Құлыяс Табыл. Таңдамалы. Үш томдық / Т. Құлыяс. – Астана: Фолиант, 2015. ӘОж 821. 512. 122 Кбж 84 (5Қаз)



Pdf көрінісі
бет6/24
Дата04.02.2017
өлшемі1,88 Mb.
#3366
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

ҚҰЙЫН ҚАҚҚАН

– Қалпақ киіп қақырайған ессіздер бүгінде толып 

кетті, – деп Тымыр Өндіріс ауылына барып келгендегі 

көрген-білгенін баяндады. – Кеше кешкісін ауданнан кел-

ген өкілге жанына батқан жарлылығын айтуға барған 

Кәжік ағамыз қазақша сөйлеп, дырауды түсіндіре ал-

май қорланыпты. «Ақылсыз басқа адырайған көз бітеді, 

бақыты қайтқан тұқымға ез бітеді, дуасыздың аузына өгей 

сөз бітеді» деп ренжіпті. Әжептәуір орынтағы бар басшы бір 

ауыз қазақша білмейді екен, саңырау-сақау адамдай, дым 

деместен тыңдауға шебер екен. «Подумаем старик» деген 

жырын айтып, басқалай шаруасының ыңғайы болмайты-

нын танытқан. Бейқам отыратын мәңгүрттің қайырымы 

жоқтығына налыған Кәжік үйге кірген бойда кемпіріне:

– Шай қойшы, таңдайым кепті? – деп ескі диванға оты-

ра кетеді. Бүгежеңдеген бүкір кемпірі:



96

– Күн қағу, неғып шөлдейсің? – дейді. Онысы – мезгіл-

сіз ішетін асқа тарымшылығы.

– Не сұмдық, мемлекет қызметінде жүріп, қазақ шаңы-

рағынан өсіп-шығып тілін білмеуіне пәлекет неменің ұял-

мауын-ай! Намыссызға ұят тұрмайтын бедірейген бет бере 

береді екен-ау. Осындайды көрсе ағаларымыз «Құйын 

қаққан» деп шошқаның қорсылын естігендей тыжыры-

нып қалатын еді. Құйын қағып ауырғандарды көзі көр-

ген, аузы-мұрны қисайып, тілін жұтып алғандай тұтығып 

сөйлей алмай қор боп жүретін-ді. «Құйын адам түгелі 

самолетіңді де алып ұрады, жын құйынға дауа жоқ» деп 

аяйтындар да болатын-ды. Тіл дағдарысы да құйын ішінен 

аман шығуы кейбіреулерге оңайға соқпас. Тілімді құтқара 

көріңдер деп жалынғаннан не шығады, мидың үш бөлігі 

сықап тұрған өзге тіл, қазақшаға орын жоқ. Дағдарыстың 

құйын қаққанның қайғысы сол...

– Дағдарыс әлемнің қайырын күтемін деген жұмысын 

қайырсызға айналдырып, дамуды тежеді. Капитализмнің 

құрсағында бола беретін дағдарыс «ауруы» талай елді 

шарпыды. Қазақтар дағдарысқа қалай қарайды, беретін 

бағасының жобасы нешік? – деді Қымырдың ескі танысы 

орынборлық Иван Красин. Көкейінде кекесін бар сияқты 

көрінді ме, Қымыр езу тартты да:

– Біз тәуелсіздік алғанша 260 жыл ақ патшаның, со-

сын кеңес басқыншылығының дағдарысында тұрып, 

әбден шынығып, біраз буын бекітіп тынығып, талай 

қым-қиғаш саясатқа ұрынып, бір тұрып, бір жығылып, 

қаскөй пиғылдыны тез танып, түсініп, ерекше ұғынып 

қалғанымыз бар емес пе? Жолында жүк қалдырмайтын 

нар емеспіз бе? Иығымызға зілмауырдай жүк түссе де, 

дағдармай көбіне қуанып қаламыз. Таппайтынды тауып, 

алмайтынды алып, барымызды базарлап, шүкірлігімізді 

анттай айтып, байлыққа жарып қаламыз. «Жоқ деме, 

жоғаласың», – деген баба сөзіне нанып қараңыз?! Қанша 

жоғалдырғысы келсе де басымыз аман, малымыз түгел.

– Қоғам құлағаннан кейінгі талапайдан да амансың-

дар ма?


– Шығын шықпай, кіріс кірмейді. Мал – бас садақасы, 

еліміз аман, жұртымыз тыныш. Сөзімді бөлме, айтайын 



97

дегенім, айналайын ақ патшаның да, садағаң кетейін со-

циализм, ерте ме, кешпе бір айналып соқпас па екенсің 

дейді көкейім. Кеңес үкіметінің қызыл жендеттерін де ба-

уыр басқандай мәпелеп, әке-көкелеп, еншісі алынбаған 

емшектестей өбектеп едік. Біздің жүрек тілейді кеңдік! 

Одан кейін демейін күн көсемдеріміз Ленин мен Ста-

линның алақұйын саясатына жылынып, бірақ жүрмеп 

едік құрынып, өлгендерді көме білдік жұлынып, сол 

кездің дағдарысына кейде жылап көріскендей кейбіріміз 

жан алыстың қайғысын тарих таразасына салып қараса 

дейсің. Ей, маңдайға жазғанды көреміз, қиындықтың 

қандайын да білек сыбанып жіберіп жеңеміз, – деді де 

Қымыр өзіміз сықылды ақ жарқын, шовинистігі жоқ 

Иванға қарап, – кеңестік саясаттың бәрінен бұрын тірідей 

өлтіргені қиындау болды. «Арқасына ер батса ат аяңшыл» 

деп жанымызға батқан мазаққа да шыдадық. Кісі есебіне 

санамай, ақыл-ойымызды бағалап қарамай «тузем-

цы» десе бір шовинист, екіншісі аузы-мұрны қисаймай 

кеңкілдеп күліп «қырғыз-қайсақ», «инородцы» деп кеу-

де басқысы келген зәлімдік зәбірі ит орнына шошқа 

үргендей мазақ еді. Ар-ожданды талқандап азап етті. 

Тілді, дінді, ділді кескілеп, құпия түрде орыстың отымен 

кіріп, күлімен шығатын есалаң құлына айналдырудың 

түрлі амалын қолданды. Басқаны айтпағанда, милиция 

қорғаның дейтін қызыл жағалылар тобырын бір қазақ 

басқарып па? Жоқ. Неге? Қазақ сенімсіз ұлт деп таныл-

ды. Шовинистер зымияндығының түрлі айласына дәлел 

жетерлік... 1911 жылдың 21 қыркүйегіндегі №995 құпия 

нұсқауда Ресейдің қазақ еліндегі ұлт саясатының негізгі 

ережесі бойынша орыс патшасының өкілі: «Біз бұратана 

халықты мұсылман дінінде болса да, оларды жақын ара-

да орыс шаруасына айналатын материал есебінде қа-

растыруымыз қажет. Сондықтан оларды орыс дегеннің 

бәрін жаны қалмай жалбақтап, сыйлап құрметтейтін 

рухқа жеткізуіміз керек», – деп жазғанын оқыдым. Он 

тоғызыншы ғасырда жер ауып келген орыс тілділердің 

жоғарыдағы кулак Говцель, Ходяков сияқтылар мыңдап 

саналды, 770 ауыл құрап, 550 187 қазақ мекен еткен 

Ақмола өңіріне 1900 жылға дейін патша әмірімен 1 мил-

7-0203


98

лион орыстар келіп қоныстанса, олардың біразы әлсіздің 

жонынан таспа тілетін казактар болса, заңға бағынар ма? 

Олардың бәрі Мәриям Жагорқызы емес қой. Қазақтың 

тілін, ділін, дінін меңгеріп, қазақ ақыны боп өткен Мәриям 

қыздарына: «Моңғол шежіресінде келіннің үш күйеуі бо-

лады деседі. Алғашқы күйеуі – алтын елі; екінші күйеуі – 

ар-намысы; соңғы күйеуі – алған жары. Қазақ жерінде ту-

дым, еліме адалдығымды сақтап өтем», –деп «үш күйеуі» 

алдында да кіршіксіз тазалығымен дүниеден өтіп, Жан-

тай қажының қорымына Дүйсен Үкенұлының ата-баба-

сының зиратына жерленді. Немере-шөберелері ұлтымыз 

қазақ деп Мәриямның өсиетін орындады, мәңгүрттеріміз 

Мәриямды білер деймісің, – деп Қымыр өзін ауыр сезініп 

ойын бөліп еді. Жанында тыңдап тұрған Тымыр:

– Мәңгүрттердің рухы орысша емей немене? Олардың 

ұрпағында да қазақи рух, ар-намыс болмайды. Тілі кесіл-

гендерді қарғыс қана атады. Тіл дағдарысы –ұлттың қа-

лың қайғысы. Заң керек, тілді жақтамастарға жаза ке-

рек. Зұлымдықты о баста рухты өлтіруден бастамақтығы 

шовинистердің жүрекке бірден қанжар сұққандай екенін 

түсіну керек.

– Кеңес үкіметі патшалық қылмыстан қалысты ма, 

қазақ мектептерін жауып, банкрот деп тауып миға бомба 

қойған жоқ па? Қазақ тілінің бақытсыз боп, соры арылмай 

қалғанының түп тамыры тереңде. Ұлтты жою үшін түрлі 

нәубетке ұрындырып, тіпті ашығып жүргендердің бала-

ларын сатып алуды, әр баланың бағасы 75 рубль болғанын 

Дальдың жазғанынан да көргенбіз. Жазбаны оқыңыз: 

«В.И. Дальдің «Северная пчела» журналына 1834 жылы, 

101-санындағы жазбасында: «Шекара бойынша қазақтар 

осы қыста тағы да өз балаларын сата бастады. Жақында мен 

75 рубльге сатып алынған төрт ер баланы көрдім», – десе 

отарлаудың езгісін, оның шынжырлы бұғауы халықты 

жүдетіп құртып тұрғанын көрсетеді. Ресей 1737 жылдан 

бастап 85 жыл құл саудасы іскерлігімен айналысуын фа-

шизм үлгі тұтты ма, Одақтың басып алған жерлеріндегі 

балаларды, тіпті қара топырағына дейін еліне тасыды. 

Отарлық езгінің сұрқия қылмысын, соғыстың, аштық-

тың қырғынын тарихтан ешкім сызып тастай алмайды, 



99

ұмытуға да қақысы жоқ, тәубеміз үшін керек. Сақтану 

үшін керек.

Пенде жайсыз пікір, жаманшылықты өз басынан 

өткермесе, біреудің жағдайын біле бермейді. Орыс шо-

винистері көкірегіне нан пісіріп, әлсізге қасірет шектіруді 

мақтанға балады. Қысқасын айтқанда, казактары кедей 

қазақты ұрып-соқса, атып өлтірсе, мүлкін тартып алса 

рахатқа кенелгендей болмады деймісің? Казактардың 

негізгі мақсаты – өз пайдасы жолында бүлдіру, құрту, 

өлтіру, жою. Кәдімгі Теккерей шығармасындағы Бекки 

Шарптың құзғындық бейнесі тәрізді.Тымыр:

– Философ Эрнст Кассирер: «Біз өркөкірек өзімшіл-

дігімізден күнәға батамыз, сол үшін де табиғат жазасы 

жылдам... Тіл, көркемөнер, миф, дін кездейсоқ, дербес жа-

ратылмаған, бәрінің тамыры бар», – дегенін кері түсінген 

өркөкіректер қазақ жерін отарлауда ұлттың тілінен, 

дінінен, ділінен айыруды, сонда орыстану нәтижелі болады-

ны бірінші кезекке қойып, маңызды шаруаға айналдырған-

ды. Оған тағы бір дәлел 1887 жылдың 11 қарашасында Ма-

кинский деген шенеунік Далалық генерал-губернаторға 

жолдаған хатында төмендегідей тұжырымды білдіреді: 

«Әкімшіліктің басты шаруасы даладағы қазақ жұртын 

біртіндеп орыстандырып, мақсатқа жету үшін, ең басты-

сы қазақ тұрғындары мен орыстарды мидай араластырып, 

қазақ даласының белгілі мекендерін отырықшы орыстар 

арқылы отарлау болып табылады», – деген екен.

– Төбеңмен жүргірдің зіркілі, арам ойы қандай зұ-

лымдыққа толы? – деп Қымыр пенденің басына түсетін 

бақытсыздық тікелей үреймен қабаттаса келетінін ойлады. 

Халық азасы қандай ауыр, қандай қатты еді? Қасірет пен 

қан шашқан зұлымдықтың соңында не қалды? Жамандық 

қана...

– Қазақ ұлты үшін кешегі Хрущев заманының қайғысы 



қабырға қайыстырмады ма? «Ресей патшалығы қаншама 

жылдар бойына Қазақстанды отарлауды нақты жүргізе 

алмады, мен тың игеру саясаты арқылы белден бастым, 

орыс тілділердің жаппай қоныстануына есікті айқара аш-

тым», – деп Одақ мінбесінен бөсті. Тың игереміз, әлемдегі 

қазақтарды жинап беремін деуге аузы келіспеді. Бірінші 



100

басшы шовинист болған соң басқасынан не үміт, не қайыр? 

Қазақ жеріне түрмедегілерге дейін ағыл-тегіл келіп, 

талайдың ажалына жетті, күңіренген қайғылы үн толас 

тапқан жоқ, – деді Тымыр.

– Ұйғыр халқында «Көп картоптың ішіндегі пияз күйіп 

кетеді» деген мәтел бар. Сол айтқандай, күйіп кетудің 

аз-ақ алдында тұрдық. Үрейлі күш дегенін істеді. Өзбек 

ағайындар: «Орыс болу үшін алдымен қазақ болып ал», – 

деген әзіл-оспақ сөзінің зілі қандай аянышты екенін сез-

гендер бар, өзі үшін ұйықтап, біреу үшін түс көргендей 

болатын елден безгендер бар. Жанына үңіліп: «Не болып 

барамыз?» – деуге дәрменсіздікпен ес жиюға күш таппаған 

қазақтардың ақыл-есі шатасып, орыс тілінсіз күн көру 

қиындығын түсінді. Тірлік бірінші қажеттілікке байла-

нысты деп ұғынды. Орыстарға үстемдік берілді, тірлік 

мүмкіндіктері жоғары болды. Қазақ онсыз да қырсықтан 

арылмай, шырқы бұзылып әр нәрсеге сескене қарайтыны 

Ф.И. Голощекин басқарған (1925-1933) жылдардағы 

қынадай қырған қалың аштықтан кейін тірі қалғандар бас 

амандығын тілеумен тынды. «Үкіметтің жауысың» деп 

итере салудың лаңын көргендер сәл нәрседен қорқа бастай-

тыны және бар...

Күн көсем деп жатпай-тұрмай сыйлаған В.И. Лениннің 

билік қолына тиген бойда: «Тұтқында, қажет болса атып 

жібер!» – деген қағида тың игеру жылдарында да маңызын 

жойған жоқ. Коммунистердің жүрегіне дем беретін, айба-

рын нықтайтын қаталдық болса керек. Ленин томдарын 

оқығандардың есінде болар, өз қолымен жазып, 1918 жылғы 

21 ақпанда жарық көрген «Социалистік отанға қауіп 

төнді» деген Совнарком декретінің 8-бабында: «Дұшпан 

агенттері, алыпсатарлар, баукеспелер, бұзақылар, кері-

төңкерісші үгітшілер, герман тыңшылары қылмыс жа-

саған жерінде қолма-қол атылсын!» – делінген емес пе? 

Бұйырушы кінәлі болса, бұйырушының үкіміне иілуші 

де кінәлі емес пе?! Бір есептен заңға бағынуды түсінсе, 

тәртіп нығайса, жақсылықтың жолы болғаны, ал зиян-

ды жағы қылмысты дегеннің анық-қанығын нақты тек-

сермей, жаппай қуғын-сүргінге ұласты да кетті. Ле-

нин бастап берді. Оны Сталин көсем идеясына адалды-



101

ғын танытып жаңартып, жалғастырды. «Жапон шпио-

ны», «Отанын сатқандар» деген сияқты тараулармен 

заңды орындау, үкімді билеу әскериленгендердің шұғыл 

әрі қатаң жазалауына тапсырды. Осындай үрейлі кезде 

қазақтар қорғансыздың күйін кешіп, ұлттық қасиеттен 

қол көтеріп, үстемдіктің қыл бұрауын шыбын жаны 

шырқырап қабылдады. Жөнін айтуға оқталса, «ұлтшыл» 

деген жаза дайындығын біліп, бармақ тістеп қала барды. 

Сұмдық қырғын, қатыгездікті мойындағысы келмеген-

дер түрмеден орын тапты. Орыстың зерттеуші ғалымы В.Н. 

Земсков «Аргументы и факты» журналында ГУЛАГ-қа 

қатысты 53 лагерь, 425 еңбекпен түзеу лагері, кәмелетке 

жетпегендердің 50 колоннасы лық толып тұрғанын жаза-

ды. Жалпы тұтқындардың 30 пайызы саяси «адасқандар» 

депті. Құйын қаққандар топтасып алып қуғын-сүргін-

ді қолдан жасады ма деп қаласың. Мысалға айтқанда, 

1919 жылдың 10 қаңтарыдағы РКО Советінің қаулысы 

бойынша: «Темір жол жабдықтарын қаскүнемдікпен 

қиратушылардың жауапкершілігі қылмыскер деп қолға 

түскендер ұсталған жерінде атылып, ал күдікті-ау деп 

сезікті болғандар кінәсі айғақталмай-ақ соғыс уақытының 

заңымен 24 сағатта сотталуы тиіс», – делініп тергеусіз, 

сотсыз үкім орындала берген. Осы заңның үрейінен 

шошығандар темір жол маңында шашылып жатқан 

керексіз бұрауды да алмай, күні кешеге дейін аман 

сақталуға қол жеткізілді (Қазір вагон тонау, жемқорлық, 

банкрот болды деп ауыл шаруашылығы зауыттарының 

құрал-жабдықтарын кесіп-кесіп Қытайға жөнелтіп, же-

келеген тонаушылар пайдасын көріп жатқанына қынжы-

лып, баяғы заңның қажеттігі келді-ау деп қаласың). Сұм-

сұрқияның опырып жеп, ойрандауына соттың қағазы шақ 

келер ме екен?

– Сабыр ет, – деді Тымыр. – Ескіні қайтіп жоқтайсың? 

Қалтырап қорқып жүргенді басыңа бермесін...

– Мына бір деректі қараңыз, генерал-майор, тарих ғы-

лымдарының докторы, профессор В.И. Некрасов «Комсо-

мольская правда» газетіне жазған «Десять железных нар-

комов» деген мақаласында 1921-1954 жыл аралығында 

Одақ бойынша 3 777 380 адам қуғындалып, оның 642 980 



102

атылып кеткенін жазады. Ал Дмитрий Волкогонов 1929 

жылдың наурызынан бастап, 1953 жыл аралығында 

СССР бойынша 21,5 миллион адам қуғын-сүргіннің зә-

бірін шеккенін жазады. Бір деректе 40 миллион адам 

айыпталды дейді. Әйтеуір, аз емес. Осындай деректер-

ге сүйенсек, жазаланбаған жанұя, айыпты аталмаған 

адамдар өздерін бақытты сезінген шығар. Қан теңізіне, 

теңізге құйылған көздің жасына құйын қаққандар кінәлі 

десе, оны қариялардың кейбірі Ібілістің қылмысы дейтін 

еді. Мұншалық қыспақ, қазақпын деуге жүрексіндірмей 

қояр ма? Көсемнің атын білсе де көкесінің атын айтуды 

ұмытқандар құса болып күн кешті. «Сталин салған сара 

жол – коммунизмге жетер дара жол!» – деп тас құдайға 

табынғандар кісіліктің бәрін ұмытты.

Тәуелсіздікке зорға шыққанда о заманды ойлау да ауыр. 

Көсемнің жетекшісі сайтан ба, Ібіліс пе, неміс ғалымдары 

сықылды тексерсе шындығы шығып қалар... Адам қаны 

киелі... Қанішерге кесілген үкім ақталуға жатпайды...

Көрдік біз обырлар мен жалмауызды,

Тасжүрек тебіренбес қанды ауызды.

Қырылған адамдардың қайғысына,

Жер қайысып тыңдады-ау жоқтауыңды.

Сезген болар аруақтар, көсемім деп,

Тірлігіңде жақсылыққа соқпауыңды,

Ессіз шулап барып, әншейін тоқтауыңды...

ГИТЛЕР МЕН ШАЙТАН

Бұл Берлин түн атасына тып-тыныш, үнсіз өлі тірлік, 

жүдеулердің қанша жұлқынса да кеудесінде қысар тең-

сіздіктің қайғысы бар. Әлсіздердің жұлдызы сөнгені 

қашан, сосын қыбыр етпей ұйқыға кетеді. Мәнсіз 

меңіреулік таң ата қыбыр-жыбырға қайта ұласып, жөндем 

жұмыс тауып азыққа қолы жетсе – тірлігінің жетіскені, 

әркімнің өз өмірінің жаңа парағы сәтті ашылғаны. Ашық 

аспаннан көтерілген күн сәулесінің шашылғаны. Алдымен 

шіркеулер маңында жетім-жесірлер жүреді, сыбыр-күбірі 



103

қолының молдыққа жетуіне Құдайдан көмек бола ма деу 

ғана. Құлшылық етіп табынып, адамдардың әрқайсысы 

өзінің қара көлеңкеге батып бара жатқан мұңын шағады. 

Қайырлы жақсылық тілейді. Жуас пенделер шоқынған 

сайын денесін жеңілдетіп, қатыгездіктің меңдеткен 

ауырлығынан құтылғандай болады.

Адольф Гитлер барша жұртпен бірдей қиыншылықты 

басынан өткізді. Тірлігі түп-түгел сәтсіздікке құрылғандай 

тауға-тасқа басын соғып, әбден қажып, жүрегі қан жылап 

жүрген кезі-тін. Жоғарғы мектепте оқып жүр еді, қандай 

қылығы жақпағанын өзі түсінсе де, қателестім дегісі 

келмейді, жаңсақ қадамын кім мойындағысы келеді. 

Бірбеткей мінезі жақпаса, байқаусызда ашу қысып ау-

зынан балағат сөзі шығып кетсе, белгілі біреудің шамы-

на тисе, мектептен қуылады. Жұрттың алдына түсіп бап 

табу қиын. Кеу-кеулеген туыстары жазықсыз еді, бір шай-

тан азғырды деп көңілсіздікпен іштен тынатын-ды. Одан 

соң Гитлер өнер акедемиясын жағалап, жанын жалдап, 

көз майын тауысып, ой-сезімі өнер құдіретіне ауысып, 

есі кетіп ынтықса да екі дүркін сынақтан өтпей қалды. 

Қиындыққа қаны қарая бастады ма, жұртты дүрліктіріп 

жеңіл-желпі қылмыс істеді ме, шайтанның құйрығын 

тістеді ме, бауыр басайын өзіңе деп күштеді ме, бір елеске 

бойы балқып, түсіп тұрған мол мейірді байқағандай бол-

ды. Сол тәтті елес ізін бағып еліктірді, күндіз есінен, түнде 

түсінен шықпады. Балапандай бауырына басып, қауіп-

қатерден сақтап бақылауын күшейтті. Жын соқты не, 

мың соқты не, түрмеде отырды деген жаман атақпен тірі 

жүрсе де, өмірдің бағасын түсінді. Үстемдік иесінің қас-

қабағына бағынышты боп, қараудың ауырлығын ұқты. 

Алды-артын байқап, қайткенде де дүлей күш иесі болуды 

армандады. Миы үстемдікке әккіленгендей еді. Ой-санасы 

сан саққа сүйреп, шым-шытырық тірлікті бағалатты. 

Мұның қайратына да, айбатына да ешкім төтеп бере ал-

мады. Күлетін жерде күлдіріп, бүлдіретінді бүлдіртіп, 

сынаққа салып жүрген шайтаны семірді. Ұқтырды бұған 

сұрқиялық өмірді. Бұрын-соңды өзінен басқа жұмыр 

жерде күш-құдірет болмайтындай әдісқойлықты тапты. 

Өзі ғана әлемді уысында ұстайтындай дәреже-биліктің 



104

тізгініне жабысатынын шайтаны сендірді. Бұрынғыдай 

емес, Елес шайтан жанына жақын келіп:

– Жұрт қабырғасымен кеңеседі, шаруасын келте тын-

дырады, назарын босқа сындырады, сен миыңмен кеңесе 

біл. Әлем байлығы өзіңдікі ғой, қорықпа, ала біл!? – деп ақ 

халатты Елес шайтан әуелі құлағына өктемдікпен сыбыр-

лайды. Гитлер миының барлық бөлігі, ондағы қан тамыр-

лары жыбырлап, денесін қыштап, аруақ ұстағандай он екі 

мүшесін қыздырып ысытып, ерекше күш дарып, өмірге 

құлшынып бір қылықты бастағандай, қанат бітіріп жұмыр 

жерді шарлатып тастағандай сезінеді. Оның жойқын күшін 

байқаған Шайтан ақ халатының қалтасынан алтын сапты 

кездігін шығарып теріс қарап тұрған адам сықылдыны 

бауыздап, ыдысқа құйылған қып-қызыл қанды әуелі өзі 

ұрттап, сосын Гитлерге ұсынды:

– Түрмеден жүрегің қара тастай қатты, енді мына қанды 

ішіп аздап жібітіп ал. Бұл аяушылық сезімді өлтіреді. 

Өмірлік азығың, еліңнің байлығы жалпақ жұртты жау-

лап алуыңа байланысты. Жұмыр жердегі халық азып-то-

зып, керексіз адамдар көбейіп кетті. Ондай қоғамға басы 

артық пендеге шара керек. Өкпе құрт, сифилис сықыл-

ды жұқпалы ауруды емдеп азаптанудың керегі қанша? 

Жұрт алдына шығарып дарға асып асып өлтірт. Әлсіз, 

ауру-сырқау, шөп басын сындырмайтын жалқау, өлімтік 

адамдардың барынан жоғы жақсы. Олар – мемлекет маши-

насына тежегіш, ілгері бастыртпайды. Құрт бәрін. Әлем 

билігін қолыңа алу алдында жолыңа кедергіні қырып сал. 

Осы заңдылықты орындасаң құдірет күш қолыңда болады. 

Байлық, табыс, алтын теңізі аяқ басқан сайын жолыңда 

болады! – деп әр сөзін қадап Елес шайтан ұйыта сөйледі.

Гитлер ыдыс толы қанды сіміріп салып, көзі шайдай 

ашылса да абыржып:

– Қалай, қалайша мемлекет басқарамын?.. Тірлігім 

сәтсіздікке толы... Ең үстіңгі, бірінші билікке жоға-

рылаудың жөн-жобасы қиын.

– Қадамыңды үнемі қадағалап сынақтан өткізіп жүр-

ген менің қызметіме сен. Тұр, айнаға қара. Өзің сықылды 

екінші бейне жетекшіңмін. Қалың халықты соңыңа ері-

тетін, жай көзге көрінбейтін, миллиондардың бірі, ақыл-



105

ойы әлемдік биіктен де жоғары. Құдайдың сүйген адамы, 

бірен-саран киелілер жетекші бейнені (двойник) байқауы 

мүмкін. Басқалары түгіне түсінбейді, – деп Шайтан шын 

сөзін құбылтып жүрегіне құйып тастады.

– Келістім... Орынтақ қайда?

– Асықпа. Алдыңдағы қолымда билік бар деп қопайып 

жүргендерді біріндеп ұйқыда жатқан жерлерінде бауыз-

дап таста. Ештеңеден жасқанба. Өзіңді тәрбиелеп, саяси 

күш беретін ұстазыңнан бастап өлтір. Қайырымдылықты 

қатыгездік қалай жеңетінін жұрт білсін!

– Ойлану керек екен.

– Несіне ойланасың? Ешкімнің маңдайына бақыт, 

орынтақты тұрақты жазып қойған жоқ. Мүлт кетсе мұрт-

тай ұшады және жанындағы сенетін адамы құртады. 

Айтпақшы, қалың қара мұртты, үнемі етік киіп жүретін 

бәсекелесің бар. Олар қан теңізіне қайықты он алты 

жыл бұрын салып еркін жүзіп барады. Жұмыр жерді 

басқарудан үмітсіз емес. Оның жетекшісін Ібіліс атапты, 

талай дананың сазайын тарттырып, жолына кедергіні 

тазартып бітірер емес. Бас көтеретіннің басын қырқып, 

алғыр ойын кескестейтіннің кеңірдегін қиып, саясатын 

мойындағысы келмегеннің мойнын үзіп, ұрыншақты ұрып 

өлтіріп, көбін түрмеде телміртіп тастады. Көсем құдіреті – 

үрейге байланысты. Сталиннің жойқын күресінен сен де 

қалыспайсың, қайта асырып жібер. Оның Ібілісі шебер, 

әскери қолбасшыларды да түрмеге тығып жатыр. Соғыссаң 

жеңетін бұл да өркенді жолыңа тиімді екенін түсін, – деп 

меңзеді.

– Мен әлемді қайтіп үрейлендіре аламын?!

– Оған асықпа, Герман елін 7-8 жылда тазартып, бұл-

тақтағандары табаныңды жалайтындай билік биігіне шық. 

Бағыныштың кірпік қағысыңнан зәресі зәр түбіне кетіп 

тұрсын. Ешкім жақсылықтың үмітін күтпесін, ажал күтсін. 

Өзіңнің білгеніңді емес, өзімнің айтқанымды істе, – деп 

Елес шайтан 1933 жылдың қаңтарында Гитлерді мемлекет 

басқару тағына отырғызып, келісімшартқа қол қойғызып-

ты.– Түрлі жұқпалы аурулар дарға асылды.

– Дұрыс, дені сау таза тұқым өсуі керек, – делінді.

Ғылым-білімнің биігін меңгергендерді өлтіріп, көпте-

ген  кітаптарды кері үгіт насихаты деп өртетті. Білімсіз 


106

надандарды басқару оңай деп есептеді. Орынтағына ті-

міскілеп көзін салатын бәсекелсетерді құртты. Қалың 

жұртқа нан керек. Пенде – өңештің құлы. Әскери зауыт-

тарды көбейтіп неше түрлі қару-жарақ қорын жасауды 

қолға алды. Жұрт нан табу үшін уақытпен шынығып санас-

пай еңбек етті. Қару жасаудың небір шеберлері жұлынып 

шықты.


Халық айлық алып, асқа тойынғасын, соңына еріп 

айтқанын екі етпейтін сенімге кенелді. Гитлер әлемдегі 

адамзатты басқарудың амалын түсінгендей болды. Елес 

шайтан басқару бағытын аңлағанға жұмыр жерді дүр 

сілкіндіруге мықтап кірісетінін байқап: «Бәсекелесің 

Сталиннің алдына түспесең жаның қорланады. Азап-

танасың. Сондықтан өзгенің қайғы-қасіретінен де қуаныш 

тауып тарихта есіміңді қалдыруың керек. Оған шартымыз 

бойынша 13 жылға мұрсат бердім... Бір елді жаулап алсаң, 

олардың қару-жарағын, жауынгерлерін екінші, үшінші, 

төртінші елдерді ойрандап жаулауға саласың. Өз әскерің 

сақтықта тұрады...» – деді.

...Сөйтіп, дүниені билеп-төстеуге бағытталған бұрын-

соңды болмаған соғысты бастаушы Гитлер Елес шайтан-

мен 30-40 жылдары қол қойып жасасқан келісімшарттың 

түпнұсқасын Портал Кредо Берлиннің шеткі көшесіндегі 

ескі үйдің сандығынан тауыпты. Шайтанның шарты тым 

қатал екен. Гитлердің 1945 жылы өзін-өзі өлтіргені де, ал-

ды-артында жүретін пенденің бәрінің көзін байлағандай 

жұмбағы шешу таппайтын өлімді байқатады. Шайтанның 

адамзат түсіне бермейтін сиқырлы жазба дерегі азып-тозса 

да, оқуға болады деп неміс ғалымдары қалалық тарих инс-

титутына тапсырыпты («Ел-бесік». 49-б).

Шайтанмен одақтасып Екінші дүниежүзілік соғыста 

елу миллиондай адам қырылды десе, олардың тірі қалған 

жанұясындағы кемінде екі жүз миллиондай халықтың 

қара жамылып, қайғыдан көкірегі қарс айырылып соғысқа 

лағынет айтып қарғаумен дүниеден өтті. Қазақта: «Шай-

танмен ымы-жымы бар адамнан безе біл, біссімілдаңды 

айтқан сайын шайтан өлімші болатынын сезе біл. Ібіліс, 

жын-шайтан кеудеңе мінсе оңдырмайды, басыңа бақыт 

құсын қондырмайды», – дейтінін дала ойшылдарынан та-



107

лай тыңдап едік. Жұрттың біразынан имандылық кеткен 

кезде, дінсіздер бес жылдығы талайды түрмеде өлтіріп, 

өлімші еткен кезде Сталин Ібіліс сезіміне еріп, діннен 

бездірген кезде, шайтанға өлім келмейтін, адам қаны 

төгілген сайын сайран салып қым-қуыт жамандыққа 

шайтан жол бастаған-ау. Әлі тыным таппай қиянаты 

мол жерлерді ойрандап, ислам дінін жамылып террор-

шы, лаңкес талайдың шаңырағын ортасына түсіріп жүр. 

Шайтанның жер бетіндегі ойраны қашан тоқтар екен. 

Белгісіз...

– О дүниеде орның жұмақта, қират, бүлдір, өлтір! – 

деп ақымақтарды сықылықтап күліп азғырады. Ілгері 

кеткендерді: «Бүкіл дүниенің байлығы өзіңдікі!» – деп 

ақылынан адастырып, жанын жазғырады. Небір жемқор, 

жалмауыз, қанішер, сұм-сұрқияның қасында келісімін 

жасап оңтайына түскенді оңбайтын жолға бастап жын 

жүр...


«Бұл тірлікте шайтаннан басқа өледі, адалдықтан 

адаспа», – деп әулие қарттар қақсап жүр. Шайтанмен 

келісімшарт жасасып, жұмыр жерді қанға бөктірген фа-

шизмнің көсемі Гитлердің қылмысы әлі талай құжатпен 

делелденер... Тыныштық баяны мәңгілік болғай...

Тастай қараңғы тап-тар үйімізде тыныш ұйқы қайда? 

Төсегінде дөңбекшіп жатып әкем: «Інілерім-ай, соғыстан 

қашан аман келесіңдер!?» – деп жынданып шығатынын 

ұмытармын ба? Бұл қайғы менің замандастарымның 

бәрінің басынан өтті...




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет