Ұлы жібек жолы


Суяб – Батыс түрік қағанатының, кейін Түргеш, Қарлұқ мемлекетінің астанасы болды. Осындай қалалардың бірі Баласағұн



бет2/2
Дата05.12.2022
өлшемі1,01 Mb.
#54856
1   2
Байланысты:
Ұлы Жібек жолы СӨЖ

СуябБатыс түрік қағанатының, кейін Түргеш, Қарлұқ мемлекетінің астанасы болды. Осындай қалалардың бірі Баласағұн – Қарахандардың астанасы бар.

Ұлы Жібек жолының тармақтары Іле Алатауының етегіндегі шағын қалаларынан өтті. Солардың бірі транзиттік сауда қаласы Тальхиз (Тальхир) болды.
Ең ірі қалалардың бірі болған ол Испиджаб(Сайрам). Орта ғасырларда Испиджаб сауда және дін орталығына айналды. Деректерде қала алғашқы рет VII ғасырда аталады. Махмұд Қашғари қала атауы туралы «Сайрам – ақ қаланың аты» деп көрсетеді. Жергілікті көпестер ақ маталар, қару-жарақ, зергерлік бұйымдар, ыдыстарды басқа жерлерге жеткізіп тұрды. Испиджаб құл сату ірі орталығы ретінде әйгілі еді. Қалада теңге сарайы, базарлар, мата сататын орындар(тимдер) және керуен-сарайлары болды. Қаладағы керуен-сарайлар жолаушы көпестер үшін маңызы зор болған.
Ұлы Жібек жолында орналасқан атақты қалаларының бірі - Отырар. Ортағасырларда Отырар Сыр өңірінің ірі сауда, мәдени орталығына айналды. Қалада моншалар, мешіттер, медреселер орналасты. Бұл қалада Шығыстың екінші ұстазы Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келді. 1405 жылы осы қалада Әмір Темір қайтыс болды.
Ұлы Жібек жолы тармағында Түркістан қаласы орналасқан. ХІІ ғасырдан бастап Яссы деп аталған. XIV ғасырдың соңы – XV ғасырдың басында қала Оңтүстік Қазақстан өңірінде ірі әкімшілік, сауда, саяси және мәдени орталық болып санала бастайды. Оның негізгі себебі сопылық шейх Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің тұрғызылуымен байланысты. Қазақ хандары Түркістан қаласын саяси астанасы ретінде бекітті. Түркістан ірі егіншілік аймағының орталығы болып қалуын жалғастырды.
Түркістаннан солтүстік-шығысқа қарай 35 шақырым жерде ортағасырлық ірі сауда қалаларының бірі - Сауран қаласы орналасты. Қала туралы алғашқы мәліметтер Х ғасырға жатады. Осы кезде өмір сүрген араб географы Макдиси қаланы былай деп сипаттайды: «Сауран – бірінен кейін бірі жеті қабырғамен қоршалған үлкен қала, оның рабады бар,үлкен мешіт ішкі қалада орналасқан».



Қала кәріздер арқылы сумен қамтамасыз етілді. Сауранның жаугершілік жағдайға лайықтап тұрғызылған қалын қорғаныс дуалдары оны мықты бекініс ретінде танытады.
Ұлы Жібек жолының тармақтары Қазақстан қалалары арқылы өтуі мәдениет және өнердің дамуына септігін тигізді. Саудамен қатар Қытай, Алдыңғы Азия, Еділ Бұлғария, т.б елдермен дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастар орнатқан жол болды. Жібек жолы жаңа технологиялар мен ашулар алмасу жолы да болды. Қазақстан осы жол арқылы қағаз және жарылғышты білді. Бүкіл әлем соғыс арбалармен таныс болды, басқа да әскери өнер жаңалықтары тарады. Сақтардың «аңдық стиліндегі» алтын бұйымдардың таңғажайып үлгілері осы жол арқылы бүкіл әлемге белгілі болды. Жібек жолымен Қазақстанға басқа елдердің сәулет құрылыстары, бейнелеу өнері, би, музыка сияқты мәдени ауысулары ағып жатты. Жергілікті халық киім-кешек пен аяқ-киімдер, қару-жарақ пен сауыт-саймандар, дәмдеуіштер мен кептірілген жемістер сатып алды. Батыс пен Шығысты түйістіріп тұрған сауда жолымен христиан, буддизм, ислам, манихейлік діни ағымдар тарады. Қазақстан аумағын мекендеген халықтар ғасырлар бойы әр түрлі діндер мен конфессияларға төзімді және келісімді өмір сүріп келгені ежелден келе жатқан дәстүр.Үндістаннан Қазақстан және Орта Азия арқылы Қытай, Корея, Жапонияға будда діні тарады. Сирия, Иран және Араб елдерінен ислам және христиан діндері терең тамырын жайды. Ұлы Жібек жолымен елдер манихейлік дінімен танысты. Манихейлік дін ІІІ ғасырда Иранда пайда болып, зороастризм мен христиан діндердің синтезі ретінде тарады. Зороастризм діні де Ираннан келді. Дегенмен исламнан басқа діндер Қазақстан және Орта Азия жерінде кең тамыр жая алған жоқ.
Ұлы Жібек жолына тармақтары өткен Қытай Халық Республикасы, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан Республикалары Ұлы Жібек жолын әлемдік мұра тізіміне енгізуге ЮНЕСКО-ға ұсыныс енгізді. Ұлы Жібек жолының өркениет тарихындағы орасан зор рөлін ескере келіп, ЮНЕСКО халықаралық ұйымы «Жібек жолы» бағдарламасын қабылдады.
Бағдарламаның негізгі мақсаты — Ұлы Жібек жолы бағыттарымен жүзжылдықтар бойы елдер мен халықтар арасында байланыстың, сауда қатынастары мен өзара мәдени ықпалдастықтың болғанын ашып көрсету. Бағдарламаның іске асырылуын түрлі мамандардан құралған халықаралық ұйымдар қадағалап отырады.
Ұлы Жібек жолының маңызды бөліктерінде бірқатар ғылыми семинарлар өткізілді. Бағдарламаның «Ұлы Жібек жолы» атты қорытынды конференциясы Парижде ұйымдастырылды. Онда үлкен көрме ашылды. Көрмеде Орталық Азия халықтарының бірегей мәдени жетістіктері көрсетілді.
ЮНЕСКО ежелгі халықтар қалдырған құнды мұраны зерттеумен қатар, сақтауға да ерекше көңіл бөледі. Қазақстан ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне «Ұлы Жібек жолының» 30-дан астам тарихи және археологиялық ескерткіштерін енгізді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет