Литературные теории в поэтическом мире джона китса


Параллельді оқу әдісін қолдана шет тілін үйрену



бет55/77
Дата15.12.2022
өлшемі1,4 Mb.
#57447
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   77
Байланысты:
СТАТЬИ ВСЕ

Параллельді оқу әдісін қолдана шет тілін үйрену

Әбдіманап И.Б.- ПДк 21-1 тобының студенті


Ғылыми жетекшісі: аға оқытушыТурлыбекова И.А.
ОАИУ
Резюме В статье рассматривается метод обучения иностранному языку с помощью чтения параллельных текстов. Параллельное чтение позволяет запоминать слова в контексте. При чтении задействуется зрительная память, написание слов и конструкций быстро запоминается.
Summary The article discusses the method of teaching a foreign language by reading parallel texts. Parallel reading allows you to memorize words in context. When reading, visual memory is involved, the spelling of words and structures is quickly remembered.

Параллельді оқу арқылы тілді үйрену тіл мамандары арасында қызу талқыда жүрген әдіс. Параллельді мәтін бір бетте екіге бөлінген бағанадан тұрады. Бір бетте ағылшын мәтіні, ал екінші бетте оның аудармасы тұрады. Осылайша аудармасы болғандықтан, ағылшын мәтінін оқу кезде аудармасына қарап жұмыс жалғастыруға болады. Әдісті қолдана тілді сапалы және тез үйренуге мүмкіндік туады.


Осы әдіс арқылы шет тілді үйрену, тілмен танысудың және ары қарай дамудың дұрыс стратегиясы деп саналады. Ағылшын тілін үйреніп жүрген адамдарға әдебиетпен танысқан кезде көптеген жаңа сөздер мен сөйлемдер кездеседі, сол кезде бүкіл сөйлемді аудармай жәй параллель тұрған мәтінге қарап оқуды жалғастыруға болады. Осы әдісті қолданғанда, оқуды бірден бастап кетуге болмайды, алдымен тілдің грамматикасы, лексикасымен таныс болған жөн, егер бірден оқуды бастаса, уақыттың басым бөлігі жаңа грамматиканың ерекшеліктерімен танысуға жұмсалады. Мысалы, егер бейтаныс сөз кездессе, оның бір жерде кездескені еске түседі. Осылай, бұл алдын ала есте сақтау болады. Сөзді аудару, тану арқылы осы әдіс адам санасын өнімді есте сақтауға дайындайды. Осы әдісті қолдайтын және осы әдіске қарсы топ бар. Осы әдіске қарсы топтың пікірінше, көз қайта-қайта аудармаға түсіп, көп уақыт пен күш құр босқа шығындалып, тек тілді үйрену кейпі танылады.
Аталған әдісті жақтайтындардың ойынша, қандай да тіл үйрену басында пассивті болады. Бұл тек шет тілдің формасын жаттаумен шектеледі. Көз аудармаға түсіп ми қиналмайды, екі аударма да арнайы көзге іліне алатын жерде орналасқан. Негізінде көз аударма мен ағылшын тіліндегі мәтінге түсіп тілді пассивті түрде қабылдайды [1]. Генрих Шлиман (1822-1890) параллель мәтіндерді оқу әдісін қолданып, өз бетімен онға жуық тілді меңгерген. Бір тілді үйренуге бірнеше аймен, қаражат жұмсайтындай мүмкіндігі болмаған. Шлиман ізденіп ұзақ уақыт бойы әртүрлі жолдармен тәжірибе жасайды. Ол бір кітаптың аудармасы болған екі кітап алды. Кітаптардың әр бетін мұқият оқып, дауыстап жаттап, жаттаған сөздерді қолданып хат жазған. Оны тіл білетін адамға барып тексертіп, тілді үйренген. Осы әдістің негізінде Илья Франк әдісі жасалған. Бұл әдіс бойынша ғаламторда Илья Франктің арнайы парақшасында, көптеген мәтіндер топтамасы жиналған. Әдістің ерекшелігі − бет екі бағанаға бөлінбейді, бірінші сөйлем ағылшын тілінде беріліп, астында аудармасы жазылады. Төмендегі мәтін осы әдістен бір үзінді:
I must have slept for more than nine hours (я, вероятно, проспал более девяти часов; to sleep) because when I woke up (потому что, когда я проснулся; to wake up) it was daylight (было совсем светло; daylight – дневной свет; день, светлое время суток). I tried to get up (я попробовал встать), but I couldn't move (но не мог двигаться = пошевелиться). I was lying on my back (я лежал на спине). My arms and legs were tightly fastened to the ground on each side (мои руки и ноги были крепко прикреплены/привязаны с каждой стороны= с обеих сторон к земле
Осы әдісті қолдану барысында аса қиналудың қажеті жоқ, себебі керек сөйлемнің аудармасы дайын тұрады. Осы әдіс бойынша ежелгі Грекияда латын тілі үйретілген. Ежелгі грек оқушылары тілді табиғи контексте оқыған. Олар әр түрлі тақырыпқа байланысты болған, мысалы: таңертең сабаққа бару, аурып жатқан досының қалын сұрау, Римнің ішінде жұмыс іздеу т.б. Осындай қысқа мәтіндер екі бетке жазылып, осы мәтіннің қасында латынша нұсқасы жазылған [2].
Төмендегі суретте грек – латын тілінде жазылған манускрипт көрсетілген.



2-сурет. Параллельді оқу әдісі негізінде жазылған манускрипт

Aglona Reuder бағдарламасы параллельді мәтін жасауға арналған қосымша. Маман аталған қосымша арқылы керек мәтінді аударып, шет тілінде параллель мәтін жасайды. Осы қосымшаны қолдана, керек тақырыптағы параллель мәтінді жазуға болады. Осы тұста параллель оқу бойынша қиындық пайда болады. Аудару қосымша арқылы болғандықтан мағыналы емес, тек тіке тура аударма болады. Параллельді оқу әдісін қолдану кезінде адаптивті мәтін тілді дұрыс қабылдауға мүмкіндік бермейді. Адаптивті мәтіннің орнына түп нұсқаны қолданған.


Параллель мәтіндерді оқу − шет тілін үйренудің ең қызықты және қол жетімді әдістерінің бірі, бірақ параллель мәтіндермен жұмыс істеу бір қарағанда қарапайым емес. Оқу кезінде тілдік ортаға еніп үйренуші көптеген жаңа ақпаратты игеруі керек және жаңа сөздер мен жаңа грамматикалық құрылымдарды кездестіріп, пассивті қабылдау, бақылау арқылы тілдік құрылымды үйренеді. Әдебиеттерді осы әдісті қолдана оқу, шет тілін білуді жетілдіре отырып, мәтіннің мазмұнын түсінуге септігін тигізеді. Алайда бұл тәсілдің осал жағы дұрыс тура аударманы қолдану, себебі ана тілдегі сөйлемдердің үйренілетін тілде қалай құрастырылатынын анықтау маңызды. Әдіс бір орында ұзақ отыруды және саралауды талап ететін болғандықтан, әдісті ересек адамдарға қолданған жөн. Bilinguis, HomeEnglich, StudyEnglishwords сияқты парақшаларда параллельді мәтін жайлы электронды кітаптар бар.
Оқылған сөздер жай оқылып қалмай, жатталсын десек, арнайы бір тақырыпта болған жөн. Есте сақтау үшін қайталау қажет емес. Сөзді бірнеше рет қайталағаннан гөрі, оны әртүрлі комбинацияларда және әр түрлі семантикалық контексттерде есте сақтаған дұрыс болады. Көп оқылып жатталған сөздік конструкциялар тілдік сезім пайда болуына көмек береді.
Зерттеуімізді қорытындылай келсек, параллельді оқу әдісімен танысып осы әдіспен тіл үйренуге болама деген сұраққа теориялық жолмен жауап іздеуге талпыныс жасалды деп санаймыз. Шет тілін осы әдіспен үйрену үшін, аса мықты жады керек емес, бар болғаны күніне бір-екі бетті оқып тұру керек. Қалай болғанда да, бұл әдіс тек тілді пассивті үйренуге мүмкіндік береді, яғни тілді үйренуде әдіс көмекші құрал ретінде қаралуы керек.
Қолданылған әдебиеттер
1. Андрюхина С.В. Параллельный текст как метод иностранному языку: [Электронды ресурс]//Қол жеткізу режимі: http://dspace.nbuv.gov.ua/bitstream/handle/123456789/56033/17-Andruhina.pdf?sequence=1
2. Learning foreign languages in antiquity: how did they do it ?– методика обучения: [Электронды ресурс]/Қол жеткізу режимі : https://antigonejournal.com/2022/07/learning-languages-antiquity/
3. Нестеров Ф.Ф. Знакомство с методом «Параллельные тексты»: [Электронды ресурс] / Ф.Ф Нестеров. – Қол жеткізу режимі: http://www.arabic.ru
4. Andira Abdallah. Impact of Using Parallel Text Strategy on Teaching Reading to Intermediate II Level Students: [Электронды ресурс].- Қол жеткізу режимі:
http://ling.ulstu.ru/linguistics/resourses/literature/articles/corpus_linguistics_language_teaching/
5.When It Hurts (and Helps) to Try: The Role of Effort in Language Learning: [Электронды ресурс]/ Қол жеткізу режимі:
|https://journals.plos.org/plosone/article?id=10.1371/journal.pone.0101806
6. Соснина Е.П. Корпусная лингвистика и корпусный подход в обучении иностранному языку. [Электронды ресурс]. – Қол жеткізу режимі:
http://ling.ulstu.ru/linguistics/resourses/literature/articles/corpus_linguistics_language_teaching/
7. Франк И. Метод чтения Ильи Франка: [Электронды ресурс] / И. Франк. – Қол жеткізу режимі: http://franklang.ru/
8.Параллельный текст – методика обучения: [Электронды ресурс]//Қол жеткізу режимі:
http://ru.wikipedia.org
9. Захаров В.П. Корпусная лингвистика: учебник для студентов гуманитарных вузов. Иркутск: ИГЛУ, 2011.
УДК 37.091.3:811.161.1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет