КӨКЖИЕККЕ СІҢІП БАРАДЫ
Қымырдың есіне әсерін қалдыратын оқиғалар аз
емес-ау. Соның бірі ежелгіге айналған Нұралы ханның
кіндігінен тараған 75 ұрпақтың өсімін есепке салып жоба-
лап білгісі келетінін қайтерсің.
– Шындығы шықпайды, бос әуре, – деп Тымыр жеңістік
бермейді.
– Жұқаруың жөн, нақты есеп бола қоймас. Дегенмен,
оймен шолып, өсіп -өнудің жобасын байқап бәрі бірдей жуа-
дай солмаған деу керек. Опасыздық, зұлымдық көрмегенде
қаншасы тірі жүрер еді деудің қандай оғаштығы бар? Орск
қаласының маңында Нұралы тұқымы баршылық қой...
Мысалы, 75 ұрпақтан төрт буында 300 адам болса, оның
өсімін әр жанұядағы төрт реттік санға көбейтсек, кем де-
генде 1200 ұл мен қызы жарық дүниеде жер басып жүреді
екен. Жобайы келсе одан да көбірек болуы әбден мүмкін.
Бірақ қас-қабағынан қан жауғандар кеңестің зұлым саяса-
тымен жойқын күш қолданып:
– Тыпыр етпе, ханның тұқымысың, үкім кесіледі. Ату
ма, түрме ме, тағдырың шешіледі, жиған-тергенің бізге
бұйырады. Алшаң-алшаң басып едіңдер, дүние кезек,енді
абыржып сасып көріңдер! – деді.
129
– Рас, бабаларымыз хан болған, халқын өсірген, жа-
зықсызға тиіспейтін заңы болған. Тәртіп-тәрбиесі маңыз
болған.
– Ол сөзің тыңдалмайды. Тағы қандай туыстарың бар?
– Қазақтың бәрі туыс. Туғанды өздерің тауып алың-
дар, – деп үреймен жуаси тіл қатады.
– Жүрген жерін, мекенін айтпайсың ба?
– Қасірет есін жиғызбағасын басының амандығын сақ-
тау үшін тұс-тұсқа тарап кеткен. Жағасы жыртылмаған,
жері қайысқан ел едік...
– Сонша көп пе?
– Жүздеген, мыңдағандарының күніне ұрпақтары дү-
ниеге жамандықты көрем-ау деп жылап келіп жатыр.
– Өтірік айтасың.
– Шындыққа да, өтірікке де сот бар ғой. Өтірікті кім
көп айтса, сол бақытты. Зұлымдықты кім көп жасаса, сол
абыройлы бола бермей ме? Өтірікшінің бойы жеңілдеп,
шалқыған шаттық көңіл деп жүрмей ме? Армансыз өмір
сүрмей ме?
– Сөзің біртүрлі.
– Сіздің сұрағыңыз да сан түрлі.
– Түрмеге отырасың, атыласың.
– Бүкіл тұқымды құртып бола алмассыңдар.
– Жекелеп құртамыз.
– Қиянатсызды да құрта бересіздер ме? Жасым жет-
пістен асты, моламды қазып өзім де ажал қашан келесің
деп, есікті ашып қойып сағына күтіп отырмын.
– «Ханның тұқымына, байларға рахымшылық жоқ.
Олар жер басып жүруге тиісті емес», – деген Кеңес үкі-
метінің заңы бар.
– Дала заңымен өздерің де өсіп-өніп едіңдер. Шайтан-
ның қарны емес, адамның қарнынан шыққандарыңды
ұмыттыңдар ма? Жауаптаспай-ақ атқың келсе, ата сал.
Жүгенсіздікке жүрек сірә де шыдамас, біздің байлығымыз
қайырлы дәулет боп өздеріңе құралмас, – деп қабырғада
ілулі тұрған Нұралының алтын сапты қылышына көзін
салды.
«Қаскөйлеріңді қиып тастайтын қайратым жоқ», – де-
гендей ойда болды ма? Жауығу дейсің бе, аштық дейсің
9-0203
130
бе, ханның тұқымынан қаншасы қырылды? Соғыстан
оралмағаны нешеу? Тірісінің жүрегіне қалың қайғысымен
қанын төгіп Ор өзенінде елесін қалдырып, Қызыл тау
сілемінен іліккен сағымды көкжиекке сіңіп бара жат-
қан оқиғалы өмір. Тұқым сапасының құрдымға кетуінің
дәлелі десек жетеді. Сол сұрапыл соғыста теңдесі жоқ ерлік
жасағандардың біразы тектілердің тұқымы, батырлық-
тың қанында ойнауы. Кектілік. Жауына мейірімсіздік.
Оған мысал жетерлік. Өртке оранған ұшағымен фашис-
тердің топтасқан танкісіне құлап, күлін көкке ұшыр-
ған теңдесі жоқ ерлік иесі Маслов экипажының бір
ұшқышы, кіші лейтенат Бақтыораз Бейсекбаевтың әкесі
тәркілеудің зәбірін көрген. Қуғын-сүргіннің қасіретін
жұтқан Шәмпектің ұлы сегіз жасынан талшық іздеп
тентіреп жүріп, ақыры балалар үйінен оқып, білім алғаны
түрлі дерек-құжатпен дәлелденіп отыр. Бақтыораздың
батырлығы аңызға айналды. Кек, ыза, ұлттық намыс ер-
лік туғызды. Әкесінің абыройын сақтады. Осындай ерлік
иелерінің өмірбаянында жалалаған жаулық, қаралаған
қастандық, өсектің қызыл өрті кездеспеді деймісің. Әс-
керилердің қатаң заңы жеті атасына дейін тексеріп жат-
пады деймісің. Соғысқа Қазақ елінен кеткендердің 602
939-ы қанды қырғында ерлік туын ұстап: «Жасасын, Ста-
лин!» – деп оққа ұшты. Егер осылар қыршын кетпей өмір
сүріп жүрсе, қазірде үш буынға таяп қалғанда ағалардың
әрбірінің шаңырағында үш перзенттен өсті дегеннің өзінде
3,5 миллионнан астам адам қазақ елінде өз бақытын өзі та-
бады екен. Тектілерден талай озық ойлылар өсіп-өнер еді.
Фашистердің әлемдік ойранында Кеңес Одағында
1 710 қала, 70 мыңдай село, жүз мыңнан астам кеңшарлар
талқандалып, қаншама халық қырылды. Үш миллион-
дай жауынгер Мәскеуді қорғау, Курск доғасы, Польша-
ны фашистерден тазартуда өлсе, жоғарыдағы қалалар
мен селолардың халқының қырылуын есепке салсаңыз,
қаншама миллион болар еді? Осындай қан кешуде та-
лайдың ерлігі ауызға іліге алмай, зұлмат саясаттың
жымысқылық қатпарында елеусіз қалды. Қайдағы бір
қорқақтардың, окопта басын қорғап бұғып жатқандардың
131
атаққа ие болғандары жоқ деймісің? Кейбіріне: «Байдың,
ханның, діншілдің, үкіметтің жауының тұқымы», – де-
ген өсек өмірдерегіне жапсыра салынды. Кеңес саяса-
тында күні кешеге дейін жоғарғы награда Еңбек Еріне
бір орынға екі адам ұсынатыны, ататегін құпия сүзгі-
ден өткізгенде біреуіне түрлі сенімсіздік себеп табылуы
мүмкін екендігінен болатын-ды. Неткен теңсіздік! Неткен
үрей! Ауылда жаны күйзелген қариялар: «О, жасаған-ай,
үстемдіктің қолына қаратқанның азабы о дүниедегі тамұқ
азабынан да ауыр шығар», – деуші еді. Сол айтқандай, та-
лай ерлер есімі саясаттың қара көлеңкесінде көкжиекке
сіңіп бара жатқанына қынжылып, қалың бұлт арасындағы
жұлдызды жарыққа, ашыққа шығаруды мақсат еткен
Айгүл Кемелбаеваның «Сұрмерген» шығармасын оқып,
аруақты еске алудың сауабына не тең келер дейсің...
СҰРМЕРГЕН
Елдің атын ер шығарады.
Бала кезімнен есімде, Ұлы Отан соғысының сұрапыл
ауыртпалығын бастан өткерген біздің елдің ұраны «Ешкім
ұмыт қалмайды, ештеңе ұмытылмайды» деу болатын.
Алайда соғыс тарихының ақтаңдақ парақтары мұның да
жел сөз екенін ауық-ауық жаңғыртып жадымызға салады.
«1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысы» атты 1985 жылы
Мәскеуден жарық көрген соғыс энциклопедиясында бұл
кісінің есімі мүлдем жоқ. Нағыз қаһарманның әлі күнге өз
еліне елеусіз, белгісіз солдат болып қала бермегі қалай?
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әділеттің ақ жолы» атты
кітабында кеңес халқының фашистік басқыншыларға
қарсы соғысын қасиетті соғыс деп атап: «Жеңістің біз
үшін қаншалықты қымбатқа түскенін бәріміз де жақсы
білеміз», – деп жазады.
Ұлы Жеңістің 40 жылдығына арналған «Панфилов-
шылар» атты кітапта Т. Әбдібековтің есімі жинақтың ең
соңындағы – «Құраманың ескерткіш күнтізбесі» атты
соғыс хроникасында екі жерде жай ғана аталынып өткен:
Т. Әбдібеков 400 фашисті жойды; және қаза тапқаны ту-
132
ралы дерек. Панфиловшылардан 34 жауынгер Кеңес
Одағының Батыры атанған.
Ұлы Отан соғысында ерен ерлігімен аты шыққан бұл
адамның туысымыз екенін бұрыннан білетінмін. Бірақ
етжақын туыс екенін «Страна и Мир» газетінде (№7.
18.02.2000.) орыс тілінде жарық көрген «Снайпер Тулеу-
гали» атты деректі мақаладан өз ата-бабамның нақты
есімдерін оқып білгенде қайран қалғаным рас. Авторы –
тарих ғылымдарының докторы Тілеу Көлбаев: «О Тулеуга-
ли Абдыбекове на всех фронтах ходили легенды, фашисты
боялись его и называли «черной смертью». За свои ратные
подвиги он должен был стать трижды Героем Советского
Союза». Т. Әбдібеков батыр мәртебесін қатарынан үш мәр-
те алуға лайық ерлік көрсетсе де, белгісіз солдат тағдырын
құшып, есімі әлі жабулы күйінде жатыр. Сол алапат соғыс
біткеніне 65 жыл таянса да марқұмның рухы қапаста жа-
тыр. Т. Әбдібековтің асқан атқыштығы аңызға айналып,
немістер оған қарсы ең үздік мергендерін салатын. Соңы-
на мықтап түскен қарсылас жақтың атқыштарын жасы-
рын жекпе-жекте Төлеуғали бір-бірлеп құртып отырған.
Аңдысқан жау алмай тынбайды, ол 1944 жылдың 23 ақпан
күні 26 жасында қаза болған, сүйегі Калинин облысының
Новосокольнический ауданының Насва станциясының
түбінде жерленген.
Рас, әлсін-әлсін 9 мамыр күні қарсаңында қасиетті
Ұлы Отан соғысының ең үздік мергені туралы мақалалар
шоғыры жарық көре бастайды: В. Гущин. О снайпере
Тулеугали Абдыбекове («Иртыш» газеті, 7.05.1994);
Ж. Ашуұлы. Мергендердің мергені («Егемен Қазақстан»
газеті, 21.03.2009); С. Әмірбекұлы. Атақты мерген неге
атаусыз қалды? («Айқын», №56. 2.04.2009); А. Мұсаұлы.
Сұрмерген. («Сарбаз» газеті, 7.05.2009); т.б. Ал Тілеу
Көлбаев былай деп жазады: «Жауынгерлік ерліктері үшін
Әбдібеков Қызыл Жұлдыз, Қызыл Ту ордендерімен, Отан
соғысының 1-дәрежелі орденімен, Ленин орденімен мара-
патталды. Командование оны Кеңес Одағының Батыры
атағына өмірбаяндық анкетада Төлеуғали өзінің немере
ағасы Кемелбай Насырханов репрессияға айдалып кетке-
133
нін жасырмай жазғаны үшін ғана ұсынбаған». Сталиндік
саясаттың қылышынан қан тамған кезеңі, халық жауы-
ның інісі саналған соң оны көпе-көрнеу бағалағысы кел-
меген. Мерген жас қыздарға 10 шақты дұшпанның көзін
құртқаны үшін өлгеннен соң батыр атағын берген. Ал 1937
жылғы саяси қуғын-сүргіннің құрбандарының бірі, жала-
дан итжеккенге ұсталып кетіп, Магаданның су түрмесінде
сүйегі қалған атам Кемелбай өзі үшін немере інісі күйетінін
әсте білген жоқ. Саяси мүдделердің құрбаны, туған елі
мен жерін фашистік басқыншылардан азат ету жолында
ғұмырын қиған, соңында жоқтайтын ұрпағы қалмаған
қыршын батырдың деректерін Подольскідегі әскери ар-
хивте сақтаулы тұпнұсқа құжаттар арқылы алудың ама-
лын қарастырып, осы іске көмегі тиеді-ау деген адамдарға
хабардар қылуды енді өзіме парыз санадым. Белгілі жа-
зушы Медеу Сәрсеке полковник Төлеуғазы Жылтыровқа
Т. Көлбаевтың «Снайпер Тулеугали» атты мақаласын бер-
ген екен, ол кісі шындық жарыққа шығып, жоқтаушы
керегін іздеп табудың жолын қағазға ыждағаттап жазып
беріпті. «Архив арқылы сөйлеу керек. Москва жасан-
ды дүниеге, өтірікке әбден уланған, беталды сенбейді,
шынның өзін дәлелдеу оңай емес. Нағыз қаһарманды шы-
ғара алмайсың. Сондықтан нақты құжаттар қажет. Жасым
80-де, менің бұл іске араласуға халім жоқ», – деп шынын
айтқан ақсақал арада бір-екі жыл өткен соң дүние салды.
Әскери тәртіпті бес саусағындай білетін полковниктің
нұсқауын қаз-қалпында беруді хош көрдім (ол кісі орысша
жазған екен): «Факты об Абдибекове Тулеугали фантас-
тические... Легендарный снайпер Зайцев уничтожил 255
фашистов, стал Героем Советского Союза, его ежегодно
чествуют на Малаховом Кургане Сталинграда.
1. Главное, найти в архивах представления к награж-
дению этими орденами. Все документы искать в архивах
Минобороны и Наградного Управления Верховного совета
тех лет.
2. Ехать в Москву в архивы Министерства обороны СССР
и Государственный архив СССР и найти хотя бы наградные
листы (снять копии).
134
3. Поискать и найти публикации в газетах «Правда»,
«Известия», «Комсомольская правда», «Красная звезда» и
сделать фотокопии.
4. Общественное мнение нужно...
5.Составить краткий хронологический список о подви-
гах героя со ссылкой на источники публикации и на авто-
ров (если они есть). Кратко, всего на одной странице. Без
официальных документов добиться ничего невозможно.
Это аксиома. Нужны официальные документы и только до-
кументы» деп 18 ақпан 2006 жылы қол қойып, Медеу аға
арқылы маған беріп жіберген екен.
Әдетте мергендер екеу болып қимылдаған, нысананы
көздеудің дәлдігін арттыратын оптикалық көздеуіші бар
винтовкалармен қаруланған. Қорғану шебінің алдыңғы
шебінде, қолайлы орында мұқият жасырынып, біреуі жою-
шы, екіншісі бақылаушы болған. Мергендердің жұптасып
отыратын бір себебі, дұшпан жағына шығып кетіп, ту сырт-
тан атуы мүмкін екенін де ойлаған. Мергендік қозғалыс
1941-1942 жылдары Кеңес әскері жаппай шегініп, қор-
ғаныс ұрыстарын жүргізуге мәжбүр болған Ленинград
үшін шайқастарда туған. Тек қыздардан жасақталған
мергендер бөлімі 12 000-нан аса дұшпан солдаттарын жер
жастандырған. Соның бірі – өзіміздің Әлия Молдағұлова.
Мергендерден В.Г. Зайцев, Н.В. Ковшова, М.С. Полива-
нова, Л.М. Павличенко және т.б. Кеңес Одағы Батыры
атағын өлгеннен соң алған. Солардың ішінде Ф.А. Смо-
лячков 125, В.Г. Зайцев 255 жауды жойған. Т. Әбдібеков
395, яғни бір батальон жауды құртқан. Бірақ оған саяси
қитұрқы себептермен ресми атақ еш бұйырмаған.
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар
қауымдастығының төрағасы Жұмабек Ашуұлы 2007 ж.
қазан айында Ресей Федерациясы Қорғаныс министр-
лігінің Орталық әскери мұрағатына сұрау салып,
12.03.2008 жылы жауап алды. Подольск әскери мұраға-
ты екі мұрағаттық анықтама салған, гвардия аға сержан-
ты, мерген Т. Әбдібековтің соғыс деректерін растаған.
Ж. Ашуұлы мақаласында былай деп жазады: «Мұрағат
деректері қолмен көшіріліп, наградалардың қандай ерлігі
135
үшін берілгенін тізіп шығып, соңында: «Прославленный
и непревзойденный снайпер. Хитрый, осторожный, вы-
держанный, хорошо знающий повадки врага довел свой
снайперский счет до 395 уничтоженных гитлеровцев. Под-
готовил 32 снайпера... Умер от ран в медсанбате 23.2.44 г.»
деп тайға таңба басқандай анық жазылған. Қол қойылған,
мөр басылған, бәрі заңды түрде рәсімделген. Даңқты
жерлесіміздің соғыстағы асқан ерлігін дәлелдейтін бұ-
дан асқан қандай құжат керек? Ал біздің қандасымыз
Төлеуғали Әбдібековтен асқан бірде-бір мерген жайында
дерек кездестірмедім». Жастар отансүйгіштік қасиетті
туған елі өз ерлерін ардақтай алмаса қайдан тапсын? Рух
сөнбесін.
Мен белгілі жазушы Әзілхан Нұршайықовтан де-
рек көздерін сұрағанда 16.02.2006 ж. жазған мына жа-
уапты алдым: «...Тілеу Көлбаевтың «Снайпер Тулеу-
гали» атты мақаласында 1944 ж. шілдеде Қазақстанға
жіберілген делегациядан мергеннің №2916 винтовкасы
елге жіберілгені, оның қазір Орталық мұражайда тұрғаны
баяндалған. Бұған қарағанда дивизияның 3 жылдығы
қарсаңында Төлеуғали Кеңес Одағының Батыры атағына
ұсынылған болуы тиіс. Дивизия елге делегация жіберген-
де қолдарына Қазақстан үкіметіне арналған хат ұстатады.
Батырлыққа дивизия ұсынады. Содан кейін ол құжат
Мәскеуге кетеді. Дивизияның Қазақстанға жазған хаты
Алматы архивтерінің бірінен табылуға тиіс. (1944 жылы
майданнан дивизия делегациясын басқарып келгенімде
біз дивизияның хатын Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетіне тапсырғанбыз).
Жұмабек Ашуұлы Саяси қуғын-сүргін қауымдас-
тығы атынан Қазақстан Республикасы Президенті
Н.Ә. Назарбаев пен Ресей Федерациясының экс-президен-
ті В.В. Путиннің атына Т. Әбдібековке батыр атағын сұрап
ресми өтініш жолдаған болатын. Ұлы Жеңістің 65 жыл-
дығы қазақтың іздеуі жетпеген ер ұлының таудай атын
жарыққа шығарып, ұлттық мәртебемізді асқақтатады де-
ген үкілі үміт сөнбейді. Сонда ғана өлген тіріліп, өшкен
жанады.
136
ШАЛЫСЕСЕП
– Мен бір нәрсенің басын аша алмай дал болдым, – деді
де Қымыр автокөлігінің есігін жауып Тымырға жақын-
дады да ашық қабақпен: – Ертеде ауыл айтқышы: «Шама,
шамадан артық емес, Жайықтың су бір бөшкі. Есеп есеп-
тен артық емес, өтірік айтып қайтейін, түсінерсіңдер то-
лып жүрген кіл есті, толып жүрген жер үсті, тоғыз айдың
перзенті... басқа іс түсті, көшті, қонды, өлді, жітті, бәрі
де жақсылықты сағына күтті», – деген екен.
– Есілдің арғы беті, бергі беті, Астананың құлпырған
күн келбеті, талай қиын-қыстауда кең байтақ даланы ер-
лер қорғады, – деді Тымыр.
– Басынғысы келгеннің басы кетті, өзі қазған қабіріне
өзі жетті, – дейсің ғой.
– Әрине.
– Бақабас жауыз, фашист құзғынына атқан оғым қате
кетпейді, туған жерімнің киесімен оқтағам. Зұлымдық
ұясын талқандауға батыр бабалардың аруағына сиынам,
фашистерге атылған әрбір он оқтың тоғызы қазақ жерінде
жасалған, елімнің намысын қорғап қалуға ант еткенмін
десе кең байтақ жері еске түспей ме? Әркімнің бағыт-
бағдары бойынша бағзы заманнан бері туған жеріне ештеңе
тең келмейді. «Туған жеріңе туыңды тік» деген сөз қалған.
Сол Қазақ АКСР-нің 1-құрылтайшы съезінің әкімші-
лік мәселелері бойынша 1920 жылдың 12 қазанындағы
қарарында: «Қазақ ССР-ның территориясы 2753,8 мың
шаршы метр, бұл көлемде 16 облыс және республикаға
бағынышты – 21 қала, 15 қала ауданға бағынышты, 203
аудан, оның 109 қала типті, 2672 село бар», – делінген.
Ал 1936 жылғы 5 қазанда республикалардың қайта құ-
рылымы бойынша: «Қазақ ССР-ның территориясы – 2717,
3 мың шаршы метр, адамдар саны – 15842,1 мың, (есеп-
те қанша ұлт бар, олардың ұлттық құрамының көрсеткі-
ші көрсетілмеген) олардың қалаларда тұратыны – 9044,7
мың, селоларда тұратыны – 6797,4 мың, 19 облыс бар, ау-
дандар саны – 222, қалалық типтегі аудандар – 35, сондай-
ақ 83 қала болған» делінеді (Издат. Москва. 1947 ж.
1 қаңтар). Жауынгерлер бұл есепті бөліп-жармаса да
137
Отан ортақ деп жандарын шүберекке түйіп гитлерлік фа-
шистерден қорғады. Тыныштық заманға ештеңе теңгер-
меді.
– Сонда айтпағыңды түсінбей қалдым? – деді Тымыр
ойына кідіріс беріп. – Статистикалық есеп бойынша ха-
лық саны – 15842,1 деп көрсетілуі, онда қазақ қанша,
орыс қанша, басқа ұлттардың саны неге көрсетілмеді?
Құпия. Аштан қырылғандардың есебін жасыру. Кеңес сая-
сатының бұл деректеріне сену екіұшты көрінеді. Сергей
Залесскийдің тарихи зерттеу мақаласында: «3,5 миллион
адам сенімсіз деп танылып Қазақстанға жер аударылды.
Олардың 27 пайызы қоныстанған жерінде қайтыс бол-
ды. Сондай-ақ, 4,8 миллион адамды жер аударып, еріксіз
жұмысқа салды. Он сегізінші ғасырдан Поволжьяны ме-
кен еткен халықты және Қызыл Армияны орналастыру
мақсатында деп жүк вагондарына тиеп қазақ даласына тө-
гіп салды, орналастырды...» – деп төбе шашың тік тұратын
деректерді жазған-ды. Күрделі-күрделі оқиғаның бетін
ашады. Демек, аштықта қырылған қазақтардың санын
сенімсіз ұлттар деп жер аударылғандармен толықтырып
тұрғаны айтпаса да түсінікті десек қателеспейміз.
Қанша халық аштан өлді. 1917 жылы 7,5 миллион қазақ
болған дедік (құжатта көрсетілген). Сонда төрт миллион
қазақ өлді, оның орынына түрмедегісі бар, лагерьдегісі
бар, жер ауып келгені бар сегіз миллиондай адаммен халық
саны толықтырылды. Көрдің бе, жымысқы саясаттың
күштілігі. Соғыс та, талай қырғында да саясат алдымен
халықты дүрліктіреді.
Сол байтақ даламызды, қайғысын ішке бүккен жерді
күн-түн демей қорғау ерлердің қасиетті ісіне айнал-
ды. Мәскеуді қорғаудың өзінде бір жарым миллион қы-
зылармияшылар мерт болса, Польша жерін фашистер-
ден азат етуде алты жүз мың адам оққа ұшқан, олардың
қатарында қазақстандықтар да бар еді. Оған дәлел сұ-
рапыл соғыс жылдарында республикада әрбір төртінші
адам майдан даласына аттанды. Қан кешті. Еврейлер алты
миллион еврей қырылды десе, соғыста бүкіл Одақ бойын-
ша өлгендердің санында шындыққа күмән туады. Сталин
соғыс бітіп, жеңіске қол жеткеннен кейін: «Немістерден
138
қанша шығын болған, соны алдын-ала біліп, одан кейін біз
аз шығынмен жеңіске жеттік», – деуіміз керек деген сы-
бысты естігенбіз. Жә, оған жұқармайық, тарих шындығын
табар, күллі әлемдік соғыстың нақты есебі шығар, әйтеуір
тілерсектен қан кешіп жүріп ағаларымыз, апаларымыз
болашақ ұрпақтың тыныштығы жолында жан пида деп
бүгінгі күнге қол жеткізді. Кеңес үкіметі қазақтарды
төртінші сорт деді ме, кісі қатарына қосуға қомсынды.
Қазақ мемлекеті деуге аузы келіспегендер толып жүрді.
Шовинистер әкесінің түнеп шыққан төбесін біздің жер
деуге дейін барды. Ұяттан безгендерге дауа жоқ.
– Асқақтама, бауырым, аяғыңның астында қанға
бөккен жер бар, төбеңде аспан бар. Бір үзім нанды аузыңа
апарарда аруаққа тие берсін деуді ұмытпа, – десек артық
емес. Тымыр майданнан оралмаған ағаларын есіне түсірді
ме, мұңайып қалды...
* * *
– Тымыр, мен бір аңыз айтқым келіп аузым жыбыр-
лап тұр, – деді Қымыр Есілдің арғы бетінен баспалап
көтерілген күнге қарап алыстан ой тартты. – Аталарымыз
жер киесін қадірлеп, «Жақсыдан – шарапат, жаманнан –
кесапат» депті. Адамның құзғын жаманы Гитлер жұмыр
жерді ойрандаса, ерте, ерте, ертеде қан жұтпаса көзіне ине
тірелгендей ұйқы көрмейтін хан болыпты. Оның жарлығы
бойынша 60 жастан бір күн асқан бойда әкесін ұлы арқа-
лап биік құздан құлатып өлтіретін болған. Хан құзырын
орындамауға жұрт дәрменсіз, шардақ, былқ ете алмай-
ды. Содан бір күні алпыс жасты толтырған әкесін арқалап
шыңға көтеріліп келе жатқан жігіт шаршап тарғыл
тастың үстіне отырады. Сонда әкесі: «осы тастың үстіне
мен де отырып, әкемді шың басынан құлатып едім. «Атаңа
не қылсаң, басыңа сол келеді»деген осы», – депті. Содан
ұлы ойға қалып, тобылғы, шеттік, шеңгелдің қысқарған
көлеңкесіне әкесін жатқызып:
– Әке, мен өзіңді шыңнан құлатпаймын. Мына то-
былғы-шеңгелдерді кесіп, соған орап үйге отын арқалап
қайтқандай боламын. Сосын үйдегі кебежеге жасырып,
жан баласына көрсетпей бағамын, – депті.
139
Күндердің күндерінде, жылдардың бірінде хан көрші
елді жаулап, мал-мүлкін, сұлу қыздарын әкелуге әмір
береді. Жігіт көзінен жасы сорғалап, зар илеп тұрып ке-
беже ішіндегі әкесінен ақыл сұрайды. Сонда әкесі: «Хан
жарлығы екі етілмейді, оған ешкім қарсылық жасауға
қақысы жоқ. Мені кебеже ішінде жатқан күйімде бірге ала
кет», – дейді. Жігіт әке сөзіне тәк тұрып соғысқа кете бара-
ды. Содан көзге түртсе көргісіз меңіреу түнде сарбаздардың
арбалары қиқалаңдап жүре алмай тоқтап қалады. Жұрт
аң-таң. Қария баласына: «Осы жерге түнеңдер, бұл тас
емес, алтын!» – дейді. Оны жігіт қолбасшыға айтады. Таң
атады. Сарбаздар күн көзімен шағылысып мың құлпырып
көздің жауын алған алтын тауын көріп қуанады. Арба-
ларына тиеп-тиеп алады. Қазына белгілі, одан әрі тағы
көрші ханның еліне жол тартады. Оларды жаулап сұлу
қыздарын, үйір-үйір жылқыны, басқа да байлықты әкеліп
ханға тарту етеді. Бас сарбаз ханға жолшыбай құм дауылы
қуырған шөлге қамалып қалғанын да, одан аман құтылуға
жас сарбаздың ақылы болғанын да айтады. Сарбаздың
кебеже ішінде әкесі болыпты: «Өгіздерді қамытынан бо-
сатып жіберіңдер, суды табады», –дейді. Ақырында не
керек, алтын тауын тауып, шөлден аман құтылып, көрші
хандықты жаулап еліне үлкен олжа салған жас сарбазды
хан шақырып алып:
– Осыншама ақылды қайдан таптың? – дейді. Бас
сарбаздың сөзіне сенбегендікпен. Ханға өтірік айтуға құқы
жоқ жігіт оқиғаны бүкпесіз нақты айтады. Содан зұлым
хан райынан қайтып, шындықты көзімен көріп, қолымен
ұстағандай болғасын:
– Қарты бар ел қазыналы екен, енді адамдар өз ажалы-
мен өлсін, – деп жарлық шығарады... Сол аңыздағыдай
елден майданға аттанған азаматтар қариялардың ал-
дында тізесін бүгіп, батасын алып, ақылын тыңдағанын
көргенбіз. «Ажал алдында да абыржып-саспаған адам
ерлік жасайды», – деген дала даналарының сөзін естіген-
біз, – деп майдангер Ерғали Мұқанов соғыстағы тағ-
дырының өкінішке толы тұсын баяндап еді. «1956 жыл,
21 қазан, СССР-дың Әскери Жоғарғы сот коллегиясы
Ерғали Мұқановты ақтайды...» деген сөйлем жазылған
140
№023757 құжат қолына тигенше ол өзінің жер басып
жүргенін, тірі екенін, не өлі екенін сезбегендей еді. Осы бір
жапырақ қағаз тағдыры болатын-ды.
Достарыңызбен бөлісу: |