кіріккен және қиюлы кіріккен деген терминдербере отырып жіктейді. Қазіргі
тілімізде қысқарған сөздер терминімен аталатын қиюлы сөздер сөз жасаудағы
күрделі мәселелердің бірі десе болады. Қ.Жұбанов қиюлы сөздердің құрылысынбылайша бөледі:
а) буын қиюлылар (Қазатком – Қазақстан аткару комитеті)
ә) әріп қиюлылар (ХКС – Халық комиссариатының советі)
в)аралас қиюлылар (ҚазПИ – Қазақстан педагогика институты).
Қ.Жұбанов қиюлы сөздер құрамында біріккен сөздер де,
қысқарған сөздер де болатындығын ескеріп, барлығын «қиюлы сөз» деген
ұғымның аясына сиғызған. Қосымшалар тарихына талдау жүргізе отырып,
ғалым тілімізде болатын өлі түбір және қосымша деген ұғымдар ұсынады.
Күрес, жарыс сөздеріндегі күре, жар деген түбірлерге өлі түбір деген
термин берсе, қолданудан шығып қалған қосымшаларды (ерте+ң, сона+ра)
өлі қосымша деп атайды (78, 190-198).
Сөйлем мүшелері ретінде автор өз тұсынан сөз қиыны, олқы сөйлем, сөздің бұрма күйі тәрізді жаңа, өз ойынан шыққан терминдерді ұсынған, ал
автордың жалғауыштар деген термині қазіргі кезде жалғаулық аталуда.
Проф. Қ.Жұбановтың өз қаламына тән терминдердің бір парасы қазақ
тіл білімінің фонетика саласына қатысты. Ғалым дауысты дыбыстарды үш
тапқа жатқызады да, оларды толық дауыстылар, қосынды дауыстылар, келте дауыстылар деген терминмен атайды.
Дыбысының созымды-созымсыздығына қарай дауыссыздарды екіге
бөліп, үздікті, үздіксіз деген термин ұсынады. Үздікті дауыссыздарды
жасалуына қарай, жабысыңқы дауыссыз, жуысыңқы дауыссыз деген
166
терминмен атаған. Ал жуысыңқы дауыссыздарды дыбысталуына қарай а)
сыбыр дыбыстары, б) сыбыс дыбыстары деген. Сонор дыбыстардың
түрлерінде анықтау ретінде, тура жолды сонор, айналма жолды сонорлар,
мұрын жолды айналмалы сонорлар деген терминдерді де қолданған.
Буынның түр-түрін анықтау барысында проф. Қ.Жұбанов тұңғыш рет
ғылыми дәйекті зерттеу барысында олардың алты түрі барын анықтап,
әрқайсысын нақты терминмен атайды. Олар: 1) жалаң буын, 2) ашық буын,
3) жеңіл тұйық буын, 4) жеңіл бітеу буын, 5) ауыр тұйық буын, 6) ауыр бітеу буын. Қ.Жұбанов еңбектерінде дыбыстарға сипаттама бергенде төл
терминдерімен қатар халықаралық терминдерді де қолданған:сонор, вокализм, консонантизм, аффрикат, дифтонг, трифтонг, резонатор, палатализация, детерминатив, ритм, темп, фальцет, гармония, амплитуда т.б.
Профессор Қ.Жұбанов «Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен
лекциялар» атты әйгілі еңбегінде қолданған жаңа терминдері – бір төбе. Онда
дыбыс физиологиясы, детерминатив (бөлу), дыбыстардың жіктелуі, үнсіздер физиологиясы, дыбыстық күші (амплитуда), дыбыстардың бөлінуі (таптастырылуы), ән, жуықтық тенденциясы, аулақтық тенденция, негіздік мағына, сөйлем мүшелерінің тарихы, говор (диалектінің ұсағы), наречие (диалектінің ірісі), таптасқан сөздер, таптаспаған сөздер, шаруашылық одағайы, көңіл одағайлары, қатынас одағайы, мезгіл-мекен есім, орынбасар есім.
Профессор Қ.Жұбановтың программа мен методика мәселелері
бойынша жазылған еңбектеріндегі тілтанымдық терминдерінің де ғылыми
маңызы зор. Ғалым осы салаларға қатысты буын жігі, буын түрлері, буындардың кірігуі, сөздің буын құрылысы, есімдер (зат есім, сан есім, сын
есім, мезгіл есім), меңзес септеу, септелулі зат есім, теңдес септеу, көптік үстеуі, реттік үстеуіш, кесімді араластырмалы шырай, салыстырмалы