Құлыяс Табыл. Таңдамалы. Үш томдық / Т. Құлыяс. – Астана: Фолиант, 2015. ӘОж 821. 512. 122 Кбж 84 (5Қаз)



Pdf көрінісі
бет17/24
Дата04.02.2017
өлшемі1,88 Mb.
#3366
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24

кешірмесе, қабірінің басына қазық қағып кетеді. Онысы – 

тірі қалған балаларына әкесінің жауыздығы дарымасын 

деудің құпиясы. 

Дүзелбай жазасын өтеп жүргенде әкесін сағынады, ту-

ған жері – Ойыл, Қиыл – қос өзеннің самалын сағынады. 

Әкесін есіне алса: «Ештеңеден, көңіліңе жақпаса да безіне 

көрме, ыза, кекті көкірегіңде ауырлатып сақтап сезіне 

көрме, ғұмырыңды қысқартады. Алланың есебі бар, 

жақсылығың да, жамандығың да елеусіз қалмайды. Жа-

ратушы екі көз, екі құлақ, екі аяқ беріп, бір басты иығыңа 

қондырды. Денеңде қызмет істемейтін артық бірде-бір 

мүше жоқ. Ми құтысын арқалап жүрген кейбіреудің ісі-

нен жиіркеніп, шаригі төгілген деп жатамыз және басы 

істемегеннің аяғы сорлайды дейміз. Ми құтысы, ақыл 

мөлшері жақсылыққа түп-түгел бейім бола алмай шатас-

са, шайтан иектейді де жөнеледі. Содан зұлым бір қолын 

балға батырып, бір қолын қанға батырады. Ми не болғанын 

білмей есалаңдыққа ұрынады. Бас қауашағындығы миы 

да екі бөлік деп, қазақ миы көп, миы аз деп жатады. 



277

Жамандық бәйге алғандай бүлдіруге құмары артып, жан-

жал дейсің бе, пәле дейсің бе, небір сөлекетті ойлап таба-

ды. Миы аздардың зұлымдық үні бір сәтке де сейілмей, 

тірі жан көріп білмеген обадай опыратын қасіретті 

төгіп салады. Өкінішке қарай, алданбасына кімнің көзі 

жетіпті. Алланың ерлі-зайыпты етіп жаратуы біреудің 

ақылы шолақ, екеудің ақылы мол-ақ дейтіндей небір 

зұлымдықтан екеулеп ақылмен шешіп қорғансын дегені 

болар. Немесе екі жақсыны бір қоспайды деседі. Тірлігіңді 

ұзартатын бір ғана амал – адалдығыңды сақтау. Сары уа-

йым – шайтанның ажалға бастайтын қияңқылық жолы. 

Басыңа қиындықтың қара бұлты үйірілгенде қайрат-

жігеріңді шыңдай түссең, шайтанның басы кесіледі. Елді 

сағынғанда көпке топырақ шаша алмайды, әлсіз пендеге 

өкпесі де жоқ. Әжім деген бала кезден бірге өскен досы ұзақ 

жолына қарап, көз жасын сығып, қатты мұңайып қалды. 

Міне, достық та екеу екен, өзі мен Әжімі. Жалған тірлікте 

біле-білгенге асыл сөзден өткір ештеңе жоқ. Адам өмірінің 

ажырағысыз түрлі-түрлі құбылысын жаныңа өшпес 

жарығын салатын сөз құдіретіне не жетсін?! Қазақтың 

әлемдік биіктерден қалыспаған биік рухын да екі нәрсе – 

бірі жікшілдік, екіншісі кекшілдік кісілігінен айы-

рып, бәсін түсіреді. Қуғын-сүргін заманында ағайынның 

жікшілдігі мен кекшілдігі талай тектінің қазасына жетті. 

Одан жікшіл де көсегесі көгерген жоқ, кекшілдің жа-

пырағы жайқалып бақытқа бөленген жоқ, тұқымы гүлдей 

солды, шаңша ұшты, шын өлімді меншіктеп, есімдері 

ел жадынан біржола өшті. Дүзелбайдың есінде: «Нобо-

багат аулында Жармағамбетов Ерғалидың мал-мүлкі 

тәркіленді. Жиында кедей Жақып Жантазиев: «Бай Ер-

ғали 1916 жылы старшин болып тұрғанда тылдың қара 

жұмысына қулық жасап, бармай қалған. Сондықтан тап 

жауы ретінде жаза тағайындауды сұраған, Қаралаушы 

өлді, бірақ Ерғали өлген жоқ, қазақтың атақты ақыны Ха-

мит Ерғалиевтің өлеңдерін қалай өлтіресің», – деген. 

Атырау мұрағатының құжатында мал-мүлкі тәркі-

ленген 24 байдың 20-сы Дүзелбаймен бірге Петро-

павлскіде жазасын өтесе, сол жиындарда Теңіз ауданы 

мемлекеттік балық тресінің қызметкері Аполихин ком-



278

миссия өкілдерінің тәркілеу жұмыстары тонаушылық,

барып тұрған қастандық, мұның қоғамға пайдасы болмай-

ды, қалың жұртты тәркілеуге қарсы болуға шақырамын 

деп жар салған. Кейін жауапқа тартылып, оған сот үкімі 

шыққан. Міне, жамандық көп, жақсылық аз деудің мыса-

лы осы емес пе?

Сотталғандарды жұрттың көбі жауыз, зәлім, шеннен 

шықан жаман адамдай көру үйреншікті үрдіске айналды. 

Адамдар бір-бірінен салқындап қатыгезденді. Бірақ, туған 

табиғат, түрлі шөбі, жануар, жәндігіне дейін өгейсімей, 

қайта сағына күтетін сықылды көрінетін Дүзелбайға. Со-

сын да еліне жазасын өтеп оралды. Досымен екеуі күн-түн 

қатып сырласты, мауқын басты, бабалар зиратына ба-

рып дұғасын тигізді. Дүзелбайдың бұл келісіне бұртиып 

жөн көрмеген, орынтақ иелері, саясат буымен жал бі-

тіп семіргендерінің көзқарасынан қызынып, кіжінуді 

аңғарғандай еді. Бір-біріне ізін бағып жүріңдер, ұрымтал 

тұсымызды тауып, Кеңес өкіметінің шаруасына зиянын 

тигізбесін деген сезікті пиғыл да байқалды. Пиғыл деген-

нен шығады, жаратылысында әйел талғамы да, талабы да 

жоғары, көбіне ерінің ісіне қанағаттана бермейді. Сондай 

сәтте жер қозғалса да сабыры қалпын сақтайтын ақылгөй 

ана ғана келіндеріне: «Ер – түздің адамы, қорғаушы 

айбарың, оған сенгенше екі босағаңа сен, ұрпағыңды 

ойла, отбасыңды көркейт, екі босағаңды берік ұстамасаң 

шаңырақ ортасына түседі, өмірің бүлінеді», – деп жеңіл-

желпі ашуды басады. Екі босағаның киесін түсіндіреді. 

Түрі келіспеген көк долыдан туған көгісті де ақылды 

ене, адассаң адас, жамандықпен жанассаң жанас, еркің 

өзіңде деп бетімен жібермей, сабасына түсіріп, ақылға 

көндіріп, қиық-қыңырды қайта тәрбиелейді. Бойындағы 

білместігін, шатасатын шалағайлығын, қанағатсыздығын, 

көрсеқызарлығын тыйып, жақсылық жолына бағыттайды. 

Қазақтың «Анасын көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш» 

дегені екі босағаның құрметімен ажарланады. Шәмілдің 

анасы Қайша сондай алғыр ойлы, замандастарына сыйлы 

еді. Әйелдердің «Егізде екі болма» деген қарғысы кешіруге 

жатпайтын зұлымдыққа арналады. Төсін сәби тартпаған 

әйелдің зәлімдігіне де кешіріммен қарап, аярлық таныта-



279

тын ақылды аналар. «Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз 

сөз қайта айналып иесін табады, жақсы байқап сөйлейді, 

жаман шайқап сөйлейді» деген ақылды тыңдаған әйелдің 

қор болғаны жоқ шығар. Қазақтың екі сөйлейтінді түйреп, 

тірі өлім деп ескерткен. Қазақ ұлтының тәрбиелік құдірет-

күші жақсы мен жаманды қателікке ұрындырмай рет-

теп отырған-ды. Әрине, тәртіп тертесінен безіп, ымы-

раны бұзып шеннен шығатындар аз да болса кездеспей 

тұрмайды. Ондай қасиетсізден жиіркенгендер татулыққа 

да тіл тиеді, көз өтеді, сақ болыңдар дейтін-ді. Нағашы, 

жиенді, қазақша айтқанда егіз қозыдаймыз дей келіп 

Дүзелбай: «Бақыт құсы да екеу, біреуге соқыр құс боп 

шайтанның жетегімен қонады, екінші біреуге шыншыл, 

жарқырап періште күшімен қонады. Қазақтың «Соқыр 

бақ кімді ұшпаққа жеткізер?» деп түңілетіні содан. 

Өмірімде ажал да екі рет тым жақын, бетпе-бет келгенде 

дұғамды оқып, сабырлық сақтағанымды сезді ме, періште 

көмектескен шығар. Үшінші рет ажал төнсе мойынұсынып 

көнем, көнбесіме де қоймас. Ешкімге келтірген залалым 

жоқ, пайдамнан басқа. Қай қоғамды да мойындадым. Со-

циализм, капитализм дейсің бе, осы екі ағайындының 

да сілікпе тірлігіне тойдым. Коммунизмінің сілтемесі 

жұмақ шығар, оны барған соң көрермін. Қай күні өлетінін 

білмейтін пенде тағдырдың оң жолы ма, сол жолы ма – 

екі айырық жолдың үстінде жолаушылап тірлік етеді. 

Ауыр тигенін ауырша, жеңіл тигенін жеңілше көтердім. 

Түсінігім жеткенше пенде басында кездесетін о да екеу – 

қас пен достың бірінің ісіне қуансам, екіншісіне аздап 

қабақ шытқан шығармын. Қазақ «Мейманға көрсеткен 

құрметің – өзіңе көрсеткен құрметің» дейді. Солай болса 

құрмет көрсетуден де, құрмет көруден де кенделік көргем 

жоқ. Жанашырлықты көрдім, жаныма жақын тұттым, 

жылу алдым. Оны ұмытуға болмайды. Зұлымдықты 

көрдім, қашық тұрдым. Оған өкініш зая. Мұның бәрі ай-

налып келгенде немеремді сүйгенге жетпейді, түк емес. 

Ұрпақ тірі тұрғанда шын өлетін ешкім жоқ, қу бас деген-

нен сақтасын. Шәміл жиенім екеуіміз қатар тұрғанда асып 

та кетпейміз, асылықтан сақтасын, жасып та кетпейміз, 

ұрпағымыз бар, оның тамыры тереңде. Сендер тұрғанда 



280

шын өлем бе, өлсем өтірік өлгенім. Тірліктен адам болып 

өту бар, ит болып кету бар. Мұны асыр салып шайтан-

мен ауыз жаласып жүрген зәлім ойлы түсінер деймісің. 

Ол түсінбеді деп шалабыңды шайқама. Керей айтқан 

екен: «Ажал саған желкемнің шұқырын көрсетермін деп 

кіжінуші едім. Оным бекер екен, ажал қулығы көп, алдап 

соғатынын енді білдім, о, сұм ажал, тойымсыз неме», – депті. 

Ажалды мен мойындасам да саған ерте. Тірлік қамшы са-

бындай – келте. 

Міне, екі достың қатар жүруін де көпсінетін зұлымдық 

жақсылық ойлағанның да алқымын қысады. Дүзелбай 

қайрат-күші барда, ұрпағы өсіп жетілгенде ондай көз-

түрткіге көне қоя ма? Қазақтың «Жақсы жігітке қайда 

да бір орын бар» дегені жадына түсіп, елден біржола 

жырақтады. Тірліктің екі жолы, маңдайына жазған адал-

дық жолымен ұрпағына өлмейтін есімін қалдырды. 

– Дүзелбай нағашым кісілік қасиетіне кір шалдымай, 

ақылдылық әдібін сақтап, 1967 жылы тоқсан екі жасын-

да тірлігін ақыл-кеңесін келістіре біліп, қажып-алжымай 

Қазалы қаласында дүниеден озды. Соңғы сөзінде қайрат-

күшін жинап: «Жамандыққа шыдаудың де шегі бар, 

қатты қуанудың шегі бар, екеуін де басымнан өткіздім, 

өмірге өкпем жоқ, тілегім – ұрпақ аман болсын! О дүниеде 

тыныштығымды бұзатын жаныма жаман адам түспесе 

екен, қазақтың ата-бабасы, туыс-туғанымен бір қорымда 

жататыны о дүниедегі жанның бірлігі, татулығына ештеңе 

теңгермеуі болар. Ендігі тілек – құдай қосқан қосағымның 

жаны бұйырғай. Ерге маңдайына жазғанына қарай жа-

рын құдай қосады, кейбіріне ит пен мысықтай боп өтсін, 

астамшылықтың жазасын тартсын деп жарын шайтан етіп 

қосады. Қойыны құтты жарыммен шай дескен жоқ едік, 

бір-біріміздің бетімізге жел боп тимедік, сол татулықты 

ұрпақ жалғағанын көзім көріп, көңілім жайланды» деп 

шарболат денесін өзі икемдеп, ажалға мойынұсынды», – 

деп Шәміл өткен оқиғаларға тоқтам келтіріп, Әжім до-

сын жанына шақыртты. – «Ескі дос жаңа достардың 

жүзінен артық» деуші еді, біз екеуіміз, ескі доспыз. Өмір 

біреу, өліммен екеу, түшкіруге тұрмайтын қысқа ғұмыр. 

Оны түсінетін екі көз кейбіреудің маңдайындағы бездей 

көрінбесін. 


281

– Нағашы мен жиен. Нағашыеке, қызғаншақтың 

қырсығын білесіз бе? –деді жиені иегін бір сипап. 

– Үй болғасын жұрт қатарлы түрлі жиһаздан басқа, 

автокөлік керек. Үй болғасын алға шыққандардан қалыс-

пайтын бір-бір ғылым кандидаты, не докторы артық емес. 

Мұрнына ғылымның иісі бармайтын әлгі Түлкібай да атақ 

алды. Біз не тентек қатыннан туған жоқпыз, ұл тудым деп 

анамыз бір кесе май ішті, жүрегі жарылардай қуанды. 

– Қызғануға тұрса, шындығы керек, өзімнен асып, не 

тең тұрса қызғанар едім. Ғылыми тақырыбы қызық, өзінше 

ерекше жаңалық деп топшылаған болар шамасы: «Құйын 

айдаған қаңбақ» депті. Әкімшілік дәрежесі өсіп тұрғасын, 

қанадай сөзді қисынды, қисынсыз сықпырта берсе жараса-

ды деді ме? «Қаңбақ деген қандай шөп, топырақтың қандай 

құрамында өседі, оның пайдасы мен зияны қандай, бәрі-

бәрін ғылыми тұрғыда көрсетіп дәлелдеу шығармасында 

атымен жоқ» дегенде, бір қолпаштаушысы залдан ұшып 

тұрып, «Астарлы сөздің бағасын асырып тастау керек. 

Ойлаңдаршы, күшті ел әлсіз елін бұқтырмай ма, үрейлі 

бастық қарауындағы өзіне жақпаса жорғалатып ықтырмай 

ма, құл да бірдеме-сірдемесімен қорқытуға шақ тұрмай ма, 

қолынан келгені қонышынан басып, үндегенін жүндемей 

ме? Мәселен, құйын ішінде ығып бара жатқан қаңбақ да-

уылды күндемей ме, ықтасын, қайдасың, құйынға тездетіп 

тежегіш тетік тап (санкция жарияла) деп тілдемей ме? Де-

мек, қаңбақтың өсуіне зияндылықты астарлап жеткізіп 

отыр. Бастық болғасын өзінің де көзінің қырына іліккенді 

қаңбақ құрлым жоқ екенсің, өсек-аяңға тоқ екенсің, енді 

тып-тыныш ығымда отыр дей алмайды. Жақсы қоғамда 

құйын болмайды, құйын болмағасын қаңбақ өсіп-өнеді. 

Қаңбақ жайлы астарлы жазылған еңбекті әлем тіліне ау-

дартып, біздің Түлкібайға атақты кідіріссіз беру керек. 

Қолдарың тесілмес, давайте шапалақтап қойыңдар» деп 

төрдегі төреші ептілікпен майын тамыза сөйлеп, дәлдікпен 

баяндап, ақылсызға ақыл қосатындай қаңбақ даңқын 

аспандатты. Осындайдан кейін Түлкібай ғылым канди-

даты атанбайтын қақы жоқ. Е, айта берсе, анада біреу 

«Жылқының кісінеуі, оның ұйықтап тұрып құлындаған 

жері есіне түссе шаба жөнелетіні керемет» деп атақ алып 



282

еді. «Асфальттан басқаны көрмеген жылқыны қайдан 

білесің?» деп біреулер езуі жырылғанша қарсылық білдіріп 

еді, комиссия басшылары «Қаланың асфальтында да 

жылқының сүгіреті қаптап тұр ғой, тірі жылқыны көрмесе 

де көргендей болды, немене атақты қимайсыңдар ма?» деп 

тыйып тастады. Сол құптауды тосып отырғандар қолдарын 

қайта-қайта соқты. Кейін Түлкібайдың қаңбақ жайлы 

ертегісін күлкіге айналдырып еді, тағы да төрдегілер 

терлеп-тепшіп: «Ауданды қанша жыл басқарар дейсің, 

жел айдаған қаңбақтай ұшып кетсе, ғылыми атақ ала ал-

май қалдым деп өкінсе, обалы бізге тиеді ғой. Өз басының 

өзгеден кемдігі жоқ, қайта асып тұратын дәрежелі аза-

матты төбеге көтеріп құрметтелік. Түлкіекеңнің сөзін 

сөйлегеннен, шығармасын құптағаннан аузымыз қисайып 

кетпес. Қаңбақты жел айдайтыны, тамырынан үзіліп 

сай-салаға пана іздеп қаңғып кететіні ащы шындық қой. 

Ондай ақиқатты әдемілеп астарлап жеткізгенін әлгінде 

қостаушысы әлем жұрты іліп әкететін ерекше тақырып 

деп ап-айқын, шабытпен дәлелдеп айтты. Енді оны қоздата 

берудің қажеті жоқтығын бәріміз де сезіп отырмыз» 

деді. Сөйтіп жүз пайыз қолдады, шығарманы тежегішке 

(санкцияға) ұрындырмай әлем тіліне тездетіп аудартып, 

көп ұзамай докторлық атақты да сыйлайтын шығармыз.

– Нағашы, өзің де шөптен ғылыми атақты қорғадың 

ғой. 


– Менің шөбімнің маңызы әлемдік. Жусан ғой, оның 

жүзден астам түрі бар, басқаны айтпағанда, малшы ауы-

лында жазда шыбын тыныштық бермегенде бір буда жу-

санды қоя қойсаң ол жерге шыбын жоламайды, дәрілік 

қасиеті керемет пе? Ал тақыр жусаннан Арман деген 

ғалымымыз рактың дәрісін жасады, оны Арглабин деп 

атады, мен сол ғылымның анық-қанығын жалғастырып 

жусанның басқа түрлерін зерттеп, тымауға, шашы түсіп 

қалғанға, тісі жоққа және басқа ауруларға емдік қасие-

тін химиялық, физикалық заңдылықтармен дәлелдедім. 

Жапондар тісі қаусап түскен қариялардың тісін қайта 

шығарып жатыр. Ананың сүтінің құрамымен тіс еттерін 

сәбилік қалыпқа жеткізеді екен. Менің жусаным да тіс 

өсіреді, арша ағашы тамырының сығымдысы бар және.



283

– Оны біреулер қызғанды ма?

– Неге қызғанбасын, кейбір ғалымдар жағын таянып 

міз бақпай қатып қалды, кәдімгі қызғаныштан өті жары-

лып кеткендей сыңайда еді. 

– Қызғаныш туралы бірдеме жазып жүрсіз. Сол пәленің 

түріне сан жете ме?

– Баласың-ау, жиен, триллион дей салмайсың ба? Тіпті 

әлемде жеті миллиард халық болса, жеті миллиард қыз-

ғаныш бар десең де артық емес. Қазақта «Туысы бірдің 

уысы бір» деп татулыған жарастырғанды да қызғанамыз. 

Бір бала өсіріп қушыңдап отырғандар көп балалы жек-

жат-жұрағаты жетіп артылатын, өмірлері қуаныш-той 

мен қызықта шалқып жүргендерді іші өтіп кеткендей 

қызғанады. Бізде мансапқор, жемқор, жәлеқор, пәлеқор, 

өркөкірек, парақор деген жеті ағайынды пәле бар. Олар 

жер бітіп, су аққалы сыбайласып, қызғаныш өртін лаула-

тып, өршітіп келеді. «Пілдің құлағына кірген шіркей де 

мықты» деп осыншалық зұлымдықпен айқасып жүрген 

жалғыз жақсылық құдірет емес пе?

– Нағашы, бір танысым жайлы айтқым кеп тілім 

қышып тұрғаны. 

– Жемқор ма, әр түлкі құйрығын куәлікке тартады деп, 

әлде бір баланы оқуға түсір деп салмақ салу ма?

– Бала басында миы болса оқыр, ми емес, қи болса қара 

жерді шұқыр. Бір тентек таңдайына татып отырған жалғыз 

сиырын сатқанда, танысы мұның не десе, анау сиыр оқуға 

түсуге, сынақ тапсыруға барады, оқысын деп отбасының 

аузын кептіріпті. Парасы аз болды ма, ұлы оқуға түсе ал-

май қайтып келеді. Арам өлгір сиырдың да бағы қайтқан 

екен деп әкесі кеңкілдеп күліпті. Параның да кейде жолы 

болмай, алатын мықты қолы болмай, құмға сіңген судай 

кедейдің қалтасын қағып кетеді. Оңай олжа алушыға кей-

де ретін тауып кетеді. Өзің білесің, ауданда екі дос – бірі 

бастық, екіншісі орынбасары қызметін атқарып, қағанағы 

қарқ, сағанағы сарқ, үріп ішіп, шайқап төгіп жатты. Екі до-

сты айырар шайтан деген албасты деп ешкім ойлаған жоқ. 

Бірі олжаға алымды, ауызы салымды, мөр иесі болғасын 

қарымды болды. Екіншісінің әйелі ішіне пышақ айналмай, 

«Жұрттың еркегі алмасты алады, бармайтын жерге барады, 



284

біз көшке ілесе алмай жұтап қалдық» деп қызғаншақтық 

дауылын құйындатып тұрғызды да жіберді. Қылмыстық 

ісі тізілген арызды халықтық бақылау комитетіне жазды 

жіберді, екеуі де орынтақтан қалпақтай ұшты. Арыстанды 

да ерттеп мінеміз дегендердің тасқан көңілі саф тыйыл-

ды. Көтеріп әкетті заң құйыны. Түрме дәмі бұйырды. Жел 

айдаған қаңбақтай домалап, ықтар жері түрме болды. 

– Жиен, өзің таза болсаң, ұйқың маза боларды біл-

мегендер сазайын тартады. Ондайда төбеге шықсаң 

күндейтін, төменде қалсаң тілдейтіндер табылады. Қазақ-

тың маңдайының қалың соры күншілдіктен басталды ғой. 

– «Қисайған ауызды қырық түрлі дәрімен де ем-

деп жаза алмайсың» депті бір айтқыш. Сол айтқандай 

мансапқорлардың бақ таласы да жақсылықпен бітпей 

жатады. Көре алмаушылықтың шайтаны қыр соңынан 

қалмай сүріндіріп, татулықты талқандап, босағада 

көрісетіндей бүліндіріп, жұртқа күлкі етіп ойрандап 

кетеді. Жұрттың бәріне ғылыми атақ алатын қаңбақ 

жете ме? Шөп-шөңгенің жыл сайын ондаған түрі құрып 

жатыр. Ал жемқорлықтың зардабы қалыңдағанын ай-

тайын ба? Жын азғырады: «Ұрлық түбі – қорлық» деген 

бекер, алып таста, бұйырғанға қолыңды малып таста, 

бал ұстаған бармағын жаламай тұрмайды деп еліктіреді. 

Жынға елігіп, еріп кетпейтін пенде жұмыр жерде аз 

шығар. Жемқор емқорды іздейді, статьяны жатқа білетін 

емқор жемқордан қол үзбейді. Айтса айтқандай, пайдаға 

көздері жайнап тұрады, ебін тапқан екі асайды деп ойлап 

тұрады. Атақты да сатып алады, шатақты да сатып алды. 

Пара қаңбақ боп зулап кеп қалтаға түседі. Ұзаққа бармай 

тұтылады, қылмыс тексерусіз қалмай, ақырында жазасын 

өтеп әрең дегенде құтылады. 

– Нағашы, өздеріңде қалай, идеяларыңда жын бар ма, 

ым бар ма?

– Біздің мекемеде де бір жалақор мен бір пәлеқор 

жұбын жазбайды. Кәдімгі іші-бауырыңнан өтіп, ішек-

қарыныңды аралап жүріп, өтірікті шындай, шынды шай-

тан ұрғандай етіп арыз жазғанда алдына жан салмайды. 

Арызшылардың әлемдік жиынын өткіземіз деп дабырла-

тып жүр. 



285

– Жә, нағашы, ондайлар көп қой. Ал өркөкірек, бы-

лайша бюрократтардың санын есепке салса әлемді он сан 

орап алатын шығар. Бір мекеменің бастығына кіріп шаруа 

айтайын десең, сарсылып жұлын, жүйкеңді тоздырасың. 

Денеңдегі біраз микробты қоздырып дерттенесің. Егер 

бастықтың ат шаптырым даладай кабинетіне кіре қалсаң 

бірден адыр жоқ, мыдыр жоқ: «Не шаруаң бар!» деп 

ақырғаны жағыңа жиен қарындастың шапалағы тиген-

дей, тіпті көзіңнің оты жарқ етеді, сосын есігі жабылып 

сарт етеді. Бір тентек бастыққа бара бергенше пара бер деп 

жұбатады да: «Жан-жағымыз толған алым-берім, онсыз 

аяғыңды шәк аттап баса алмайсың. Бұлар аталарымыздың 

«Балықшы байымайды көлден алған, етікші байымайды 

елден алған, маңдай тер, адал еңбек болмаған соң, жел-

менен кетеді екен желден алған» дегенін неге түсінбейді, 

бұл сөз орысшаға аударылмаған, сосын түсінбейді» дейді. 

Қоғам әлсіреген сайын қорқынышты бола береді дегені 

нені меңзеді, алыстан орағытқан ойға ақылым жетпеді. 

– Жиен, ақыл базарда да сатылмайды, АҚШ-тың санк-

циясы өктемдігін құрып жарияланған, біздегі кейбір 

ғылым докторлары ұялмай, қызармай Мәскеуден атақ 

аларда: «Қазақта тарих та, сөз де, ғылым да, әдебиет те жоқ 

еді. Лениндік партия ел елдендірді, жер жерлендірді деп 

орыс тілінде сайрап, қазақ ұлтын, батырларын, хандарын 

жексұрын ғып көрсетіп, дәрежелі болып, қолы қалтырамай 

айлық алды, қолы қалтырамай, санкцияға ұрынбай қазақ 

жерінде өнген нанды жеді. Ақашамен ақжолтай болған 

адам туысын, ұлтын ойлаудан қалады. Бұл ұлтымыздың 

санасында тыртық боп біткен жара. Абысындардың өзі бірі 

тәуір көйлек кигенде, екіншісі сылқым мойнына бұршақ 

салып қызғаныштан өліп кете жаздайтыны сықылды, 

кейбір ғалымдар бірінің атағы гүрлесе, екіншісі буынып 

өлердей күй кешеді. 

– Нағашы, қоғамда базбұзар тентектер де табылып тұр. 

Ұлттық тәртіп, ұлттық тәрбие заңынан алшақтап барамыз 

ба?

– Етектен тартқаны, жағымсыздықтың қайсысын 



тиып аларсың. Алланың көзі түзу болса бір реті келер. 

«Күйгелек әйелдің күйеуі тез қартаяды» деп әйел бұзылса, 



286

қоғамның қойыртпағы сонда шығар. Қатын-балаңа ие бол. 

Қиқаңдаса, санкция салып тыйып таста. Күнкөріс жолын 

қиып таста. 

– Нағашы, соғыс жылдары есіме түседі, тамақ таба 

алмаған қыздар, әйелдер босып кетті ғой. Сонда колхоздың 

кілтшісі бір ағамыз жиырма әйелді үйіне кіргізіп, тұз-

дәмдері жараспай қайта шығарды. Содан жиырма бірінші 

қара торының әдемісіне үйленді. «Аға, мына жеңгеміз 

қалай?» дегенде күлімсіреп: «Қатынды көп ала берсең, 

ішінен бір тәуірі табылады екен. Өте жақсы, тәрбиелі» 

дейтін-ді. 

– Е, жиен, ердің жақсысы – әйелінен, әйелдің жақсы-

сы – ерінен. Қазақ кейде екі жақсыны бірге қоспайды деп те 

жатады. Ең бастысы, өзімізге өзіміз ие болып, жақсылық 

жолдан таймағанымыз дұрысырақ болар. Уақыт күліп 

қоштасады, жақсы мен жаманды біліп қоштасады. Пенде – 

жел айдаған қаңбақ, дәм-тұзы, көрер жарығы таусылса 

о дүниеге алақайлап кете барады. О жақта айтыс-тартыс, 

небір жамандық түрлері, санкция деген пәле жоқ, тып-

тыныштық қой. Жә, жаңа жыл алдында бәлкім біреулер 

кандидаттық қорғауды тосып отырған болар. Рюмка 

қағыстырып, тост көтеруден басталатын сыбайластықтың 

небір кереметін, то есть одағайлығын көруге, одан аяқты 

тартуға жазғай. Әп дегенше санкцияға елең етпей, жаңа 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет