Құлыяс Табыл. Таңдамалы. Үш томдық / Т. Құлыяс. – Астана: Фолиант, 2015. ӘОж 821. 512. 122 Кбж 84 (5Қаз)



Pdf көрінісі
бет19/24
Дата04.02.2017
өлшемі1,88 Mb.
#3366
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

сенім орнады. 

– Халықтық бақылау комитетінің тәуелсіз болғаны ора-

сан мол шаруаны тындырды ғой, – деді Шәміл Нұрымгереев 

бір кездесуде. 

– Қарапайым халық шындықты, ақиқаттың мейлінше 

күші барын сезінді, тәж-тақ алдында жасқанушылар 

бойын тіктеп, орынды пікірін жасқанбай айта баста-

ды, әркім адал ақиқатты өзінен бастағанда қоғамдағы 

жат құбылыстарға жол берілмейтінін түсініп қоймай, 

құлшыныс білдірді, үрейдің ығында тарыла бастаған 

еңбекшілер сезімі асқақтады, – дегенімде Шәміл:

– Тәке, алғашқыда осы шаруаға жүрексінген жоқсың ба?



297

– Республикамыздың бірінші басшысы Қонаевтың 

ұсыныс-пікірі делінген соң неден жасқанамын? Талай 

қуғын-сүргіннің зардабын көре тұра Ойыл айтқыштары 

әжуа-мысқылын көсемдерге дейін бағыштап жататы-

нын жастан біліп, көріп өстік. «Бас кесу болса да, тіл 

кесу жоқ» деген қазақтың өткір мақалы жадымызда. 

Қоғамның бір мүшесі боп жүрген орталарымызда бадыра-

йып көзге ұратын кемшіліктерін кешіп жүргенде, онымен 

күресу азаматтық борыш емес пе? Атқарған ең адал ісің 

топыраққа көміліп қалмайтындай, қалың көптің жадында 

жарқырап өшпестей тұруын тілеудің, сол тілекке жетудің 

өзі ғанибет. Комитеттің есебінде жүріп «Жебе» сын-сықақ 

тележурналының отыз санын дайындап, республикалық 

халықтық бақылау комитетінің мұрағатына өткізіп 

және кейінгі жылдарда сатиралық кітаптарыма шикізат 

есебіне пайдалануға көшірмелерін өзімде сақтадым. Одан 

сатиралық романдарым, повесті, көптеген әңгімелерім 

кітап болып оқырманның қолына тиді. Мафия туралы 

қазақ әдебиетінде бірінші аталып жарық көрген «Қара 

терең» романым шығармашылығымның жемісі деп 

білемін. Түрлі кемшіліктерді көріп жүргенде саясаттың 

коммунизм деген ұранына мүлдем қайшы, қарама-қарсы 

сенімсіздік ой келетін кейде. Қазақтың «Жарылмайтын 

тас, суалмайтын құдық жоқ, бәрінің де ақыры бар» дегенін 

еске алғанда істеліп жатқан іс те, айтылып жатқан ұран да 

осыдан осылай бола берсе, ақыры көрінер деп қаламыз. 

– Бұл бір емін-еркін журналистік жұмыс жасаған 

ұмытылмас кезеңім еді. 

– Кемшіліктермен күресемін деп алдыңа мақсат қой-

ғанның өзі елеусіз қалмайтын тірліктің белгісі ғой, – деді 

Шәміл. – Нағашым Дүзелбай қоғамдағы заңдылықты 

біле тұра кейбіреу одағай, жұғымсыз пікірін тез таратып 

жіберетін қулар болады. Ондайлар өтірік айтуыма кім 

бөгет болар дейсің дегенді іштей меншіктеп үйренген-

дер. Қуғын-сүргін жылдарында өтірікшілер, суайттар 

жарылқанды. Қампиып жүріп өздерінің құлқыны үшін 

өмір сүрді, шын өлетіндерін білген жоқ, білуге ақылдары да 

жетпеді. Бәрібір олардың бірде-бірінің өмірі жақсылықпен 

аяқталған жоқ дейтін-ді. Дала даналарының ақыл-кеңесін, 



298

ұрпаққа мәңгілік өлмейтін ақыл сөзін қалдырғанын жа-

дымыздан шығарып алмасақ деп армандаймын. Нағашым 

ұрпағым аман тұрғанда, жайқалған жапырақтай сәндік 

құрғанда, бірінен соң бірі ұрпақ жалғастырып жатқан-

да мен өлмеймін, қаншама дұшпандарым өлтіргісі кел-

се де өлтіре алмады дейтін. Тірлігінде адаспастай жүріп, 

жұртқа жол көрсетуден таймаған, төңірегін де, бүгінін, 

болашағын да тез байқап қалатын бабалар ұлылығы қай 

заманға да керек-ақ.

– Хош, осыдан артық бақыт бар ма, Аллаға шүкір, аға-

ларымыздың өзі болмаса да шырағдандай сөнбейтін ойы 

қалды, – деп ақ пейілмен жүзі жадырап Шәмілге қарайтын-

ды. Нағашысының ақылы: «Ойыңа келгенді ойланбай 

істеме» деген. Шәмілдің тексеру деректері – түпсіз қулық 

пен күрестің мылтықсыз майданы. «Маған ешкімнің тісі 

батпайды» деген облыстың бірегей басшысы Күшенов пен 

қанішер баласының қылмысы анықталып жазалауы рес-

публика өңіріне таралып, хабарланып жатты. Қоғамда 

әдетте үстемдік иесін жаппай мақтап қол соғып, дабы-

ралап жататын дағды бар-тын. Түрлі қылмыстар көріне 

бастағасын жөнсіз дәріптеу де бәсең тартты. Дегенмен 

қылмыскерлер де қарап жатпай, небір құпияны ойлап тап-

ты. Қазақ ондайды «жеген ауыз жесін» деп кекетіп тастай-

тын еді. 

Сыйлық пен бұйрық. Еңбегің еленіп, айлығың төленіп, 

оның үстіне сыйлық алып тұрғанға не жетсін?! Өзіңе 

керектісі де сол. Оны абыройыңның асқаны, мерейіңнің 

тасқаны дей бер. Сондықтан да болар, біздің Мыскин ұзақ 

жыл ізденбей-ақ сыйлық алудың жаңадан айла-тәсілдерін 

тауып, таң қаларлық үлкен жаңалық ашты. Мекемеге 

жұмыс таппай тауы шағылғандар да, ісін оқсата алмай беті 

қайтқандар да, көңілінде әр түрлі күдігі барлар да келіп

кетіп жатады. Кеткендердің көзі біразға дейін тұманданып 

жүреді. Өйткені химиялық жолмен киім тазартатын 

аппараттардың сылдыры бар да, жұмыс істейтін тұлдыры 

жоқ. Айналасы бір жылда 340 адам жұмысқа алынса, 

оның 250-і «Қызыл, жасылды химия үнсіз бол, Мыскин 

мұңсыз бол» деп жұмыстан шығып кетеді. Қипақтап ма-

заны алып кетпей қоятыны жоқ, бетінен жарылқасын, 



299

барсын деп Мыскин күледі. Аты-жөнінен олжа табатынын 

іші біледі. Тұтынушы дейсің бе, түрлі киімін тазартуға 

әкеледі, кассаға ақшасын төлеп түбіртек алады. 

– Мейлі алсын, кім бетінен қағады. Ақша барар жеріне 

жол табады. 

– Оу, дұрыс тазартылмапты, кір-қожалақ қой, – деп 

көбісі шу көтереді. 

– Саспаңдар, қоспаның әлемде жоқ жаңа түрі, бір 

жеті кигесін киімге сіңіп айнадай жарқыратып тазартып 

шығады. 

Мыскин басқаратын аудандық халыққа тұрмыстық 

қызмет көрсету комбинатында қағаз жазудан басын кө-

термейтін бас бухгалтер Асаченко мен ақша санаудан қолы 

тесілген кассир Кислова бар. Олар Мыскиннің Қырым-

нан келетін көз таныстары, сөз таныстары және өз та-

ныстары болып есептелетін жыл құсындай ұшып келіп, 

қалтасын қалыңдатып, табысына автокөлік мініп кете-

тіндердің ұзыннан ұзақ, көкке тұзақтай түрлі құжат, 

есеп-қисабын шығарудан шаршамайды. Неге шаршайды, 

өздерінің де іші майлы. Өзіндік пайда жанға жайлы. 

– Басбухқа пәлен мың сом сыйлық. 

– Кассирге де сыйлық одан кем болмасын. Ақшаның 

иісін иіскеп шаршап отыр. Жалған бұйрық жарық дүниеге 

көрсетілмей, қара сандыққа тығылады. Өйткені бұйрыққа 

қол қойып мөр соққаны үшін Мыскиннің бөлістен ала-

ры қомақты. Қарауындағы қызметкерлерден кем олжа 

алып таппассың, ондай дорақты және сыйлық жазылған 

құжатта бастықтың аты аталмайды, есебін Қырымнан кел-

гендер жарылқайды. 

«Осы бар ғой ақшаны адам ұрламайды, адамды ақша 

ұрлайтын көрінеді» депті бір айтқыш. Із-тұзсыз мыңдап, 

миллиондап жоғалған ақшаны итпен іздеп те таппассың. 

Қырымнан келіп сыйлық алатындар тірі ме, өлі ме, жер-

де жүр ме, көкте жүр ме, көрген-білгені адам ба, шайтан 

ба, түсін түстеуге ешкінің көзі жетпес. Түрлі құжаттарда 

Михай және Ивануса деген цыгандардың бригадасы қылаң 

береді. Ал тап. Жұмыр жерде осындай аттас не көп, цыган 

көп. Сонымен Мыскиннің үстінен қылмыс көтерілсе де 

дәлелденбей жабылады. 



300

Мыскин ашқан олжа опыру жаңалығын қаладағы тігін 

цехының бастығы жалғастырып, өнім бағасы 500 сом 

болса, қолы жүгіріп бір нольді қоса салып, 5000 мың деп 

көрсетіп, біраз ақашаны қылқ еткізбей ме?

Сыйлық демекші, Мыскин – ауданда таптырмайтын 

басшы, колхоз, совхоздарға да қора салып, үй тұрғызады, 

автонауа, тағысын тағы қызмет түрін қырымдықтармен 

бірігіп тындырып береді. Атқарылған жұмыстың қа-

ражатын өзі басқаратын комбинатқа аудартады. Оны-

мен қоймай шаруашылық басшыларына «өзіме давай 

сыйлық бер» деп дікіңдейді, тыңдамаса республикалық 

басшылардың құлағын тістеуге дейін барады. Бұлай ер-

кінсудің мәнісі Мәскеу жақта көз қиығын тастап қорғай 

кететіндері барға ұқсайды. Сосын да тергеу мен бақылау 

қимылсыз жабылып жатады. Аудан басшысына емін-

еркін кіріп: «Қызметкерлеріміз мұрнынан қан кеткенше, 

өкпесі өшіп, табанын тесіп, халықтың киімін тазартады, 

түрлі киімдерін тігеді, үйлерін жөндейді, тоңазытқышын 

қатырып береді, телевизорын сайратып, үй жиһаздарын 

жайнатып қояды» деп дем алмастан ауызы-ауызына 

жұқпай сайрап береді. Бүкіл жоспарды 110-120 пайыз 

орындап республикада біріншіміз. 

«Жаныңа жамандық бермесін, Мыскин жолдас». Ау-

дан басшысы жылы қабақ танытуы мұң екен, облыстық 

тұрмыстық қызмет көрсету басқармасы №48 бұйрығын 

бұрқ еткізіп: «Жоспар орындаудағы Мыскиндік гео-

метриялық жаңаша тәсіл бағаланып, ауыспалы Қызыл 

Ту және қомақты ақшалай сыйлық берілсін!» делінген. 

Міне, өтірікті шындай, шынды шайтан ұрғандай етіп, әр 

істің тігісін жатқызып үтіктеп, таудай қылмысты да ине-

дей етіп жасырған Мыскин, аға бухгалтер және экономисі 

ақшалай сыйлықты алақандарын уқалап, жымсия күлісіп 

бөлісіп, бірін-бірі құттықтап, тост көтеріп тойлап жатты. 

Айта берсе, өтірік өріс алған жерде қазаннан қақпақ 

кетсе, иттен ұят кетедінің кері келіп, нетүрлі жырынды-

лар жұмысқа алынып, қайта шығып, бетімен кетіп жата-

ды. Бәрінің де қалтасы тоқ. Осында келіп-кететін брига-

да басшылары Джулибери мен Ганнади дегендердің қай 

елдің азаматы екенін білдіретін құжаттары да жоқ. Бұлар 



301

жиһанкез Жюль Верннің ұрпақтары ма, ешкім білмесе де 

қоғам мүлкіне қожалық етіп жұмыс істейді. Мыскинің 

бұйрығы талай келімпазға май шелпек, одан өзі де олжа-

сыз қалмайды. 

– Осындай талан-тараждың талайының бетін халық 

бақылаушылары ашты ғой, Шәміл, – деген.

– Оның бәрі барған жерде алдымен жұмысшы, шаруа-

лармен кеңінен сөйлесіп, кеңесе білудің жемісі ғой. Абы-

сындармен сөйлесе білсең, ашылмайтын сырды ұғасың 

дейтін апайым Айзада. Шәміл сөзі бір оқиғаны тағы 

қозғады. 

 * * *

Айзада апай қыстың көзі қырауда баспана таба алмай 



жүрген Қабеш дегенді екі бөлмелі үйінің бір бөлмесіне 

кіргізді. Әйелі, баласы бар үш жан. Қабдеш колхоз малына 

шөп салады. Қызық адам еді, таң біліне бастағаннан тұрып, 

жетілік шамды жағып іліп алар, былғары етігін сипалай-

ды да отырады. «Әкемнің көзі осы болмаса өлер едім. Әкем 

Мерғалидың малын бағыпты, бай жақсы малшысың деп 

елде жоқ осы етікті кигізіпті. Біреулер байды сүмірейтіп 

жау деп жамандайды. Етік кигізген байды мен қайтіп жа-

мандаймын?» деп өз-өзінен сөйлеп отырады. 

– Байды мақтап сотталып кетерсің, аузыңды жап! – деп 

киіктің асығындай шағын денелі әйелі тыйып тастайды. 

– Жұрт ұйқыда, менің сөзімді кім естиді? 

– Үй сыртында адам бар, жар естиді, есік естиді, – 

дейді әйел от тұтатып, шай дайындап жатып. Айзаданың 

тағы бір көңілінің кеңдігі, қолының ашықтығы жалғыз 

түйенің сүтін көршілерге таратып береді, қара шай 

ішіп отыр ғой деп аяныш білдіреді. Кейде сабақтан бос 

уақытта көршілерге тостақан сүтті мен апарам. Соғыс 

жылдарындағы қайыршылық пен қаңғушылық таң емес, 

жоқтық қысқанда ащу өршіп, кейістік жүріп жатады. 

Оны-мұныны, ырым-жырымды себеп қып жанжалдасу да 

кездеседі, бәрінің соңы кешіріммен тынады. Есіктен кіре 

бергенімде ене мен келіннің тіл шайқасы жүріп жатыр 

екен. Тақырыбы ырыс қашады баяғы. 



302

– Ырыс қашады. Тәйт-тәйт, сыпырмас болар кешқұрым, 

үйдің ішін! Тарт, тарт, көрпені де қақпа! – дейді Қатира 

шешей жақында түскен келіні Бәтиманың қолынан 

сыпырғышты жұлып алып. 

– Неге, апа, жаңа ғана қонақтар аттанды, ыбырсып 

кетті үй іші. 

– Болмайды, жоқ, қарағым, болмайды! Болмайды деген 

соң болмайды. Білесің бе, ырыс-дәулет қашады. Қонақтың 

әкелген ырысы солармен бірге кетіп қалады. 

– Қайда қашады? – деді сөздің парқына түсінбеген 

келіні. 


– Масқара! Масқара, анаң түк үйретпеген бе? Не бетімді 

айтайын? Ырыс-дәулет дегенді білмейтін қандайсың? Сы-

пырма!

Бұрын мұндай қатқыл сөз естімеген Бәтима қатты 



абыржып қалды. Екі беті далаптай қызарып, буында-

ры қалтырап кетті. Көзі жасаурап, төбесінен мұздай су 

құйғандай болды. Сөйтіп еденге су бүркіп жүрген қо-

лындағы кесесін түсіріп алды. Күлпаршасы шықты ке-

сенің. Шындап құрауға да келмейді. 

– Ойбай-ей, міне, масқара. Не болды, жаңа ғана айттым 

ғой сыпырма деп. Міне, бүгінгі жастар өйістіп қартайтады. 

Бай-бай-бай! Барлық дүние мүліктен мына кесе тәуір еді. 

Берекенің басы еді. Марқұм Назираның көзі еді-ау. Қайран 

дүние-ай. Бүгінгі жастар ненің қадірін біледі. Бұлардың 

қылығына қарап тұрсаң күніңнен бұрын қартаясың. Тіпті 

ажалыңнан бұрын өлесің. Ибай-ау, қайран, қадірлі кесем-

ай. Пысықсып қалып едің екі кештің арасында. Бәрі сенің 

кесірің. О, тәуба, кешір. Ырыс қашпаса жарар еді, о, 

жасаған! – деп Қатира апай қақсай жөнелді. «Қазақ ырым 

етеді, кейде ырымы кері кетеді» дегенді оған кім айтсын. 

– Сөйтіп, е, мына бала тостағанын ұстап тұрып қалыпты 

ғой, әкел сүтті. 

* * *

Тостаған демекші, елде ыдыс-аяқ жоқтың қасы. Әйтеуір 



Әжкен деген шебер ағаштан қасық, ожау, табақ, үлкенді-

кішілі тостақандарды әдемілеп оюлап тапсырыс берген-



303

дерге жасап береді, ақысына ыдыс толы тары апарасың. 

Жұртта көңіл-күй нашар болса да шыдам берік, бірінің 

жетпегенін бірі толтырып, адамдық бейнені көркейтіп жа-

тады. Ұлттық қасиетті сезініп, қиындықты жеңу міндетке 

айналған-ды. Бөлекқали деген ұста ағамыз Әжкен ағаштан 

түйін түйсе, ұста сом темірді сағызша иіп жұртқа көсеу, 

мосы, шелек жасап береді. Ат шана, өгіз арбаны да ауыл 

шеберлері құрастырып, шаруашылықтың қажетін өтейді. 

Бірақ темір қат, ағаш қат. Дайындық орындары халықтан 

тиын-сиын беріп темір, сүйек, тышқан терілерін жинап 

алады. Темірді қайтеді дерсіз. Ашыққан адамдар жерді 

темірмен шұқып, дән тастап азығын алар еді, ондайлардың 

жолын кесіп ашықты ма, өле берсін деу шығар. Сүйекті 

қайтеді дерсіз. Төрт бірдей қырылған қазақтардың сүйегі 

далада шашылып жатыр. Сол сүйек тарихи дерек бо-

лып қалмасын деу болар. Тышқан терісін неге жинайды 

дерсіз. Қазақ тышқан жесе де өлмей қалады, тышқанын 

құрту керек деу екені ақиқат. Онсыз да малды құртты. 

Енді табиғат асырап, қазақ жер басып аман жүрмесін де-

ген геноцидтік саясаттың құпия қулығы. Өйткені, Голо-

щекин «Кіші Октябрь» саясатын Сталинге жазып бекітіп 

алды. Бір хатында: «Қазақтар тағы халық екен, қасық, 

шанышқы ұстауды білмейді, асты қолымен ішеді. Есік, те-

резе қондырып үй салуды білмейді, көшіп жүреді де, қыс 

түссе тышқан сықылды жерді қазып кіріп кетеді» дегені 

бар. Қазақтың жанына, тірлігіне не керектің бәрін тар-

тып алып, үрейге тұншықтырудан көз аштырмаса да елде 

Айзада апамыз сықылды мейірімді адамдар зұлымдыққа 

қарама-қарсы жақсылығын аяған жоқ-тын. Ұлттық құн-

дылықтың мұраты осылай жалғасты. Ғасыр рухының 

ізгілігі, ірілігінің өлмей ұрпаққа жалғасатыны байқалып 

тұрды. Елде Нұғыман деген туыс-туғаны өнерге, әдебиетке 

бейім адамдар болды. Нұғыманның үйіндегі зайыбы әкесі 

келе жатқанда балаларын бөлмелеріңе бар деп, әкенің тау-

дай айбарын құрметтеуді өнегелеп тұратын еді. Соның бәрі 

тірлік толы зұлымдық, алдап-арбау өршіп тұрғанда ұлттық 

қасиеттің қажеттілігін көрсететін аса бір құдірет еді. Рас, 

Кеңес өкіметі біраз адамды дандайсытты. Түрлі қысыммен 

өткенін ұмыттыруға дейін қастандық жасады. Сонда да 



304

айтқыштар «Халық – терең су, оны лайлай алмайсың» деп 

тірінің жадынан өшпейтін сөз қалдырды. Коммунизмді бір 

өзі орнататындай шіренушілер күні кешеге дейін өзі билеп, 

өзі төстеп келгендердің талайын халықтық бақылаушылар 

анықтап, айта қалғандай іс тындырды. Нағыз әділ сын 

игілікке бастағанын Шәміл де, басқалары да, мен де көз 

жеткізіп жалпының ділгәрлігі шындық екенін көрсетіп, 

қалың көп байқап, көңіл бөлгенінің куәсі болдық. 

– Айта берсек былықпайдың талай дерегі қолымыздан 

өтті ғой, – дер еді Шәміл әркім өзімен-өзі, қоғам үшін өмір 

сүруді ұмытқандарды елестеткендей сыңаймен.

– Қоғамды ұмытқандардың бірін жолсапарда Тал-

дықорғаннан кездестіріп едім, – деп жазған шығармамды 

тәптіштедім. Айтпақшы, жігіт бола бастағанда:

Мен бір сұңқар ұша алмаған биікке,

Оқушылық жібермейді ерікке. 

Тәуекел деп белді буып көрер ем,

Асыл еркем, сен жарасаң серікке, – 

дейтін бозбалаларда екі арман бар. Бірі – білім алып, нан 

табу, екіншісі – жар тауып, ұрпақ өсіру, ата-бабасының 

есімін өлтірмеу еді. Ол бөлек әңгіме, оған ауытқымай 

тұрып төмендегі «мықтының» тірлігін тілге тиек етелік. 

Тыңдап тұрған Фиоктистов:

– Алло-ау, бұл кім екен? Тыңдап тұрғаған Фиоктис-

тов. Талдықорған қалалық халық депутаттары советінің 

председателі! Е, орайы келгенде лауазым иесін де айтуға 

болады ғой. Адамның бірінші байлығы – сөз, тіл, орынтақ 

жәй. Менің орынтағым әлсіреп тұр, өзің ше?

– Оу, шіркінім-ау, алыстан орағытып шанши сөйлеуді 

қою керек қой. Асханалар көкпар тартқандай қым-қуыт, 

опыр-топыр бірдеңе екен. 

– Асханаға барып не басыңа ат тепті?! Одан да ертеңгісін 

үйіңнен тамаққа сықиып тойып алсаң, кешке дейін ішегің 

шұрқырамайды. Үйіңде құстың сүті де бар, басқыны ол-

жалап қайтесің. Ішінде жыланы барлар да күніне екі рет 

тамақтанса денсаулығы пілдей болады деген бар. Өзің 

жақсы білесің халыққа асхана жетпей, жұрт кезекке тала-



305

сып шеке қызбай болатынын естімеп пе ең? Өзіңнің құлақ, 

мұрының сау ма?

– Қайдағы сау, мұрынымды қан салған түйедей етсе де, 

құлағымды шайнатпаспын. Айтушылар әлділер әлсіздің 

мұрынын сәбіз, құлағын тұшпара деп түсініп қыршып 

тастайды дегенді естідім. Мен бастық болғасын, жанымда 

жағымпаздарым бар еді, жаным қалды. 

– Уһ, құрдас-ау, саған осы қалқан құлақ жараспай 

тұрады. Бір шайнатып алған да дұрыс болатын еді, асхана-

ларды көбейтуге күшіңді салатын едің, құлағыңды ойлап. 

– Барыспалық бас жаққа, өзіңнің де асқабақтай басың 

оңып тұрған жоқ, орынтағыңа ие бол. Әзіл ғой. 

– Әзіл-қалжың денсаулық кепілі дегенді ұғады екенсің-

ау. Оған да шүкір. Мысқыл мінді тазартушы, Фиокти-

сов жолдас. Әдемі қаламызда тамақтандыру орындарын 

айтсақ, 13875 орындық асхана, кафе болуға тиісті деп 

өздерің мәселе көтердіңдер, оның тең жартысы да салынған 

жоқ, топталған жұрт сіздің айтқаныңызды бәлду-бәлду 

бәрі өтірік деп күлкіге айналдырып жүр. 

– Мұршамыз келмей жатыр, мұрыннан шаншылып, 

жұрттың талап, тілегінен құлағымыз сарсыды, – деді 

де Фиоктисов шамданып, құлаққа ілдірікті қоя салды. 

«Пәтуасыз неме, құрдаспын дейді, саясақтағы асханаға 

барып таяқ жегенін менен көретіні несі. Маған міндетсіп 

тілмарлана сөйлеуін қайтерсің. Өзі автобазаны оқсатып 

жүргендей, жылына бюрода екі-үш рет мәселесін қаратып 

шығатынын ұмытып. Біреуді даттамаса іші кебеді». Ол 

ойын жиғанша:

– Ал-оу, тұншығып барамын, Фиоктисов, қайдасың, 

басқа әлемге ұшып кеткен жоқсың ба?

Осыншалық зар илеген қоңыр үн, әйтеуір таныс 

сықылды. Қаланы басқаратын екеудің бірі болғасын теле-

фон шалады тағы. Трубканы көтереді. 

– Есіміңізді ұмытып?

– Нені ұмытпай жатырсың, оның ешқандай айыбы 

жоқ. Лауазым иесіне ұмыту жарасады, бірақ маған түтін-

ге тұншыққан жараспай, құлап қалдым. Мүлдем басқа 

адамға айналдым, күйелшең-күйелшең. 

– Е, біздің қалада не көп, түтін көп, бұлтпен бірге ұйысып 

аспан әлеміне қиысып жатыр. Құрылысы, өндіріс орында-

20-0203


306

ры жел сөзбен жарылқанып, өтірікпен өркендеп жатыр. 

Өтірік жанға жарасты сықылды. Бізде амал жоқ, өтірікті 

өлген адам айтпайды, тірі ғой, туыс-туғанның бірі ғой деп 

кешіре саламыз. Тұншықсаң да өлме, шыдай тұр, түтін 

ғасыры әлемге ортақ, біздікі оған қарағанда жәй жортақ. 

Сын мақұлданады, ұмытқанымызды еске салғаның дұп-

дұрыс, – деп лыпылдаған ойын әр саққа жүгірте беріп еді. 

– Әл-ау, бұл кім екен?

– Кім керек өзіңе, қайда звандап тұрғаныңды білмейтін 

тірімісің? Қорқамын дейсің, «қорқатының бар, қысты неге 

өртейсің» депті бір тентек. 

– Мен тентек емес, мақұлмын, паркте асхананың та-

мағына таласқан қырғын төбелес жүріп жатыр. «Сүзеген 

сиырға құдай мүйіз бермейді» деп біздің қала асханаға 

жарымай, жұртты өлім-жітімге ұрындырап, сойқан тірлік 

кешуін білмейсіздер ме? Мына төбелесте аяушылық жоқ

қолдарында сала құлаш пышақ. 

– Білеміз қала басшылығына ақыл айтатын өзіңнің 

аяғың аспаннан салбырап түсті ме? Әдеттен тыс батылсы-

нып кімсің дедім ғой. Төбелесті милицияға айтпай, маған 

қалай дәтің барып звандайсың. 

– Мен аспанның арғы жағынан келген адаммын, ми-

лицияңда шаруам жоқ, қаржы бөлінді, асхана көбейеді 

деп өтірік айтуға әлемде алдына жан салмайтын Фиокти-

сов бар дегесін алашағым кетсе де, айташағым кетпесін деп 

звандап тұрмын. Алматыдан, республикалық халықтық 

бақылау комитетіненбіз, қалың көптің арасында жүріп 

өтіріктеріңнің анық-қанығын теледидарға түсіріп жатыр-

мыз. Жарылған бас, шыққан көз, сынған қолды, қырғын 

төбелестік көріністі көргіңіз келсе паркте тұрмыз. Әптчу, 

қала түтіндерінің де мінезі шатақ екен, араласқан азот 

қышқылы, күкірт қышқылы есімізді тандырды. 

– Мұрындарың әлсіз екен, біздің мұрын да, кеуде де 

түтінге үйреніп болған. Жоғарыдағы басшыларымызға 

есеп бергенде жазғанымыз бар, олар да көрерміз, уақыты 

бір келер деп шығара салады. Қағаз жазғаныңды көтеріп 

жата береді, ақша сұрамайды, тегін. 

Осы кезде тіке байланыс телефоны шылдыр етті. 

Бірінші хатшы:



307

 – Кел мында, нені бүлдіріп жатырсың? – деген әмірлі үн. 

Фиоктисов орнынан ұшып тұрды да кабинетінен сүрініп-

қабынып шыға жөнелді. Кең кабинет төрінде бос орындық 

қалды. Бәлкім одан соң жүзеге аспайтын қаулы-қарардан 

гөрі іскерлікпен қаланың у-дуын басып нәтижелі жұмыс 

атқаратын біреу келер. Орынтақ бос тұрмас, сірә. Қазақ 

«Дайын асқа тік қасық» деген ғой. Жұрттың көргенінен 

көрмеген құқайы көп, мақсатқа жеткені жоқ.

– Ауылда не көп, айтқыш көп, Шәміл. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет