Карантин, осал әлем және жалғыздық
Төтенше жағдай нәтижесінде бүкіл әлемнің карантин шараларын
қабылдауы адам арасында психологиялық ауытқу ауруларының көбеюіне
327
себеп болды. Солардың бірі – жалғыздық сезімі. Басқаша айтар болсақ,
эпидемия адамзат баласының ең осал тұсына салмағын салды. Ендігі
жерде барлық адам вирус алдында осал. Осал болу – біреуден вирус
жұқтырып алу ықтималдығымен ғана байланысты емес, сонымен қатар
тәндік және әлеуметтік өміріміздің өткізгіш (porous) және адамдардың
өзара тәуелді болу мінезін де сипаттайды (Butler & Yancy, 2020: 483).
Біз әуел бастан басқалар әлеміне тәуелді боламыз. Бұл тәуелді болу
жағдайымыздан ересек өмірге қадам басу арқылы арыла қалмаймыз.
Тіршілік ету үшін қоршаған ортадан, әлеуметтік дүниеден және жақын
контактіден әсерленеміз. Бұл әсер алушы және өткізгіш (porosity) осалдық
біз қалыптастырған әлеуметтік өмірді сипаттайды. Мысалы, мен басқа бір
адам шығарған деммен ауа жұтамын, ал мен шығарған деммен басқа адам
демалып жатады. Мен бір адамның зат үстінде қалдырған ізін басамын
және бұл ізді басқа бір зат үстіне қалдыра аламын немесе өз денеме
жабыстыруым мүмкін. Адам жұтқан ауамен басқа адамдар да, жануарлар
да демалады. Өзгелердің денесі тиіп өткен жерге менің де денем тиеді.
Осындай өзара және тәндік алмасу формалары қалыптасқан әлеуметтік
өміріміздегі осалдығымыз, өзара өткізгіш болуымыз және өзара тәуелді
болуымыз туралы маңызды өлшемді сипаттайды (Butler & Yancy, 2020:
483). Сөзін Исраил Сапарбай, музыкасын Мақсат Жәутіков жазған «Дімкәс
қала» атты ән адамның осы осалдығын жырлайды. Жұбаныш Жексенұлы
мен Мақсат Жәутіков (2020) орындаған ән 2020 жылдың 15 сәуірінде
Youtube желісінде жарияланды. Ән сөзінің авторы Сапарбайдың осы және
өзге де өлеңдері 27 сәуірде Egemen Qazaqstan газетінде жарық көрді және
сөз авторы осалдық, дімкәстік туралы мәселеге жауап іздеуде екіұшты
ойда екенін білдіріп, өлеңдері жөнінде былай дейді:
«Ащылы-тұщылы өмір болған соң, пешенелі пенденің басында әрқалай
сын-сынақтар әр мезгіл-мезетте өтіп жататыны Хаққа аян. Бұл табиғи
құбылыс па әлде кездейсоқ кесір-кесапат па? Әліптің артын бағу бізге
тән. Міне, күллі адамзат қауымы қазір дәл осы бір хал-ахуалды басынан
кешіріп жатыр. «Қияметқайымды мен емес, пендемнің өзі жасайды...»
деген жалғыз ауыз сөз Алла ақиқаты ма әлде, хадис қағидаты ма? Оны да
кесіп-пішу біздің еншімізде емес. «Жаппарқұлға жан нәсіп» демекші, ес
жиып, етек басу әрекетіндеміз. Әрі қарай әуремізден тиылып, тәубемізге
келіп жатсақ – «Ештен кеш жақсы». Кешелі-бүгін өмірге келген төмендегі
өлең өрімі де осы көңіл күйді алға тартады…» (Сапарбай, 2020).
Марат Балмырза (2020) орындаған «Төтенше жағдай» деп аталатын ән
де адам баласының осы осалдығын көркем жеткізеді. Әнді орындаушы
да, әннің инструментал сүйемелі де ғашығын сағынып, жалғызсыраған
адамның драмалық жағдайын ауыр мұңды күймен емес көңілді күймен
жеткізуге тырысқан. Бұл карантин кезінде онсыз да көңіл күйі жоқ
тыңдарманды одан әрі түңілдірмеу керек деген мақсаттан туған болуы
мүмкін.
Маска
Айқын Төлепберген – маска тағуға байланысты реакциясын бірінші
білдірген әнші. Ол Марат Омаровтың «Короновирус! Кет, кет, кет» әні
алғаш жарияланған күні, яғни 2020 жылдың 14 наурызында өзінің «Сендей
ару жоқ» атты әнінің сөзін «Сендей ауру жоқ, ауруға қарсы қару жоқ, көріп
тұрсың ғой, аптекада масканың бітіп жатқанын, маска вообще жоқ» деп
328
өзгертіп, Instagram парақшасында жариялаған. Алайда Айқынның бұл
посты 151 543 рет қаралған, одан ары өскен жоқ. Омаров әні секілді хит
бола қоймады. Дегенмен өзінен кейінгі маска туралы әндерге ізашар
болғаны анық.
Айқын Төлепбергеннің маска жайындағы әзілінен кейін маска
тақырыбы Қуаныш Спановтың «Қызыл көйлек» атты әнінің сөздерін
өзгерткен Асан Пердешов пен Жандарбек Жұманов орындаған «Қара
маска» атты әні арқылы қайта көтерілді. Бұл ән 2020 жылдың 24 шілдесінде
интернет арқылы тарады. Әнде масканың қоғамдық және жеке күнделікті
өмірдегі орнына драмалық тұрғыдан баға берілген. Карантин салдарынан
туған жалғыздық сезімі мен жұмыссыздық мәселесі де қозғалады. Алайда
тыңдарманға «бұл күндердің де өте шығатыны» айтылып, көңіл күйін
түсірмеуге шақырады. Сонымен қатар Құдайдан бар Алашты қолдауын
тілейді (Пердешов & Жұманов, 2020).
Маска мәселесі КешYou тобының «Между нами любовь» атты әнінде
сүйген жарын өзіне қорған етудің метафорасы ретінде сипатталады.
Сонымен қатар COVID-19 вирусы мен карантин туғызған оқшаулану
ұғымына былайша сілтеме жасайды: «Оқшауланшы тек менімен /
Ауырамын сенімен / Сені сонша ма сүйгенім / Емге ерінем».
Алғыс
COVID-19-дың әлем халқына берген ең мықты сабағының бірі –
дәрігерліктің құрметке лайық мамандық екенін ұқтыруы. Дәрігерлер
бұл кезеңде адам емдеумен қатар өздері мен отбасы мүшелерінің
өмірін де қатерге тігуге мәжбүр болды. Ендігі кезекте дәрігерге алғыс
білдірген әндер шыға бастады. Бұл сарындағы алғашқы ән 2020 жылдың
30 наурыз күні жарияланған, Әлжан Нұрлыбек (2020) орындаған «Мың
алғыс дәрігерлерге» деп аталады. Ал Асан Пердешов (2020) орындаған
«Дәрігерлерге мың алғыс» әні 2020 жылдың 23 тамызында жарық көрді.
Бұл екі әннің де жалпы мағынасы бір болғанмен, әсері екі бөлек. Әлжан
Нұрлыбектің әні анағұрлым үміттендірерліктей көңілде әрі романтикалық
сипатта болса, Асан Пердешовтің әні мұңды. Нұрлыбектің әні індетті бірге
жеңу туралы және дәрігерлер бүгіннің батыры ретінде сипатталған; ал
Пердешов бұл індетті Құдайдың сынақ ретінде жібергенін, адамдардың
сабыр таныту керегі туралы айта отырып, ақ халаттыларға алғыс білдіреді.
Бұл әндердің тақырыбы бір, бірақ екі түрлі көңіл күйде болуының
негізгі себебі – бірінші әннің Қазақстандағы індеттің бастапқы кезеңінде,
ал екінші әннің бірінші толқыннан кейін тууы себеп болған болуы
мүмкін. Карантиннің алғашқы күндерінде үкімет те, халық та індеттің
1-2 ай ішінде толығымен жойылатынына сенген еді. Алайда маусым
айынан бастап елдегі жағдай ушығып, карантиннің ұзаққа созылатынын
білдіргендей болды. Сондықтан да тамыз айында жарыққа шыққан әннің
мұңды көңіл күйде болуының себебі осы болар деп білеміз.
Протест
2020 жылдың маусым айынан бастап Қазақстандағы COVID-19
жұқтырғандар саны жылдам көбейе бастады. Пандемияның басынан бері
халықты індетпен күреске сақадай сай екеніне сендіріп келген Денсаулық
329
сақтау министрлігінің ауру жұқтырғандар саны көбейген кезде дәрі-
дәрмектің жетіспеуі, ауруханаларда орын, вирусқа қарсы аппаратураның
болмауы, жедел жәрдем көліктері мен медицина мамандарының
жеткіліксіздігі мәселелерімен бет-бет келгенде, күреске дайын емес екені
білінді. Оған қоса, пандемия кезеңінде министрліктің айналасындағы
мекемелерде болған жемқорлық істерінің ашылуы ел азаматтарын
үмітсіз күйге түсірді. Маусым айының екінші жартысынан бастап
өлім-жітім хабарларының көптігінен Facebook әлеуметтік желісі көңіл
айту платформасына айналды. Қайтыс болған азаматтарды жерлеуге
байланысты мәселелер де халықтың ашу-ызасын тудырды. Оның үстіне
2020 жылдың 6 шілдесі күні Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне үкіметтің
отшашу атып тойлау әрекеті онсыз да терісіне сыймай әрең отырған
халықты дүрк көтеріп, әлеуметтік наразылық шырқау шегіне жетті.
Пандемия кезеңі музыкасындағы протест атмосфера осы оқиғаға
байланысты туды. Алдымен Instagram және Youtube қолданушысы Саян
Сейдіғали өзінің парақшасында «Өтірік» атты әніне отшашу бейнеленген
графикалық көріністер қосып жариялады. Бұл жаңа ән емес еді. Алайда
автордың отшашу графикалық көріністерін қосып, әнге клип жасап, 7
маусым күні Instagram мен Youtube парақшаларында жариялауы билік
әрекетіне наразылығының аса қатты болғанын көрсетеді. Сейдіғалидің
(2020) блюз жанрында жазылған аталған әнінің сөздері мынадай:
Тарасайық енді / Көп сөз болып кетті / Алғашында сендім / Сөз
түбіне жетті / Қайталай бермеші / Уәдеңе тойдым / Уақытым бар емші /
Бақытымды жойдың / Өтірікпен өмір / Сүру қандай азап / Батыр болсаң
көндір / Дәл көзіме қарап / Көзіме қарашы / Көңілімді аулашы / Көндірші,
өтінем / Жүректі! / Сорлы қылдың мені / Бар ма мендей тағы / Сау болса да
дені / Сынып қалған сағы.
Отшашу мәселесіне байланысты мықты музыкалық протесті Ирина
Кайратовна тобының 2020 жылдың 29 желтоқсанында жарық көрген 5000
атты әнінің клипінен көреміз. Жалпы бұл әнге Қазақстанның модерн
тарихында болған қайғылы оқиғалар мен тәуелсіздік жылдарында көзге
түскен жемқорлық мәселелері арқау болған. COVID-19 пандемиясы
кезеңінде ел үкіметінің сәтсіз басқаруын көрсету үшін 6 шілде күнгі
отшашу оқиғасы қолданылған (Ирина Кайратовна, 2020). Аталған топтың
бұл композициясынан бұрын жасаған вайндары арасында мизогиния
мен хомофобия сипатында ғадауат тілді көзқарастар кездескен болатын
және топ мүшелері қазірге дейін өкініш білдіріп, кешірім сұраған
жоқ. Сондықтан осы демократиялық талаптары мен протест тілді
шығармаларын жай ғана топтың PR акциясы және популист ұстанымы
деп бағалауды жөн көрдік.
Достарыңызбен бөлісу: |