Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет63/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

сыртқы себептер мен себепкерлер болатынын ғалым дұрыс пайымдайды. 
Осы ретте ол қоғам мен тілдің өзара байланысу, бір-біріне тәуелді болу 
заңдылықтарын әдістемелік (методология) қағида ретінде басшылыққа алған, 
әртүрлі әдістер қолдана отырып, материалдар жинайды, оларды сұрыптайды, 
топтайды, солардың негізінде теориялық тұжырым жасайды. 
Ғалымның жалпы тіл білімі теориясын дамытарлық тұжырымдары тіл, 
сөз, 
сөйлеу, 
сөз 
бен 
ой, 
сөйлем 
туралы 
ғылыми-теориялық 
пайымдауларынан көрініс береді. 
Қ.Жұбановтың пайымдауынша: «Сөз деген – зат біткеннің бәрінің 
аты емес, әр елдің өзінің білген затының, білген құбылысының ғана аты». 
Кез келген тілге тән әмбебап белгі – сөз, көріп отырмыз, сөздің атаулық 
қызметінен туындаған. 
Арнаулы әдебиетте сөзге мынадай анықтама беріледі: «Слово – 
основная структурно-семантическая единица языка, служащая для 
именования предметов и их свойства, явлений, отношений действительности, 
обладающая совокупностью семантических, фонетических и грамматических 
признаков, специфичных для каждого языка» (73, 464). Осы анықтамаға 


141 
Қ.Жұбановтың «сөзге» берген анықтамасын «Алайда» сөзін қосып ілестіре 
берсе, өте орынды болар еді. 
Қазіргі жалпы тіл білімі оқулықтары мен бағдарламаларында тіл 
қызметі, сөз қызметі, сөйлем қызметі деген мәселелер арнайы қозғала 
бермейді. Ал профессор Қ.Жұбанов бұл жайларды әдейі әлеуметтік-
лингвистикалық тұрғыдан сөз еткен. Ол: «Тіл адамдар арасында, ол – 
адамның өз ойын жеткізу, сөйлесу құралы», – дейді. Ғалым тілдің атқаратын 
қызметін бұдан басқаша да баян еткен. Қ.Жұбанов арнайы сөз еткен (өзі 
қойған) тақырып – «Сөз өзгешілігі мен сөз қызметі». Ғалымның 
тұжырымы: «Тіл элементі атау қызметін өтесе, сөз болғаны; егер хабар 
беру қызметін өтесе, сөйлем болғаны. Бұл келтірілген екі түрлі өзгеше 
қасиет барлық сөздерге де тән, өйткені олар әрі номинативтік, әрі 
коммуникациялық қызмет атқарады. Сөздің бір басында екі функция 
(қызмет) болады: бірінші – хабар беру қызметі, коммуникация функциясы; 
екінші – таңбалау қызметі, норматив функция не сигнификация» (71, 99). 
«Сөз хабарласу үшін керек, егер осы керекке жарамаса, ол – сөз емес», 
– дейді. Сөйлеу хабарласқанда, әр нәрсенің аттарын (номинативтерді) 
құрап, хабар беріледі. Осылайша номинативтерден құралмай жасалған 
хабар жоқ. Ат болмаса сөз де болмайды» (71, 99) 
Профессор Қ.Жұбановша: «Әр сөз – өз алдына жеке ұғым 
(представление)». Ол «... сөз дегеніміз – заттың (құбылыстың) аты + 
байланысу құралы. Сөз заттың атын ғана емес, басқа нәрсе мен 
құбылыстарға қандай қатынасы барлығын қоса білдіретін сілтеулер; сөз 
жалаң ұғым емес, күрделі ұғым. Сілтеу амалы мен сөздің басқаларға қарым-
қатынастары тіл-тілде түрліше болуы мүмкін» (71, 107), – дейді. Сонымен 
қатар ғалым сөз бен ойдың сәйкес келмейтін реттерін (ақылсыз адамды «осы 
кісі ақылды!» деу), үндемей сөйлеу тәсілі де болатынын (сталиндік 
конституция жөнінде шет мемлекеттерінің үндемей қалуы – сынаудың бір 
түрі) байқатқан. 
Ғалым сөз қызметіне байланысты былай дейді: «Тілдің өзіндік 
өзгешелігі – затқа ат қою, ол аттарды бір-бірінен айыру. Мысалы: жылқы 
– түйе емес, қой – сиыр емес, сиыр – жылқы емес. Атаулардың мағынасын 
осылайша айыруды – сигнификация дейміз. Әр нәрсенің өзін жеке көрсету, 
даралап айту қасиетіне ие болған сөз зат, сипат, құбылыс аттары болып 
қалыптасқан. Бұл аталғандар – тілдің негізгі өзгешеліктері. Тілдегі осы 
айтылған ат қою мүмкіншілігін номинация дейміз. Тілдің бұдан басқа тағы 
бір негізгі қызметі – хабар беру. Оның бұл өзгешелігін коммуникация 
дейміз» (71, 99). 
Проф. Қ.Жұбанов «Атты неге қоямыз?» деген сұрақ береді де, өз 
сұрағына өзі «Оны заттардың өздері жоқ жерде сөз қылу үшін қоямыз», – 
деп жауап қатады және әрі қарай «нәрсенің, сипаттың бәрі түгел қасымызда 
болса, онда сөзді шығын қылмай-ақ ымдап өте шығар едік, сонымен де 
бірталай хабар берер едік», – деп сөзін аяқтайды. Бұдан әрі «...тілде заттың 
ұғымы бар, мәні (сущность) жоқ» (71, 100) деген тұжырым жасайды. 


142 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет