14-дәріс. Тақырыбы:Корпоративтік этика кодексі
Мақсаты: Мейманханадағы корпоративтік шаралар туралы білім беру
Кілттік сөздер: Бизнес этикасы, Корпоративтік этика кодексі, менеджмент, корпоратив, кадр, мотивация, корпоративтік мәдениет
Негізгі сұрақтар: 1. Корпоративтік этика кодексі
2. Корпоративтік этика кодексінің атқаратын функциясы
3. Бизнес этикасы
Корпоративтік этика кодексі дегеніміз – мейрамхананың барлық қызметкерлері ұстануға тиіс ұжымдағы белгілі бір нормалар жиынтығы.
Мейманхана қызметкерлердің кәсіби этикасының кодексі (бұдан былай Кодекс) қызметкерлердің кәсіби қызметін жүзеге асыру кезіндегі этика нормалары мен тәртіп қағидаларының жиынтығын анықтайтын құжат болып табылады.
Этика кодексі ұйымдағы жеке тұлғалық қатынастарды ретке келтіреді, адамдардың бірлескен қызметіне моральдық мағына береді. Этикалық кодексті құрудың басты міндеті ұйымға немесе қоғамдағы кәсіпке оң қатынасты қалыптастыру болып табылады. Осы құжаттан маңызы бұдан кем емес міндеттердің бірі әріптестеріне немесе және клиенттерге қатысты «дұрыс» тәртіп шеңберінде ұжымдағы әрбір қызметкерге көмек көрсету болып табылады.
Корпоратвитік этика кодексі мейрамхана және мейманхана қызметкерлері арасындағы іскерлік этикеттің ережесі. Корпоративтік этикеттің түрлері:
-дәстүрлі корпоративтік этика;
-жоғары білікті корпоративтік этика;
-инновациялық корпоративтік этика;
Корпоративтік этика кодексінің атқаратын негізгі үш функциясы бар:
Репутациялық;
Басқару;
Корпоративтік мәдениетті дамыту.
Корпоративтік кодекстің репутациялық қызметі кез келген кәсіпорынның серіктестері, инвесторлар арасындағы сенім болып табылады.
Іскерлік этика – бұл əр қызметкер өзінен не күтілетінін дəл білетін стандартты бекітуге тырысу. Осы мағынада, іскерлік этиканың корпоративтік кодексі – бұл бір тараптан əр қызметкер өзінен этикалық тұрғыдан не күтіліп тұрғанын білетін стандартты бекітуге тырысу, бірақ екінші тараптан бұл қатардағы қазметкерлерге қолдау көрсетеді.
Бизнес этикасы - бұл қарым-қатынас түрiн жазатын тәртiп кодексi. Кәсiпкерлердiң өз мiндеттерiн осы немесе басқа салада орындаулары олардың көзқарасы бойынша ең жақсы болып көрсетiледi. Әдеп ортасында мораль тұр, немесе өнегелiк қарым-қатынас жүйесi, әрекет мотивтерi, сезiм және ақыл-ой .Бұл жүйелер адамдардың ұжымдағы қарым-қатынастарын және қылықтарын қарым-қатынас шектерiн анықтайды.
Бизнес этикасы келесi категориялық императивтi құрастырады: «адамгершiлiк мақсат ретiнде өзiне немесе басқа адамдарға тек бiр құрал ретiнде қарастырылсын» Кант өз еңбектерiнде жауапкершiлiк заңдылықтарын этикалық шешiмдердi барлық адамдарға тән рационалистiк этиканы қалыптастыра отырып қарастырған.
Соңғысы бизнеспен қоғамды тұтас қарым - қатынас негiзiнде қарастырады, мысалы корпорациялар арасындағы қарым-қатынас.соған қоса әдiлдiк стандарттары моральдiк құқықтан жоғары тұрмайды. Әдiлдiктiң өзi индивидтiң моральдiк құқығына негiзделедi.
Дж. Ролз әдiлдiк туралы өзiнiң түсiнiгiн келесi принцптер негiзiнде құрастырған:
1) әрбiр адам бостандыққа, басқа адамдармен бейбiт өмiр сүруге тең құқықты;
2) әлеуметтiк экономикалық теңсiздiк параметрлерi келесiдегiдей болуы қажет:
а) табысты артық мөлшерде қамтамасыз ету;
б) билiктi жүргiзушi мекемелер және лауазымды адамдар тең құқықты болуы керек.
Мейрамхананың корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы қызметін келесі негізгі бағыттарға жұмылдыру қажет:
персоналды дамыту;
өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау;
сыртқы әлеуметтік қызмет.
Сонымен қатар, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік тұжырымдамасын қолданудың нәтижелерін жақын арада емес, орта және ұзақ мерзімді болашақта көру мүмкін болатындығын да объективті түрде атап өткен жөн.