Лматы технологи



бет13/60
Дата10.04.2023
өлшемі305,47 Kb.
#81155
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   60
Байланысты:
Іскерлік және бейресми қарым-қатынас этикасы мен мәдениет 3

Бақылау сұрақтары:

  1. МжМК ұжымның адаптациясы?

  2. Мейрамхана және мейманхана кешеніндегі корпоративтік мәдениеттің белгілері?

  3. Мейрамхана және мейманхана кешеніндегі корпоративтік мәдениеттің белгілері?



ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиеттер:

  1. Замедлина Е.А. Организационная культура: учебное пособие – М.: РИОР, 2012-128 с.

  2. Колесников А. В., Корпоративная культура современных организаций. Курс лекций.- М: Альфа-Пресс. 2013 г.- 138 с.

  3. Лапина Т.А. Корпоративная культура: учебно-методическое пособие – Омск, 2012 г.-140 с.

  4. Джампеисова К.К.Индустрия развлечений.-Алматы:Экономика, 2013 -309 с

  5. Корпоративное управление: учебное пособие /под ред. Шихвердиева А.П. Издательство Академии Государственной службы и управ- А.Э., 2013 г.-213 с.

Қосымша әдебиеттер:



  1. Макеев В.А., Корпоративная культура как фактор эффективной деятельности организации Издательство: Либроком 2012 г. -231 с.

  2. Мясоедов С. П., И. В. Колесникова, Л. Г. Борисова Российская деловая культура. Воздействие на модель управления. – Дело: АНХ ,2012 г.- 140 с.

  3. Персикова Т. Н., Корпоративная культура. – М.: Логос, 2013 г.-180 с.

  4. Пивоваров С.Э., Максимцев И.А. Сравнительный __менеджмент.- СПб.:Питер, 2014 г.- 124 с.

  5. Романович, Жорж Александрович. Сервисная деятельность.-М.: Дашков и К,2012 г. -266 с. 



Тақырып 6. Корпоративті мәдениет және басшылық
Мақсаты: Корпоративті мәдениет және басшылық туралы білім беру
Кілттік сөздер:мәдениет, өркениет, менеджмент, корпоратив, кадр, мотивация, корпоративтік мәдениет
Негізгі сұрақтар
1. Корпоративті мәдениет және басшылық
2. Корпоративті басшылық
1. Корпоративті мәдениет – Мак Кенси фримасының берген анықтамасы бойынша – бұл адамдар көптеген жағдацларда өзін-өзі қалай ұстап жүрудің ресми емес ережелері мен нормаларының жүйесі. Басқаша айтқанда компаниягың мәдениеті – бұл әр жұмысшыдан жұмысшыға тарайтын компанияның жұмыс ерекшеліктерінің жиынтығы. Бұл басқарудың барлық деңгейіндегі персоналдарға қандай да бір еределерді жүктей отырып, компанияның кадрлық саясаты мен басқарушылық құрылымына әсер етді. Кәсіпорын мәдениет құрастыратын компоненттерді төмендегі суреттен көруге болады:

Символдар мен символдық әрекеттер

Ұйым мәдениеті

Басқару стилі және жүріс-тұрыс нормасы

Жалпыға бірдей ұйымдағы құндылықтар

1 сызба. Кәсіпорын мәдениет құрастыратын компоненттері


Жалпыға бірдей ұйымдағы құндылықтарға мысал келтірек болсақ Проктер енд Гембл компаниясы үшін ең бастысы клиенттерге ең қолайлы бағада сапалы өнім ұсыну болса, Делта әуе компаниясы үшін клиенттерге ең жорғарғы сервис көрсету. Осы сияқты құндылықтарды кәсіпорын қзметкерлері үнемі ұстануға тырысады.


Корпоративті мәдениетте ең бір түсінетін нәрсе ол тұтынушылар мен олардың қажеттіліктері компанияның болашағы немесе табыс орталығы. Себебі осының төңірегінде кәсіпорның дамуы құлдырауы айналып жүреді. Тұтынушылардың мүддесіне қызығушылық таныту іскерлік сәттіліктің бір критериі болып есептелсе, қызметкерлерге сыйластықпен қарау – ұйымның тиімді даму жолы. Кәсіпорынның мәдениетін сипаттайтын көптеген символдар мен символдық әрекеттер болады. Оларға: әртүрлі ритуалдар, ерекше миссия, заманауи моделдер (өмір бойы жалдамлы жұмыс ғана алу) және т.б. компанияның жалпы ісіне персоналдардың жұмыла қатысуын дәріптейтін әрекеттер.
Кәсіпорынның қалыптасып алған мәдениеті өзгеріске бейімделі баяу. Сондықтан ұйымдастырушылық құрылымның жоқ немес әлсіз болуы стратегияның жүзеге аса алмауына себеп болуы мүмкін. Мәдениеті дәстүр жалпы компанияның өрлеуіна байланысты табиғи тұрғыда қалыптасып жатса, кейде арнайы ойластырылып корпоративтік рухты көтеруге бағытталған қаншама еңбек күшімен де қалыптасады.
2. Корпоративтік мәдениет фирманың миссиясын, оның бет-әлпетін, яғни имиджін көрсетеді. Кей компанияларды өз иммиджін дәріптеу, тарату мақсатында әр түрлі өзінің газеттері мен бақа құралдарын шығарып жатады. Кәсіпорынның айналасын, қоршаған ортасын тазартып, тіпті зауыт маңындағы аялдамаларға дейін жөндеп, әрі өз имиджін көрсетіп, әрі жасырын жарнама жүргізіп те жатады.
Бізде корпоративті мәдениетті берік ұстайтын кәсіпорындарға банктерді жатқызуға болады. Олардың өз миссиялары, клиенттерге қатысты құндылықтары мне ерекшеліктері, қызметкерлердің сырт әлпетіне белгілі бір талаптары және персоналдарға клиенттермен жұмыс жасаудағы этикалық нормалары бар, қызметте өсу жүйесі және еңбекті өзіндік бағалу жүйесі бар.
Корпоративтік мәдениеттің әлеуметтік мәдениет феномені сияқты көптеген көріністері (корпоративтік құндылықтары, қызметкерлердің өздерін ұстау нормалары мен ережелері, ұйымның дәстүрі, ұйымның қалыптасу және даму кезеңдері туралы «мифтер мен аңыздар» және т.б.) бар. Іс жүзінде бұл көріністердің әрқайсысы бір уақытта корпоративтік мәдениетті қолдау және қалыптастыру факторлары ретінде жүреді. Зерттеушілер менеджменттің корпоративтік мәдениетке персоналдарды басқару құралы ретінде көңіл бөліп отырғанын атап өтеді.
Әрбір ұйымда корпоративтік мәдениеттің болатынын ескеру керек. Ұйым басшылығы белгілі бір құндылықтарды ресми түрде жариялап, ережелер мен стандарттар кіргізеді, бірақ қызметкерлер (басшылардың өзі де!) оны елемейді, сондықтан ұйымның корпоративтік мәдениеті ресми емес құндылықтармен және «жазылмаған» ережелермен сипатталады. Дәлірек айтқанда, бұл жерде корпоративтік мәдениет «қос стандартпен» сипатталады.
Корпоративтік мәдениеттің басқарманы қызметкерлердің өздерін ұстау нормаларымен қамтамасыз ететін «толық» элементтері ғана емес, сонымен қатар осы нормаларды (құндылықтарды) сақтауға бағытталған ішкі сана-сезімі де болуы керек. Сонымен бірге корпоративтік мәдениет құрамында қызметкерлер санасына құндылықтарды (рәсім, дәстүрлер, ұйымның «мифтері мен аңыздары», оның «кейіпкерлері», кеңістікті ресәмдеу және толтыру ерешелігі) қондыруды қамтамасыз ететін элементтер де болады. Бұл элементтер кездейсоқ немесе мақсатты түрде қалыптасады және ұйым мүшелерінің (басшылықтың және қатардағы қызметкерлердің) санасындағы құндылықтарды көрсетеді.
Корпоративтік мәдениетті жүйе ретінде қарастырсақ, оның жүйе құрайтын факторы басқа элементтерден (нормалар, ережелер, стандарттар, мифтер мен аңыздар, мінез-құлық үлгілері, қарым-қатынас үлгілері және т.с.с) басым құндылықтар болып табылады.
Жоғарыда айтылғандардан корпоративтік мәдениеттің ұйым өмірі үшін маңызын көруге болады. Ол персоналдардың жұмысқа, клиенттерге, әріптестеріне, басшылыққа және ұйым жұмысының табыстылығына ықпал ететін басқа факторларға қарым-қатынастарын анықтайды. Сондықтан басшылық корпоративтік мәдениетті ұйымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде қолдануға тырысады.
Қорытындыда корпоративтік мәдениетті ұйымдастыруды мақсатты құруда жиі қолданылатын құралдарды атап өтейік: ұйымның миссиясын, құндылықтарын формалау, корпоративтік тарих, аңыздар мен мифтерді жағымды, жағымсыз кейіпкерлерімен бірге тарату, дәстүрлер мен рәсімдерді қалыптастырып, жалғастыру, қызметкерлердің өздерін ұстау және қызмет ережелері мен стандарттарын әзірлепенгізу. Әрбір жаңа қызметкерге берілетін корпоративтік кодекс, корпоративтік радио, Интернет, корпоративтік газет, фирманың стилі, киімі – бұның бәрі корпоративтік мәдениеттің бейнесі, қалыптасу факторы.
Корпоративтік мәдениетті құру және оны жалғастыру үшін мына себептерді шебер қолдана білу керек: жұмысқа қабылдау кезінде әңгімелесу, үміткерлерді корпоративтік мәдениетке сәйкестілігіне қарап іріктеу, жұмыстан босату корпоративтік білім, корпоративтік мерекелер, қиындықтар мен проблемалар, бәсекелестік.
Корпоративтік мәдениет басқару құралы ретінде - «адами факторды басқару жүйесіне» енгізудегі жалпы әлемдік беталыстың көрінісі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет