Литературные теории в поэтическом мире джона китса


М.ӘУЕЗОВТЫҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕР БЕЙНЕСІНІҢ БЕРІЛУІ



бет22/77
Дата15.12.2022
өлшемі1,4 Mb.
#57447
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   77
Байланысты:
СТАТЬИ ВСЕ

М.ӘУЕЗОВТЫҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕР БЕЙНЕСІНІҢ БЕРІЛУІ

Асилхан Ж.Н.- ҚТ 22-1 топ студенті


аға оқытушысы Байназарова Л.А.
ОАИУ

Резюме. В этой статье рассматриваетсяособенности персонажа в движении М.Ауезова «Путь Абая»


Summary.This article considers the specifics of the character in the movement of M. Auezov "Abay's Way"

Әлемнің 116 тіліне аударылған роман-эпопея 200 томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» сериясында 134-135 том болып тұр. Мәс­кеу мен Санкт-Петербург қалаларының өзінде роман-эпопея жиырмаға жуық қайта басылып шығыпты. Соңғы рет белгілі жазушы, аудармашы Анатолий Кимнің жаңа, тың аудармасымен басылды. Сондай-ақ тәуелсіздік жылдары түрік, иран тілдеріне аударылды.Әлемге әйгілі қырғыз жазу­шысы Шыңғыс Айтматов: «Мен мұны қазақ халқының жал­пы адамзаттық көркем ой параса­тының маржанына қосқан тіке­лей үлесі деп бағалаймын. «Абай» эпопеясы – бұл біздің көр­­кемдік және әлеуметтік эн­цик­лопедиямыз, ол біздің ортақ мандатымыз...», деген еді.


Халқымыздың ұлы тұл­ға­ларының бірі – Қаныш Сәтбаев жарты ғасырлық «қазақ өмірінің энциклопедиясы» деп бағалаған роман-эпопеяда Абай өмірінің саналы жарты ғасыры қамтылып, халық тұрмыс-тіршілігінің, салт-ғұрпының тұтас көркем бейнесі жасалған.
Халқымыздың асыл текті тұл­ғаларын қынадай қырған 30-жылдарғы қуғын-сүргін жазу­шы­­лық жолға жаңадан түскен М.Әуезовті де айналып өтпеді. Сол нәубеттің тауқыметімен шарпыса жүріп, жазушы өз өмірінің басты кітабы – «Абай жолы» эпопеясына аса тыңғылықты дайындалды. Алдымен Абай шығармаларының екі томдық толық жинағын шығарды. Ақын туралы деректерді тын­­бай жинастырды, оның өмір­баяндық, шығармашылық жолын ғылыми тұрғыдан бір ізге тү­сірді. Болашақ эпопеяның ал­ғашқы тарауы «Татьянаның қырдағы әні» деген тақырыппен жарық көрді. Осыдан бастап М.Әуезовтің қалған барша саналы ғұмыры тек кемеңгер Абай тұлғасын жан-жақты бейнелеу­ге арналды. Сұңғыла сурет­кер тарих пен тағдыр берген мүм­­кіндікті шебер пайдалана отырып, табиғи болмыс-біті­мін­дегі қаламгерлік қарым-қа­білетті, ақыл-зейінді, таным-түйсікті, өмірлік және көркемдік тәжірибенің барлық күш-құді­ретін «Абай жолына» аянбай сарп еткен. Соның нәтижесінде туған ғажайып роман-эпопея ар­қылы халқымыздың тарихи зер­десін қайта қалыптап, көшпелі жұрттың тіршілігін қзгеше өрбітті.«Абай жолы» эпопеясының тілі -Абай шығармалары тілі мен ортақтастығы болып табылады. Абай шығармалары халықтың ауызша және жазба ескерткіштерінде сақталған көне қазақ мәдениетінен, шығыс мәдениетінің ұлы шығармаларынан тәжіктің, азербайжанның, өзбектің классик поэзиясынан және де сол арқылы Еуропа мәдениетінен нәр алған. М.Әуезов көрсеткен осы «үш ұлы қайнар бұлақтың» ізі оның өз шығармаларында да, әсіресе, «Абай жолында» сайрап жатыр.Абай шығармаларында да, эпопеяда да халқымыздың 19 ғасырдың 2-жартысындағы өмірі суреттеледі. Абай да, Әуезов те сол кезеңдегі көне қазақ мәдениетін, яғни халықтың тіл байлығын, әсіресе, ондағы байырғы құбылыстарды, шешендік нақыл сөздерді, мақал-мәтелді, билер айтысындағы түрлі көне және дәстүрлі сөз қолданыстарды, афоризмдік орамдарды, аңшылыққа, халқымыздың тақпақ пен тапқыр жауаптарында қалыптасқан ежелгі тілдік дәстүрді, ас беруге, қыз ұзатып келін түсіруге, өліктің артын күтуге, той-томалақ түрлеріне, әр алуан этнограф, затты қаласырухани мәдениетке байланысты лексикалыққабаттардың қай-қайсысын да қажетінше қамти пайдаланды.Абай заманында Орта Азия мен Араб шығысының классик ақындарының шығармалары кеңінен тараған. Шығыс мәдениетінің ұлы шығармаларының ішінде Рудаки шығармалары тілінің данышпан қарапайымдылығын, Фирдауси ғазелдеріндегі әуезді Низами мен Руми жырларының өн бойынан айқын сезілетін дыбыстық, сондай-ақ, жеке сөз түріндегі қайталауларды, синтаксистік егіздеуді, ассонанс пен аллитерациялықтәсілдерді, Сағди мен Хафиз өлеңдерінің сырт әуенділігі мен саздылығын барынша жетік білді. Шығыстың көркем сөз өнерінде кеңінен тараған садж, тавзе, ил-тизом, таносуб, иштиқоқ тәсілдерін өздерінің шығармаларында Абай да, Әуезов те жиі пайдаланды. Олардың тіліндегі садж тәсілінің, яғни жеке лексемалардағы дыбыстық қайталаулардың, ырғақты сөз орамдарының кейбір үлгілері, мысалы былай берілген:Оразбай тағы асқындай түсіп айып тіледі... Жасыра түсіп жалтара сөйледі... Ақыра зекіп айдап салды... Күңгірт сөзін күмілжіп аяқтады... Тайдай тарлан талып түсті... Қаптай келіп қайғы қосты... Өжет топты өлердей жазғырып... Талай жанды таң қылған, ойда жоқ оқыс іс болды... Екшеліп шығып екпіндей қуатын, айнымас топтар айқынданып қалды... Енді соңғы үмітін соған артып, қалың ел қауырт жүретін... Күз аспаны күңгірт, айнымалы ала бұлт... Тұтқында томаға астында, алмас жүзі ашаң тартқан; қызыл балақ қыран еске түсті.(Әуезов). «Көп жасамай, көк орған, Жарасы үлкен жас өлім. Күн шалған жерді тез орған, Күншіл дүние қас өлім. Артына белгі қалдырмай, Бауыры қатты тас өлім. Жыламайын десе де Шыдарлық па осы өлім... Қойдан қоңыр, жылқыдан торы Бәкең, Адалдыққа бар елдің зоры Бәкең. Ұры-қары көбейіп, кетті.Неге болды бар елдің қоры Бәкең... Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын, Түбін ойлап, уайым жеп айтқанмын. Ақылдылар арланып ұялған соң, Ойланып түзеле ме деп айтқанмын...»(Абай)«Абай жолында» тіркес ыңғайындағы қайталаулар да ұшырасады: «Сол кеште шашырай тараған жастар топтары еркін, әсем ән шырқады».
Осындағы сол кеште тіркесін келесі бетте жазушы бірнеше рет қайталайды: «Сол кеште Әнетке қарай беттеген Базаралы ат үстінде ән салып келе жатқан Балбаланың сымбатты сұңғақ бойына, қыпша беліне тамашалай қарайды. Сол кеште Керімбала мен Оралбай қосылып ән сәндейді. Сол кеште, жарық айлы сырқұмар кеште, көп жолдастың қоршауында келе жатып, Әмір мен Үмітей саз қосады. Сол кеште, үлкен өнер, әсерлі әнмен қоштасар кеште... Әйгерім ән шырқап отыр». «Абай жолының» 2-кітабының эпилогындағы мұндай қайталаулар бұдан да көлемді, бұдан да күрделірек. Ол эпопеяның өн бойынан кездесіп отыратын сан сала тілдік қайталаулардың барлық сипатын жан-жақты танытарлықтай, солардың бәрінің жиынтық ерекшелігін аңғартарлықтай, жалпы илтизомдық сөз қолданыстың Әуезов шығармаларындағы көрінісін барынша сарқып, топтап көрсетерліктей. «Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән сан саналы жырлар көшіріліп жатталып, әуендеп толқып тарап жатты». 2-кітаптағы эпилог осылай басталады. Осы сөйлем сәл ғана өзгеріспен эпилогтың әр тұсында тағы төрт рет қайталанады: «Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән жатталып, көшіріліп әуендеп толқып Ералыға жетті. Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән көшіріліп жатталып Мұхаметжан әуенімен Ұлжан аулына жеткен еді... Ақшоқыда туған ән жатталып, сол күндердің кешінде ұйқысыз жатқан Құнанбайдың құлағына жетті...Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән жатталып, әуенге қосылып, кең атырапқа тарап жатты».
2-кітаптың ең ақырындағы осы сөйлем 3- кітаптың соңын ала, араға тура төрт жүздей бет салып тағы кездеседі. 4-кітаптың орта тұсында да қайталанады. Сөйтіп, Абай өлеңдеріндегі, Әуезов шығармаларындағы осы алуан құрамды илтизомдық сөз қолданыстардың шығыс әдебиетіндегі көне тілдік дәстүр мен халқымыздың бүгінгі көркем сөз өнері арасындағы жалғастық айқын көрінеді. Абай мен Әуезов өздерінің шығармаларында таносуб тәсілін де пайдаланады, яғни бір-бірімен мағыналас ұғымы өзара жақын сөздерді қат-қабаттап қосарлап, үстемелеп қолданады: Сұм-сұрқия, қу заман айбаттайды, даттайды, қырмызы, қызыл жібек бозбалалар; шабан, шардақ және шау; сыбыр, өсек дегенді сырттай жүріп (Абай). Шабуыл-шаңдуыл, әмір-бұйрық, әмір-құдірет, шолақаласышолтырақ, шағым-арыз, қамау-қоршау, қостаушы-құптаушы, бөгет-аяң, тор-шырға, байлықаласыбарлық, тең-тұсы, саяқаласысандырақ, бейіс-райыс-шафқат, бұлік-бұзақы-қанқұйлы, ақша-пұл, күміс-қазына (Әуезов). Ал иштиқоқ тәсілінің (яғни түбірлес сөздерді жағыстыра, жанастыра қолданудың) ақын тіліндегі, «Абай жолындағы» кейбір үлгісі мынадай:Керенау кердең, бір керім... Сәнқой, даңғой, ойнасшы, керім-кербез... Шалықтап, шалқып, шашпай ма... Сендіре алмай, сене алмай сенделеді... Есер, есірік болмасаң.(Абай)
Романдағы басты тұлға – ақын Абай. «Соқтықпалы, соқ­пақсыз жерде өсіп», «мыңмен жалғыз алысқан» дала данышпа­нының бейнесі тұтас бір халық­тың рухани, адами символы, келбеті болып көрініс береді. Шығармада Абайдың әрбір сөзі мен ісі бір жерден шығып отырады – өлеңдерінде заман мұңы мен халық қамын терең толғаған ұлы ақын, әрбір әрекетінде қа­лың ел қазақтың болашағын кеңінен ойлаған үлкен ойшыл ретінде танылады. Бұл тұрғыда М.Әуезов Абайдың көркем бей­несін жасауға ақынның өз өлең­дерінің көп көмегі тигенін аса ілтипатпен жазады. Сұңғыла суреткер ұлы ақынның шыншыл шығармаларын туғызған жағдай мен себептер табиғатына терең бойлау арқылы оның өмір жолына қанығады. Абай халық құрметінде қаншалықты биік деңгейде тұрса, жазушы оның көркем бейнесін соншалықты жоғары дәрежеде береді.
Романның басындағы қаладан ауылға асығып келе жатқан бала шәкірт пен эпопеяның соңын­дағы «ұлы кеуденің ыстық демі тоқтап, шөл даланы жарып аққан дариядай, игілік өмір үзі­ліп, зәулім өскен алып шынар құлап, өмірден Абай кеткенге» дейінгі арадағы қырық бес жыл–Абайдың адам, азамат, ақын, қайраткер ретінде жүріп өткен соқтықпалы, соқталы, ауыр, алмағайып өмір жолы. Бірін­ші кітапта Абай азамат ре­тінде қалыптасады. Екінші кітап­тан бастап ел адамы, өнер шебері–шын мәніндегі азамат ақын болып шыңдалады.Абай ақындығының түп қазығы–ту­ған топырағындағы аса бай ха­лықтық ауыз әдебиеті, көзі көрген Барлас, Байкөкше, Шөже ақындардың, Біржан салдардың ықылас, ықпалы, Шығыстың жеті жұлдызының, Пушкин, Лермонтов бастаған орыс клас­сик­терінің шығармашылығы, одан қалды түрлі жағдайда танысып, дос-жар болып кеткен орыс достарымен ортақ әңгіме, тағысын тағылар. Бұл тұрғыда да, Абайдың өмір жолын, сан қырлы ақындық, сазгерлік, ой­шылдық өнерінің терең тылсымын, қыр-сырын, сол заманды, сол ортаны, қоғамдық қарым-қатынастарды терең түсіну үшін де М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы баға жетпес танымдық, рухани дүние.
«Абай жолы» - ғасырлық туынды. Төрт томды эпопеялық көлемді роман қазақ қоғамының ғасырлық, әлеуметтік, тұрмыстық, отбасылық ғұмырын мейлінше дәл, айқын, адал бейнелейді. Бұл шығармадағы оқиғалар күн демей, түн демей толассыз өтіп жатады, бірін-бірі қуалай аққан дария толқындарындай сабақтас қалпында көрініс табады. Біз шығармадан мәңгілік толас таппайтын жақсылық һәм жамандықтың, ізгілік пен зұлымдықтың шайқасын көреміз, рухани қорымызды байыта түсеміз. Абайдың өмірінен үлгі аламыз. Мұхтар Абайдың жеке басына түскен қиындықтан, жеке бас трагедиясынан халық трагедиясын көтере білді. Данышпан Абайдың бала, жас Абайдан хәкім, дана Абайға дейінгі өмір кезеңін қамтитын бұл шығарманың қазақ әдебиетінен алар маңызы зор. «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы көрініс тапқан. Сонымен қатар романда қазақ халқының тұрмысы, діні, жалпы дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлаушы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғи көріністері көркем айшықталған. «Абай жолы» - жай ғана тарих емес, көркемдік ойдың көрігінен өткен, бүкпесіз бейнеленген өмір шындығы, халықтың тағдырымен мұң-мұқтажы, өткені мен келешегі турасында нақты айтылған..
Абай – тұтас бір тарихтың дүниеге келуіне себепкер болған тұлға. Жастайынан көңілді баурап алатын көне жыр, ескі әңгіме, аталы сөзді жадына тоқып өскен бала Абай өте зерек алғырлығымен ерекшеленеді. Ол үш жасында-ақ үлкен адамша сөз сөйлеуі оның қоғамнан ерек, заманынан озық туғанына дәлел. Мұхтар Әуезов Абайды әрі ақын, әрі қайраткер, әрі ойшыл ретінде, қай қырынан болсын ұрпаққа үлгі ретінде бейнесін оқырманға суреттеді.
Мұхтар Әуезовтің қай шығармасын алсақ та, одан ағартушылық, адамгершілік сарыны, туған халқына, Отанына деген ыстық сезімі, қорлыққа, әділетсіздікке қарсылығы көзге оттай басылып тұрады. Бұған айтпасақ та дәлел болатын мәңгі өшпес, теңдесіз мұрасы - «Абай жолы». Әлемдік деңгейдегі бұл дүниеге Луи Арагонның өзі: «ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» - деген екен. Расында да суреткер қазақтың маңдайына біткен біртуар ұлы Абайды халқына сөз өнерімен жеткізе белген. Осындай алып дүниені жаза отырып Мұхтар Әуезов өзі де қазақ көгінде мәңгі өшпес жарық жұлдызға айналды. Яғни, Мұхтар Әуезов – ғасырда бір туатын жазушы болса, «Абай жолы» - ғасырлық туынды, ғасырда бір туатын шығарма.
Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Нұрқатов А. Идея және образ. – Алматы: ҚМКӘБ, 1962. – 324 б.

  2. Ломидзе Г. Значение творчества Мухтара Ауэзова для советской многонациональной литературы // Известия АН КазССР. Серия филологическая. –1977. – № 4. – С. 91-98.

  3. Ыбырайым Б. Ой мен сөз. – Алматы: Жазушы, 1985. – 248 б.

  4. Қаратаев М. Туған әдебиет туралы ойлар. – Алматы, 1958. – 367 б.

  5. Айтматов Ч. В соавторстве с землею и водою… Очерки, статьи, беседы, интервью. 2-е изд. – Фрунзе, 1970. – 458 с.

  6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі / Құрастырғандар З.Ахметов, Т.Шаңбаев. – Алматы: Ана тілі, 1996. – 240 б.

  7. Ыбырайымов Б. Көркемдік көкжиегі. – Алматы: Жазушы, 1981. – 264 б.

  8. Дәдебаев Ж. Жазушы еңбегі. – Алматы, 2001. – 247 б.

  9. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. – Алматы: Ғылым, 1979. – 245 б.

УДК : 373:.1:37.026.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет