге түсінік беріп жатудың өзі 
артық болар. Өйткені ғалым қандай да бір тілдік құбылысты қарастыра 
отырып, оның басқа да құбылыстармен (тілдік немесе тілдік емес) 
байланысты екендігін көрсетіп отырған. Аталған сілтемеден Қ.Жұбановтың 
тіл біліміндегі гендерлік зерттеуге бастау салғаны аңғарылады және бұл 
жайында профессор Г.Смағұлова былай деп баға береді: «Қазақ тіл білімінде 
гендерлік лингвистиканың зерттелуіне назар аударғанда алдымен ойға 
оралатын жайт – бұл мәселенің алғашқы ғылыми және танымдық бастау көзі 
– қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі – Құдайберген Жұбановтың
есімімен байланысты екендігі» (88, 240-242). 
Сонымен қатар, кейбір сөздердің этимологиясына байланысты ғалым 
айтқан пікірлер де гендерлік лингвистика саласындағы зерттеулерге негіз 
болары сөзсіз. Мысалы, ол «Көне түріктер бұрын бала деген жалпы атауды 
ұғлан деп қолданып, реалистік мәнін ашу мақсатында ер ұғлан, қыз ұғлан 
деп жыныстық ұғымды айырып атаған. Қазіргі тілімізде ұғлан сөзі 
көтеріңкі немесе асқақ стильде қолданылатын лексема. Ол оғыл – оғлан – 
оғлақ – ұғыл – ұл деген варианттармен бірге ер бала, ұлан дегенді білдіреді. 
Бұл сөз қыз эпитетімен бұл күнде қолданылмайды», – дейді. 
Сол сияқты Қ.Жұбанов: «Тіл адам баласының барлық табыстарын 
білдіреді. Адам баласының өрлеу жолындағы ізінің тілге бедері түскен. Бұл 
жоғарыдағы айтылғандардан да белгілі. Қазақтың «балам» деуі 
патриархат заманының қалдығы, өйткені бұл сөз ру деген сөзге 
байланысты: ұру – ұрық – ұрығ – ұру. Бұл хасыл (асыл) – тек. Көрінген 
баланы «балам» деуі – некесіз заманнан қалған мұра. Ол заманда әйелдің 
жасы үлкені ана, апа болған. Бұлар да ру аты сияқты аталған. Еркектің 
үлкені ата болып аталған, қыз – кішкене әйел дегенді білдіретін сөз, оны 


196 
монғолша – кеукін дейді екен. Мұндағы -кін – «ботақан» дегендегі -қан – 
кішкене дегенді білдіреді», – деп көрсетеді. 
Профессор Қ.Жұбанов еңбегінен талданған бірер дәйектемелер қазақ 
тілтанымында гендерлік бағытта ғылыми ой зерделеуге бағдаршам іспеттес
болды. Өйткені автор келтірген мысалдар тілдегі гендерлік оппозицияны
құрайтындықтан, 
гендерлік 
лингвистиканың 
ұлт 
әдебиетімен, 
лингвомәдениетаныммен, этнолингвистикамен, когнитивті лингвистикамен, 
психолингвистикамен, әлеуметтік лингвистикамен тығыз байланыста 
қарастырылуына негіз болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет