ЦИКЛОН
Оңай тимей отырған, әлсізді опырып жатқан тірлікте
екінің бірі кездесе кетсе оңаза ойларын ақтарып, кейбірі
азық тапқанына мақтанып, өздерін-өздері жұбатады. Мына
екеудің сөз төркіні жүдеу өмірдегі жүнжіп жүргендігін
кімнен көрерін білмегендік сыңайлы еді. Тәтті ұйқысын
қимайтын ұйқылы-ояу жүріп, жалқаулықпен құты қаш-
қан деуге болмайды. Төстеп көтерсе таудай ауырды да
қозғап, қақын төлесе апаратын жеріне жеткізе алатындай
күштері бар сияқты. Ондай таусоғармын деп қарны тоқ-
та айтатындар аз ба? Қазір бірі жауыр болған иығын зіл
басқандай ауырсынады. Оған тесірейе қараған екіншісі:
– Ей, кімге қитиып отырсың? Басқан ізіне шөп шық-
пайтын шық бермес Шығайбайыңды жоқтап тұрсың ба?
Баяғыда байдың құны сұраусыз деп бір оқпен пашпыр-
тын бітірді. Бүгінгілерге оқ дарымайды, қамалы мықты
алынбайды. Бермесе де керіле есінеуге тарылмайды. Сон-
дайларды ойлап шаршама. Одан да ойыңды жібер жұрт
қостайтын басқаға?
84
– Заржақтанып қақсама. Қиынды-жиындыны бойыма
сіңіріп, тегімнен жаңылып, жетелейтіннің жетегінен та-
былып, күлкіге қалып қағынып, қиын-қыстауда қалған
шаңша ұшырып жіберген өмірімді қиялдап отырмын.
Басыңа іс түссе, денеңе күш түседі, қымс етсе қия баса-
тын, бір тойынса көңілі тасатын, сұп-сұр бетім ызғар ша-
шатын, қатені өзімнен көрмейтін, гүжілдеп бой бермейтін,
орынтақта одыраңдап сөйлейтін өзім де бір соқырмын.
Кейде қасимын жан азабының қотырын. Біреулер бетіме
түкіргесін есім кірейін дегені ме? Қызықпын...
– Өйтіп құйтырқыланба! Түк бітсе қалтырайды жы-
лан да! Еркің бар, басыңда құндыз бөркің бар, орынтағың
олқы емес, өткен елес, алдағыны ойлап қабырғаңмен
кеңес. Сондықтан күңгірттенбей күлім қағып жүрмейсің
бе? Кекейіп кімді мұқатасың? Бәрін уысыңда ұстайтын
кімнің шікіресісің? Баяғыда бір тентек: «Атаңда жоқ
арғымақ, анаңда жоқ арғымақ, қайда бара жатырсың
қарқын ап. Жырық етегіңді желеңдетіп, жамбасыңа
байлаған кәрі жілігіңді (пистолетті) жылтыңдатып,
еліңнің шаңырағын дірілдетіп аспаннан аяғың салбы-
рап қай күні түсіп едің?» – депті. Оқтан өткір қазақта сөз
қалған. Соны білсең, есіңе түсіріп күле білсең, торлаған
қисық оймен мұқалмас едің, жөнсіз жұқармас едің. Өзіңе-
өзің мәздікпен келісті тірлікте кердең басып жүрер ең...
Еркін өмір сүрер ең. Әттеген-ай, қайғы-қасіретін төндіріп
тұрған, алпыс екі тамырыңның қанын байлап тастайтын-
дай «адам тағдыры – ойыншық» деп дүлей жүр. Үміт етіп
көр одан. Саясатты түсіндіреді. Көзін сығырайта қарап,
аларын алып түседі. Адал асыңа дейін қағып түседі.
– Саясатқа өкпелімін.
– Оныңыз бекер. Содыр-сойқанды арам өлтіресің бе,
олардың да бала-шағасы бар, саясат желіктірсе сұм-
сұрқия орасан мол пайдаға шығады. Саясат – біле-білсең
циклон. Оңды-солды соғып тұрады. Байқамағандар өкініп
санын соғады. Ығын таба білу керек, иесіне жаға білу ке-
рек. Періште емес, пенде ғой, айла-амалмен он орап, жүз
шырмап ала білу керек. Сонда сан соқпайсың, біраз биікке
барып тоқтайсың. Құласаң шатың айырып жақсылық
таппайсың. Барар биікке жете алмасаң жігерің құм боп ты-
85
нады. Ар-ожданың шөлмекше сынады. Құлап құм қапқан
күні жағымпазың желкеңе мініп кекетіп тұрады. Биіктен
құлағанның өзі тірі өлім, оған жүрек жоқ тұратын шыдап.
Тірлігің базарлы, өзің ажарлысың, жаман ойды, жаңсақ
пікірді ұқпай-ақ қой, түсіңе де енбесін, тірлігіңе қажетті
заңдылықты сақтап, тек жүрсең жетеді. Кең дүние бірде
тарылып, бірде кеңіп басымыздан құйындатып өтеді.
Ішкі істер басқармасы бастығына шаруасымен кіргелі
отырған екі зейнеткер ескі заңның көнесін атқарып, та-
рихтың жаңғырығы ғана есінде қалып, кейде қайғы-шерді
болдырмауға тырысса да, қолдарынан келер қайраны жоқ-
тығын біліп қойыңыз. Ділмарсып қанша қағытқың келсе
де, саясат астарымен жазылып қалған тарихқа жүгінесің.
Сүрінді ме, сүрінді. Қанды оқиғалардан түңілді ме,
түңілді. Біреулері жақсы аталды, біреулері жамандыққа
басын матады. Қараңыз. Қазан төңкерісінің дүмпуі әлемді
дүрліктірді. Езілген тап көзінің сорасы ағып, жыртық
етігінің жұлымынан қан сорғалап тамып, қабырғаға
жабысқан қарны бір тойынбай налып жүрген кедейлер
саясат циклонынан пайдаға шығамыз, мемлекет қарық
қылады, жақсылықты жақсылап ұғамыз деп, үлкен үміт
күтті. Ығыр қылған, мойынын ырғайдай, битін торғайдай
қылған капиталистік зорлық-зомбылықтан құтыламыз
деп қуанғандардың жүрегі жарылып кете жаздады. Арқа
еті арша, борбай еті борша болғандар бай-кулактарды
құртамыз деп ұрандап шықты. Ілгергі тілегі игілігін көру
еді. Сол жолда жан пида, өлуге барды. Сөйтіп, 1918 жылы
28 ақпаннан бастап, 2 наурыз аралығында Ақмолада
бірінші уездік съезд ашылды. Көкірегі күпті, жауыздыққа
дықты, үстемдікке кеткен еңбектің есесін қайтарам
деп үміттенген шаруалар Кеңес үкіметі жарылқай-
ды дегенге имандай иланды. Саясатшылар қолына нан
ұстап ант бергендей сезінді. Байқамады ойнақшып тұрған
көзін, тыңдап ұйыды сөзін. Үстем тап қирады. Ұран сая-
саты ескі қоғамды құртудың өткір семсеріне айналды.
Онсыз жемістілік жоқ. Жорғалаған жыланның да аяғын
көре алмаймыз, шашылған ырыздықты теріп жей ал-
маймыз. Ұранды жүзеге асырудың сара жолын табамыз,
бай-кулактарды бақталастығын пайдаланып қырамыз,
86
байлығын олжа қыламыз. Ұзында өші, қысқада кегі
кеткенді өшіктіріп, яғни өлмесе де өлімші болған кедей-
ге ерік беріп: «Капиталистер мен байларды талаңдар,
тонаңдар, атыңдар, қарасын батырып, көзін жойың-
дар!» – дегесін кім-кімді аяйды? Көкжиектен көтерілген
сұсты бұлт қар емес, қан жауғандай циклонды пенденің
басына қасіретімен арқалатты да қойды. Қара қарғалар
қанға бір тойды. Кегімді аламын деп қуанып, екі иығын
жұлып жегендей елірген кедейлерде ес жоқ. Дөңгеленген
дүниеде белдеу жоқ, көз алды бұлыңғыр көрінеді елес
көлбеу боп. Алдағыны аңғаратын көріпкел ақыл миға
оңға ойлайтын етіп қонбаған. Ол да надандықтың белгісі.
«Болсайшы көпшіл, болмашы кекшіл», – деген Абай сөзін
кім тыңдап жатыр? Бәлкім тоқ адам кек сақтамас, ал
аш-жалаңаштар, отарлық езгімен көзі ойылғандар нені
тыңдайды? Босағада көрісеміз деп етек-жеңін қағынып
безіп шықпай ма? Жаңа заманның ырқына көніп кегін
қайтарып аптығын басып, көп нәрсені ұтпай ма? Ескілікті
ойрандаған сайын сайрандау басталды.
– Байдың бүгінін көп етіп, көзіне көк шыбынды үй-
мелетеміз!
– «Капиталистерді арам шөптей отап, үрім-бұтағын,
тамырынан қырқып құртамыз. Олардың байлығын тар-
тып алып, олжалы боп ұтамыз!» – деп езілушілер өздерін
бақытты сезініп, алдыңғы шепте алғыр болғаны да анық
еді. Тіпті көзге күйік болмасын деп байлар отырғызған
орманды да өртеп жіберді. Оған күлсең де, жыласаң да
өзің біл. Болары болып, тарихқа бояуы сіңген. Сөйтіп,
осындай дүрілдеген саясат кезінде уездік Ақмола қа-
лалық милициясының комиссары болып Михайл Грязнов,
көмекшісі Павел Шлюшенко тағайындалыпты. Бастық
қазақ болмағаны құпия, Мәскеу ұлт кадрына сене бермей-
ді, бұратана халыққа жоруын қоймаған. Қызылгвар-
диялық топты Авдеев басқарады. Мақсаттары дүрбелең
алақұйын кезде қоғамдық тәртіпті сақтау болады. Қан-
дайда қылмысқа жол бермеуді қарастырады. Өйткені,
қоғамның екі дай кезінде, ескі саясат пен жаңа саясаттың
арпалысы тұсында милиция араласпаса қантөгіс, сойқан
болар еді.
87
Оның үстіне, әлем капиталистеріне социализмнің қа-
уіптілігі аса қатерлі екені көрініп, жаулық сырттан да,
іштен де лап ете түсті. Сібірді Колчак басып алып, қанатын
кеңге жая бастады. Орынборда Дутовтың атты казактар әс-
кері қырып-жойып, тіпті Орскі қаласын өртке орап, қанды
қырғынға түсірді. 1919 жылдың 1 қаңтарында «Правда»
газеті Кеңес армиясы Дутов армиясын талқандап, олардың
жауынгерлері Қызыл Армия құрамына өткенін, Орын-
борда Дутовтың қан шеңгелді қарақшылары болған 250
казакты атқанын жазды. 1919 жылдың 22 қаңтарында
түркістандық І армиясы дутовшылармен бірнеше күн
атысып, ақырында Дутов әскерінің қалдығын қаладан
қуып шыққан. Өліспей беріспейтін осы қырғында Сұлтан
Жантуаров Байтұрарұлы Сүйіндік, Қайыңды, Құмақ бо-
лыстарынан құралған кедей қазақтар отряды асқан ерлік
көрсеткенін, бұл отряд сол жеңістен кейін төтенше ко-
миссар Жангелдиннің армиясына қосылғанын тарих-
тан білеміз. Кеңес үкіметін орнатудағы ерліктері тура-
лы Жантуаров өзінің «Қолымызда қару» деген естелік
кітабында айқын жазған екен. Орск қаласын дутовшылар
өртке орағанда Қызыл Армияге Ақтөбеден қару-жарақ
жеткізген София Бажанова, Дария Лопина ерекше ерлік
көрсеткен. (Ұрпағы бар ма екен?) Кеңес үкіметінің тағды-
ры қиындап тұрған кезде, Атбасар, Мариновка селоларын
ойрандап жатқан шақта Ирченко мен Белаш басқаратын
халықтық әскердің штабы құрылып, оның құрамында
7000 қаруланған кедей үлкен ерлік көрсеткен. Атбасар,
Көкшетау, Петропавл, Ақмола уездерін Колчак бандыла-
рынан тазартуда талайдың қаны төгілген. Қара халық ел
мен жерін қорғады, саясатты жарылқайдыға сенді. Бұл
қанкешулерді ерлікпен өткізген милициялар аз болған
жоқ. Жиырмасыншы жылдарда милициялардың тәртіп
бағдарламасы жарық көріп, міндеттері кеңінен қамтылды.
Оны орындау, әсіресе 1921-1936 жылдардағы бандылар-
мен күресу оңай болған жоқ. Ишимде кулактардың қару-
лы көтерілісі бұрқ ете түсті. Жазықсыз халықты қырып
салған. «Қолдарыңа қару береміз, үкіметті құлатуға қа-
тысасыздар!» – деген тәртіптері болған. Халықты кенеше
сорып байығандар құлдарын аясын ба? Милициялардан
88
құрылған отряд барып кішігірім соғыспен тыныштық
орнатты. Қантөгіс Алексеев ауданының териториясын-
да да осал болған жоқ. Глазунов деген нағыз баскесерлер
тобы селоларды өртеп, қарусыз адамдарды атып өлтіре
берген. Осындай айқаста атбасарлық милиционер И. Пя-
теркии оққа ұшады, қаза болғандар жалғыз дейсің бе?
Ойда да өлік, қырда да өлік, өзенде жайрап жатқан өлік,
көлдің маңында толған өлік, тірі қалғандар оққа ұшып
арманда кеткендерді жинап көміп үлгере алмай жатып-
ты. Айта берсе үкіметтің қызыл жалауы адам қанымен
боялып, қан шашылған дала бөгіп, қара қарғалардың
мықты тойынған кезі болса керек. Саясат циклоны талай-
ды құрбандыққа шалған, адамдардың тірлігін жойған,
бұл да милицияның, Кеңес үкіметінің тарихы. Қуанышы
аз, өкініші қалың кез. Қырғын тасқыны, айқай-қиқу,
кімге сенерін, қай тасадан жан сақтарын білмей басы шыр
айналғандар тыныштық тұсында: «Байдан кек алынып
болды ма?» – деп жыларман боп тынады. Ел ел болғалы,
адамдар өз қотырын өзі қасып өмір сүргелі, ұрпақ өсіргелі,
тұс-тұстан тепсініп қаруын кезеніп, атып өлтіріп жатқан
сұмдықты көрмегендер шынымен құрыдық па деп, екі
қолын тас төбеге қойып қаңғып кеткендері де жетіп жат-
ты. «Мынау жер қан сасыды-ау», – деп қариялар үрейі
ұшып, үргелектеніп жүрді. «Милиция алдымен халықты
қорғайды, саспаңдар!» – деген сөзге қайғысын ұмытқандай
болғандар да бар шығар. Елдің есін жиғызуға көмек үшін
Одақта сол жылдарда милиция қызметкерлерін дайын-
дайтын 23 мектеп қызмет етсе, Ақмоладан Шаронин, Ви-
нокуров, Казакевич, Ғабдуллиндер сол мектепті алғашқы
бітірушілер екен. Соғыс, қырғында адамдардың қаны су-
дай аққанын саясаттың құрбандары дейсің де тынасың.
Ондай жеңіс болмаса бүгінгі өмір тұл болар еді. Тарихы-
мызда еңсе көтертпейтін қайғының оқиғалары қалды.
Оның астарында ырықсыздық бар, бұйрық бар, сақтану
бар, қорғану бар, мәртебе бар, қорлану бар. Үміттену бар,
шошыну бар. Күдік бар, сенім бар. Кім қайсысын түсініпті,
кімнің маңдайына не жазылыпты. «Көресіні көрмей көрге
түспейсің» деген қазақ сөзі содан қалды ма екен?
89
Әлдеқандай тыныштықтың қуанышы сезіле бастаған-
да Екінші дүниежүзілік соғыс басталды да кетті. Суыт қи-
мыл. Милициялардың күн-түн қатқан мігірсіз еңбегі. Ақ-
мола әскери бөлімдердің жасақталатын орталықтарының
біріне айналды. Осы жерден дайындалған милициялық
жауынгерлер Мәскеу, Ленинград, Сталинград, Курск және
Украина, Белоруссия, Балтық жағалауы, Шығыс Еуропа,
Берлинді азат етуге қатысып, асқан ерліктерімен танылды.
Дәлел-дерек дейсің бе? Жетерлік. 1943 жылғы 6 ақпанда-
ғы «Правда» газетінің санында: «Қазақтар майданда
ерліктің үлгісін көрсетсе, тылда да тамаша еңбектерімен
көзге түсуде. «Жолымбет» кенішінің бұрғылаушысы Ба-
қыт Жүнісов бүкілодақтық жарыс жеңімпазы атанды», –
деп жазды. Мұндай марапаттау аз болмаған-ды.
Ал соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына
келтіруде милициялардың сіңірген еңбегі аз емес, ондай
тарихи кезеңге ешкім де топырақ шашпас. Сәулетті ауыл-
дар, қалалар, өндіріс орындары мен толып жатқан игілікті
істерді ұры-қарыдан қорғауда өздерінің антын орындап,
қызмет сіңірмесе өркендеу болар ма еді? Қайткенде де
қоғам, оның саясаты түрлі өзгерістерге ұшыраса да, жал-
пы қалың халықтың тыныштығын сақтау, содырлардың
бүлігінен қорғау кешегі әкелеріміз бен апаларымыздың
бел шешпей тік тұрып, толарсақтан қиындық кешіп, не
айлыққа, не асқа жарымай атқарған қызметіне, олардың
бәрінің бірдей өмір тарихына сығырая қарауға қақымыз
жоқ. Қоғам түгілі, әрбір жанұяның өзінде қателіктер,
қырғиқабақтықтар өтіп жатады. Ал өмір заңдылығында
қателеспейтін пенде жоқ. Бірақ қоғамдық саяси қате
басқаша.
– Табиғаттың алақұйыны, мезгілсіз тасыр-тұсырлаған
қырсық құбылысы аз ба? – деп милиция генералы Өмірзақ
Болсамбеков тарихты қаралағысы келетін кейбір індеттің
байқаусыз қимылына таңырқайды. – Әкем Қапан, анам
Сақып Баршын өңірі аштыққа ұрынып адамдарды өрттей
кесіп жатқанда туыс-туғаны болып соңғы үнемдерін түйіп
алып, жаяулап, қалың босқынмен бірге жол бойғы өліп
жатқандарды көріп, Ақмолаға іліккен екен. Өндірістің
90
жұмысына орналасып адам басына беретін жүз грамм
нанмен аман қалғанын білемін. Одақ бойынша аштық
қырғынында 20 миллион адам өлді дейді. Олар тірі бол-
са бүгінде қанша миллионға жетер еді? Қатыгездікті кім
ақтай алады? Қырғынға қойша айдап апарған тәрізді бо-
лады. Саясаттың қанға толы парақтары осы шығар...
Шынында аш өзекке түсіп, ашаңға беттеген халықты
қуаңға тықсырып ала жөнелетін қара дауылды әмірші-
көсем бастайды. Оны үкіметке орындатады. Былайша
біреудің қолымен от көсесе, қолы күймейтіндей сезінеді.
Осындай оқшаулыққа қаншалық айран-асыр қалсаң да
үлкен топ амалсыздан саясаттың соңына ереді. Пиғылы
қисық көсемнің қимыл-қыбырына, оның теріс болжамы
мен қаскөй ойына жантайып жалбақтамаса әлсіздің күні
не болмақ? Ондай індет дауылы оқтын-оқтын адамзат тари-
хында соғып, циклонға айналып тұрған. Саясатшылардың
ызы-қиқы әміршілік мінезінің ыңғайына қарап, қи-
қуларына заңсыз елікпеуді айтуға көбіміз жасқанамыз.
Бедел қуу, тәж бен тақтың абыройын ойлау, көбіне ха-
лықтың жағдайын бес саусақтай дер кезінде білгізбей
жатады. Саясаттың тұңғиық құпиялы циклонына қарсы
келетін тарихта күш болған жоқ. Пенденің шамына тиетін
сімтігінен өзін арашалап қалуға халық қай кезде де сыл-
быр. Тыныштықпен асын ішіп, бойына сіңірсе жетеді.
Басқа байлықты қажетсінбейді. Пенде өмірінің сүйретіліп
өтіп жататын күндері түрлі оқиғаларға толы, оның бәрі
қоғамға, саясатқа қатысты болмаса да тарихтың елеулі
парақтары... Қанжардағы жазуда: «Қан төгуден артық
қасірет жоқ», – деседі. Халқымыз ежелден «Білегі жуан
бірді жығады, білімі мол мыңды жығады» деген... Мұны
ұғатын ми керек, түсінетін саналы жүрек керек. Сонда
қандай да циклоннан сақтана аламыз...
Қымыр көз байланғанды көріп, тіл байланғанды сезіп,
ақырының қайырын тілеп толғанды:
Біріңді-бірің бөтенситін жөнің жоқ,
Бүгінгі күн киім бүтін, тамақ тоқ.
Ұлттық сана арзандалып барады,
Тіршілікті өлшейтұғын ақша боп.
91
Адамдығым ақыл-ғылым делінген,
Ойшылдарым жұрттан озып көрінген.
Не боп кетті, ұрпақтары заманның,
Өз тілінен, ататектен безінген?..
Тіл циклоны ұлт басына төніп тұр,
Мәңгүрттердің айла-амалы жеңіп тұр.
Өңеш созып басқа тілде сайрағыш,
Қыл бұрауға өз еркімен көніп тұр.
ЖАНСЫЗ САЛҒАН...
Қия басқаныңды жатқа біліп тұратын, аузыңды ашсаң
көкейіңді көріп тұратын, бір күндік өмірі қалғанша то-
басына келмей біреуді қараламаса іші ұлып тұратын,
қылмыскер де жазықсызға қармақты іліп тұратын,
түрменің бос орнына адал жанды да апаруға делдал
боп жүріп тұратын, мейірі ешкімге түспейтін, елестей
көлеңдеп жүріп жауыздығын істейтін жансыздар болған.
«Құдайдан безген, жатып атар» деп қазақтар кімнің
кім екенін айырса да, Жаратқан Иемнің алдында жаза-
сын өзі алар деп тынған. Біреудің қаны ағып өліп жатса,
саусағын батырып, тілімен дәмін татқандай болатыны
бар. Жансыз діншілдердің де соңына түскен. Қараңыз,
«Қазақ» газетінің №230 санында 1917 жылы жарияланған
мақаланы «Қара жүз қажы, яки «Қорғанский» деп атап-
ты. Демек, жансыздың ертеден басталғанының дерегін
оқырман білсін деп жазбаны сол күйінде көшіріп алдым.
Авторлары Жұмағали Тілеулин, Жанұзақ Жәнібеков,
Ысмайыл Турин:
– Бұл кісі басына шалма орап, қажылыққа барып, қал-
тасына бір кез таспиқ салып, жұрттың басы қосылған
жерде екіленіп сөйлеп, қара халықтың көзіне дүние һәм
ақырет ғылымдығын шеңгелдеген болып көрінетін еді.
Түсін бояп жүргенді көп халық білмейтін еді. Бірен-саран
білгендер ептеп айтса, қажекеңнің маңына шаң жуытпай-
тын еді. Турановтың сырына бармай, сыртына ғана мәз бо-
лып «қажылығына» жығылып алданған Қызылжар халқы
енді адасып арашасы бола қоймас, болса – оңбасқа қарай
92
бет алғаны. Қажекең әлі де болса көлгірлігін қоятын емес.
Абақтыдан Қызылжарға жазған хатында: «Жұртым үшін
отырмын, арманым жоқ», – деп, жұртты мүлде ойыншық
қылып отыр. Ата-анасының қойған аты Дүйсенбай бол-
са да, тыңшылық мекемесінің мойнына қарғы қылып
таққаны «Қорғанский» деген аты өзіне бір сәнді ат деп
жүрсе керек. Әзір Л.А. Кузнецов деген докторды көр-
сеткені мәлім болды. Қазақты да шарпымай қоймаған.
Жұрт ісіне кіріскен азаматтарды, өзіне ләппай демеген
ақсақал-мырзаларды жамандап қауіпсіздік бөлімшесіне
хабар беріп тұрған. Жемге таласып, жемтіктес жолдасы-
нан жығылып қалғанда жұрттан жиған ақшамен Николай-
дың баласына тарту қылып «тұмар» апарған кісіге
Қызылжар қазағы болысса, жаңа үкіметке жек көрінішті
болуы анық. Бұрынғыдай жұрт жұмысы дегенде: «Дүй-
сенбай қажыдан басқа кім бар?!» – деуді Қызылжар
қазақтары қоятын кезең келген шығар, – деп жазды.
Кеңес үкіметі тазартуды ататегінен бастап кеп жі-
бергенде діни адамдар қоғамға қастандық жасаушылар
болып шетінен айыптала бастады. Тергеу құжаттарында
«жатып атарлардың» пәленше қажы, түгенше молда,
ана бірі әулие, бақсы деген сияқты нұсқаулармен қатар
Мәскеу арқылы қажылыққа барғандардың тізімдері де
кәдеге жарап жатты. Орыстардың шіркеуі бұзылды, мұ-
сылмандардың мешіті талқандалды. Ойыл қаласының
мешітінің басындағы алтынмен апталған айды аламыз деп
дүрілдеген дүлей табанда жан тапсырыпты. Бұғалықтаған
темір арқан үзіліп, миын талқан қылыпты десетін-ді. Та-
лай жерде мешітті бүлдірушілердің оңғаны болмапты,
киесі ұрған көрінеді. Бірақ, әр ауылдағы «Қорғанскийлер»
Аллаһқа қарсылық үгітін үдетіп жүрген-ді. «Ақ қойдың
келдесі, қара қойдың келдесі, мен үкіметтің пендесі, жаңа
заман құрамыз, коммунист қатарына енгесін. Аллаһқа
қалай қарсылық сөз айттым, көзім ілінген бойда рухым
жаныма жайғасып жатып, рахатқа батып, әкең-анаң
осындай еді, өзіңді бәрі де жарылқайын деп жүр. Ұйқыңды
аш, тездетіп тұр, діннен бездір адамдарды, жақсылыққа
жетіп қалсын, сәулелі ғұмырдың тамашасын көріп, өзін
бақытты етіп қалсын. Тірлікте шырағың сөнбейді, саған
93
ажал төнбейді. Жоққа жалынғанша партияға табын,
ашыққанды тойындырасың, демі біткенге дем бересің,
дәрменсізге әл бересің, заман сенікі, армансыздың ауы-
лындасың деп рух аян бергенін шын ниетіммен айтып
отырмын», – дейді екен. Халықтың бір тобы жансыздың
жақсылық ісіне осылай иланып, атылып кеткені бар,
түрмеде азап шеккені бар, бірақ «жатып атарға» жаза
бола қоймаған кез еді. Оған кінә тағуға ешкімнің өресі
де жете бермеді. Сан алуан айламен сырғып жүріп жат-
ты. Естіменен егескен, көкірегінде жынның желі ескен,
есебі – оңай олжа, шайтанымен тілдескен Дүйсенбай
Аллаһты ұмытты. Жазықсызды жазғырған ол Қожа Ах-
мет Иассауидің: «Сақина тілеп алса сау басына, түспесе
адал жолда тәубасына, сене бер Аллаһ нұры жаумасы-
на», – дейтінін түсінді деймісің? Азаматынан айырылып
күңіренгендердің қарғысы да дари қоймады. Талайлар
жанын сақтау үшін үрейден қорқып діннен безді. «Жа-
тып атарлар» қайдағы-жайдағыны ойлап тауып, жұртты
пәлелей бастады.
* * *
Партиялық тазалаудың өзен жарына соққандай асау
толқынды күшін тоқтатар дәрмен қайда? Тазалаудың
құпия мақсаты қазақ ұлтын түп тамырымен жойып
жіберуді көздеген жоқ па? Мыңдаған сенімсіз ұлттарды
осында әкелді. Аштық қырғынын ұйымдастырды. Одан
бертін келе атам бомбасының сынағын өткізді. Л. Берия
1949 жылдың 30 тамызында «аса құпия» деп белгі соғып
атом бомбасын жарған сынақты нәтижелі екенін Сталин-
ге жазбаша мәлімдеді. Сол Семей даласын ойрандаған
752 атом жарылысының қасіреті әлі талай жылдарға со-
зылар. Ойлап қарасаң, қара жамылып, қайғы шегетін,
қан кешуде ғұмыры өтетін қазақ даласынан басқа жер
құрып қалды ма? Осындай қуғын-сүргін бас сауғалап
босу жылдарында өзбек елінде – 620 мың, Ресей-
де – 518 мың, түрікмен елінде – 80 мың, қырғыз елінде
27 мың қазақтар мекендесе, Қытайда – 840 мың, Моңғолияда –
70 мың Ауғанстанда – 5 мың, қазақтардың жалпы саны –
7,5 млн. делінген дерек бар (Турчанинов Н.В. Население
94
Азиатской России: Статистический очерк. Т.1. – СПб,
1914). Атом дегеннен шығады. Семей жерін таңдаудың
мәнісі шығыстан соққан жел қазақ аспанына түгелдей
жайылып радиация қалың жұртты құртады делінді ме
екен? Американың соғысқұмарлары жұмыр жерде бо-
лып көрмеген сұмдықты бастап, 1945 жылы 6 тамыз-
да, таңертеңгі сағат 8-ден 14 минут өткенде Хиросимаға
атом бомбасын тастап, жазықсыз халықты қас қағымда
қырып салғанын қалай естен шығаруға болады?! Б-29
самолетінің ұшқышы Клод Изерли тастаған қуаттылығы
12,5 килотонна атом бомбасынан 78 150 адам өліп, 13 938
адамның белгісіз жоқ болғанын, 37 427 адамның мүгедек
болып қалғанын әлем тарихы ұмыта алар ма, сірә?! Іле
сала Нагасаки қаласына қуаттылығы 22 килотонналық
тағы бір атом бомбасын тастап, көзді ашып-жұмғанша
23 753 адамды тағы қырып салған жоқ па?! Қазақтардың
қан кешуде қырылғандары жапон еліндегі өлгендерден аз
ба екен? Даламыздың әрбір бұтасының түбінде адамның
қаны жатыр. Оны әлемге жариялауға сталиндік саясаттың
құзғындығы жол берді ме? Қара сандықта құжаттары
құпия сақталып енді-енді шындық ашыла бастағанына
шүкіршілік етесің... «Коммунизмде ақшасыз өмір сүреміз,
бәрі тегін болады. Барлық ұлт жойылып, бір ұлт боламыз,
бір тілде сөйлеп, төлқұжатымызды «Кеңес Одағының
азаматы» деп аламыз!» – деген желөкпелердің желіккен
кездері де болды. Сөйтіп, тасқұдайдай табынғандар Әмір
Темірдің мына сөзін есіне алды деймісің: «Шын патшаның
құзырына уақыт ғана бағынбас. Өйткені ол – Адамның ұлы,
Құдайдың құлы. Жаратушы Ием маған да сондай тағдыр
сыйлаған. Қарамағымдағы халық қармағымдағы балық
емес. Қарызым да, парызым да, өмірім де, сол пенделердің
пешенесіне жазылған. Қиямет-қайым күні солардың
тым болмаса біреуінің етегіме жармасып, қайыр тілеп,
қарғыс айтып қалмай қойғанын қаламас едім...» – деген
екен. Осы сөздерді ойлап тұрып И. Сталиннің пешенесіне
қырғынды жазған ба? Көсем амалсыз, Одақ бойынша ел-
дердің экономикасы тым әлсіз. Дамуға пәрменсіз. Оның
үстіне, капитализмнің бай капиталистері, ішкі-сыртқы
жаулары анталап, қалаларды, елді мекендерді өртеп, бүл-
95
діріп, адамдарды қырып-жойып жойқын күшін қарсы
қойды. Отан басына төнген қасіреттен құтылып көр...
Қоғам төңкерісі оңай емес. Амандықтың амалын тауып
көр. Адамдық парызды да, қарызды да алақұйын тұсында
қалай ұмытпайды. Одақтың тірегі де, тіренері де үрей деуге
тоқтады ма екен? Қанды қырғыннан құтылудың басқадай
жолы жоқ деп ұқты ма екен? Кремльдегілердің де пікір
алысында берік тоқтам қырып-жою болды ма? Көсемнің
қасындағы пәтуасыз пасық ойлылардың да жетегі болмады
деймісің. Аштан өлгендер де, түрмеде өлгендер де, соғыста
өлгендер де соңғы сөздерінде: «Сталин білмеді ғой, онда
кінә жоқ, көсемге жаулық ойлаушылардың қиянаты, Ста-
лин жасасын!» – дегенінен жұрт айнымаған. Қырғынды да,
тазалауды да, жазалауды да НКВД-ға тапсырып, респуб-
ликамызда 18 мың милицияның біразы көсемнің саяса-
ты жолында қолын қанға батырған екен. Ақиқат алдында
сүрін, одан ақтал, азабын өзің тарт, жазықсыздың көз жа-
сын өзің арқала, обал-сауапты айыра алмаған бәріне кінә-
лі – Адамның өзі. Жауластырған – Ібілістің жетегі... Жан-
сыз да, «жатып атар» да шайтанның құлы болды....
Достарыңызбен бөлісу: |