Құлыяс Табыл. Таңдамалы. Үш томдық / Т. Құлыяс. – Астана: Фолиант, 2015. ӘОж 821. 512. 122 Кбж 84 (5Қаз)



Pdf көрінісі
бет2/24
Дата04.02.2017
өлшемі1,88 Mb.
#3366
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

* * *

– Жаныңда жүрген адамдармен қанша сырлас

қызметтес болсаң да, олардың жақсылығы мен жаман-

дығын толық ажырата алмайсың. Пенденің ішкі сара-

йында өзге түгілі, өзі түсіне бермейтін белгілі-белгісіз 

қалтарыстары, ой-пікірлері жетіп артылады. Арам ой 

жекенің ісі болса ештеңе емес, дүйім халыққа зиянды бол-

са, қайтіп кешіре аласың? – деді Арыстан ақиқатты бүкіл 

жұрттан тілегендей ниетпен.

– Қазақтың «Бес саусақ бірдей емес, сабырлы бол» 

дейтіні тегін дейсің бе? Алайда жағадан алып, төске 

шапқан, кеудесін керіп басынғанды, шаңырағыңды ор-

тасына түсіріп, еліңнің іргесін сөгіп, берекесін қашырған 

бүлікшілдерді кешірмеген халықпыз. Досқа құшағын 

ашып ағынан ақтарылып, дұшпанын жер қаптырған мінез 

ата-бабадан қалған, – деп өткенді ойға оралттым. Сонау 

алыста қалған өмірлер елестейді...

Екі жүз жыл бойы қазақтармен соғысқан қалмақтар 

қалай жан сақтады деп біреулер айтады. Оны дәлелсіз дей 

алмаймыз. Дәмдеспіз, жерлеспіз деп отырып себепсізден-

себепсіз қан төксе, «таспен ұрғанды аспен ұр» деп қалай 

бітуажаға шақыра аласың?! Дау-жанжалға үйір қып, ме-

кендеген жерді қайткен күнде тартып алуға тырысса, 

қалмақтарды мұздай қаруландырып, ішіндіріп-киіндіріп, 

патша озбырлары айдап салып, қырғын салып отырса 

соғыс болмай қайтеді?! Қалмақтардан тұтас армия құрып, 

оларды әскери тәртіпке баулып, баскесерлерін даралап 

дайындап, далиып жатқан қазақ даласын еншіле десе, 

жұлдызы оңынан туатындай елірмей ме. 1848 жылы 

Астрахань қаласында қалмақтың ер балаларын дайындай-

тын училище ашылып, онда білім берумен қатар, әскери 

тәртіпті үйрету болғанын түрлі құжаттардан көріп-біліп 

отырмыз. Патшалықтың озбырлығы ұсақ ұлттарды бір-


21

біріне айдап салып, қырып, әлсіретіп ұпайын түгендеп 

отырған. Ресейдің әлемдік беделі жерін кеңейтумен байла-

нысты деген қағида құпия сақталған екен.

* * *

– Сөз құдіретін бағалаған халықпыз, «Жақсы сөз – жа-



рым ырыс» деген мәтел де тегін айтылмаса керек. Қызыл 

тіл жақсылығын да жарқыратты, түсінбегенді де отқа 

сүйреп салды, – деді Арыстан аққұба өңіндегі тереңдей 

бастаған әжімді бетін сипап.

– Өмірдің өзі сөзбен өрнектелген болса, пенденің 

бірінші қажеті – газеттің орны ерекше екенін қай ғасырда 

да байқатқан болатын. Басылған еңсені көтеруге, ұйыққа 

батқан ойды оятуға, тәтті үмітті жалғауға құлақ асты-

ратын газеттерде өмір шындығы жатыр, – деп тарихтан 

сыр тарттым. Бытыраған мал – бөрінің жемі, ауызбірлігі 

кеткен ел ажалдың жемі болатындай, ұлт бірлігін 

сақтап, жұдырықтай жұмылуға үн тастаған «Қазақ» га-

зетінің 78-санында, жалғасы 79-санында жарияланған 

«Россиядағы ұйымшылдық» атты мақала 1914 жылы 

Ресейдің үстемдік иелерін біраз абыржытса керек. Пәленің 

шетін басса ортасы былқылдап жататындай, «мұнда отар-

шыл саясатқа халық қарсы тұрсын деген пікір бар» деп 

газет редакторы Ахмет Байтұрсыновқа екі жыл мерзімге 

жер аудару үкімін шығарады. Сондай-ақ, 1914 жылғы 

91-санындағы газет бетінде жарық көрген «Бұл қалай?» 

деген мақала үшін Ахметке екі ай түрмеде отыру үкімін 

шығарылады. Міне, отарлық езгінің былжырап батпаққа 

батып бара жатқандағы жанталасы осындай.

* * *


Қазақ ұлылары не үшін арпалысып, басын бәйгеге тікті 

дейсің? Олар езгіден құтылудың айқын жолы білімде деп 

ұқты. Білімді адам ғана өзімсінген, танауын көкке көтер-

ген дүлейдің алдында жөнсіз бәйек бола алмайтынын 

ұғынды, ұлтына солай түсіндірді. «1884 жылы Торғай 

облысы бойынша Қазан қаласындағы жоғарғы оқу орын-

дарына 6422 жас оқуға түссе, Торғайда екі кластық 2 учи-

лище және бір кластық 11 орыс-қырғыз училищесі білім 



22

беруде, онда оқушылар саны – 600», – деп жазады «Дала 

уәлаяты газеті» және «Известия общества Археологии, 

Истории и Этнографии» (т. 18, вып. 6. с. 556). Бұл құжаттар 

мен деректер Ыбырай Алтынсариннің ұлтына сіңірген 

орасан мол қызметін дәлелдейді. Өсіп келе жатқан ұрпақ 

бірін-бірі баулып, бірін-бірі оқуға тартқан үлкен үрдіске 

айналған. Қазан университетінде оқыған (1895-1899) бидің 

ұлы М. Жасмағамбетов, сұлтанның ұлы К. Арынғазиев 

және 1900-1903 жылдары Қазанның мұғалімдік семина-

риясын бітірген И. Қарабаев, М. Қарабаев, А. Көгербаев, 

Ю. Ниязғалиев, М. Тунганшин, М. Сатбаев – барлығы 

Торғай облысынан білім алып шыққан 10 маманның ал-

тауы сұлтан ұрпағы екен (Интеллигенция. Власть. Народ. 



с. 276-277). Осылардың қай-қайсысы да туған жеріне, 

еліне, қазақ ұлтына заманында қызмет етті. Мысалы, 

«Алашорда» ұлыларының қатарында Қазаннан білім ал-

ған С. Аманжолов, А. Бірімжанов, Б. Маметов, В. Та-

начев, М. Бекімов, М. Боштаев, И. Қашқынбаев, С. Нұ-

ралыхановтар Халық Советінің кандидаттары болса, 

олардың құрамында А. Алдияров,  А. Иманбаев, Г. Ибра-

гимов, И. Тұқберлинов, Б. Жанқадамов, Г. Бердиев, 

Т. Есенқұлов, С. Әжігереев, Р. Мәрсеков, С. Мангелдин 

сықылды жастар «Алашорда» жұмысына үлес қосқан екен 

(«Жизнь национальности». 27. 02.09.1920). Ал Торғай 

облысы бойынша білім дамып, ұлт зиялыларының саны 

артқанын мына деректен көруге болады: «Тургайский 

областной съезд казахов (2-8 апреля 1917 года) высказался 

за демократическую, парламентскую и децентрализован-

ную Республику» (Мартыненко А. «Алаш-Орда». – Сб. до-



кументов, с. 27).

* * *


Арып-ашқан әлсіз елге не түрлі індет үйір болып 

жұтатып тастайды. Ондайды басынан талай кешірген қа-

зақ: «Жұт жеті ағайынды, олақтықпен сегіз, салақтықпен 

тоғыз», – деп сақтандырған. Қанша қорғанып сақтанса да, 

шалғыдай орып түсетін оба, тырысқақ, күйдіргі, түйнеме, 

шешек, жегі, соз сықылды жұқпалы аурулар 1870-

1880 жылдары малды да, адамдарды да жалмап кеткен. 


23

Қазақ даласында миллиондаған мал қырылып қалған. 

Жегі, соз, сифилис, алапес ауруына шалдыққан адамдар-

ды ертеде халық «Барсакелмес» аралына апарып тастаса, 

Ресей патшалығында жұқпалы аурумен күресу мақсатын-

да арнайы комитеттер құрылып, жұмыс істеген. 1891 

жылы Орал, Торғай, Ақмола облыстарында 29 малдәрігер-

лік пункт құрылып, 80 мал дәрігері және адам дәрігер-

лері қызмет істеген (Коропов В. История ветеринарии 

в СССР. – Москва, 1954 г.). Осы кезде Якут елінде ала-

пес ауруы шығып, халықты емдеуге торғайлық ірі ға-

лым Мұқамбетжан Қарабаев барып қызмет істеп, елге 

оралғасын Жанкелдин отрядында, одан соң Бурабай 

курортында дәрігер болып ұзақ жыл қызмет еткен. Ал 

Қазан қаласындағы малдәрігерлік институтының түлегі, 

1877 жылы оқуға түсіп білім алған М. Ақтанов Торғай 

облысының тумасы екен. Сондай-ақ 1881-1887 жылда-

ры 15 студент малдәрігерлік мамандығын алып шығады. 

Атап айтқанда, Н. Рүстембеков, Ф. Имамбаев, У. Базанов, 

Т. Есенқұлов, К. Сермұхамедов сықылды би-сұлтандардың 

ұрпағы екен (69 ЦГА РТ, ф. 534. оп. 3. л.д. №2191, с. 4). 

Ғылым да, білім де қазақ даласына осылай аз-аздап жетіп 

жатты. Байлықтың бағыты білімге ауа бастады. Отарлық 

езгіге жаншылған ел озбырдың табанын жалаудан білім 

арқылы құтылып, қансорғыштықтан жан сақтаудың 

жолы ғылым-білім арқылы жалпақ жұртқа даритынын 

ұқты. Орыс, қазақпыз деп мың жерден бастас, қоныстас 

болса да, дүлейлерінің қорлығы бастан асып жатты. Одан 

қорғануға тырысып бақты.

* * *


– Билікке жөнсіз табынудың қандай екенін біліп 

жүрміз, саясатты терең түсінбей шатасып алданатындар 

аз ба? – деді Арыстан.

– Ойсыздың ойына бой алдырып елітудің өзі сөкет, зия-

ны тас төбеден дейсің ғой. Бәрібір айбар, дүлей күш әлсізді 

бүрсең қақтырмай тұрмайды.

– Бағындырушы қара халықты басқарудың оңтайлы 

амалын қайтсе де табады. Мемлекеттік машинаны тас-

талқан етіп, үлкен төңкеріс жасаған әрекетінің қатыгез, 


24

қанды қырғынын, үлкен зобалаңын көзге елестетудің 

өзі қорқынышты ғой! – деп Арыстан алыстан ой тартуды 

күткендей еді...

Рас, Ресей патшалығының билеп-төстеген, емін-еркін 

жұлымын қырыққан зарлы күндер өтіп, Қазан революция-

сы халқымызды жарылқайды деген үн қалың елдің үмітін 

оятты. Жұрт бейсаясат деген жоқ, ел-елдегі бишікештер

атқа қонды. «Лениндік партия жасасын!» деп жаңғы-

рықтыра үн қатып, биіктікке қол созғандардың мұраты 

болып жатты. Орынбор архивіндегі «Степная правда» 

газеті саясат бағытынан талай сырды ақтарып тастады. 

1921 жылғы 8 тамызда шыққан бүкілодақтық ОАК мен 

СНК-нің қаулысына сәйкес 1921 жылғы 14 қарашадағы 

НКВД-ның №448 инструкциясы бойынша бай-кулактар-

дың мүлкін тәркілеп, жерін, байлығын түгел тартып алу-

ды жүзеге асырған. Бай-кулактар бет-бетімен бас сауғалап 

қашып жатқан. Жаппай дау-жанжал, бетегеден биік, жу-

саннан аласа боп бұғып жүргендерін де аңдығандар алмай 

қоймаған кез-тін. 1922 жылдың 11 қыркүйегінде бүкіл 

қырғыздардың советтік съезіне 500 делегат қатысса, олар-

дың 157-сі қазақ екен. Съезде аштыққа ұрынған адамдар 

саны 1 213 026 адам дегені 1921 жылдың желтоқсанында-

ғы есеп болса, 1922 жылдың қаңтар айында ашыққан адам-

дар саны – 1 354 197, ақпанда – 1 625 386, наурыз айын-

да – 1 714 327, сәуірде – 2 305 591 адам аштықтың қыл 

бұрауында екені айтылған. Денсаулық сақтау орындары 

бар болғаны – 9392, дәрігерлер жетіспейді, індет етек алу-

да делінген. Франция территориясына тең Адай губерния-

сында 270 000 халық есепте тұрады, бірақ медициналық 

көмек жоқ. «Степная правда» газетінің 1922 жылғы 17 қа-

рашадағы санында: «1917 жылы Орал губерниясында 

адам саны 482 020 болса, 1922 жылғы аштық нәубетінен 

247 457 адам қалған, яғни 48,8 пайызға азайған. Осы гу-

бернияда 1917 жылы мал саны 2 571 770 бас болса, 1922 

жылы 307 535 мал қалған, яғни малдың 88 пайызы шығын 

болған, мемлекетке етке өткізілген. Бөкей губерниясын-

да 1920 жылы 400 мың мал болса, 1921 жылы 195 000 мал 

қалған, аштықтан адам өлімі де көп. 1921 жылы осындай 

елдің күйзеліп аштыққа ұрынуына қарамастан, 400 мың 



25

орыс эмигранты қоныстануға келген. 1922 жылы жетім 

қалған балалар саны 189 233-ке жетіп оларды орналасты-

рып, өмірін сақтауда қиындықтар жетіп жатты. Съезге 

қатысқан делегаттар 11 450 соғыс, түрлі қақтығыстардан 

жараланған мүгедектерді де қорғау, оларға азық-түлік 

тауып берудің шаруасын айтқан. Тарих ғылымдарының

кандидаты Зәкіратдин Байдосұлы 1922-1923 жылғы 

аштықта қазақ ұлты кем дегенде 800 мың халқынан айы-

рылды деп дерек келтіреді. Бұны нақты дей алмаймыз. 

Орыстың ақын қызы Татьяна Невадовскаяның «Қазақстан 

трагедиясы» өлеңін тарих бетінен ешкім өшіре алмас.



Көктем туып, бар тіршілік оянған,

Қаумалаған қалың ойдан жеріп көр.

Жер де, міне, жасыл реңге боянған,

Көз алдымда... мұз құрсанған өліктер.

Кір-қожалақ, балақ биті басқа өрген,

Бірақ оны елемеймін мен тіптен.

Көрген сәтте сорлыларды босқа өлген,

Ет жүрегім жүгірмей-ақ ентіккен.

Киімім көк, ашығуды білмеймін,

Аш-жалаңаш бәрі-дағы олардың.

Әйел, кемпір... нанға зәру тілдей бір,

Соны ойласам, көкірегіме толар мұң.

Көрсетеді ол омырауын суалған,

«Бір тамшы да сүтім жоқты» айта алмай.

Құттай сәби құшағында қуарған,

Сандалады ол үйіне бос қайта алмай.

Сұмдық сурет есте мәңгі сақталар,

Айныдық па адамшылдық салтынан?

Ашыққандар шөп-шаламды ақтарар,

Табам ба деп, табам ба деп, жарты дән.

Нөсер шайып, жел кеулеген қар кете,

Шөмелелер аштың көзін арбаған.

26

Түк шықпайды, жеткенменен әл кете,

Шірік масақ тышқаннан да қалмаған.

Сорлы бала сабан астын ақтарып,

Әлсіз қолға ілікті ақыр түйір дән.

Қуаныштан өкіруге шақ қалып,

«Сыбағаға» көз сүзеді бұйырған.

Жазығы не? Кімдер бүйтіп қорлаған?

Туған жері өз елінде емес пе?!

Қыз бала-ай тумай жатып сорлаған,

Теңселеді үп етіп бір жел ессе.

Сүйектері шодырайған, тым арық,

Іші деген кеуіп кеткен қампиып,

Жас өскіндер түк көрместен қуарып,

Кетіп жатыр өкінішті жан қиып.

Күздік қаулап шөп өскендей тасқа да,

Қиқулаған құстың үні тынбайды.

Балалардың ашыққаны масқара,

Шыр айналды бұ қазақты мың қайғы.

Кім жіберді аштық деген пәлені?

Кім жауапты? Білгім келер соны мен.

Түйе мініп, атпен шапқан жан еді,

Малын айдап, көшіп жүрген жөнімен.

Түгін қоймай сыпырды ғой қастықпен,

Болады екен осындай да сұм айла.

Бүкіл жұртты қырып-жою аштықпен,

Керек пе еді Аллаға, әлде Құдайға?

Азаптаудың ойлап тапқан нешесін,

Есі ауысқан миғұла бір пақыр ма?

Қойын-малын, киіз үйін, кесесін,

Тартып алып отырғызғаны тақырға.

Қазақ түгел диқан емес, бақташы,

Біле тұра ешкім жағын ашпайды.

27

Үйсіз қыста жанын қалай сақтасын?!

Өлімге де мойынсұна бастайды.

«Қазақстан далалы өлке, тағы» деп,

Табиғатқа жала жабу – мекерлік.

Тартсаң да жұртшылыққа саны көп,

Өнім-астық мол болды ғой, жетерлік.

Алқаптарда қадау-қадау сар сабан,

Маржан бидай жөнелтілген қиырға.

Аш-жалаңаш жандар әбден шаршаған,

Бос алқапты айналдырды шиырға.

Малсыз қазақ – жансыз қазақ, қайрансыз,

Аш-жалаңаш көрдік мүрдем қатқанын.

Білмейді олар, Мәскеу жақта кей колхоз,

Егін орып, астық жинап жатқанын.

Аштық жайын еске алудың өзі мұң,

Шаншу сұрақ мазалайды: Неліктен?

Бұл қорлыққа жетер қайтіп төзімің?

Жер бетінде жүре алмайсың өліктен.

Көз алдымда тұрып алды көлбеңдеп, 

Сәбилердің аянышты бейнесі...

Шөмелелер түбінде аштан өлген көп,

Жел жұлмалар өрім-өрім жейдесін.

Аспан, міне, жарқырайды ап-ашық,

Құстар сайрап, тырна қиқу салады.

Аһ ұрғанмен арман, үміт адасып,

Өз жолымен өмір көшіп барады, –

деп орыстың дәрігері және ақын қызының жырлаған жү-

рекжарды зарлы үнін тарих еш уақытта ұмытпайды.

– Осы өлеңнің өзі аштық туралы қайғылы кино ғой, 

қандай аянышты кезең, – деді Арыстан.

– Ұлт болашағы – балалардың қырылуын әлемдік сотқа 

берсе, оған жүрегі дауалап, тәуекел ететін табылар дейсің 


28

бе? – десем де, арғы жақтағы ішкі ойым «Ой, қойшы деп 

әр түрлі себеп табуы ықтимал. Өткен заман өтті, сауық-

сайранды кезең жетті, шүкір дер... Шүкіршілікпен ақылға 

жүгініп, кешірімді мінезді қуаттап келеміз...» деп басу ай-

тады.


Жоғарыдағы жазба дерек бойынша 1 892 330 жетім 

баланың қаншасы өлді, есептеп үлгере алмаған да болар. 

Өйткені, аштық қырғыны алапат болса, Мәскеудегілердің 

иті май жемей жатты емес пе? Кеңес үкіметі орнаған 

алғашқы жылдарда-ақ қазақ елінің аштыққа ұрынуының 

себептері жетерлік. Өндірілген астық шетелге техника, 

құрал-жабдық алуға шығарылып жатса, тұқым қорына 

дейін Отанға тапсырыс деп зорлықпен жинап алғандығы 

белгілі.

Дүркін-дүркін оралған аштық қырғынын қарның тоқ, 

көйлегің көк, уайымың жоқ, жетіскен тұсыңда бір сәт ойға 

шомып көз алдыңа елестетіп көр? «1932-1933 жылдары 

аштықтан алты-жеті миллиондай адам өлді деуге негіз бар. 

Мұның үстіне 1,5-2 миллион кедей шаруалар масақ тергені 

үшін тұтқындалып кете барғаны, түрмеден өлі шықты ма, 

тірі қалды ма, толған сұрақты қосып көріңіз?» («Трагичес-



кая статистика». АиФ., №5, 1989 ж.) Жанымнан дәлел-

сіз шығарған дерек емес, құжаттардың құпия жазбасы 

осылай, – деп едім, Арыстан ойын толғап:

– Міне, осындай зұлмат жылдарда Шахан Мусиннің:



Қайран елім, қарапайым қазағым,

Тарттың, міне, ауру, аштық азабын.

Налыма, күт... кезең берген тағдырың,

Сыйлар екен тағы қандай мазағын?! –

деп зарыққанын тарих бетінен ешкім сызып тастай алмас. 

Ойды ойға осылай жалғайсың. Ертеректегі бір жолсапа-

рымда Кемерово қаласындағы архивтен біраз дерек та-

уып едім. Онда Батыс Сібір крайкомының бірінші хатшы-

сы Эйхоның Сталинге жіберген телеграммасында: «Сібір 

өңірінде аштықтан іскен, қаңғырған қазақтар қаптап 

кетті, не істеуіміз керек? Көмектесіңіз!» – деген хаты өзіне 

«халық жауы» атандыратынын білді дейсің бе? Эйхо та-


29

лай қазақты жұмысқа орналастырып, жатақхананы бас-

пана етіп жанын сақтап қалғанын білеміз. Оны архив 

құжаттары да растайды. 1989 жылғы 19 қыркүйектегі 

«Правда» газетінде: «Аштықтың себебі басқада, атап 

айтқанда, мынада болатын: Сталиннің басшылығымен 

колхоздағы, жеке қожалықтардағы астық түгелімен сыпы-

рып алынды... Шетелге астық сату шектен тыс арттырыл-

ды. Колхоздар тұқым қорынсыз қалды. Сібірде, Поволжье-

де, Қазақстанда, Солтүстік Кавказ бен Украинада аштық 

басталды деген шындықты қалай жасырасың?! Ауыл, 

елдің арасындағы қан сасыған адамдар өлігін жинап, көміп 

үлгере алмағанды қариялар айтып отыратын. Қырғынды 

көзі көргендердің сөзін қайтіп ұмытасың?! Классик жа-

зушы Жиенғали Тілепбергеновтің шығармаларында қы-

зын бір табақ етке, бір бөлке нанға сатқанын егіліп оты-

рып жазып, өзі де аштан өлгенін ұмытамыз ба? «Степная 

правда» газеті 1921 жылғы 4 тамыздағы санында: «Кир-

Совет Орал губерниясына сұраныс бойынша 250 мың пұт 

астық бөлсе, 120 мың пұт астық әлі керек. Аштықпен 

күрес қорында 50 миллион рубль бар, Орал губерниясы 

бойынша 29 детдом бар, оларға 5 мың жетім бала орна-

ласты. Жымпиты ауданында 30 мың адам аш... көмек 

жетіспей жатыр...» – деп жазды. Бүкілодақтық ОАК мен 

СНК-ның (21.12.1922 ж.) қаулысы бойынша әрбір губер-

нияда тұқым қоры құрылған. Мысалы, Ақтөбе облысы 

бойынша 10 000 пұт тұқымның өзі жеткіліксіз делінген. 

Газеттің осы жылғы 29 қарашадағы санында Қостанай 

губерниясындағы мал саны туралы салыстырмалы мәлі-

мет бар: 1920 жыл бойынша жылқы – 306 373, түйе – 105 

139, сиыр – 195 468, қой-ешкі – 609 374 бас. 1921 жыл бо-

йынша жылқы – 113 718, түйе – 77 308, сиыр – 100 776, 

қой-ешкі – 213 634 бас. Оны газет 1917 жылғы мал басы-

мен салыстырып, әрбір түлік түрі 80 пайызға азайғанын 

айтады. Қостанай губерниясында ғана осындай төзгісіз 

жай дейсің бе? Барлық губернияларда аштықтың аузын 

арандай ашқанын жеткізеді. Ал 25 800 шаруашылық, 49 

мың шаруа қожалығы 1 500 000 гектар жерге егін егуге 

тиіс, оған тұқым қоры жетіспейді. Дүрбелең жайы қазақ 

елінде осылай қалың қайғы болғанын, Түркістан, Торғай 



30

өңірлерінен тамақ іздеп Орынбор өңіріне шұбырған ха-

лықтың жолшыбай қырылып қалғанын түрлі деректерден 

байқайсың. Газет хабарында Лев Николаевич Толстойдың 

аштық туралы пікірі бар. Онда Ресейде 1898 жылы аштық 

болғанда, елдің азып-тозған кезінде не түрлі жұқпалы 

ауру тарағанын мысалдап, сақтандыруға меңзеп өтеді. 

Сол аштықта топырақты суға қайнатып, суын ішкендер 

аман қалыпты деседі. Газеттің 1921 жылғы 23 шілде күнгі 

санында Орынбор губерниясында тырысқақ жұқпалы 

дертімен 637 адам, барлық губерниялар бойынша 817 адам 

ауруға шалдыққанын тағы бір хабарда жазады.

Ауыр жылдарда «Қазақ» газеті де үнсіз қалмаған 

екен. Газеттің 48-санында: «Қазіргі қазақ мәселелерінің 

ең зор мәселесі – жер мәселесі. Бұл – қазақтың тірі, я өлі 

болу мәселесі. Бұл турасында түсініп жетпей, қателесіп, 

қазақты теріс жолға салғанымыз – 5 миллион адамның 

обалын мойнымызға жүктегеніміз», – деп ұрандаса, малы-

нан, жерінің билігінен айырылған 1921-1922 жылдардағы 

аштықтан қанша халық қырылды, дөп басып ешкім айта 

алмас. 1918 жылы «Тургайская газетаның» 16-санында: 

«...Облыстық әкімдерге сенім жоқ, олар өздерін тым еркін 

сезінеді», – деп жазады тілші В. Наурызбаев. Еркін сезіну, 

жөнсіз зобалаң көп жерде лаңға айналды. Мал-мүлкін, 

азық-түлігін тартып алу белең алған. Басқа республика-

лардан көшіп келген орыстілділер шовинизмдік қаскөй 

пиғылын таныта бастайды. Мысалы, Қостанай ауданының 

«Броневик» кеңшарында БК(б)П-ның мүшесі Кочура 

ашыққандарға көмек астығынан қазақтарға 300 грамм, 

орыстарға 600 грамнан бидай бергенін ашына жазған де-

рек бар (ф. 13, оп. 2. 31-бет). Саясаттың дүмпуі қатты, оны 

жүзеге асырамыз деген көптеген әкімдердің әділетсіздігі 

қиындықтан көзді аштырмай, өмір сүруге еркін қадам бас-

тырмай жатты.

Елде ақ байпақ киген, қару-жарағын асынған бел-

сенділер халықтың соңғы үнеміне дейін қапысын та-

уып қағып түсіп жатқан кезде: «Бірден социализмнің 

жұмағына кіреміз десе, қария иегі кемсеңдеп: «Оған дейін 

бір жайлы болармыз, партия сәулетті болашақты орна-

тады дейсің-ау, сәулеті өзіңе бұйырсын, қолыңнан кел-



31

се нәубеттен құтқар. Бірді-екілі малымызды да үкіметке 

бердік, саясаттарыңа көндік, өлер жерімізге күліп баруға 

төндік. Құрманғазы айтыпты, патша жендеттері қырды 

не, табиғат апаты қырды не, қырылған қазақ қырылып 

жатыр деп. Енді отарлық езгіден өлдік не, партияның 

«рахатын» көріп өлдік не, өзекті жанға бір өлім екенін 

тездетіп көріп жатырмыз», – депті. Аштық он жылға со-

зылып, 1932 жылы тағы да күшіне енген. Бұл екі орта-



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет