146
ең алдымен, оның неше алуан ұғымын, түсініктерін нақты өрнектейтін
арнайы лексикасын қалыптастырады. Әрине, бұл –
әрбір тілдің өз
мүмкіндігінен туындап жататын заңды құбылыс. Бұл арнайы лексика деп
отырғанымыз – тілдің терминологиялық жүйесі. Әрбір тіл өз
терминологиялық жүйесін жасау мен қалыптастыруда әр алуан кезеңдерді
бастан өткізеді. Қазақ тілі де солай.
Сөйтіп, қазақ тілінің терминологиялық жүйесін сөз еткенде,
біз осы
проблеманың тууына, жасалуына, қалыптасуына тікелей қатысы болған,
бастауында тұрған, негізін салған екі алыпты, ең алдымен,
еске алуға
міндеттіміз. Біріншісі – Ахмет Байтұрсынұлы да, екіншісі – Құдайберген
Жұбанов.
А.Байтұрсынұлы – қазақ тілі мен әдебиеті терминдерін жасап
қалыптастырушы болса, іле-шала бұның ғылыми проблемаларын сөз етіп,
оны ғылым объектісіне айналдырған Қ.Жұбанов деуге болады.
Бүгінгі
қазақ
терминологиясының
дамып,
қалыптасуында
Қ.Қ.Жұбановтың алатын оны ерекше. Ерекше болатыны
ғылым тармақтары
енді-енді ерекшеленіп, айқындала бастаған тұсының өзінде еуропаша арнайы
білім алған, сөйтіп қазақ тілі білімінің мәселелерін кезінде ғылыми тұрғыда
жүйелеп қарастыра бастаған одан басқа маман лингвист бола қойған жоқ.
Бұл – бір.
Екіншіден, алып А.Байтұрсынұлы қазақ тілінде терминдердің алуан
түрін жасап, өзі жазған оқу құралдарын ендіріп, қолданысқа қосып кетсе,
зерек Қ.Жұбанов сол терминжасамның принциптерін саралап,
ғылыми
тұрғыда негіздеп берді.
Терминология – ғылым мен техника тілін дамытатын лексиканың
бірден бір күрделі қабаты. Сонау 30-жылдардың өзінде-ақ Қ.Жұбанов:
«
Казахское языкознание лишь начинает оформляться
В
качестве
самостоятельной науки. И как всякая наука, он может завершить стадию
своего оформление не на базе общих абстрактных схем, а путем разработки
отдельных проблем, чтобы из этих конкретных разработок складывалась
наука о казахском языке», – деп жазған болатын (8, 273).
Қ.Жұбановтың осы терминология мен орфография мәселесіне айрықша
назар аударуы жайдан жай емес. «
Осы терминология мен орфография
барлық дамушы тілдердің негізгі элементтерін кұрайды», – дейді ғалым.
Шынымен де, терминологияны күні бүгінге дейін қазақ әдеби тілдің тірек
тұлғасыныңбірі екеніне көзіміз жетіп отыр.
Қазақтың ғылым тілін жасауға зор септігін тигізген Қ.Жұбанов бұл
салаға неше алуан практикалық тәжірибе жинап, теориялық тұжырымдарды
ой елегінен өткізе отырып келген болатын. Оның қазақ терминологиясымен
айналысуы 1925-1935 жылдар арасына жетелейді. Бұған негізгі себептің бірі
оның 1933 жылы Мемлекеттік термин комиссиясына төраға болуымен
байланысты. Ол жазу мен терминология мәселесіне нақты қадағалап, бір
орталықтан басқарып,
ұйымдастырып отырмайынша, нәтиже болмайтынын
ерте түсінген.
147
1935 жылы Мәскеуде акалемик Е.А.Чаплыгин мен проф. Д.С.Лоттенің
бастауымен Одақтық Академия жанынан Ғылыми техникалық терминология
комитеті
құрылды.
Дәл
осы
1935
жылы
біздің
автономиялы
Республикамыздың Халық Комиссарлар Кеңесінің жанынан Мемлекеттік
термин комиссиясы (Мемтерминком) құрылды. Осы комиссияның
құрылуына себепкер болған Қ.Жұбанов оның тұңғыш төрағасы болып
тағайындалды. Міне, осы кезеңнен бастап
Қазақстанда терминология
мәселелері жүйелі түрде, жоспарлы жұмыс ыңғайында жүргізіле бастады.
Көрнекті қазақ зиялылары ұлттық практикалық тілді қалыптастырумен
кеңес дәуірінің алғашқы кезінен бастап айналыса бастаған. Оның ішінде
Қ.Жұбанов, М.Әуезов, С.Асфендияров, Б.Беремжанов, Ә.Ермеков және басқа
әртүрлі ғалымдар болатын. Кейін М.Әуезовтің өзі «қазақ лингвистикасының
атасы» атаған профессор Қ.Жұбанов туралы естелігінде «
Құдайберген өз
Достарыңызбен бөлісу: