Литературные теории в поэтическом мире джона китса


А.ТОҚМАҒАМБЕТОВ ЛИРИКАСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ-ИДЕЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет53/77
Дата15.12.2022
өлшемі1,4 Mb.
#57447
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   77
Байланысты:
СТАТЬИ ВСЕ

А.ТОҚМАҒАМБЕТОВ ЛИРИКАСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ-ИДЕЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Еспенбетова Э. Е. Қазақ тілі мен әдебиеті БББ магистранты


Ғылыми жетекшісі: PhD Мынбаева А. П.
ОАИУ

Резюме. В данной статье рассматриваются тематические и идейные особенности лирики А. Токмағамбетова.


Summary. This article examines the thematic and ideological features of A. Tokmagambetov's lyrics.

Ақын Асқар Тоқмағамбетов қазақ поэзиясында поэма жанрын дамытуға елеулі үлес қосқан ақын. Оның поэмаларын тақырыбы, түрі жағынан төрт топқа бөлуге болады: ауыл өмірі («Хат», «Бақыт кілті», «Қаскелең», «Өмірге жол», «Агроном көктемі»т. б.); елімізге еңбегі сіңген тарихи адамдарға арналған («Батыр Әли», «Ақын тағдыры», «Кремль сақшысы» т. б.); елді, жерді қорғау, отансүйгіштік, ерлік тақырыбы («Ажалды жеңген алыптар», «Батырлар дастаны», «Уборщица» т. б.); халықтардың достығы тақырыбы («Берлин көшесінде», «Испания», «Қараңғытүнде», «Рейн жағасында» т.б.).


Ақын поэмаларында қазақ халқының күрес жолындағы өмірі («Қара қыз», «Қанды жазу», «Терең толқын») мен кеңес адамдарының тыныс-тіршілігі («Күзетте», «Дария сыры», «Балдақты Оспан», т.б.) суреттелген.
«Ақын тағдыры» поэмасын Сәкен Сейфуллиннің азаматтық, ақындық келбетін ашуға арнаған. Ақынның «Біздің Сәуле», «Тап қорғаны», «Буденный маршы», «Бір, екі, үш», «Қош аман бол», «Күт мені», «Сүйген жарға», тағы басқа лирикалық өлеңдері әнге арналған. Таңдамалы шығармаларының жинақтары жарық көрген.
Ақын Асқар Тоқмағамбетов ақындығының жемісті саласы - оның сатиралық туындылары. Ол қазақ әдебиетіндегі сатиралық поэзияның негізін қалаушы, оны қалыптастырып, дамытушылардың бірі болды.
Оның өткір тілді сықақ өлеңдері, фельетоңдары, мысалдары қоғамдағы, адам бойындағы қайшылықты құбылыстарды сынап, әшкереледі. «Күлкі-сықақ» жинағы, «Ұйықтаған бастық», «Соқа мен Қостамбаев», «Бір мылжыңның баяндамасы», «Мылжыңның бет-аузы», «Желіккен жеңгейлерге», «Кәрі жезде», «Бидай мен қаңбақ», «Сауысқан», «Мысық пен шыбын», тағы басқа туыңдыларында ақын адам бойындағы ұнамсыз қылықтар мен өмірдің көлеңкелі тұстарын дөп басып, бейнелеп суреттеуде шеберлік танытты. Асқар Тоқмағамбетов проза жанрында да жемісті еңбек етті. Ыбырай Жақаев өмірін бейнелеген «Қыран тұғырдан ұшады» ( О.Бодықовпен бірге), Сыр өңірі қазақтары тұрмысынан жазылған «Сыр диқаны», «Асыл азамат», «Әке мен бала», «Қарбаласта», Қазан төңкерісі қарсаңындағы ауыл өмірін суреттеген «Ақмоншақ» повестерін жазды. Асқар Тоқмағамбетов -ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақ ақындары туралы жазылған «Жыр күмбезі» атты тарихи романның авторы. Драматургияда «Екі заң», «Семафор ашық», «Әзірет Сұлтан» атты пьесалар мен «Маржан», «Бәріміз де сондай болсақ» атты киносценарийлер жазған. С.Айнидің «Құлдар» романын қазақ тіліне аударған. Қазан төңкерісі, 1-дәрежелі Отан соғысы, үш мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Асқардың жырлаған тақырыбы, жанрлық ерекшеліктері, көркемдік стилі жағынан әр алуан. Оның бер жағында Асқар творчествосы, оның өзіндік ерекшеліктері, көркемдігі мен идеясы жайлы жазылған зерттеу сын мақалалары аз емес. Ақын туралы сын мақалаларға көз жіберер болсақ, оның әр кезде жазған жеке-жеке шығармаларындағы сәтті, сәтсіз жайлар кезінде көрсетілді, жазылды.
Жазушы С.Мұқановтың, Ә.Тәжібаевтың әдебиеттің дамуына байланысты Асқар творчествосы жөнінде айтқан пікірлері мен сындарынан басқа, оның поэзиясына айрықша тоқталып, талдау жасап, түйінді пікірлер айтқан талантты жазушы С.Ерубаев болды. Ақын шығармалары туралы І.Жансүгіров, Қ.Бекқожин, Т.Нұртазин, Е.Исмайылов, С.Төлешев, Ә.Тәжібаев, Т.Әлімқұлов, С.Қирабаев, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Р.Бердібаев және М.Бәйділдаев тағы басқа да ақын-жазушылар ақын Асқар творчествосына пікір айтудан шет қалған жоқ.
Асқар шығармашылығы туралы ең алғаш жазылған сындардың ішіндегі көлемді де мазмұндысы С.Ерубаевтың сыны болғандықтан, соның төңірегінде сөз қозғасақ, С.Ерубаев ақын поэзиясының күделікті өмір тынысымен тығыз байланысып жататынын жоғары бағалады.
«Қазан революциясы болғанда завод, фабрика қожайындары мен жұмысшылар тартыста болып, аштық, өлім, апат болды. Орыс пролетариаты басқа ұлттық бауырластарымен бірігіп бостандық алды. Осы төмен құлдыраған шаруашылықты кемеліне келтіру дәуірінде Қазақстан пролетариат жазушыларының екінші буыны болып Асқар туды. Асқар басынан екі дәуірді өткізді. Ол әдебиет майданында комсомол ортасынан тәрбиеленіп, шынығып келіп кірісті. Ол әдбиеттің әр түрінде (өлең, әңгіме, очерк, сықақ, фельетон) жазды. Тап майданында өзінің өткір қаламын тап дұшпандарына, жат адамдарға, тап жауына түйрей білді. Оларды ұлы тілімен сықақтап, бет пердесін аша білді. Жаңа өсіп келе жатқан пролетариат кадрын, завод тұрмысын, құрылыстың шегесін, тетігін шамасы келгенше суреттеуге кірісті. өмірдің түйінді мәселелерін, дәуірдің кезеңді жылдарындағы саяси істерімізді көре, көрсете білді.
Асқар қазақ даласындағы социализм идеясын, бүгінгі заман тақырыбын жырлады. Теңдік алған кедейлердің азат өмірі, байларға қарсы таптық күресі, әйелдердің теңдік алуы, халық ішіндегі оқу-ағарту мәселесі, кедейлердің коллективтік шаруашылыққа бірігуі – ақынның алғашқы өлеңдерінің өзекті тақырыптары бола отырып, жаңа идеяны насихаттаушы ақын ретінде танытты.
Жаңа заман тақырыбын игеру Асқар лирикасында Қазан төңкерісінің маңызын, ол әкелген бостандықты, революция көсемі Ленинді жырлаудан басталды.
Саттар қазақ поэзиясына және Асқар поэзиясына мынадай талаптар қойды: Жазушы жазам деп алған тақырыбын жете түсінуі керек. Күндегі ұранды жаттап алып, оны құрғақ тақпақтап қоймай, диалектика жолымен мәселенің шын маңызын түсіну, жұртқа түсіндіру керек.
1934 жылы және 1937 жылы жарық көрген Ғ.Тоғжановтың, Қ.Бекқожиннің сын мақалаларында Асқардың поэмаларындағы кемшіліктері баса айтылады.
Жазушылар З.Шашкиннің, Қ.Өтеповтің, Б.Кенжебаевтің, Е.Исмайыловтың сол тұста жазған сын мақалаларында да Асқардың күнделікті өмір тақырыбын игерудегі табыстары мен кемшіліктері сөз болды.
Профессор Е.Исмайылов «Сен мен шығарма» деген еңбегінде Асқардың шығармаларын үш салаға бөледі: лирика, поэма, сатира.
Егер XX ғасырдың басындағы және қазақ әдебиетінің алғашқы дәуіріндегі поэзиямызда фельетон, сатиралық өлеңдер жазуда С.Дөнентаевтың алатын орны ерекше десек, Асқар қазақ әдебиетінде бұл дәстүрді әлдеқайда дамытып тереңдете түсті. Асқардың сатиралық поэзияны дамытуына сөз жоқ орыстың классикалық әдебиеті, әсіресе В,Маяковский, Д.Бедный тағы басқа солар сияқты орыстың көрнекті ақындарының сатиралық поэзиясы үнемі әсер етіп отырғандығы даусыз.
Қазақ әдебиетінде әлі дамып жетілмеген сатиралық поэзияның әр алуан үлгілерін (фельетон, эпиграмма, мысал т.б.) дамыту жолында Асқар жемісті еңбек етті. Асқар қазақ әдебиетінде фельетон, сықақ, мысал жанрын дамытушы, әрі осы жанр арқылы кейінгі жастарға үлгі көсетуші десек қателеспейміз.
Асқардың қазақ әдебиетінде алар орны, ақындық ерекшелігі, өмірі мен творчествосы туралы алғашқы мәлімет 1942 жылы Е.Исмайылов редакциясымен басылып шыққан оқулықта берілген екен. Одан соң бірнеше мақалалар соғыстан кейінгі дәуірде жазылды. Бұл ретте Ғ.Мүсіреповтің С.Мұқановтың, А.Нұрқатовтың, Ә.Тәжібаевтің, С.Төлешевтің мақалаларын атауға болады. Бұл мақалалардың бәрінде де Асқар товрчествосының өмірмен тығыз байланыстылығы, лирикасы мен сатирасын маңызын айрықша атап көрсетеді.
Асқардың ақындық шеберлігі жөніндегі жән үгіт сарындағы өлең-жырларды жазудағы табысымен қатар кемшіліктерін де көрнекті жазушы, сыншыларымыз көрсетіп отырды. С.Мұқанов: “өлеңдерінің сыртқы көрінісін, яғни түрін, көбінесе қызықты суреттейтін Асқардың бояулары кейде қалың жағылмай, жұқа сүртіліп, ілгері басқан заманының ауа райын көтермей өтіп кетеді”,-дейді.
Асқар творчествосы туралы осындай әр түрлі мақалалар бола тұрса да, ақынның поэзиялық шығармалары жөнінде әлі жан-жақты зерттеулер болмаған.
Асқар туралы бұрын жазылған мақаланың бәрінде де ақынның лирикалары әрбір тарихи дәуірге байланысты алына бермейді. Мысалы, ақынның 1928 жылы жазылған өлеңдері мен одан бергі еңбектері бір дәрежеде емес, ақындық шеберлігі жағынан толып жатқан жетістіктері бар. Ақын туралы мақала жазғандар оның поэмасын бастан-аяқ сынап шығады.
Ия, Асқар поэма жазуда сәтсіздікке ұшырады. Бірақ, ол сәтсіздіктер бір Асқарға ғана тән емес.
Ақын творчествосы туралы жалпы айтуды қойып, ақын поэзиясына көшейік. Ақын өміріміздің аса маңызды сан алуан тақырыптарын жырлаған . Сонда Асқар лирикасы қандай?
Жиырмасыншы жылдардың ортасынан бастап қалам ұстаған ақын содан бергі уақыттың ішінде халыққа кең тарап, өмірден тұрақты орын алған, өзіндік өзгешелігі зор аса көп поэзиялық шығармалардың авторы болды. Сонымен қатар ол жұртшылыққа көрнекті прозаик, драматург ретінде де танылып келді.
Асқардың творчествосындағы басты тақырып – жасампаз еңбек адамын жыр ету. Заманымыздың ең маңызды мәселелеріне ақын өз творчествосымен қызу үн қосып отырған. Оның шығармаларының ең алдымен баспасөз беттерінде жарқ етіп шыға келетіндігі де кездейсоқ емес еді. Бұл ақынның творчестволық адымы халықтың күнделікті өмірімен сай түсіп отыратындығын дәлелдейді.
Ақын Асқардың шығармашылығы тақырыбы жағынан болсын, жанрлық жағынан болсын көп салалы, алуан түрлі аса күрделі болып келеді. Ол өзінің ақындық талантын лирика жағынан бастады. Оның лирикасын сөз еткенде, заманымыздың актуальді мәселелерін қамтитын саяси лириканың басым екенін атап айтуымыз керек. Ақындық таланты, әсіресе осы салада яғни саяси лирикада ерекше көзге түседі.
Автор кешегі қой соңында жүрген Шойынқараның көңіл-күй, арманын, оның көксеген, арман еткен арманы көп, ол малы көп бай, би,Сырымбай сияқты молда немесе Қордабай сияқты ұры болсам ба екен деп бұлардың бәрін де өзіне лайықты көрмейді. Соңында Шойынқара бәрін қорытып, оқу оқып маман иесі болуды, білім алуды арман етеді. Ол:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет