Сонет- лирикалық өзгеше бітімді, белгілі бір қалыптасқан өлшеммен жазылған түр. Сонеттің тақырыбы қуаныш, қайғы, өмір, махаббат, Отан туралы болады.
Эпиграмма – қандай да бір адамды немесе қоғамның ұнамсыз құбылыстарын зілді түрде әжуалайтын шағын өлең.
Романс – музыкалық қайта жасаудан туған лирикалық өлең, оның жанрлық белгілері әуендік интонация, синтаксистік кеңдік, тармақ деңгейіндегі сөйлемдердің аяқталуы. Эпитафия – мадақтау, пародия, немесе сатиралық сипаттағы қабір тақтасына жазылатын өлең. Эклога– табиғат аясындағы тұрмыстық жағдайды көрсететін баяндау немесе диалог формасындағы лирикалық өлең.
Мадригал – лирикалық-махаббат мазмұнындағы шағын өлең-мадақтау. Тұжырым. Лирикалық шығарма – автордың өзіндік ой-сезімінің, көңіл-күйінің монологі. Лирикалық шығармалар ақынның қоршаған орта, қоғамдық шындық туралы толғаныс-сезімдерін, оны танып-бағалауын, дербес көңіл-күйін танытады. Лирикалық кейіпкер ақын болмысының бір қырын, сипатын ашады. Поэзияда суреттелген ұғым туралы түсінік берілмейді, ол туралы бейнелі ой, көркем сурет жасалады. Поэзиядағы бейнелі сөздер айнала қоршаған дүниені көркем тануға көмектеседі. Қазақ поэзиясында болмыстағы құбылыстар халқымыздың дүниетанымына жақын, әдет‑ғұрпы мен философиясын, эстетикасын білдіретін ұғымдармен өрнектеледі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, 1992
2. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Алматы, 1997
3. Ахметов К. Әдебиеттануға кіріспе. -Қарағанды, 2004
4. Кәрібаева Б. Қара өлең және лирика. Алматы, 2001
5.Жүсіп Қ.П. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. – Павлодар, 1999.