Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет54/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

бастауыш деймiз», – деген анықтама береді. Бұл анықтаманы тұрлаулы 
мүшелерге берілген ең құнды, алғашқы ғылыми тұжырым ретінде 
қабылдауымыз заңдылық. 
Профессор Қ.Жұбанов баяндауыштың сөйлемнің соңында келетінін 
айта отырып, бұл позицияда кездеспейтін жерлерін де нақтылап көрсетеді. 
Сонымен қатар ғалым бүкіл сөйлем мүшелерінің де орын-орнын айқындап 
берген.
Профессор Қ.Жұбановтың ғылыми ойларында өзіндік қуат, дара ойлау 
байқалады. Ғалым еңбектерінде сөйлем мүшелерін қазіргіден өзгеше 
жіктеуді аңғарамыз. Ол бастауыш пен бастауышты «негізгі мүшелер» деп 
атап, оларды «айқынырақ аңғарту» үшін қолданылатын сөйлем мүшесін 
айқындауыш дейді. Яғни сөйлемнің іргесі саналатын бастауыш пен 
баяндауыш «сөйлем болмайтынды сөйлем болдыру үшін керек» болса, ал 
айқындауыш «... сөйлем болмай тұрған сөздерді сөйлем болдыру үшін емес, 
сөйлем болып тұрған сөз тіркестерінің үстіне жамалып, бастауыш пен 
баяндауыштың мағыналарын бұрынғыдан гөрі ашығырақ, айқынырақ 
аңғарту үшін керек», – деген түсінік береді. Ғалым сөйлем мүшелерін 
жіктеуде «сөйлем мүшелерінің мағынасына қарай таптастырғанын» ашып 
айтады. Ал айқындауыштың өзі іштей «жалғаусыз, тура күйде тұрып-ақ 
айқындауыш болғандарын анықтауыш»; «жалғау не жалғауыштың күшімен 
басқа бір сөзге жетектеліп, соны айқындап тұрған болса, ондайларын 
толықтауыш» деп ажыратып көрсетеді. Ғалымның әрбір сөйлемі, яғни әрбір 
ойы қазіргі кезде бір-бір диссертацияның жүгін арқалаған десек, артық 
бағалағандық та, әсіре мақтағандық та бола қоймас деп есептейміз. 
Профессор Қ.Жұбанов сөйлемді құрамына қарай жалаң және жайылма 
сөйлем деп жіктейді: «Hегiзгi мүшелеp ғана (бастауышы мен баяндауышы 
ғана) баp да, айқындауыш мүшелеpi жоқ сөйлемдi жалаң сөйлем деймiз.


126 
Айқындауыш мүшелеpi де баp болса, сөйлем – жайылма сөйлем 
болады».
Сонымен қатар қазіргі қазақ тіл біліміндегі толымды және толымсыз 
сөйлемдерге профессор Қ.Жұбанов: «Hегiзгi мүшелеpi түгел (бастауышы да, 
баяндауышы да баp) сөйлемдi толық сөйлем деймiз.
Hегiзгi мүшелеpiнiң (бастауышы мен баяндауышының) не бipеуi, не 
екеуi де жоқ болса, сөйлем олқы сөйлем атанады», – деп анықтама береді. 
Ғалым қолданған терминдердің біразы қазіргі қолданыста болғанымен, 
жасыратыны жоқ, кейбіреулері басқаша аталады. Бірақ бұл – Қ.Жұбановтың 
қазақ грамматикасындағы ойларының бұрыстығын немесе «шикілігін» 
білдірмейтіндігі ақиқат. 
Дүниедегі қай нәрсенің де түп-төркіні, шығу тегі болады десек, «тіл 
халықтың пайда болған дәуірінен бастап онымен бірге өмір сүріп, ұлттың 
өмір сүруінің бір белгісі болып келе жатыр» деген пікірлерді жиі естиміз. 
Алайда оның түп-төркінін табу, тарихына тереңдеу – қиынның қиыны. Ал 
профессор Қ.Жұбанов осы қиындықтан қорықпастан, синтаксистік тарихына, 
яғни сөйлем мүшелерінің тарихына диахрондық талдау жасайды. Ғалым бұл 
туралы жазба деректер жоқтығын, болса да жетімсіздігін алға тартып, бұл 
құбылысты жазудың кейінгі дәуірде шыққандығымен байланыстырады. Бірақ 
ғалым «осы күнгі тілдің өз тарихы тарихтан көп хабар беретіндігін» 
айтады. Ғалым тілдің лексикалық қабаты ала-құла өзгерсе, грамматикалық 
деңгейдің «мейлінше шабан» өзгеретінін айтып, бұл құбылысты «тілдің 
тұрақты қатынас құралы болуының орнықты шарты» деп атайды. 
Сөзіміз дәлелдірек болу үшін К.Кенжебаев пен Ә.Оралбайдың пікірін 
келтіре кету артықтық етпес: «Автор қазақ сөйлемінің қалың иірімдеріне 
бойлай біледі. Қазақ сөйлеміндегі сөздердің қалыпты орын тәртібі болуымен 
бірге, дағдыдан тыс та сөздердің орналасатынына зор мән береді. Бұл ретте 
зерттеушінің тарихи салыстырмалы методты басшылыққа алғандығы 
әжептәуір 
көмектескендігін 
айтқан 
жөн. 
Құдекең 
аса 
көрнекті 
оқымыстылардың теориялық қағидаларын жете білумен және көптеген 
тілдерді практикалық жағынан еркін меңгерген қабілетімен өзінің әр пікіріне 
оқырманын еріксіз сендіріп отырады. Автор қазақ тіліндегі сөздердің орын 
тәртібін синхрондық тұрғыдан ғана қарастырып қоймай, диахрондық әдіспен 
зерттейді» (5). 
Осымен байланысты Қ.Жұбанов сөздердің жалғау және жалғауыш 
арқылы байланысу амалдарын атайды. Ғалым бұрынғы замандарда сөйлем 
мүшелерінің байланысы сөздердің ілгері, кейін келу тәртібіне ғана 
негізделген, яғни аналитикалық тәсіл басым болған; жалғау, жалғауыштар 
кейін пайда болған, «сөздерді қосымшалар арқылы ұстастыру – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет