Құлыяс Табыл. Таңдамалы. Үш томдық / Т. Құлыяс. – Астана: Фолиант, 2015. ӘОж 821. 512. 122 Кбж 84 (5Қаз)



Pdf көрінісі
бет16/24
Дата04.02.2017
өлшемі1,88 Mb.
#3366
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24

жалаңаштық, түрлі індеттің өлім-жітімін бастан кешірудің 

өзі өмірлік сабақ. Қазақтар «Қырық жыл қырғын болса 

да ажалды өледі» деп тәубаға шақырып отырады. Мұның 

өзі ғылым. Ұлттық қасиетті сипаттап, қандай да нәубетке 

шыдауға меңзейді. Керей толғанып: «Дегенінен басқаға 

көнбейтіндерге, өзінен өзгеге сенбейтіндерге, мәңгілікпін 

деп құлаш сермеп, тәж, тақ билігін бермейтіндерге, ман-

сап уын ішсе де қанып, бір күні ажал келері анық, – дей 

келе ойын жалғап, – бәсекемен бәстесіп күндейтіндерге, 

ағайынмен ащы болып, әлсізін жүндейтіндерге, екі 

сөзінің бірі өтірік үндейтіндерге, шындықты мүлдем 

білмейтіндерге, бір күні бір бүйірден бүріп ажал келеді 

екен. Қатесін білмей өледі екен, адам – табиғаттың 

перзенті, шаң-топыраққа араласады екенсің, неге қиянат 

жасаймыз?» – дегенін Шәміл есіне алса: «Республикалық 

халықтық бақылаушылар анықтаған сексен қаламыздағы 

2,5 мың өндіріс орындарының табиғатты ластаудан аман 

еместігін анықтап, өтірік мәліметтердің ауыр зардабы 

нақтыланды. Керей айтқан сөздер шындықтың нұсқасы 

емес деп ешкім айта алмайтынына кезінде ауылдастардың 

көзі жеткен-ді. Шәміл қандай да шаруада елден алған 

жақсылығын елге берді, жамандығынан жиреніп жүрді. 

Ақылдылар көзден таса болса да алғыр ойы зерделінің жа-

дында қалады. Егер самарқау тыңдаған болса тірлігінде 

қиналмай қалмайды. 

* * *


Кейбір пенде көкірегіне нан пісіргендей асылық жа-

сап, өзін-өзі қорлағанын білмей қалады. Ондай ағат 

кеткенді ойлылар «Ей, соны қойшы, арам сүт емген. Сүт-


267

пен кірген мінез сүйекпен кетеді деген, бәтуасыз» деп 

маңынан қашық жүреді. Бұл да қазақтың қасиетсіздің 

бойына сіңген зұлымдығын тәрк етуге бағыттаған тәртібі. 

Көптен шеттеп қалу – тірі өлім екенін түсіндіру. Залымға 

үнсіздікпен қатал қарап, шеттетуді көргесін өзгелер 

де сақтанады. Қорғана біледі. Толыны төгіп, ортаны 

шайқағысы келетіндер аяғын аңлап басады. Әккі алаяқ, 

сатқындар қулығын кенет өзгертіп: «Мұндайда бұққан 

озады, үстемдікке жағынып ұтқан озады, саясаттың 

құлдығына бейімдігін көкірегіне тұтқан озады, табаны 

тесіліп, көзі ойылғанша табынып шыққан озады», – деп 

іштей күбірлеп, өзінің ағаттығын мойындайтын, көптің 

көзіне топырақ шаша алмайтынын түсінетіндер де болады, 

керісінше алған бетінен қайтпайтындар да кездеседі. 

Адал болсаң, ақылды болсаң, тірі жан оған тиіспейді, 

құрметтеп отырады. Шәміл бала кезінен соның бәрін 

тыңдап өсті. Әр сөзін мақал-мәтелмен әдіптеп, өзгеге тіл 

тигізбестен, айтарын емеурінмен жеткізіп, ақылгөйлер 

ой-пікір дұрыстығын дәлелдеп, сезікті жат пиғылды 

қайырып, нақтылай білу шеберлігі қазақтан басқа ұлтта 

кездеспейтіндей сезінетін Шәміл. Сөз шеберлігі, оқтан 

өткір пікір жадыңа ұялап, досқа күлкі, дұшпанға таба 

болмаудың барлық амалы ақылмен айтылатын-ды. Соғыс 

жылдарында аш-жалаңаштық, түрлі індеттің қалың 

өлімге ұшыратуын бастан кешіріп отырса да ажалсызға 

өлім жоқ дейді. Ұлттық қасиетті сипаттап, нәубетке 

шыдауға меңзейді. Елде өлім көп, Айдос, Қашет сияқты 

ағаларымыз қабір қазудан қолы босамайды. Жерлеу 

жұмысына ер балаларды қатыстырады. Онысы қазақи 

тәртіппен өлік жөнелтуді көріп, білсін деу, тумақ бар, 

өлмек бар,басқа түскенге көнбек бар, заңдылықты ұғып 

шыдамдылыққа көздері жетсін деу екенін балалар біле 

бере ме?


 – Туды – ел қуанып еді, өлді – жер қуанды. Қайтеміз, 

тағдыр ғой... – дейтін Айдос көрді қазып жатып. 

 – Біздің Айдос қайратты ғой, тоңның да жігін біледі, 

нанға тойса күші жетеді. 

 – Нанды кім беріпті?

 – Берер, жарылқар. 



268

– Әттең, жас бала шын өлді. Шын өлді, шикі жас еді, 

өмірдің қызығын көремін, бақытты боламын деп келіп 

рахатын көрмеді, шын өлді, – дейді кейбірі буыны босап. 

Тәжіаяқ көзін шылайды, Қисымбет өзіне-өзі келе алмай 

жыламсырайды. 

– Жыламаңдар, өліге ауыр. 

Керей толғанса: «Қандай жақсы, жастай ешкім өлмесе, 

қартайғанда ешкім жоқтық көрмесе, жолда ауырып, жат 

өлкеде көмбесе» деген бар ел аузында. Небір зұлымдық 

іштен шығып төнбесе, опық жей беретін шығармыз, 

ақылдыға сенбесе, желкілдеп өсер жас өркен, бағым жет-

пей өлмесе», – деп қалды. Жасы үлкеннің де, ақылдының 

да сөзін ешкім жағаласпай үнсіз тыңдайды. Айтар ойы 

барлар күтіп, рұқсат сұрағандай болатыны заңдылық. 

Әркім пікірінше өлімнің себебін түсіндіре алмайды, 

тағдыр деп тынады. Осы Қисымбат соғыстың ауыр жыл-

дарында ауылдастарын жалаң аяқ қалдырмады. Әркімге 

жазда, қыста киетін киімді ірі қара терісін илеп, алабота 

шөбінен бояу жасап сықитып тігіп беретін еді. Еңбегі тегін, 

алатыны алғыс қана. Бақытжан деген ұлы Шәмілмен бірге 

оқыды, кейін милиция жұмысын таңдап қызмет етті. 

Құрдастары әзілдеп, Аманғали милиция біраз адамның 

обалына қалыпты, сен обал-сауапты есіңнен шығарып 

алып, Бақытжан сұм жазықсызды оқсатты десе, өскен 

еліңе сын келеді деуші еді. Милиция дегеннен шығады. 

Олар да туыс-туғанын оққа байлағысы келді деймісің. 

Мәскеуден түсетін лимит жандарын мұрынның ұшына 

тіреп, өлітүске ұрындырды. Ойыл НКВД-сын басқарып 

тұрған Құбай Берқалиев түн ортасында Сарбиеге жетіп, 

бай есебінің тізіміне іліккен Мерғалиевтерге хабар салып, 

Орынборға көшіп кетуін айтқан. Оның себебі осы әулеттің 

келіні Зылипа апасы болатын-ды. Қайсар, бір бетінен 

қайтпайтын Құбайдың өзі де сезіктеніп, басына төнетін 

қауіптен сақтануы үшін ауданға оралысымен әкесін 

түрмеге жауып қойғаны бар. Сонда қарауындағы кейбір 

жымысқы:

– Әкең не қылмыс істеді, мұның не? – дегенде Құбай 

іркілместен:

– Балық аулап пісіртіп жеп отыр. Өкіметтің балығын 

жеуге болмайды ғой, – депті. Сөйтіп, ізін бағатын сұмдар, 


269

әкесін аямай түрмеге жапқан басшымыздан әділетсіздік 

шықпайды деп іштен тынады. Мерғалиевтер әулетін 

зобалаңнан құтқарып Құбай алғыс алса, Қисымбет ауыл-

дастарын киіндіріп алғыс алып жүрді. Құбай ағамыздың 

әкесі Берқали мен Жұмабайдың дәмдестігі, алыс-беріс 

сыйластығы болған. Содан шығар, милиция бастығы 

Құбайдың Дүзелбаймен де қатынасын үзбеген Теңелдің 

естелігінде: «Құбай мамаммен нағашы-жиендідей әзілге 

кірісетін. «Фатима, ақылың көп адамсың, мені түсінесің 

ғой кім екенімді» деп қоятын. Аштықтың «әзілі» қатты, 

баланы өлтіріп жеп жатқан әйелді милициямыз атып 

өлтіріпті. Аштық ақылдан айыруда. 

Тап осындай сәттерді Шәміл ойына оралтқанда, зұ-

лымдығымен қылмыскер атанған Күшенов және қанішер 

баласы қалың жұрттың қарғысын арқалап о дүниеге кет-

кенде шын өлім деген сол шығар. Қазақ сөзінде жауыз-

дарды «Жаназаңа жан келмесін, тамұқ отына өртенгір!» 

деп қарғап жатады. Алғыс өзінің сыпа басының ғана емес, 

ұрпағына да жұғысты екенін білеміз. Ал Күшеновтің лауа-

зымын пайдаланып, адам айтқысыз Мәскеуге дейін әшкере 

қылмыстарынан жиіркенесің, тәрбиесіз, қасиетсіз, осын-

дай оңбағандар да нан жеп арамызда жүрді деп түңілесің. 

Осындайда:

– Безбүйректер, зәлімдер қай заманда болмады дей-

сің, – дейтін қабір қазушы Айдос қақ маңдайынан аққан 

терін сүртіп. – Жауыздықтан қорлық көргендер көз жа-

сым, қаным қабіріңе құйылсын деп қарғайтындар жетіп 

жататын. Адам баласы сұм-сұрқиялыққа, зұлымдық, 

жауыздыққа оппалап үреймен тұншығып, еркінен айы-

рылғасын ажал табады. 

– Аузыңа келгенді айтып былшылдама, тыңшының 

құлағына жақпай түрмеге кетіп қалсаң, өлгенді көмуге 

қабір қазатын қайраттымыздан айырылып қалармыз, – деп 

жасы үлкендеуі, сөзі өтімді тыйып тастай-тынының өзі 

қызыл империяның үрейінен мола басында да сақтан-

дыруды қажет ететінін байқайсың. Ауылдастар елдегі 

бірен-саран жатыпатарларды да, милиция Аманғалиды 

да жақсы біледі. Олардың көзі көреген, құлағы естігіш. 

Айтқыштар: «Біздің Аманғалидың Сталин үшін жаны 



270

құрбан, бірақ кісілігі сырдаң, қылмыскерді іздегенде етеді 

жылмаң-жылмаң, онысы өзінше адамды өлтіруге құмартуы 

емес, түрмеге апарып жұбатуы. Көзін шел қаптағанда 

туыс-туғаны көрінеді бөтен боп, өзін-өзі ұмытып жүрегін 

билер секем боп, аз күледі, ортаға қосылмайды сытылып, 

орағыта сөйлейді кейде жұтынып, уәделесіп қойғандай 

түнделетіп қара машинаны күтіп жүреді», – дейтін. 

* * *

Бірде Ақтөбеден шақыртумен келе жатқан НКВД 



үштіктері жолшыбай Қобда дүкеніне соқпай ма? Арақ, 

шылым алып, ақша айыртқанда сатушының жүз рублінде 

Лениннің сүгіреті болмай шығады. Сол бойда сатушының 

үйін тінткенде ақша жасаушы жабдығын тауып, халық 

жауының қолына кісен салады. Сөйтіп, желігіп келе жа-

тып жолдан бұрылып арақ-шараптарын жайғасып отырып 

ішеді. Бірі ініне жете алмаған суырды ұстап, құйрығына 

шүберек байлап от тұтатып қоя береді. Біраздан соң өрт 

қау шөптен бұрқ ете түседі. Сол кезде түйеге мінгескен 

екі адам ұшырасады. Қызыл жағалылар жалма-жан олар-

ды тұтқындап, өртті сендер салдыңдар, кәне қайсыңның 

қалталарыңда оттық бар деп тінткілей бастағанда бірі: 

«Мына оңбағыр шылым шегеді, қалтасында оттық жүреді, 

кез келген жерді өртеп кететініне өзім куәмін», – демей 

ме? Іздегенге сұраған, қоғамға қастандық деген құжат тол-

тырылып, қол қойылады, табан астында дәлелденеді. Ли-

митте көрсетілген екі бірдей тапсырыс орындалып, Ойыл 

сапарынан қызыл жағалылар олжалы қайтады. Әлемдік 

соғыспен қатар елде де мылтықсыз майдан күн-түн демей 

дамылсыз жүріп, түрмедегі өлгендердің орнын жаңа адам-

дар толықтырып жатады. 

«Соғыс» деген сөзді естісе Шәмілдің жүрегіндегі мұз 

денесін қалтыратады. «Дүниежүзілік соғыста алпыс екі 

миллион адам опат болды» деседі бір ғалым. 1940 жылы 

14 июньде фашистер Парижді қоршап алады. Осы кез-

де Сталиннің тапсыруымен Молотов Гитлерді жеңісімен 

құттықтады деседі. Онысы Кеңес Одағына соғыс ашпасын 

деген пиғылы ма, қанқұйлы соғысқа қару-жарағының 



271

әлсіздігін сезгені болар, қайткенде де соғысқа ұрынғысы 

келмеуі бәлкім шындық шығар. Соғыста өлгендердің 

шындық санын шығару да қиын. Өйткені фашистер 

қаншама қаланы, елді мекендерді бомбалады. Әрбір 

бомбаның астында өртеніп кеткендердің саны белгісіз. 

Сталин соғыс біткесін фашистер жағынан қанша адам 

қырылды, біздің шығынымыз содан асып кетсін деп 

ескертті деседі. Мұның жөнін ойласаң, соғыста халықты 

орасан көп қыру арқылы жеңіс емес, соғыс техникасы, 

қолбасшылардың шеберлігі арқылы жеңіске жеттік деудің 

маңызды екенін меңзеу болса керек. Және өлгендердің 

сүйегін жинап алумен қатар орман ішінде, тау-тас арасын-

да оққа ұшқандарды кім нақты санап тұрды дейсің. Соғыс 

біткеннен кейінгі Гамбург ғалымдарының есебі бойынша, 

1945 жылдан бері 108 соғыс, соңғы жылдары 50-ден аса 

соғыс әлемде жүріп жатты. Оның біразына АҚШ араласты. 

Ең қайғылысы, осы соғыстарда, мысалы, Вьетнамда 80 

мың, Югославакияда 21 мың мұсылман әйелдері зорланды. 

Зұлымдардың ұрығынан фашист, қанішер бүгінде ержетіп 

шығып, зұлымдықтың қылаңын көрсетіп тастады. Әлемді 

сақтандырып отырған терроршы, лаңкестен де ұрпақ 

өсіп-жетіле берсе жұмыр жерде тыныштықтың мәңгілік 

сақталуы қиындай бермесіне кім кептіл?! Шәмілдің ойын-

ша адамзат пайда болғалы байлық таласы, бақ таласы, 

әлемді басқару жанталасы соғыссыз, түрлі қырғынсыз 

өтпеген. Қазақтың «Ұрыншақ орға құлап өледі» дегені 

содан-ау. Байлыққа масығады, көзіне қара көрініп ұрын-

басқа ұрынып жойылады. Бәрінің себебі өмірге есеп 

беріп қарау, шындықты бұзбай сезіну, жасандылықтың 

түрлі қулығын аңғара білу жетіспей жататындықтан бір-

лер емес, мыңдарға, миллиондарға ауыр залал келтіріп, 

үрейді күшейте түсеміз. Жоғарғы тақтағыларға халықты 

үреймен басқару өте тиімді, қатты ұнамды, таптырмайтын 

тарихта жетілген тәсіл. Залалы қатты бірақ. Оны көппен 

бірге нағашысы Дүзелбай да басынан кешірді. 

Екеу.

Адам ата, Хауа ана да екеу. 

Маркс пен Энгельс те екеу. 

Ленин мен Сталин де екеу. 


272

Социализм мен капитализм де екеу. 

Бейбітшілік пен соғыс та екеу. 

Жақсылық пен жамандық та екеу. 

Ажал бұйырмаған шайтан – біреу. 

Айта берсек, екеуге мысал жетерлік. Құдай біреу, он 

екі ай, жыл біреу. Қазақ айтатын «Екінің бірі, егіздің 

сыңары» деп жалғыздың тілегін тілеу бар. Қайткенде де 

санның мәні бар. Қайырлысы, қайырсызын айтам. Бұл – 

1928 жылғы атышулы тәркілеу, яғни жиған-тергенді кеу-

деге мылтық төсеп тартып алудың қалың қайғылы жылы. 

Талаурап шыққан күн зұлымдықты тас бүркей алмайды. 

Айтыс-тартыс аш қасқырша ұлыды, қатып-семген, барын 

ұқсатуды білмеген кедейлер белсенді боп, талтаңдап ба-

сып, өзді-өзі серіктесіп, «қырамын, жоямын, байлардың 

қанын ішіп тоямын, қарсы келгенін соямын, көнбегенді 

көндіріп, аяғыма жығылдырып, жалындырып қоямын» 

деп тайраңдап діңкілді бастады. Түсі суық қалың қара 

бұлт аспанды басты, найзағай шатырлап тұрған. Жасы-

ратыны жоқ, қысастық күшейді. Ағайындар бірімен-бірі 

өшігіп, жауығуы үдеген-ді. Біреулердің өлердей өштігі 

кеткендей тісін шықырлатып, зығырданы қайнап тұрған. 

Біреулері қуыс кеудесінен өріп шыққан қызыл итін 

айтақтап, қолы жетпеген байлықтан олжа тапсам деп ой-

лап төңіректей бастаған. Бай байлығының астан-кестені 

шыққанда жымқырмашының суық қолы жүріп кетеді. 

Сұм-сұрқия сатқындардың көзі найзағай отындай ойнап 

тұрған. Дүзелбай болса байлық қолдың кірі, жусаң кетеді, 

мал бір жұттық, басы аманның малы түгел деген сөзге 

қонақ беріп, жаны тынышталып, көңілі кең жайлаудай, 

ертеңіне сенімі, үміті болашаққа бойлап тұрған. Шын-

туайттап келгенде біреуге өмірдің алды қуаныш, соңы 

өкініш, екінші біреулерге алды өкініш, соңы қайырлы, 

ұзағынан сүйіндіретін қуаныш дегенге тоқтайтын. Ойын 

бөлген бір көзінің ағы бар, мыртық әкіреңдеп: «Жазаң 

ауыр, атылатын шығарсың, не түрмеде шірисің», – деп еді 

қоңыр көзін тіке қадап. Оған Дүзелбай тайсақтамай: 

– Екі өмір жоқ пендеде, тірліктегі бірінші өмірімді 

жаратқанның өзі берді, өзіне тапсырам, мәңгілік мекендегі 

екінші өмірімді барғасын көрермін, – деді. 



273

– Түрмеден бе? – деп милиция тайқы маңдайын быртық 

саусағымен сипап өтті.

– Шырағым, шындық пен өтірік екеу. Шындық жеңсе, 

өтірік өлер. Уақыт келер, асықпа. 

– Байлығыңмен қоса өміріңді бізге, Кеңес өкіметіне 

тапсырасың. Сот үкімінің шығуына асығып тұрмын. 

– «Асыққан – албастының ісі» деуші еді. Байқа, басың 

жас, асығу да екі түрлі, адалдық асықтырады, албасты 

қостайтын жамандық асықтырады. Бірі өрге шығарады, 

екіншісі көрге апарады. Қазақтың «асықпа, өміріңді 

қысқартасың» дегенін ұқпаған екенсің. 

– Біз бәрін ұққанбыз. Іштен оқып шыққанбыз. 

Дүзелбайдың әкесі Жұмабай: «Қуана білгендер өкін-

генде шыдайтынын ұмытпаса, жақсылықтың да сұрауы 

бар, жамандықтың да жазасы бар, тірлік арбаның қос 

дөңгелігі тәрізді қос ізбен жылжиды. Ел болғасын маң-

да қасқыр ұлиды, ит үреді, зәлімдер оқсатамын, ата ке-

гімді қайтарамын деп білегін түреді. Жиркенішті небір 

сұмдықтар жүреді. Ондай оңбағанның талайын көрдік. 

Сондай кезде кең пейілің ғана бәрін жеңеді. Түзу жол 

ақылдыға ұнайды, қисық жолдың айла-амалын зәлім 

тексеріп, тергеп өз пайдасына қолайлы деп санайды. 

Жақсы біреу, жамандық көп ағайынды болса да, айтылуы 

біреу. Жақсы біреу болса да, құндылығы мыңдарға татиды. 

«Ақынның хаты қалады, жақсының аты қалады», денесі 

өлсе де, есімі жұлдыздай жарқырап тұрады. Жаратқанның 

құдіреті, періште де екеу, оң иығыңда, сол иығыңда, 

тірлігіңді топшылап сынап тұрады, жолың жақсы болса 

оған ұнап тұрады. Шайтан о дүниеден қуылып, тек қана 

зұлымдықпен одақ құрады. Ерлі-зайыпты да екеу, ұл 

өсіреді, қыз өсіреді, олар да екеу-екеу боп жұптасып кетеді. 

Адам өмірге келгенде де екеу, жолдасымен келеді. Кетер-

де де жолдастары жөнелтеді. «Бас екеу болмай, мал екеу 

болмайды» дейді қазақ. Пендеге мүмкіндік те екі мәрте 

беріледі, үлгере алмасаң, үшіншіден үміт етпе», – дейтін. 

Дін ғылымын зерттеген Жұмабайға аспандағы Ай мен Күн 

де екеу. Сол екеулердің де серіктері бар. Жұмыр жердің 

де серігінің серіктері де екеу-екеуден болар. Қай жөнінен 

алсаң да қазақ ерте заманнан бері тарихында екі өзеннің 

18-0203


274

бойынан қоныс табады. Екі өзен халық үшін қатар ағады. 

Қалтарыс-бұлтарыс та екеулеп кезектеседі, аяғыңды аңдап 

басасың. Екеуді тереңдеп зерттеп қарасаң өлі тоқырау бар, 

екіншісі шарықтап жарқырау бар. Сол екеуді тең ұстай 

алмайтындар сасып сабалап, қатеге ұрынып, тірі өлерін 

білмей, шайтанның жамандық одағына кіруге мәжбүр бо-

лады. Жақсылығымен жұртты жарылқағың келсе, алды-

мен дұшпаныңа қызмет етіп, оның жоғын түгенде. Мезі 

қылатын сыпсыңнан құтыласың. Қазақ жауды іздеме, өзі 

келеді деген, зәлім қасыңда жүреді аяғын мысықша ба-

сып мияулап. Дүзелбай әкесінің өмір бойы толқытатын 

ақылын көкірегінде қайталап үйіне келді. Бәйбішесі дым 

болмағандай кіршіксіз күлімсіреп қарсы алды. Киімін 

шешіндіріп, асы әзір тұрғанын айтты. Қосағы жаман қайда 

озар деп, Дүзелбай әйеліне күдік-күмән келтіре алмайды. 

Ақылшы, жан серігі. Балаларының анасы. 

– Бәйбіше, мал-мүлікті тапсырдық, байлықтың әбі-

герінен құтылып, өкіметтің бағып, тарықтырмай асырауы-

на тіркелдік. Аталарымыз «Бай байлықтың машақатын 

көреді, рахатын көрмейді» дегені рас қой. Бір кезек кедей-

лер машақатын көрсін, рахатын біз көруге жазсын. Олар 

ұйқы көрмей далақтап шауып, өздеріне жымқырудың 

ретін тауып, ортаға түскен байлық жанына жағып жүр. 

Ұзаққа барса, «әкемнен олжа дәулет еңбек сіңірмегенге 

дәулет болмайды» деуші еді. 

– Басымыз аман қалса жетер, бір құйын айналып-айна-

лып өтер, – деп бәйбішесі Кіші жүздің ас мәзірі бойынша 

қаймағын молдау қатып, шайды кесеге жұқтыра құйды. 

– Бас амандығы да қиын болмаса. Малды, үйдегі тыр-

нақтап жиған мүліктен қол көтеріп бердік. Ата-бабамыз-

дан қалған мұрадан тесік тиын да қалдырмадық. Соны 

алып жатып: «Су аяғы – құрдым, бай құрыды, бітті» 

деп масайрағанын көргенде, кешегі өзіміздің туыстың 

бетсіздігіне қарап жүрегім айныды. 

Бәйбішесі қосыла сөйлеп: 

– Мұралыққа қалған алтын, күміс, қымбат заттар-

ды алуға келген тобырлардың қолдарын қақпай жи-

нап бердім. Анамның анасы, одан арғыдан қалған көзі 

есебіндегі алтын жүзіктерімді, білезіктерді сыпырып, 



275

сиырып сөзге келмей қолдарына ұстаттым. Әлгі тісі 

сойдақ, қыли Жәдік кекете күлгендей өзгеріп, бетіме 

қайта-қайта тесіле қарап жұтынып, езуінің суы жылтырап 

қолын уақалап «Байлардың көбісінің әйелі кісісі өлген-

дей дауыстап, алысып, жұлысып байлығын бергісі келмей 

арпалысып жатады. Сіздің байлығыңызды керексіздей 

көріп бере салуыңыз, қабақ шытпауыңызға таңырқап 

түгіне түсінбедім. Қабағыңды да тырыстырған жоқсың» 

деді. «Бастан садақа, қайырсыз мың теңгеден қайырлы бір 

теңге артық деген. Қазақта қайырлы, қайырсыз деген екі 

сөздің мәні терең. Тапқан табысыңнан бастап, тұтынған 

затыңа дейін қайырлы, құтты болатыны бар, керісінше 

қайырсыз болатыны бар. Қарғыспен келетіні бар, алғыспен 

өнетіні бар. Егін бітік шықса аталарымыз қайырын тілеп, 

мал сойып, қанын шашып садақа беретін еді. Сол тәртіпті 

сақтадық, қайтеміз, алдамшы шығар бәрі, көз тиіп, сөз 

өтіп құритын кезі болғаны ғой. Өлгенімізше қайырын 

көруге жазбаған екен, оның несіне ақылдан адасқандай 

ренжимін. Қазақтардың байлығының ит пен құсқа жем 

болып шашылағаны осы деймісің. Түкке тұрмайтын 

бірдемелерге көзімді суарып, саулығыма салмақ салғаным 

бекер, садақам кетсін. Тек қана мылтығыңды шошаңдатып 

зәремізді алма» дедім. 

 – Дұрыс істегенсің, бұлардың лаңы бір күн, бір жыл-

мен бітпес, ұзаққа созылып, көрген түсім қате кет-

песе жантүршігерлік сұмдықтар қайталана берер. 

Жаратқанның көзге көрінбейтін күші қорған болып, от-

басымызды аман сақтайтын сықылды. Бұлардың бағыты 

жазасыз қалдырмас, – дегені аумай-төкпей келіп, он жыл 

мерзімге үкім кесіліп, Дүзелбай жер аударылды. Міне, 

қайғы да екеу болды, мал-мүліктен айырылса, екіншісі үкім 

жазасы. Ал жазасын өтеп жүргенде нелер жайсаңдармен 

кездесті, дәмдес болды. Жазасын өтеп жүрген Жүзбайға 

Орск түрмесінен хат келді. Хатта: «Жүзеке, жазамыз 

да өтеліп елге барармыз. Тегін тамақ, тегін киім, ауыр 

жұмысқа да үйрендік, орыс тілін де қағып алып жатырмыз. 

Өзің білесің, Жүзбай, Қызбай деген ағайынды екеуіміз 

баймен бірге туған бауырлары деп милицияның жансызы 

соттатып еді. Ата-бабамыздан қалған үйдегі алтын табақ, 



276

күміс қасық, күміс құмандарды тінтіп әкеткенде әйелім 

«Қарын шашым алынған жоқ, қарғысым қате кетпейді, 

сідігің мен боғыңа тұншығып өл!» деп қарғаған ғой. Бізді 

көрсеткен залым Тарғылды жанындағы жатыпатарла-

ры дүниеге таласып, сотқа көрсетіп, тәркілеген қымбат 

мүліктер Тарғылдың үйінде деген ғой. Сегіз жыл үкіммен 

сотталып, түрмеге түскенде кімнің қандай статьямен 

түкенін білетін түрмедегілер оны бөлмеде сиетін шелекке 

басын тығып тұншықтырып өлтіріпті. Түрме милицияла-

ры тексерсе ұрып-соққан белгі жоқ, кімнен көреді, жүрегі 

тоқтап өлді деп көпке қазылған шұңқырға лақтырып тас-

тапты. Қазақ «Біреуге ор қазба, өзің түсесің» деген сол», – 

деп жазыпты. Қарғыс та екеу, жеңгелеріміз көбейгір деп 

жататын-ды. Мақтау, тілек. Тұқымыңа күл шыққандай 

құры дейді, ауыр қарғыс, қате кетпесе өсіп, өркендеген 

тұқым бірінен соң бірі өліп, қос-қос өліммен жойылып жа-

тады. Қазақтың өлім жөнелтудегі денесі суыған адамның 

кейбірінің мойыны бос жатады, сол бойда денесімен бірге 

қабірге қазық қағып тоқтатады. Ал ел-жұртты безіндірген 

нағыз қанішер жауыз өлгенде өштескеннің біреуі кегін 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет