Құлыяс Табыл. Таңдамалы. Үш томдық / Т. Құлыяс. – Астана: Фолиант, 2015. ӘОж 821. 512. 122 Кбж 84 (5Қаз)



Pdf көрінісі
бет14/24
Дата04.02.2017
өлшемі1,88 Mb.
#3366
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24

өлудің де, өтірік өлудің де маңызы, құндылығы, тәсілі 

бар» депті. Алланың ісін толық аңғаруға кім-кімнің де 

қабілеті толық жетпейтін шығар. Пенде күнделікті көрген, 

баққанына риза боп жайбарақат күй кешеді. Осы жағдайға 

анық-қанықпын деп ештеңені кесіп-пішпес. Үзілмейтін 

үміт қайда, азбайтын, тозбайтын ақыл қайда? Ақылға ақыл 

қосатын алғырлық қайда? Жалпы пенде өмірге қаталдау 

қарап, тапқырлықты, болашақты болжағыштықты нақ-

тылау жағынан кемдік көріп жатамыз. 

– Жаратқанның жарылқауын күттіңіз бе?

– Бәрі де Аллаға аян, кімнің жаны таза, жаны ағар-

ғанның ақтан тілегені елеусіз қалмаған. Егер үмітінен, 

сенімінен айырылған адам от көбелек боп ажалды да, 

бейнетті де өзі тілеп алады. Пенде өзін кінәлаған сөзді 

өз құлағымен естімесе, опық жеп өкінер. Онда тұрған 

не бар, әркім періштемін деп ойласа да, періште емес. 

Кейбіреудің қателігі шашынан көп шығар. Өйткені 

қандай қоғамда өмір сүрсе де жоғарыдан дауылдатқан 

сұрау түсіп, мазалап жатады, ал төменгілер ақылмен, 

тапқырлықпен іс атқаруға мән бермейді де, есесіне суайт-

тар мен парақор, жалақор, нетүрлі зәлімдер киіп-жарып 

пайдалы істің де тас-талқанын шығарады. Ертедегі тү-

ріктердің мемлекеттік тәртібінде шонжарлар кедейлерді 

зәбірлесе, мырзалардың мүлкін тәркілеп, тіпті өлім жаза-

сына кесуге құқық берілген. Қазір де үстемдік иесі кімді 



246

зәбірлемей жатқаны айдай анық-тын. Оны күн құрғатпай 

алдына арызбен келгендердің түрлі дерегі көрсетеді. Пар-

тия комитетінде қызмет атқарған жылдарында талайдың 

қорлық көрген оқиғасы көз алдынан өтіп жатты. Бірде 

кеңшардың дөйт, дүлей айқайшыл директоры шопанды 

«Дұрыс құрметтемедің, араққа тойғызбадың» деп соққыға 

жығып кеткен. Бюро талқыға салып қатаң ескерту берді. 

Одан әлгі басшының ұрда-жық мінезі өзгере қойды дейсің 

бе? Адам қырық жасына дейін жүрген жолым, тірлік ету 

дағдым дұрыс десе, содан таймайды. Қазақтың «Ер жігіт 

қырыққа толып, қырқасына шыққасын ойланады» деуі 

тегін емес. Ауылда айтқыш Керей жастарға: «Жігіт ата-

нып, қырқадан асқан сайын артыңа бір қарап, өмірден 

көрген жақсылық пен жамандықты түгендеп, күш-

қуатыңды жақсылық жолына таңдап-талғап қуалай салып 

отыр», – дегенін құлаққа құйып едік. Ақыл – қазына миы-

ңа бірден қона қалмайды, арып-талып іздеп табасың. 

Ұлттық өнеге, қасиетті жанкештілікпен игересің. Иге-

ре алмасаң басыңды тауға, тасқа соғып, өзің қорлық 

көресің. Көңілдің аласы да бар, шаласы да бар, дәлірек 

айтқанда, уақ-түйек дейтін кикілжің ірі қылмысқа кей-

де ұрындырады. Осылай ойлайтыны, халықтық бақылау 

комитетінің төрағасы қызметін атқарған соң алдына 

кімдер келмеді. Бірде орта бойлыдан биіктеу азамат есік 

қағып кірді де, сәл бөгеліп, қалтасынан арызын суырып 

Шәмілдің алдына тастайды. Шағымның мазмұны нағашы 

ағасы салып жатқан қора құрылысына көмектеспегені 

үшін сойылға жығыпты. Оны милиция тексермепті, ауыр 

қылмыстыларды тергеп үлгере алмай жатырмыз деп 

кабинетінен қуып шығыпты. 

– Рас нағашың ба?

– Әрине, рас. Туған нағашым. 

– Оның басқа адамдармен де төбелесетін әдеті бар ма 

еді? 

– Басынан сөз асырмайды, жұмырығын түйіп, кіжініп 



қаһарына мініп шығады. «Іздегенде табылмаған төбелес» 

дейтін мәтелі бар. 

– Таяқ жегендері милицияға бұрын шағынып па?

– Өшіктіргісі келмей жанынан ұдайы қашып жүреді. 



247

– Жиенім деп жылы шырай көрсетіп, еркелеткен кезі 

болды ма?

– Арақ ішпесе «жиенжан» деп бауырына тартады. Со-

сын «дүкеннен жүгіріп барып бір жарты әкеле ғой» деп 

жұмсайды. Тілін алмасам, жағымнан бір тартады. Өзі 

қызық адам, сосын «ауырып кеткен жоқ па?» деп бетімнен 

сүйеді. 


– Менің де нағашым бар, кейде ұрып-соққанын қатты 

сағынамын. 

– Нағашыңның жұмырығы жұмсақ шығар. Менің 

нағашым осы сапарда кеспелтек таяқпен ұрып, басымнан 

қанды бұрқ еткізді. Адамның қанын көрсем шошимын, 

түнімен көзімді ілмей жылап шықтым. Сізбен ақылдасып, 

осы арызымды енді сотқа бергім келеді, – деп әлсін-әлі 

көзін жыпылықтатты. 

– Көзің неге жыпылықтайды, өтірік айтып тұрған 

жоқсың ба?

– Оллаһии, шыным, – деп тәмпек танауын сипады. 

– Нағашы-жиендінің, өтірікшінің арызын сот қара-

майды. 

– Енді қайтіп кегімді қайтарамын быдық немеден? 



– Нағашыңа қарқылдап күліп барып құшақтап, менің 

ауырмайтын құйрығыма ұруды білмей, дорақ емессің ғой. 

Ашу шақырғаныңды айтсаң, алдыңа жақындамайтын 

едім, басымды қатты ауырттың. Ендігәрі өйте көрме, на-

ғашы, жиенім деп басқа біреудің басын жарып, сотталып 

кетсең, түрмеге тамақ тасып шаршап, қатты қорланамын 

ғой деп жынды адамша қарқылдап күле бер. Сосын сенің 

мазағыңды түсініп тиіспес. 

– Өзі жалғыз нағашым. Анам өліп, тіріліп шаң жуыт-

пайды. 


– Кім бауырын жек көреді, сенің де бауырың «Енесі 

тепкен құлынның іші ауырмайды» деп өзіңе елден ұят, 

нағашысымен сыйыспай соттасып жүр деп, қатар құр-

быңның мазағына қаласың. Ондай абыройсыздық жаза сот 

жазасынан да ауыр. Енді түсіндің бе?

– Түсіндім, рахмет! – деп орнынан тұрып күлімсіреп 

шығып кетті. 

Шәміл осы оқиғадан соң қорытынды ойға берілді. Өзі-

нің кіндігінен тараған төрт ұрпағына «Ұлтыңды сүй, 


248

адамдарды құрметте, нағашы жұртыңды ардақтай біл» 

деп шикі жасынан тәрбиеледі. Шындығында, қазақ 

әйелдері үш жүздің бірлігін сақтауда әлем тарихын-

да болмаған қызмет атқарды. Қазақтың нағашы, жиен, 

аға, іні, апа, қарындас, келін, ене, әже, ата деген сөздері 

ешбір ұлт тіліне аударылмайды. Орыстар болса брат, сес-

тра деп өте шығады. Ұлт татулығының мұндай оқиғала-

ры Шәмілге бала күнінен қанық. Жоғарыдағылардың 

басқарушылығындағы үлкен сәтсіздігі, қалың көптің 

көңілін суытқаны, тіпті кейбіреулерді өмірден баз 

кештіргені ұлттың қалыптасу жүйесіндегі құдіретті 

қасиеттерді елеусіз қалдырып, бірді бірге шағыстырып, 

үрейлендірумен мақсатты орындаймыз деуі қандай қа-

телік. Сүттей ұйыған татулыққа жік салып, талайды азап-

тандырды. Содан күні үшін біреулері жағымпазданды, 

кейбірі сатқындықтан есебін тапты. Бас аман болсын деп 

өмірге қатал, қатыгездікпен қарау қалыптасты. Жалпақ 

жұрты ойлаудың орнына өзімшілдіктің азғындық мінезі 

қалыптасты. Ұлттық құндылықты сақтап ұтып шығу 

ұмытыла бастады, зорлықпен ойдан шығарылған ортақ 

қазына, жақсылыққа жаппай халық жетеді, барлығымыз 

бірдейміз деген саясат желі ұйытқыды, бұл ұлттық 

қадір, қасиетті тіпті де салыстыруға келмейтін еді. Ел 

айтқыштары «Социализмде бір қазаннан ас ішіп, бір 

көрпенің арасынан өріп жатамыз, рахатқа батамыз» деп 

сайқымазаққа айналдырды. Тегін білмейтін тексіздер өзге 

жұрттан ерекшеленіп, бәрін де саясат шешеді деп желікті. 

Шындық ұмытылып, жалғандықтың айтқаны екі етілме-

ді. Жақсылық күткендер жалықты, зарықты, санамен 

сарғайды. Ақиқат, шындық жоқ деп мұңданды. Одан са-

йын әлемді шырмайтын жамандық үрейі үдей түсті. Басшы 

адам қалың қауымның сырына қанығып, алдағы тірлікті 

болжап, бағдарлап, айтқанын, нұсқауын жұртшылық 

құлақ қойып қолдады ма, жоқ па зерттеліп жатпады. Бірақ 

Шәміл өзіне ерекше және қатаң талап қоюы билеушілер-

дің тапсырысын мүлтіксіз орындауы ғана емес, екі иығында 

тұратын зіл жүрегіндегі мұз-шерге сабақтас еді. Зіл деуі – 

кейбіреулер Ойылдың азаматы ұқсатпады деуден, екінші 

иығындағы зіл Ойылдың азаматы алым алады, дүниеқор 



249

ғой деуден қатаң түрде сақтануы еді. Біздің қазақ талай 

жамандықты кешірер, бірақ тегіне тіл тигізгенді кешіре 

бермейді. Ал көкірегін кернейтін, бір тыныш таппайтын 

қайғысы әкесінің өлі-тірісін анықтап білуіне зарығуы 

еді. Отбасында қанша бала болса да, солардың біреуі әкені 

ерекше жақсы көретінін балалы болғанда түсінген-ді. Өн 

бойындағы ізгі мінез-құлық, алғырлық, қабілеттілік, 

арам пиғылсыз өмір сүруі әкенің қанынан дарыған деп 

ұғады. Сол игіліктің бәрі алған білімі, ұшқыр қиялымен, 

еңбекқорлығымен қалың жұрт алдында абырой, атаққа 

бөледі. Кейде пенденің мың жақсылығын бір жамандығы 

оқыстан жуып-шайып кететіні де бар. Сондықтан қым-

қиғаш тірлікте ақиқатын жарқыратып көрсеткенге не 

жетсін. Игілікті еңбек етіп, мейірімділігінен жаңылмай, 

қоғам мүлкін, адамдар тағдырын қорғап, сақтауда ха-

лықтық бақылау комитеті орасан мол жұмыстар атқарды, 

заңгерлердің ісін де бір жүйеге келтіруге үлесін қосты. 

Бірде Бүкілодақтық Минитрактросельмаш министр-

ліктің жобасындағы Қызылордадағы ауыл шаруашылы-

ғы машиналарын шығаруды қолға алған болатын. За-

уыт құрылысын тездету туралы 1980 жылы 6 наурызда

№209 санымен шыққан КПСС Орталық Комитеті мен 

СССР Министрлер Советінің қаулысында көрсетіліп, 

қаржы бөлінген құрылыстың бірінші кезегі 1981 жы-

лы іске қосылуға тиісті еді. Қажетті 2 миллион сом қар-

жының 350 мың сомы ғана жетті де, жұмыс мешеулеп 

қалды. Осындай жауапсыздық салдарынан бір миллион 

сомның түрлі станоктары ашық алаңда шашылып азып-

тозып жатты. Мұндай қырзыдықты бақылау комитеті дер 

кезінде тексеріп, тергеп, Мәскеуге дейін дабыл қақты. 

Осындай жағдайға назар салып көріңізші, егер уақытында 

мәселе қозғалмаса, қаржы да, қымбат мүліктер де игілікке 

жарамай, жауапсыздықпен жоқ болар еді. Шәміл өзі 

басқарып қызмет істеген кезінде жоғарыдағыдай талай 

қиын шаруаларды жүзеге асыруға мұрындық болды. 

Игілікті шаруаның орындалуы мүмкін еместей көрінген 

көптеген өндіріс орындарының мәселелерін шешіп, сыр-

тынан қуанғандар Ойылдың азаматы деп құрметтеп жа-

татынын да естігенде туған жерінің атағы көрініп, өзінің 



250

абыройы өскендей сезінетін-ді. Өзгелерге көп ұқсамайтын 

тазалық қасиеті талайдың алғысына да бөледі. Рас, 

біреулер қатал көреді. Онысы да бар. Өйткені, кейбір пенде 

жамандығын ой тұңғиығына жасырса да аңғарып қалып, 

жиреніп, өз отыңа өзің күй деп төтесінен қайырады. 

Дүниеқоңыздықтың пәлесі де жетеді. Қарнына пышақ 

айналмайтын қызғаншақтар да табылады. Туа біткен 

тентек болмайды, жамандықты қуа-қуа еті үйренген тен-

тек болады. Елдегі айтқыш Керейдің: «Бостандық пен 

еріксіздікті шатастырып, шыншыл тілдінің шырайлы 

бетіне қарай алмай жүрмесек жарар еді», – деп отыраты-

ны Шәмілдің есіне оралса, кейбір басшының сөзі жасанды, 

айтқанына есеп бере алмайтынын да талай көріп, білген-ді. 

Басшының әрбір сөзі ақылға негізделіп, істі зеректікпен 

байқағыштығы көпке танылса, ешкім Мәскеуге дейін 

шағымданбас еді. Сосын да халықтың жалғыз-ақ үміті 

тыныштықты тілеумен тынады. Мұнша торығу ерте ме, 

кеш пе әрі-сәрі күйге ұшырауы әбден мүмкін-ді. Бірде 

коммунист шопанды мал басы кем деп аудандық бюро 

мәжілісінде мәселесін қарамай ма? Бюро қорытындысымен 

партиядан шығарып, ісін сотқа бермекші. Содан шопан сөз 

алып: «Айналайындар-ау, шындық малшыға ғана жара-

сып қалды. Басқаларыңа ай дер ажа, қой дер қожа жоқ па? 

Төрт көздерің түгел отырғанда ойлаңдаршы, ауданнан, об-

лыстан келген өкілдердің бәрінің де машинасының артына 

бір-бір қой салып бермедім бе? Кәне, қайсың ауылдан тегін 

қой алып жемедім деп айтып көріңдерші, нанбасаңдар 

қойын дәптерімдегі кімге қай күні қой бергенімнің тізімін 

оқиын ба?» – дегенде бюро мүшелерінің бастары сал-

бырап, бір-біріне қылмыскердей жасқана қарап, сәттік 

үнсіздіктен кейін бірінші хатшы «Бәрің де боссыңдар» 

деумен тынған кездер де болған. Шындық қылмысқа 

белшесінен батқанның қандайын да әрқашан аямайды. 

Халықтық бақылау комитетінің негізгі мақсаты түрлі 

жамандықтың жолын бірден кесу еді. Шыншылды еркінен 

айыру зұлымдықтың түр-түрін бойға сіңіріп, жазылмай 

дертке ұшыратады. Сондықтан да Шәміл асыл сезімін, 

ар-намысын тек қана адалдықпен көркейте білді, қоғамға 

да мол пайда тигізді, мемлекеттің игілігіне өзіндік үлесін 



251

қосты. Кейбір өндіріс, шаруашылық орындарындағы 

тексеріс пен кемшіліктің шаң-тозаңын қаққанда небір 

басшының көзқарасына жақпаса, іштей «қап, бәлем, 

бір оқсатармын» деген кіжінісін байқаса, езуін тар-

тып күліп, бетіне тіке қарап: «Өзіңді-өзің кім екеніңді, 

өзгеден алшақтап кеткен одағай ісіңді жатып-тұрып ой-

лап, қателескен екенмін десең, жаның тазарып, маған 

рахметіңді айтып, телефон шаларсың», – дейтіні біраз 

адамдарды ойландырып, ел арасында аңызға айналды. 

Бірақ бәрін өзім істеп жатырмын дегенді қаперіне де ал-

мады. Өйткені комитет мүшелерінің барлығы да адалдық 

жолдан ауытқи алмайтыны түсінікті. Әріптестеріне 

жақсылықты, шындықты елден алуға мұқтаждықпен, 

билікке табынуға ұрындық. Шындық атом бомбасынан да 

қуатты қару, кемшілікті көріп шыжғырып айта білгенде 

нетүрлі қылмысқа ұрынбас едік. Кейбір шолақ белсенді 

қарауындағыларға менің айтқаным заң, менің айтқаным 

өкіметтің талап етіп отырған саясаты, коммунизм мүдесі 

деп, әдеттен тыс бөсіп, бетіндегі пердесін көрсеткісі кел-

мей сайрайды. Ұлт ұлылығында халық көзіңдегіні ғана 

емес, көкірегіңнің түпкіріндегі ойыңды да көріп, біледі 

деген. Рас, партия саясаты халық шаруашылығының 

даму барысында өндірісті комплексті механикаландырып, 

адамдар еңбегін жеңілдетіп, оны өнімді ұйымдастыруды, 

олқылық жібермеуді талап етті. СССР-дың 1990 жылғы 

дейінгі кезеңге арнаған азық-түлік программасы және оны 

жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы, КПСС Орталық 

Комитетінің Бас секретары Л.И. Брежнев жолдас КПСС 

Комитетінің 1982 жылғы май пленумында жасаған баянда-

масында: «Бірақ біз басқа бір нәрсені жақсы білеміз: біздің 

жоспарымыздың ойдағыдай орындалуы – бейбітшілік ісін 

нығайтудың маңызды алғышарты. Совет адамдарының 

еңбегі – біздің Отанымыздың қуатын нығайту мен оның 

гүлдене түсуінің ең сенімді негізі», – деген. Осыны кейбір 

басшы жағын жаппай ауызбен айтты, нақты істі орындаған 

жоқ. Ауыл айтқышы: «Заманның қызыл түлкісі даламыз-

да толып жүр. Түлкі аулаған басшының қалтасы қалың бо-

лып жүр. Жақсы екен деп жүресің. Күнің түскенде мүлдем 

басқаша деп білесің. Сұрқиялық жолынан тынбасын дегін 



252

күресім. Шындық шырайланып, үдесін-ау, үдесін», – 

дегені кейбір жалғаншылардан жалыққанын күйіндіріп 

отырып білдіретін еді. Кейбір тәп-тәуір саяси құжаттарды 

да қаптесер кемірді, ақыры жыртылып қалды. Кейбір 

шіренгендер билігі асып, байлығы тасып, шарасы майға 

толатын, шаңырағына күн күлімдеп, тасыну мерзімін асы-

рып, қоғам дәулетін тонап жатты жасырып. Жоғарыда 

айтқан облысты басқарушының бірі Күшенов жазасын 

өтесе де, сыбайластарының аман қалғаны, мұндайда 

бұққан озады мен тасада қалады дегенді меңзеп тұр. Он-

дайларды да қорғаушылары тығыл деді тығылды, жығыл 

деді жығылды, тасада тұруды ұғын деді ұғынды. Алла деп 

адал асын ішіп отырған адаммын деп мүләйімсіп қалды. 

Заң құрығына ілуге дерек жетпегесін өйтпей қайтеді. 

Айқыштар іліп алып, сіңісті әзілмен: «Көз көргенін, көсеу 

түрткенін істейді, зұлымдықпен ауызданғандар өлсе де 

адал жолға түспейді, өзінің сұрқиялығын жақсы ұғып, 

үстемдіктің ми батпағына мұрсат бермей күштейді», – 

дейді. 


* * *

Бірде сәске түс кезінде қария келіп өкінішін баян-

дамаққа бекінді. «Шырағым, басшының алдында зейнет-

ке шыққанша жұмған аузымды ашпаған едім. Қоғамның 

малын бақтым, өкінішім жоқ, орден, медальдарын алдым. 

Жалғыз ұлым қалаға жұмысқа кіріп, үй-жай алғасын кө-

шіп келдім. Бір күні бастығы ыдыр жоқ, мыдыр жоқ, айы-

лын жимай, әкең-шешең деп боқтағанға шыдамай ұлым 

жұмырығын жұмсапты. Жұмыстан шығарып, тіпті басы-

на қауіп төне ме деп қорқамын. Өйткені Күшеновтің сот-

талып кеткен баласының автокөлігіне үш қызды мінгізіп, 

өзен бойына кеткенін көзімен көргендікті айтып, сотта 

куәгер болғаны бар ғой, қатты қатесі сол», – деп мүжілді. 

– Жазбаша шағымың бар ма?

– Жазбаймын, өзіңіз ретін тауып, Жалбыровқа ешкім 

қысым жасап жатқан жоқ па десеңіз жетеді. Ей, қандай 

зәлімдік, қараулық та, азап та, мазақ та, жанжал да 

құдайдан шығар дей алмаймын, шайтан азғырады. Билігі, 



253

байлығы бар адамдар көзге көрсетіп езбейді, жаншымай-

ды, теспей сорып, өзгенің қолымен от көсеп, жаныңды да, 

қаныңды да сығып алып, сахараға салған сүйектей қуартып 

тастайды. Үрей биліктен, ажал құдайдан деп қорсынып 

тынамыз, бұғуға үйренгенбіз. Жолы болмағандар, қорлық-

қа ұрынғандар пәлені өзінен көрмей, Құдайға жабуға 

шеберленіп алды. Құдай жолы да, дін жолы да кісілік 

ғұрыптың таза болуына негізделгенін ішімізден түсінсек 

те жария түрде айта алмаймыз. Әйтпесе, дінде бір кісіні 

өлтірген қанішер рулы елді өлтіргендей жазалы дегенді 

түсінсе, Күшеновтің баласы қыздарды зорлап, қорлап, 

мойнына тас байлап қара тереңге батырмас еді. Пенде 

кейде көп білгендіктің, халыққа жағымды болғанның да 

азабын шегеді. Ал сұм-сұрқия ізгілікті ұмытып, өзгеден 

асамын деп жалған намыспен ұрлыққа, түрлі қылмысқа 

барады. Тез жарылқана қоймаса, оңбай сүрінсе, құдайға 

тіл тигізеді. Кісілік тазалығын сақтамағанын ойламайды. 

Зәлімнің оқыс қимылы, шалағайдың шатасуы, қоғаммен 

бірге жасасып тоқтамасы сірә да белгілі. Үнсіз адам бол-

мас, мінсіз қоғам болмас. «Қандайда мықты қамал ішінен 

қирайды» деген бабаларымыз тыныштықты бұзбай сақ-

тануға байланыстылығын меңзеген ғой. Жанымызда жүр-

ген жексұрындардан қатты қорқамын. Биліктің үрейлі 

азабынан құтылу да қиын шығар. Кісі өлтірушіні көрген 

жалғыз менің ұлым емес көрінеді, көрмейсің бе, жүрек 

жұтқандай болып басқасы үнсіз қорқып қалғанда, ұлым 

куә болғанына қатты ұрыстым. Күшеновтің зұлымдары 

бәрімізді қырып кетеді деп қақсадым. Баскесерді көзіммен 

көріп тұрып қалай шындықты жасырамын дейді. Енді, 

міне, жұмыстан қуып шықпақ, бәлкім қылмыскердің азу-

лы құйыршықтары ізін бағып, қапысын тауып өлтіріп тас-

тар. Ұйқым қашты. 

Шәміл өмір бойы ұстаздық еткен қариялардың пікіріне 

ой жүгіртіп, қойын дәптеріне жазып қояды. Ең алдымен 

басқасынан бұрын үлкендердің арыз, шағымын орындауға 

көңіл бөледі. Жүзбай сықылды талай қарттардың зәбірін 

заңдылықпен қорғап, алғысын алды. Үлкендерді көрсе 

Дүзелбай нағышысын көргендей болып, мейірі мен жан 

шуағын білдіреді. Көпшіліктің аяқ аттаған сайын жан 



254

азабына түсетіні шен-шекпеннің, орынтақтың, саясаттың 

жөнсіз үрейінен сезіктілікпен сенделіп сорлап қалатыны. 

Бір жерде төбелес болса, шенді милиция алдымен сол маңда 

жүрген бұрын сотталған адамды тауып алып, қылмысты 

істі тездетіп жабуы үшін жазықсыз болса да жазықты етіп, 

ұрып, соғып, қорлап тастайтыны да бірен-саран көрініп 

жүр. Пенденің басына тиген бір соққы қайталана берсе 

қандай ауыр. Қазақ даналығында «Ұра берсең жылқыдан 

да шам шығар» дегені жылқы мінезді көнгіштігімізді 

баяндайды. Ертеде Ойылдың қайраты бар халқы түгел 

жұмылып, Жекенді өзенінен бөгет салды. Қол күрек, қол 

арба, қап, қапшықпен құм топырақ тасып салған бөгет 

игілігін ел көреді деп қуанып жүргенде тасыған су бұзып 

кетеді. Қызыл жағалылар жарғақ құлақтары жастыққа 

тимей сабылып жауды іздейді. Ауданнан шыққан үш-

төрт милиция, оған Сарбиедегі Аманғали қосылып, 

Дүзелбайдан да жауап алуға барады. Жатыпатарларынан 

сұрастыра бастайды. 

– Қай жерден, қандай бөгет салғандарыңды көрген де 

жоқпын, естіген де жоқпын. 

– Біреулерің суық жүрісін, қоғамға деген қисық ойын 

байқаған жоқсыз ба?

– Кімнің ішіне кім кіріп шығыпты, ал Жекенді қайда, 

мен отырған Қызылқоға қайда? Бұрын жазалы болғасын 

ізім аңдулы екенін білмейтін мені ақымақ көресіңдер ме, 

әлде сезіктенетін өздерің ақымақ емес шығарсыңдар. Тал-

май іздеп, табандарыңды тоздырып қылмыскерді таба 

қалсаңдар, менің құқымды қорлағандарыңа кешірім 

сұрайсыздар ұялмай. 

Сонда Аманғали қанын ішіне тартып тұрып:

– Он жыл үкімді орындадым, қоғамның тең азаматы-

мын деуге әлі ерте. Әлі тексере түсерміз. 

– Е, сөйте-сөйте тиянақты тексеруді үйреніп кетесіңдер. 

Тексер, қалың көптің бетіне топырақ шаша алмассыңдар. 

Ел қатарлы еңбек етіп жүргенімнен басқа тексеріп немді 

табар екенсіңдер? 

– Түймедей кемшілігіңді білсек, лажсыз мойындатып, 

түйедей етерміз әлі. 

– Тергеуде ғылым, білімге сүйенсеңдер қуанар едім. 



255

Кейіннен тергеушілердің есіне Дүзелбайдың ғылым 

дегені оралса керек, түрлі мамандар ақылдаса келе бөгет 

құрылысына сынап тастаған болуы керек деген шешімге 

тоқтайды. Сынап кімнің қолында болуы мүмкін, тек 

қана химиктер мен дәрігерлердің қолында тұруға тиісті. 

Малдәрігерлік станцияда түрлі сынап болған. Мұнда кім 

сезікті, жауап алына бастады. Кімдер бөгет жұмысына 

қатысты. Жалғыз Коля Зражевский Жекенді бөгетінің 

басынан аяғына дейін ат арбамен қызмет еткен. Бұл аза-

мат кім, әкесі бала-шағасымен Астархан облысынан жер 

ауып келген кулактар. Әкесі қайтыс болған, Иван, Сер-

гей деген ағалары кісі өлтіріп, кісі етін жеп, жиырма бес 

жылға сотталып, түрмеде жазасын өтеуде. Ақырында 

Коляның бөгетке сынап қойғаны анықталып, қылмысы 

мойындатылады. Ал еңсесін басқан көз түрткілікке шы-

дамай Дүзелбайдың туған жерін тастап кетуінің осындай 

да себептері болған-ды. Айта кетелік, Дүзелбай жер ауда-

рылып жазаланып кеткеннен кейін екі әйелі – Фатима, 

Нұрыш, екі баласы Теңел, Жеңісбай және қызы Тәкіш 

Нұрымгерейдің үйінде тәрбиеленіп, аштық қырғынының 

ауыр жылдарында аман қалды. 

* * *

Дүзелбайдың тергеушілерге ғылым, білім дегенінен 



шығады. Шәміл өмір бойы ұстаздық еткен қариялардың 

пікіріне ой жүгіртіп, әкесі Нұрымгерейдің де білімдар 

болғанын ойлайды. Болмыс-бітімі, мінез-құлқы әкенің 

қанына тартқаны анық, бала кезінде жүріс-тұрысың да 

әкеңе ұқсайды деуші еді. Туыс-туғандарының сол сөзі 

ылғи да есіне түседі. Әкем «ғылым – дін, құран – білім» 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет