Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет106/239
Дата06.10.2023
өлшемі3,08 Mb.
#113265
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

-дар
 көнерек пе, я 
-
лар
ескірек пе, болмаса 
-тар
кәрі ме, оны дәлелдеу мүмкін емес
». Тіпті 
реконструкциялау әдісімен бұл формалардың архетипін тапқанның өзінде, 
қазіргі жазу практикасында оның соншалықты үлкен мәнге ие бола қоюы 
неғайбыл. 
Сонымен, Қ.Жұбановтың айтуынша, қазақ тілінің дыбыс жүйесіне сай 
келетін бірден-бір принцип – фонетикалық принцип. Ал олай болса, 
фонетикалық принципке қарама-қарсы қойылып, яғни «морфологиялық 
принцип» деген айдармен таңбаланып жүрген 
басшы
(
башшы
), 
түнгі
(
түңгі
), 
көзсіз
(
көзсүз
) деген сөздердің саны едәуір және өз жүйесі бар. Сондықтан 
оларды «Ереже ескертусіз болмайды» деген рубрикаға жатқызу тіл 
шындығына сай келмейді. Тегінде, бұл топтағы сөздердің жазылуын 
фонетикалық принципке қарама-қарсы қоюымыздың өзі дұрыс па? Әрине, 
фонетикалық принципті «қалай естілсе, солай жазылады» деп түсінсек, онда 
басшы, түнгі, бізсіз
деген сөздер морфологиялық принципке негізделген деп, 
фонетикалық принципке қарама-қарсы қоюға болар еді. Бұл жерде 
фонетикалық принциптің өзін анықтап алу қажет тәрізді. Қ.Жұбанов: 
«
Жазуда сөз естілуіне жақын болуы керек
» дейді, яғни бұл ұғым «қалай 
естілсе, солай жазылады» деген формуламен бірдей емес. «Фонетикалық 
принцип, дәлірек айтқанда, фонематикалық принцип, әрине, «қалай естілсе
солай жаз» дегенді білдірмейді. Шындығында, фонетикалық принципті 
«қалай естілсе, солай жазылады» деп білу бұл принцип туралы түсінігімізді 
шатастырып, жазу тәжірибесінде оны дұрыс қолдануға кедергі болады. Егер 


180 
«сөз қалай естілсе, солай жазылады» деген қағидаға сүйенсек, 
түн
деген 
сөзді (
түн
), 
тын
деген сөзді (
тын
) түрінде жазып, 
н
дыбысының жуан-
жіңішкелік қасиетін жеке таңбалар едік. Немесе 
сауда
сөзі (сауда), ал 
саудагер
сөзі (
сәудегер
) түрінде жазылар еді. Бірақ бұлай жазу – 
фонетикалық принциптің емес, фонетикалық транскрипцияның міндеті. 
Әрине жазу мен транскрипция – әуелден екеуі екі басқа нәрсе. Дыбыс 
жазуы дыбысталған сөздің айна-қатесіз көшірмесі емес. Сондықтан дыбыс 
жазуында фонологиялық жүктемесі жоқ, фонетикалық қоршауға тәуелді 
небір дыбыс құбылыстары ескерілмейді.
Жазу теориясына қатысты бұл мәселеге Қ.Жұбанов дер кезінде назар 
аударған болатын. Дыбыстық қоршауға тәуелді кезкелген дыбыстық 
құбылысты жазуда таңбалай беру, Қ.Жұбанов айтқандай, 
ультрафонетик
бағытқа бой ұру болар еді. 
Бірақ мәселенің қиындығы мынада: фонологиялық жүктемесі жоқ 
немесе 
ультра-фонетик 
(Қ.Жұбановтың 
термині) 
құбылыстарын 
фонологиялық мәні бар дыбыс құбылыстарынан қалай ажыратамыз? Фонема 
теориясы бойынша бір фонеманың бірнеше реңкі болуы ықтимал, яғни 
фонетикалық қоршау қанша болса, фонеманың реңкі де сонша болады. Бірақ 
солардың ішінде фонетикалық қоршауға неғұрлым тәуелсізі – негізгі реңк, ал 
фонетикалық ортаға барынша тәуелділері – қосымша реңк. Фонологиялық 
жазудың ерекшелігі бойынша, фонемалардың негізгі реңкі таңбаланады да, 
фонетикалық ортаға барынша тәуелді реңктері ескерілмейді. Мысалы, 
жұмұсшұ
деп жазбай, 
жұмысшы
деп жазу себебімізді осы тұрғыдан 
түсіндіруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет