188
(Австралия, Африка, Америка, Азия құрлықтары болсын) алғашында кейбір
халықтар мен этностар қазіргі кезде де табиғат қоршауында тіршілік жасаған.
Сол халықтар өз экожүйесінде міндетті түрде жергілікті флора мен фауна
әлемімен және ландшафт
ерекшелігіне бейімделеді, тығыз байланыста
болады және қоршаған табиғи нысандарға атау беру шаруашылық
қажеттіліктен туындап отырған. Мұны «табиғи номинация» дейді және оның
ішінде ең ежелгісі де айуан, аң әлеміне табыну,
пір тұту сынды ескі
анимистік идеялармен, наным-сенімдермен ұштасып жатыр. Ежелгі этностар
тіршілік еткен кеңістігін жаппай мифологиялық тылсым күшке ие кеңістік
деп ұғынған. Оның ішінде сакральды тотемдік энергетикалық кеңістікте
олардың ерекше күш-қасиет иесі ретінде табынатын жан-жануар, тағы
аңдарды қастерлеу барысында
Қасқырбай, Бөрібай, Түйебай, Бүркітбай және
т.б. жалқы есімдер пайда болған.
Қ.Жұбанов: «
Мұндай сөздердің өзі қалғанымен мазмұны жаңарып,
өзгеріп отырады. Өйткені адамның өмірге көзқарасы, ұғымы үнемі өзгеріп
отырады. Америка елінде кесірткеге тимейтін халық әлі бар. Адам
табиғаттағы танып, білген нәрсесін актив, пассив деп жорамалдаған», –
дейді. Расында, «ғаламның тілдік бейнесі» бірегей жүйе ретінде
эволюциялық тұрғыдан жетіле түсіп, үнемі динамикалық
өзгеріске ұшырап
отырады. Проф. Қ.Жұбановтың жоғарыда келтірілген сөздерін зерттеуші
С.А.Керімбаева былайша қостайды: «Мифонимы как языковые единицы,
формирующие структуру языковой картины мира, могут представлять
архаичные
языковые картины мира, так как они (мифонимы) являются,
реликтами и репрезентантами первобытного (мифопоэтического) типа
мышления. Мифонимы как единицы и репрезентанты динамичной,
меняющейся и эволюционирующей картины мира, представляют собой
единицы
культурно-генетических страт, восходящим к различным
религиозным воззрениям и верованиям: политеизму, фетишизму, зоолатрии,
зороастризму, демонологии, исламу, культу святых, тотемизму,
культу
предков и т.д.» (85, 24).
Достарыңызбен бөлісу: