Бейнефайлға жазу мүмкіндігі студенттің дәріс-лекцияда болмаған кезде, тек іс-әрекетті көрінуге, оқытушының берген тапсырмаларын, жаңа тақырыптың түсіндірмесін тыңдауға мүмкіндік береді. Оқытушы электронды тақтамен жұмыс кезінде студенттің өз компьютерін немесе басқа желідегі компьютерді қолданып, интернетпен жұмыс жасауын мүмкіндігі болады.
Әр студент ақпаратты әр түрлі қабылдайды: біреулерінің тыңдағысы келсе, енді біреулері визуалды материалдарды білгісі келеді. Сондықтан ой-пікірлерді айтқан тыңдағаннан гөрі, көрсеткен жақсы нәтиже береді. Соның ішінде интерактивтік тақтада көрсетілген көрініс өтіліп жатқан материалды көрнекі етеді.
Түсіндіре отырып, ақпарат беріледі, көрсете отырып – тыңдаушылардың қызығушылығы туғызылады. Студент белсенді қатыстыра отырып – сендіріледі. Оқытушының дәріс-лекцияда интерактивтік тақтаны дұрыс әрі тиімді қолдануы үшін компьютерлік сауаттылығы болса жеткілікті.
Интерактивтік тақтаны қолдану үшін күрделі ұзақ даярлықпен, студенттердің компьютермен жұмыс істеу дағдылары болуы керек оқытушының сабақты даярлауға көп уақыты кетеді. Бірақ бұның бәрі көзделген мақсатына қол жеткізумен өтіледі.Сонда ғана басым көпшілік жағдайда оқытушылар электрондық оқулықтар мен дидактикалық құралдардан пайдаланады.
Себебі, оған аз уақыт кетеді.Сөйте тұра әр оқытушы өз дәріс-лекциясының студенттерге түсінікті әрі ұғынықты болу үшін түрлі әдіс тәсілдерді пайдаланып студенттердің іс-ірекеттерін басқару әдістемесі мен тапсырмалар қорын басқаша ұсынады. Бірақ кейде дайын электрондық оқулықтар мен дидактикалық құралдарды пайдалану өзіндік қиындықтары кездеседі, себебі күнде компюьтерлік сыныпта сабақ өтуге мүмкіндік жоқ.
Студент өздігінен дамуға қабілетті, өзінің ақпараттық қызығушылығын дамытушы ішкі ұмтылысы мен ынта-жігері бар субьект. Бұл даму ашық және объективті,өзара әрекеттесуші жүйені, яғни, студенттің ішкі табиғи күштері мен ақпараттық ортасын қамтиды.
Олай болса, оқу әрекетіндегі шығармашылық белсенділікті дамытудың тиімді шарттарының бірі студенттің өзін қоршаған ортаға бағдарланған, оның ішкі табиғи қажетті дамудың факторына айналады және ақпараттық технология арқылы шығармашылық қызығушылығы қалыптасады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Мадиева Г.Б. Имя собственное в контексте познания – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 190 с.
2. Мәдиева Г.Б., Иманбердиева С.Қ. Ономастика: зерттеу мәселелері – Алматы, 2015. – 240 б.
3. Тілеубердиев Б.М. Қазақ ономастикасының лингво-концептологиялық негіздері. – Алматы: „Арыс” баспасы, 2013. – 280 б.
4. Керімбаев Е.А. Казахская ономастика в этнокультурном, номинативном и функциональном аспектах – Алматы, 1995. – 248 с.
5. Бұлaқбaeвa М.К., Мұхaмeтжaнoв Б.А. Жoғaры білім бeру жүйeсіндe бoлaшaқ мұғaлімнің пeдaгoгикaлық шығaрмaшылық әлeуeтін дaмыту. Ғылыми-әдістeмeлік журнaл. - Aлмaты, 2010 № 4.
УДК 413.232