163
тұрлаусыз мүшелерінің бірі анықтауыштың ерекше бір түрі ретінде саналады
(78, 190-198).
Автор «Қазақ тілінің грамматикасы» еңбегінде бірде бұрынғы
терминдердің орнына жаңа терминдер алынса, енді бір жерде кейбір
терминдер бұрынғы мағынасында емес, басқа мағынада алынады. Мысалы,
жұрнақ терминін
үстеу терминімен ауыстыруын ғалым былайша
түсіндіреді: «
Жұрнақ деген қазақ тілінде ескіден қалған, ескі уақыттағы
түгел бір нәрсенің сарқыншағы, қалдығы деген мағынада. Жұрнақтар
бұрынғы кезде түбір болған. Ол түбір сөздер түбір сөздердің
шылауында жүре-жүре тозып, мүжіліп, бұрынғы кейіптен айырылған.
Сондықтан ол бұрынғы түбір мағынасында емес, сөзге қосымша болып,
қосылып қана жүретін болған».
Сол
себептен жұрнақ дегенді бұрынғы түбір сөздің жұрнағы деген
ұғымда алып, қосымшаның белгілі бір түрін атаған болар деген байыпты
түсіндірмелер бере отырып, «
бұрынғы қазақ тілінің қосымшаларын тексеріп,
олардың төркіні табылған жоқ еді», – дей келе, бұрынғы оқымыстылар
жұрнақты түбірдің жұрнағы екендігі сипатында атағанына күмән келтіреді.
Жоғарыдағыдай түбір сөздің қалдығына,
жұрнағына айналған тек
жұрнақтар ғана емес, осы күнгі жалғаулықтар, шылаулар да бір кездері
өз алдына сөз болған.
Сондықтан бұл термин жұрнақтың өзгешелігін, өзге қосымшалардан
басқалығын ашып бере алмайды деген байыпты байлам жасайды. Қ.Жұбанов
мұндай қосымшалардың қызметі өзі жалғанған түбірге жаңа мағына
үстеу ғана болғандықтан, осы мағына үстейтіндігін көрсету үшін,
үстеу терминімен атаған.
Сонымен қатар, ғалым бұл жерде сөз формасына
тағыда назар аударады. Қосымшалардың екі түрінің егіздігін көрсету үшін
олардың грамматикалық, морфологиялық жағынан формалануы біртүсті
болғанын қолайлы көрген (
жалға+у, үсте+у). Қ.Жұбанов бұрынғы
үстеу құрамында болып келген сөздерге толық талдаулар жасай отырып,
олардың бірқатарын сөйлемге мүше бола алмайтын, тек басқа түбір сөзге
қосылып қана жүретін сөздерді
қосалқы терминімен атап, оларға
аяқ қосалқы
(
сайын, таман, есе, арқылы) және
дәйек қосалқы (
ең, тым, нақ) деген жаңа
термин берген. Дәйек қосалқылар бұрынғы грамматикада
нықтаулық үстеу
деген терминмен аталып үстеу табына жатқызылған (78, 190-198).
Ал
аяқ қосалқылар бірде үстеу,
бірде жалғаулықтарға, бірде
демеуліктерге
қосылған.
Сөйлемге
мүше
бола
алмайтын
Достарыңызбен бөлісу: