194
бірге өз көңіліміздің мейірін қоса білдіреміз... Тілдекөңіл райын (қою
жазумен берген – С.Құлманов)
білдіретін амалдар өте көп. Өйткені көңілдің
әр түрлі райының өзіне тән әр түрлі әні бар. Айтушының көңіл райын
сөйлемнің әніне қарай танимыз. Жазуда көңіл райын тыныстық белгілерден,
сөйлемдегі сөздерден, сол сөздердің орналасу тәртібінен білеміз», – деген
ойлары сөйлеудегі
эмоционалдылық, модалділік және
актуалдану
мәселелеріне көңіл бөлгендігін білдіреді.
Академик Р.Сыздықтың айтуынша, «ғалым «қосалқы сөз» деп атаған
аналитикалық сөз-тұлғаларды талдауы валенттік
теориясына негізделсе,
үстеулер қатарын «аршуы», деривациялық морфология негіздеріне сүйенеді.
«Из истории порядка слов в казахском предложении» деген еңбегінде ғалым
сөйлемдегі сөз тәртібін зерттеу аспектілерінің ішінен диахрондық тұрғыдан
қарастыруды таңдап алады да, сөз тәртібінің семантикалық қызметіне
қатысты «сема-рема» мәселесін қозғайды, яғни орыс тілі терминімен
айтқанда «актуальное членение предложения» деген қазақ тіл білімінде күні
бүгінге дейін сөз болмай келе жатқан тақырыпқа жол ашады» (4).
Әрине
мұны академик Р.Сыздықтың бұдан біразырақ айтқан пікірі деп қабылдаған
жөн. Өйткені қазіргі қазақ тіл білімінде
«тема-рема», «сөйлемнің актуальды
мүшеленуі» кейінгі кездері зерттеу нысаны болғаны рас. Ал бұл
тақырыптарға қатысты негізгі ой-идеялардың Қ.Жұбанов еңбектерінде
жатқандығы даусыз шындық.
Қ.Жұбанов өз зерттеулерінде функционалды-семантикалық өрістерді
саралап көрсетпесе де, оның төмендегі ойлары
модалділік категориясының
мәселелеріне қатысты деуге болады. Ғалым сөйлемдерді жеке түрлерге
бөлуінде
дыбыс сазын басшылыққа алады. Осы негізде оларды
хабар сазды
сөйлем, сұрау сазды сөйлем, леп сазды сөйлем деп жіктей отырып,
сен
оқысайшы сөйлемін әр әуенде айтуға байланысты одан бірде бұйрық, бірде
жалыныш мәндері шығады деп көрсетеді. Бұл ғылыми пікірлер де
грамматикалық формалардың (бұл жерде рай тұлғасының) сөйленімде тілдік
жұмсалымдағы
қызметінің тілдік ортаға, сонымен қатар сөйлеу жағдаятына
байланысты болатындығын аңғартады.
Профессор Қ.Жұбановтың сөйлемге қатысты тұжырымдарынан
сөйлемді басқа тілдік бірліктерден ажыратып көрсетуге негіз болатын
белгінің бірі ретінде
сөйлем модалділігін айтып отыр деп санаймыз. Бұл
термин ғалым еңбектерінде
дәл осылай аталмағанымен, сөйлем мазмұнына
сөйлеушінің қандай да бір қатынасы болатынын көрсетіп, оның дауыс
сазымен берілетіндігін саралаған пікірлері сөйленімнің Ш.Балли ХХ
ғасырдың 50-жылдарының соңында көрсеткен
диктум және
модус деген
бөлінісінен көп бұрын айтылғандығы айқын. Бұл
тіл біліміндегі модалділік
категориясының зерттелуіне, аталмыш категорияның басқа тілдік
құбылыстардан ерекшелігін дәлелдеуге негіз болды.
Осы ретте Қ.Жұбанов тілдік бірліктердің нақты семантикалық табиғаты
олардың
тілдікжәне
тілдік емес орта жағдаяттарына байланысты
нақтыланатынын былайша түсіндіреді: «Бір одағайға бір түрлі жағдай керек,
195
ал екіншісі – басқа жағдайды керек етеді. Мысалы,
тек, тәйт, қой, әй, а?
сөздері тыңдаушысы
болмаса одағай болмайды,
әрине, ия, пәлі, жақсы,
мақұл, дұрыс, рас, жарайды, жөн сияқты қоштау одағайларына тиісті сөз
алқасы керек...». Ғалымның соңғы «қоштау одағайлары» деп отырғаны
лексикалық бірліктері қазіргі қазақ тіл білімінде мақұлдау модалділігін
білдіретін
модаль мағыналы сөздер ретінде қарастырылады (88). Демек,
ғалым ойлары кейінгі буын зерттеушілерінің ізденістеріне арқау болып, әрі
қарай түрлі қырларынан жетілдіріліп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: