Литературные теории в поэтическом мире джона китса


ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЕСІМДІ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ



бет25/77
Дата15.12.2022
өлшемі1,4 Mb.
#57447
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   77
Байланысты:
СТАТЬИ ВСЕ

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЕСІМДІ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ,
НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ

Ахметова М.С.- Қазақ тілі мен әдебиеті БББ магистранты


Ғылыми жетекшісі: PhD Мынбаева А. П.
ОАИУ

Резюме. В данной статье рассматриваются основные характеристики именных словосочетаний в современном казахском языке.


Summary. This article examines the main characteristics of noun phrases in the modern Kazakh language.

Тек сөйлем арқылы ғана біз ойымызды екінші біреуге жеткізе аламыз. Тек сөйлем арқылы ғана біз өзара пікір алыса аламыз. Сондықтан да синтаксистің объектісі ретінде басты мәселе сөйлем болуы тиіс. Дегенмен, іргелі дамыған орыс тілінің өзінде синтаксистің объектісі туралы түрліше көзқарастар қалыптасқан. Олар негізінен үш түрлі бағытта беріліп келеді:


Біріншіден, синтаксис тек сөйлемді және оның бөліктерін, сөйлем мүшелерін ғана зерттейді. Бұл пікір бойынша синтаксис тек сөйлемді ғана зерттеуі тиіс. Онда сөйлемнің ішінде ғана сөз тіркесі де, сөйлем мүшелері де, оқшау сөздер де қатысты болмай шығады. Сонда бұл пікір болмайынша синтаксистің объектісіне тек сөйлем жатқызылады да, сөз тіркесі тіптен еленбей қалады.
Екіншіден, синтаксис тек сөз тіркесін зерттейді дейтін пікір. Бұл көзқарасты Ф.Ф.Фортунов, В.К.Поржезинский, Н.М.Петерсон, А.М.Пешковский қолдайды. Бұл ғалымдар сөз тіркесі мен сөйлемнің өзіндік айырмашылықтарын толық ажыратуға бодмайды, сондықтан олар сөйлемнің өзі сөз тіркесінің бір тармағы деген қорытындыға келді. Осы пікірді кейін А.Б.Шапиро да қолдады. Осы авторлардың ішінде М.Н.Петерсон синтаксистің объектісіне сөз тіркесін жатқыза келіп, «Очерк синтаксиса русского языка» атты еңбегінде есімді сөйлемді жатқызуды қолдайды.
Қазіргі синтаксис зерттеушілері В.В.Виноградов, Ю.Шведова, В.А.Белошапкова, В.Н.Ярцева, О.С.Ахманова сияқты ғалымдар синтаксистің объектісі ретінде сөз тіркесімен сөйлемді қатар қарастырады.
Н.Ю.Шведова: «В этом случае, естественно, это сцепление, как бы его ни называть: сочетание слов, предложение, высказывание, фраза синтагма или соединение синтагм – и явится основной единицей синтаксиса» [1, 7 с.] – деп, синтаксистік единицаларды осылай көлемді етіп көрсеткен.
Қазіргі кезде синтаксистің объектісіне «сложное синтаксическое целое» (бұл терминді енгізген Н.С.Поспелов) термині енгізілді. Бертін келе «высказывание», «текст», «сверхфразовое единство», «сообщение», «период», «прозаическая страфа» сияқты түрлері енгізіліп жүр.
Қазақ тіл білімінде П.Н.Мелиоранский, А.Байтұрсынов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев еңбектерінде синтаксистің объектісі сөйлем деп қарастырса, тек профессор М.Балақаев оған сөз тіркесінің де объектісін қосты. Сонымен 1980 жылдарға дейін синтаксистің объектісі сөз тіркесі мен сөйлем деп танынып келгенімен, профессор Қ.Есенов оған күрделенген сөйлемдерді, профессор Б.Шалабай мәтін мәселесін де қосу бағытын ұсынды. Міне, осылардың негізінде қазіргі кезде синтаксис бірнеше объектіде зерттеліп жүр.
Сондықтан да ең алдымен сөйлем дегеніміз не, оның қандай белгілері бар деген мәселе де күн тақырыбына түспегені айқын. Сөйлем, оның ережесі туралы әсіресе, сөйлем аяқталған ойды білдіре ме, әлде біршама аяқталған ойды білдіре ме – деген сияқты мәселелері де өз алдына күрделі мәселе. Оның үстіне сөйлемнің құрамы бір сөзді, екі сөзді т.б. түрлі және оның сөз тіркесінен айырмашылығы бары да айқын.
Негізінде сөз тіркесі мен сөйлем екеуі екі басқа категория. Сондықтан да бұл екеуі де синтаксистің жеке-жеке объектілері болып саналады. Осы кезге дейін сөз тіркесі аяқталмаған ойды білдіреді, сөйлем аяқталған ойды білдіреді дейтін көзқарас қалыптасқан. Бұл пікір бойынша сөз тіркесі мен сөйлем аяқталған ойды және аяқталмаған ойды білдіруі жағынан ерекшеленетін сияқты. Осы жерде мынаны да ескерген жөн. Тілші ғалымдар арасында сөз тіркесі мен сөйлемнің аражігін ажыратуда қиындықты туғызып жүрген мәселе, біздіңше мынадай:
- сөз тіркесіндегі қиыса байланысқан сөздер тобын бір ғалымдар бастауыш пен баяндауыштың келуіне байланысты сөйлем аясында қарастырғандықтан, сөз тіркесінің құрамында пысықтауыштық, анықтауыштық қатынастағы сөздер тобын ғана қарастырып, аяқталмаған ойды білдіреді дейтіні осыдан;
- сол сияқты сөздер бір сөзден де, екі, тіпті көп сөзден де құрала берсе, сөз тіркесі тек екі сыңарлы болуы жағынан ерекшеленеді;
- тағы да сөз тіркесі сөз табы мен сөз табының тіркесі тұрғысынан ғана құралса, сөйлем негізінен өзара байланыстағы сөйлем мүшелерінен тұратыны белгілі;
- сөйлем сөйлеушінің, адамдардың пікір алысуының негізі құралы болса, сөз тіркесі сөйлемнің ішкі бөлшектері, ол сөйлем жасаудың құрамды бөліктері ғана;
- синтаксис саласында қатысты негізгі бір мәселе, онда үнемі тыныс белгілері тек сөйлемге қатысты белгілері бірге қаралады. Сонда тыныс тек сөйлемге қатысты да, сөз тіркесінде тыныс белгісі қолданылмайды десе де болғандай. Тек бастауыш пен баяндауыштық құрамды сөз тіркесі деп білетін болсақ (бастауышы да есімді, баяндауышы да есімді болып келгенде) сызықшаны жатқызу мүмкін. Басқа жағдайда сөз тіркесі арасында ешқандай тыныс белгісі қойылмайды;
- сөз тіркесі мен сөйлем интонациялық жағынан ерекшеленетін де қасиеті бар.
Әдетте сөйлем әр уақытта өзінің сөйлемдік тұрғысынан аяқталған ойды білдіріп, айтылуда интонация арқылы ерекшеленсе, керсінше, сөз тіркесі екі сөзден өзара бір-біріне бағына байланысып, сөйлемдегідей интонацияның болатыны байқалмайды. Бірақ жоғарыдағыдай бастауыш пен баяндауышты сөз тікесі деп білетіндер ғана болмаса, басқа жағынан бұл мәселе айрықша елене бермейді. Дегенмен, ағаш отын мен ағаш-отын түрлеріндегі интонацияны синтаксистің әр объектісіндегі мәселе деп түсінген жөн. Міне, осы сияқты айырмашылықтарына қарай ғана сөйлем сөз тіркесінен өзгешеленеді.
Сөйлем – жан-жақты категория. Оның жан-жақтылығы құрамында. Тек сөйлем арқылы біз сөз тіркесінің де, сөйлем мүшелерін де, сөйлемнің оқшау сөздерін де, бірыңғай мүшелерін де, айқындауыштарын да нақты біле аламыз. Бұл жағынан келгенде сөйлемнің өн бойынан синтаксистің бірнеше категорияларын көруге болады. Бұл жай сөйлемдегі мәселе болса, екінші жағынан сөйлем құрмалас сөйлемді құраудың да негізі материалы. Құрмалас сөйлемдер осы жай сөйлемдер негізінде құрала келе ғана күрделі ойды білдіре алады. Осыған қоса жай сөйлем мәтін құраудың да негізі материалы. Онсыз мәтін құралуы да мүмкін емес. Сөйтіп мәтін арқылы күрделі ой беріледі.
Тіл-тілдерде осы сөйлемнің қандай белгілері бар дейтін мәселе төңірегінде әр түрлі көзқарастар бар.
Қазіргі кезде сөйлемге мына белгілер алынуда: предактивтілік, коммуникативтілік, модальдік және интонация. Бірақ қазіргі кезде осылай аталып жүрген бұл белгілер бір дегеннен қалыптасқан жоқ.
Орыс тілінің өзінде В.В.Виноградов сөйлемнің негізгі белгісі ретінде тек предикативтілік пен интонацияны ғана жатқызып келеді. Осы пікір біраз уақыт осы қалыпта беріліп жүрді. Енді оған модальділік, коммуникативтілік топтары да қосылып, оның аясы ұлғая бастады.
Енді біз осылардың әрқайсысына қысқаша тоқталалық:
Предикативтілік. Тіл-тілдерде предикативтілік туралы ереже берілмеген. Бірақ тілші ғалымдардың айтуы бойынша сөзге, сөз тіркесіне қарағанда сөйлемді сөйлем ететін де осы предикативтілік болып табылады. Мұның негізгі предикат-баяндауыш сөйлем мүшесіне негізделген. Егер баяндауыш айтылды дегенше, оған қоса бастауыш та айтылатыны белгілі. Предикативтіліктің мәні туралы екі түрлі көзқарас бар. В.В.Виноградов, Н.Ю.Шведова, Г.А.Золотовалар предикативтілік сөйлемнің мазмұнының айналадағы затқа, құбылыстарға байланыстысына негізделеді десе, В.Г.Адмони, М.С.Стеблин-Каменскийлер сөйлемнің мүшелерінің арасындағы қатынас деп берді. Осы пікірдің соңғысы да, алдыңғысы да былайша айтқанда бір іздес. Біздіңше, предикаивтілік мәселесінде бастауыш та, баяндауыш та бірге аталынып, екеуінің бірлігі, сол негізде сөйлемнің қаңқасының құрылыу жағынан сөз болуы тиіс. Егер сөйлемнің негізгі екі бас мүшенің негізінде қалапқа енсе, оның басқа белгілері оларды толықтыра түсетіні белгілі. Міне, осы қатынас В.В.Бабайцева пікірінше мына фактілер негізінде құрылуы тиіс:
- субъекті мен предикат (логикалық акспект);
- тема мен рема (коммуникативтік акспект);
- бастауыш пен баяндауыш (грамматикалық акспект) [3, 63 с.].
Осы үш акспект әр түрлі бағыттар арқылысөз болғанамен, бәрібір бір негізді басшылыққа алады: ол – бастауыш, баяндауыш (немесе тема, рема тобы). В.В.Бабайцева: «При любом понимании предикативности основным ее центром является глагольные сказуемое, так как именно с глаголом связаны катигории наколнения, времени, лица. По-этому, предикативность иногда отожествляется со сказуемостью (глогольностью)» [3, 64 с.] – деп, предикативтілік тек етістікті сөйлемде болады дей келіп, автор одан әрі: «во всяком предложени предикативность находит свое полное частичное выражение» дегенде, полное дегені етістікке, частичноеденгеніесімді дегенге тән сияқты. Сонда автор предикативтілік есімді де сөйлемге тәндігін білдірсе, профессор М.Балақаев есімді сөйлемдер олардағы байланыс туралы айта келіп: «Ондай амалмен баяндауыш болған сөзден де бастауышпен байланысы әрі мағыналық, әрі грамматикалық болады» [4, 120 б.] – деп, есімді сөйлемдерде де толық мағына болатындығын білдіреді. Міне, осы негізде предикативтіліктен енді паредикативтілік қатынас нақты көрніс табады.
Модальділік. А.А.Шахматов орыс тіліндегі модальділік, оның көрнісі туралы: «Во-первых, в форме глагольного сказуемого посредством изменения его основы и окончаний, во-вторых, в особах служебных словах, сопровождающих сказуемое или главные члены предложения, в-третьих, в особом порядке слов в предложении, в-четвертых, в особенной интонации сказуемого или главного члена односоставного предложения» [5, 129 с.], – деген пікірінде сөйлем модальділігін құрайтын элементтердің қатысы нақты көрініс тапқандай. Сонда бұл сөйлем баяндауыш, бастауыш арқылы да жүзеге асатынын көрсетіп отыр. Сөйлемнің модальдік қасиеті оның сөйлемнің бұйрықты, лепті, сұраулық түрлері, болымды, болымсыз түрлері арқылы да, түрлі етістік жұрнақтары, түрлі демеулік, тіпті сөздердің орын тәртібі, райлар осы негізде осы шақ, өткен шақ, келер шақ көрніністері арқылы анықталады. Осыған байланысты шындықтың көрнісі уақытпен байланысты. Бұл жерде морфологиялық және синтаксистік уақытты білдіруі бір емес. Егер молфологияда уақыт тек етістік арқылы ғана берілетін болса, ал синтаксисте ол бүкіл сөйлемнің өн бойы арқылы көрінеді. Осы жерде, әрине, сөйлемнің модальділігі көбіне етістікті сөйлемге тән сияқты көрінеді. Негізінде осылай да, өйткені ол көбіне етістік баяндауыш арқылы көрінеді. Синтаксистік уақыт мәселесі тек етістікті сөйлемде ғана емес, есімді сөйлемдерге тән. Мысалы: Оның бітіргені осы. Барар күн жақын – дегенде осы шақ та, келер шақтық та мән айқын.
Коммуникативтілік. Адам баласы өзара байланыс жасағанда бірі айтушы болса, екінші тыңдаушы болып өзара пікір алмасуы тек сөйлем арқылы жүзеге асады. Жалпы тілдің фонотика, лексика, морфлолгия т.б. салалары қаншалақты оқытылып, үлкен түсініктер берілгенмен, бұлар пікір алысу дәрежесінде көтеріле алмайды. Бұлар тілдік категориялар – сол пікір алысудың негізгі тілдік құралдары. Тек сөйлем ғана осы негізде қарым-қатынастың жоғары сатысы болып табылады.
Тілдік қатынас ауызша да, жазбаша да түрде де жүзеге асады. Әрине бұл екі түрлі қатынастың өзіндік айырмашылықтары да бар.
Біріншіден, бұл екі қатынастың адам баласына қызмет етудің дәуірі де ойландырады. Сонда адамдар алғашқыда ауызша, яғни, дыбыстық қатынас (осы негізде сөйлемдік қатынас) арқылы айту, таңдау жағынан ертеден келе жатқаны белгілі. Сонда ауызша қатынас жазбаша, яғни, таңбалық қатынасқа қарағанда әрі жылдам, әрі ерте қалыптасқан. Жазу арқылы қатынас соңғы кездің жемісі: әрине әр тіл үшін оның да өзіндік тарихы бар. Сол сияқты қазіргі кезде көшедегі жол белгілері таңбалары да коммуникативтік қызмет атқарады. Мысалы, қасық пен шанышқының суреті бар жерде асхана бар деген мағынаны білдіреді.
Жалпы тілдік қатынас кемінде екі адам арқылы жүзеге асады да осыдан барып, күрделене-күрделене қоғамдық қатынасқа дейін көтеріледі. Қарым-қатынаста техникалық құралдардың да көмегі жетерлік.
Сонымен сөйлем предикативтілік пен модальділік негізінде құрала отырып, олар өзара қарым-қатынас негізінде бүкіл қоғамға қызмет ету оның негізгі бір белгісі болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Шведова Н.Ю Активные процессы в современном русском синтаксисе (словосочетание). – Москва, Изд. Ак.Наук СССР, 1978 г. – С 154.

  2. Поспелов Н.С. Проблема сложного синтаксического целего в современном русском языке. Москва, 1988 г. – С 294.

  3. Бабайцева В.В. Русский язык. Синтаксис и пунктуация. Москва, Ун-та, 2015 г. – С 268.

  4. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі, Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, Атамұра, 2014ж, – 245 бет.

  5. Шахматов А.А. Синтаксис русского языка. Москва, 2013 г. – С 402.

  6. Базарбаева З.М. Интонационная система казахского языка. Алматы, 2012 г. – С 54.

УДК 615.222




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет